400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу мұражайлық практика есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мұражайлық практика есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу-мұражайлық практиканың есебі

Мен 16.04.2024 ж №274 бұйрық негізінде 27.05.24-31.05.24 жыл аралығында оқу мұражайлық практикадан өттім.

Осы аралықта кестеге сай Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайындағы қазақ және де шетел суретшілерінің туындыларымен,Тараз қаласындағы Орталық көрме залындағы жергілікті суретшілердің шығармашылық жұмыстарымен таныстым.

27.05.24 ж-Алматы Қаласы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайымен таныстым.Мұражайда 23 000 бағалы экспонаттар бар. Ұлттық және әлемдік мәдениетінің қазынасы мұражайдың 14 залында көрсетілген.Мұражай қорына бұрынғы шеберлердің суреттері, бұрынғы орыс өнері (иконалар), Қазақстан суреттері, графика, зергерлік бұйымдар, тері, тігіншілік, киіз, гобелен, қазіргі сәндік-қолданбалы өнері және мүсіндер кіреді.

28.05.24 ж Ә.Қастеевтің шығармашылығымен оның ішінде ең атақты картиналары Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық»,Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы»,Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың,«Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал картиналарымен таныстым.

29.05.24ж Қазақстан суретшілерінің туындыларымен таныстым.А.Ғалымбаеваның «Үңгіртас тауларында»,«Үш ғасыр»,«Батыр ана»,Сонымен қатар "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" "ұйғыр қыздары" картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының,Ш.Б. Жиенқұлова, Ә. Қастеев портреті мен көптеген натюрморттардың авторы Г.Ысмайылованың жұмыстарымен қатар бірнеше қазақ суретшілерінің туындыларымен таныстым.

30.05.24ж Тараз қ Орталық көрме залындағы жергілікті суретшілердің шығармашылық жұмыстарымен,ары қарай "Қарахан" мазары мен Қали-Жүніс моншасының салыну тарихы,сәулет өнерімен таныстым.

31.05.24 ж Айша бибі кесенесінде болдым.Күйдірілген сары балшықтан жасалған және 60 түрлі ою-өрнекпен безендіріліп, сәнделген кесененің аңыз,тарихымен таныстым.Ары қарай Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан XIV ғасыр сәулет ескерткіші Тектұрмас мазарының сәулет өнерімен және де тарихымен таныстық.Кесене күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді төртбұрышты ғимарат. Сүйір аркалы кіреберіс батысқа Тараз қаласына қарап тұр. Кесене бұрышы пилястрмен аяқталады, қабырғаларда сылақ іздері бар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 маусым
84
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі