Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқу қызметі "Менің достарым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне сурет салу оқу қызметін жоспарлауда
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: шығармашылық

Тақырыбы: «Менің достарым »

Мақсаты: Сабақтың мақсаты: Баланың өзін - өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге үйрету, досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға, кез келген уақытта көмектесе білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар суреттер, шарлар, гүлдер, жұмсақ ойыншықтар, кірпіштер (сурет жапсырылған), бетперде (ит), кеспе әріптер, айна, түрі - түсті бояулар, дидактикалық, қисынды ойындар.

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

 Шаттық шеңбері.
Балалар: Армысың шұғылалы нұрлы күн!
Армысың мейірімді жер – ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату – тәтті болайық!

Ертегіні тыңдайды.

Өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.


Ұйымдастырушылық ізденістік

 Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің достарым» - деп аталады.
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы жақсы қарым - қатынасты, бір - біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.
Достар бір - бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір - бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен достық қарым - қатынаста. Балалар сендер де бір - бірлеріңді ренжітпей тату - тәтті ойнасаңдар, бір - біріңе сыйлы болыңдар, сендерде де достық сезім пайда болады.

Таңғажайып сәт: (Осы кезеңде топқа есікті қағып Дымбілмес кіріп келеді)
Балалар қараңдар бізге қонақ келіпті. Бұл кім болды екен?

Дымбілмес сен неге есікті қатты қақтың?. Сені біреу ренжітті ме?
Дымбілмес: Менімен ешкім сөйлеспейді, ойнамайды, ешкім дос болмайды. (Дымбілмес жылайды).
Балалар қалай ойлайсыңдар. Дымбілмеспен неге ешкім дос болмайды?
Балалар:.
Балалар дұрыс айтады. Осындай жаман қылықтарың үшін ешкім дос болмайды. Сен жаңа балалармен амандасқан жоқсың ғой.
Дымбілмес: Мен сәлемдесуді білмеймін. Маған оны ешкім үйреткен жоқ.
Балалар достық сәлемдесуден басталады. Қанекей біз Дымбілместі сәлемдесуге үйретейік.

Ойын: «Сәлемдесу»
Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.

Балалар, Дымбілместі өзіміздің «Шеберханамызға» шақырайық.

Біз бүгін Дымбілмеске естелік ретінде «Ғажайып суреттерімізді» салып, сыйға тартамыз.

-Балалар, алдарыңдағы қағаз бетінде аяқталмаған суреттерді көреміз. Сендер сол суреттерді бүгінгі кейіпкерлердің суреттеріне айналдыруларың керек.

Іске сәт.



















Дымбілмес.


Ол балаларды ұрады, мазақ етеді, жа Рахым: - Ассалаумағалейкум.
Ердәулет: - Әлекумассалам.
Зарина: - Здравствуйте.
Назира: - Здравствуйте.
Ерасыл: жүрегінің тұсына қолын қойып иіледі.ман сөздер айтады











Рахым: - Ассалаумағалейкум.
Ердәулет: - Әлекумассалам.
Зарина: - Здравствуйте.
Назира: - Здравствуйте.
Ерасыл: жүрегінің тұсына қолын қойып иіледі.


Рефлексиялық – түзетушілік

Балалар енді сабақтан алған жақсы көңіл күйлерімізбен қолымыздағы шарымызды қонақтарға сыйлаймыз.
Балалар ән әуенімен шарларын ата - аналарына, тәрбиешілерге сыйлайды.
Сабақты қорытындылау. «Өзің жақсы болсаң досың да көп болады».
«Жолдасы көптің олжасы көп» деген осыдан шыққан, бәріміз дос болып, қуанышымызды бірге бөлісейік.



Балалар келген қонақтармен қоштасады


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Достық туралы

Игерді: шын достар арасындағы татулықты

Меңгерді:   Суреттегі кескінді ары қарай дамыта отырып, кейіпке келтіру дағдысын меңгерді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.06.2021
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі