Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды шешу жолдары

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушының талпынысы - оқу процесінің өнімділігіне ең үлкен әсер ететін фактор. Оң талпынысты қалыптастыру арқылы танымдық процестің сапалық көрсеткіштерін едәуір жақсартуға болады. Оның болмауы оқу үлгерімінің төмендеуіне, тұлғаның рухани жұтауына, ең соңында жасөспірімнің құқық бұзушылық жасауына әкеледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Әлия Молдағұлова атындағы

28 орта мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ешкибаева Нурила

Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды шешу жолдары

Құрметті әріптестер, балалардың білім сапасын арттырудағы кедергілер аз емес. Оқытуда бөгет болатын кедергілерді айқындап, оларды жою жолдары туралы ой бөлісейік. Мына сұрақтар сіздерді де мазалайтынына сенімдімін:

  • Балаларды оқытуда сіздерде қандай қиындықтар кездеседі?

  • Оқуда балалар қандай кедергілерге тап болады?

  • Сабақтың әлсіз тұстары немесе орын алатын қиындықтар не себепті болады? 

  • Ата-аналар тарапынан кездесетін кедергілер қандай?

  • Өз тәжірибемдегі кедергілерді жоюда маған не жетіспеді?

  • тәжірибенің аздығы ма?

  • әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алмауым ба?

  • баланың маған деген сенімділігін оята алмауым ба?

  • Осындай кедергілерді қалай шешер едім?


Оқу мен оқытуда болатын кедергілер:

  • барлық пәндерден берілген үй тапсырмаларының жиынтық көлемі тым үлкен болғандықтан толық орындаудың мүмкін еместігі;

  • денсаулық мәселесі;

  • кейбір пәндерге қызығушылығының болмауы;

  • немқұрайлылық, жалқаулық,жауапкершілікті сезінбеу;

  • қызығушылықтарының шашыраңқы, зейіндері тұрақсыз болуы;

  • отбасындағы әлеуметтік-психологиялық проблемалар;

  • ата-ана мен педагог арасындағы байланыстың жоқтығы;

  • отбасындағы сәтсіздік;

  • балаға талап қою бірлігінің жоқтығы;

  • отбасында бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы;

  • балаға дұрыс қарым-қатынас жасамау;

  • білім алуға баланың дайындығының жоқтығы;

  • ғаламтордағы ойындарға тәуелді болуы;

  • т.б.


Білім алушының талпынысы - оқу процесінің өнімділігіне ең үлкен әсер ететін фактор. Оң талпынысты қалыптастыру арқылы танымдық процестің сапалық көрсеткіштерін едәуір жақсартуға болады. Оның болмауы оқу үлгерімінің төмендеуіне, тұлғаның рухани жұтауына, ең соңында жасөспірімнің құқық бұзушылық жасауына әкеледі.

Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары ірі реформалар мен өзгерістер орын алып отыр. Білім сапасына қойылатын талап күшейіп, оқытудың жаңа технологияларына бет бұрған кезде, оқушының оқу үлгерімін жақсарту, оның оқуға қызығушылығын арттыру мәселесі туындайды. Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде сабаққа үлгермеушілік себептерін талдауға көп көңіл бөліп келеді. Ал ХІХ ғасырда еңбек еткен Ы.Алтынсарин шығармаларында педагогикалық, гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке мейірімді болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақты принциптерінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ғалымның атақты хрестоматиясында жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеген.

Оқу мен оқытудағы кедергілерді жою үшін мен мынадай жұмыстарды жасадым:

  • оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін күнделікті сабақта тиімді пайдаланамын;

  • қосымша сабақтарды ұйымдастырып, дайындықты күшейтемін;

  • сыныптағы балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамытамын.

  • ата-анамен тығыз байланыс жасаймын.

Бір сәт тоқтап жан-жағымызға көз жүгірте қарасақ, жаңа заман, жаңа талап, жаңа әлемді көре аламыз. Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан әлем түрлі өзгерістерге толы. Иә, мынау ХХІ ғасыр - тың идея мен жаңа инновациялық технологиялардың ғасырына айналған кезең.

Әлемнің көз ілестірмей дамуына орай аяғына тік тұрып, көш бастап келе жатқан біздің еліміздің де дамыған елдер қатарынан көрінуі үшін жаңа ұстанымдар білім беру жүйесі мен экономикалық, әлеуметтік мәдениетімізге мейлінше өзгерістер енгізу талабы туындайды.

Осы орайда, жеке тұлғаға бағдарланып отырған білім беру жүйесі білім мазмұнының өзегі – жылдам дамып бара жатқан өзгермелі қоғамымызда өмір сүруге икемді, жеке басының, сонымен қатар қоғамның ыңғайына қарай өзін-өзі толыққанды жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып отыр.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі – мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық техникамен байланысты әлемдік стандарт жүйесіне сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет- деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану – жаңаша білім берудің бір шарты. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық», - деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ, мұғалімнің ұтары мол, - деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылып жатады.

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді тұстары:

1. Тұлғаның пәндерге деген қызығушылығын оятады.

2. Тұлғаның танымдық және жеке қабілетін айқындайды.

3. Тұлғаны шығармашылық жұмысқа баулиды.

4. Мұғалімнің уақытын үнемдейді.

5. Қосымша мағлұматтар береді.


Бүгінгі таңда мұғалімдердің құзіреттілігін арттыруда еніп отырған деңгейлі бағдарламаның мені қызықтырғаны сол - баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мeн күндeлікті сабақ барысында бұл жайттарға көз жeткізудeмін. Сындарлы оқыту жүйесі – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сондай-ақ қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру жүзеге асады.

Әрбір бала - болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой - өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту. Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:

- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;

- жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу;

- ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар беру;

- қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

- оқушылардың теориялық - практикалық сауаттылығын арттыру.

Білім алушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруда, ой-өрісін дамытуда маған оқытудың мынадай белсені әдіс-тәсілдері көмекке келді.

«Миға шабуыл» әдісі  - шығармашылық белсенділікті ынталандыруға негізделген мәселені шешудің жедел әдісі, онда пікірталасқа қатысушыларға мүмкіндігінше көптеген шешімдерді, соның ішінде ең фантастикалық шешімдерді білдіруге шақырылады. Содан кейін айтылған идеялардың жалпы санынан тәжірибеде қолдануға болатын ең сәттілері таңдалады.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір бала жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін білім алушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

«Кластерлер» (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, балалар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы:

«Еркін жазу» білім алушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. балалар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім балаларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан-жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

«Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

«Автор орындығы» әдісі. Білім алушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

«Қол белгісі» әдісі.

Мақсаты: білім алушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Мұғалім балалардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын  және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды. Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.

«Неге? Неге? Неге?» әдісі. Мақсаты: Орындалған тапсырмалардың түйінді тұстарымен ой бөлісу және оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамыту. Білім алушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және соңғы сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі білім алушы сол сұраққа жауап беріп, қасындағы әріптесіне «неге?» деген сөзі бар сұраулы сөйлем айтады. Келесі ойыншылар да  осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында балалар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, олардың  түйінді тұстарымен ой бөліседі.

«Бағдаршам» әдісі.  Мақсаты: білім алушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту. Әрбір балаға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген білім алушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Сабақта жекелеген, жұптық, топтық жұмыстар арқылы ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу – білім сапасының артуына әсерін тигізеді.

Қосымша сабақтардың оқу мен оқытудағы кедергілерді жоюдағы ықпалы қандай?

2024-2025 оқу жылының басында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білім алушылардың білімін бақылау мақсатында қыркүйек айының 2-ші аптасында кіріспе бақылауы алынды. Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жұмыс жоспары әзірленді. Кіріспе бақылау нәтижесінде білім алушылардың өткен оқу жылының оқу бағдарламасындағы қиындық туғызған оқу мақсаттары анықталып,әр сыныптан білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімі алынды. Анықталған балалардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін сабақ үстінде және сабақтан тыс жұмыстар жүргізілуде. Мұнда білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту, оқу қарқыны мен жазу сауаттылығы үшін де мақсатты жұмыс жүргізіледі. Кеңес беру арқылы білім алушылардың әр түрлі (жеке) жұмыс түрлері жүргізіледі.

Қосымша сабақтарға дайындықты білім алушылармен бірлесе жүзеге асырдым. Оқылатын материалдың мазмұнын логикалық-дидактикалық талдаумен бірге қиындықтарды, кемшіліктерді, білім алушылардың ауызша жауаптарындағы қателіктерін және оқылатын тілдегі жазбаша жұмыстарды жүйеледім. Осы негізде қосымша сабақ кезінде қайта оқытылуы мүмкін тақырыптардың тізімін нақтылап отырдым.Оқушы дәптері жасалып, онда тақырыптарға байланысты қызықты әрі жеңіл тапсырмалар берілді. Білім алушылар өз кезегінде қосымша сабақтарға дайындалып, кейбірі жақсы нәтиже көрсетуде.

Жалпы қорыта айтқанда, түрлі әдістерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сабақ үстіндегі баланың пәнге деген қызығушылығын арттырғанда ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол. Оқу мен оқытуда кездесетін кедергіні жою мақсатында:


  • Білім алушылармен үнемі тепе-теңдікті ұстауды, еркіндік беруді;

  • Оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді тиімді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіруді;

  • Әріптестерімді қызықтырып, бірлесе жұмыс жасауды;

  • Ата-ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты дамытамын.

  • Отбасында бала тәрбиесіндегі жағдайдың жақсы жолға өзгеруі.

  • Ата-ананың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын жоғарылату.

  • Оқу-тәрбие үрдісіне ата-аналарды белсенді түрде араластыру.

  • Баланың дұрыс күн тәртібін ұйымдастыруын бақылау.

  • Баланың жағымды және жағымсыз қасиеттерін тәрбиелеуде ата-анаға жеке кеңес және көмек беру.

  • Сынып жетекшілермен тығыз байланыста болып, сыныптағы оқу тәрбие жұмыстарын жоғары сатыға көтеру.


Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыру- оқу мен оқытуда кездесетін кедергіні жоюға оң ықпалын тигізуде.Ұзтаз-ата-ана-баланың қарым қатынасының жақсаруына, білім алушының оқуға деген ынтасының артуына, сабаққа қатысуына, баланың өз қабілеті мен мүмкіншілігін пайдалану жолдарын ашуға көмек берді.

Құрметті әріптестер, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолда сіздермен аз да болса өз тәжірибеммен бөліскеніме қуаныштымын.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
128
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі