400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабақ беруге методикалық құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалыңбаева Айнұр

Мырзабайқызы,

информатика пәнінің мұғалімі

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын

дарынды балаларға арналған

облыстық мектеп-интернат

Ақтау қаласы

Маңғыстау облысы

Ai_nur.1990@mail.ru


Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану.


Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,

оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

М.Әуезов.


Қазақстан Республикасы білім жүйесінде Кэмбридж университенің бағдарламасы бойынша оқытады деген жаңалықты алғаш естіп, курстан өтіп келген әріптестердің сөйлеу мәнері, өзіндік ұстанымы, сабақ берудегі әдіс- тәсілдерінің тың бағытта өзгергеніне қызығушылық танытып жүрген мен үшін Ақтау қаласында өтетін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының тиімді оқыту мен оқу қуаныш болды. Курсқа келіп қатысқан алғашқы күндерден-ақ сабақ барысында талқылау, өзіндік ой түю, өзіндік пікір қалыптастыру үдерісі қалай жүргізілетінін тәжірибелік тұрғыда байқадық.

Курста болған бағдарлама маған не берді?

Таптауырын сүрлеумен жүрген жолаушыға жаңа жол ұсынса, жаңа бір жол, жаңа бір өлке, жаңа бір әлемге кезігетіні тәрізді, мен де қалай дұрыс оқытсам деген көкейдегі сұрағыма жауап тапқандаймын. Біз осы күндері: оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынас қалай болуы керек, мұғалім оқытуда қандай ұстанымды басшылыққа алуы қажет, болашақ мектепте қалай оқытамыз, болашақ мектеп, мұғалім құндылықтары жайында ой түйдік. Бұл курстың бізге берері мол екеніне көзім жеткендей.

Оқыту кeзіндe дaғдығa сәйкeс міндeттeрді өзгeртіп отыру кeрeк, сeбeбі оқушыдa зeрігу болмaс үшін.

Өз іс - тәжірибeмe оқу мeн оқытудa сaн - қырлы әдіс – тәсілдeрді қолдaнуғa болатындығын білдім.

Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушыда өзінің оқуы үшін жауапты болады.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірден өз жолын таба алады деп ойлаймын.

Бұл курсқа алғашқы келген күні бойымды қорқыныш билегенін жасырмаймын. Маған бұл курс өзіме деген үлкен сенімділікке үйретті. Сөзімді қорытындылай келе тренерім Әлия Айтбаевнаға және ПШО-ға рахметімді айтамын.Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
295
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі