Ересектер
тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру
саласы: шығармашылық
Тақырыбы: «Менің отбасым,ата-аналар
еңбегі.»
Мақсаты Өзінің отбасы туралы әңгіме құрауға үйрету. Тілде сын
есімдерді (мейірім, тату) етістіктер ді қамқорлық жасау, жұмыс
істейді, көмектеседі) дұрыс қолдана білуді үйрету. Үлкенді
сыйлауға, кішіні қамқорлауға үйрету.Көйлек үлгісін
әшекейлеуге,саусақ пен мөртаңбалар мен, қылқаламмен сурет салу
дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі
құралдар флипчарт,
балалардың отбасылық фотосуреттері. демонстрациялық материалдар,
қуыршақ Айсана
|
Іс-
әрекет кезеңдері
|
Педагогтың іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Кәне-кәне, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
- Балалар біз неге
ұқсадық?
- Күнге, киіз үйге, допқа ұқсадық па?
- Балалар біз қандаймыз?
- Шұғылалы таңдаймыз.
- Балалар алақанымыздың жылуын сезіндік пе?
- Кәне, ендеше апайларымызға, жақсы тілектерімізді
айтайық
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Армысыздар қонақтар.
|
Балалар шаттық шеңберін құрып, көңілді күйде
өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап қимылмен
орындайды.
|
|
Ұйымдастырушылық ізденістік
|
- Балалар қазір жылдың
қай мезгілі?
- Күз айларын атайық
- Қазір қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Балалар, қараңдаршы,
бүгін бізге Қуыршақ Айсана қонаққа келді. Ол өзімен бірге отбасының
суретін ала келіпті. Ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп берулеріңді
өтініп отыр.
- Айсанаға көмектесеміз
бе? (флипчарт арқылы сурет көрсетіледі)
- Бұл суретті қалай
атаймыз? Неліктен?
- Ал,сендер жұмбақ
шешкенді ұнатасыңдар ма?
Сергіту
сәті:
Саусақ
жаттығуы:
Бір үйде біз
нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз.
Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек - анам. Ортан терек -
ағам,
Шылдыр шүмек - мен,
Титтей бөбек - сен.
|
-Күз
-Қыркүйек, қазан,
қараша
-Қараша
-Бейсенбі
Балалар келісімдерін
береді.
Балалар назарларын
суретке аударады.
Бұл - Айсананың әжесі.
Айсананың әжесі Айсанаға жылы қолғап тоқып
жатыр.
|
|
Рефлексиялық – түзетушілік
|
Бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Кімнің отбасымен
таныстық?
- Айсананың отбасы
қандай екен?
- Сен өз отбасыңды неге
және не үшін жақсы көресің?
Сендердің отбасыларыңа
татулық пен мейірімділік тілеймін.
Балаларды
мадақтау.
|
Қуыршақ Айсана
келді.
Айсананың отбасымен
таныстық. Айсананың отбасы тату, мейірімді Балалар өз ойларымен
жауап береді.
Балалар сызба кестедегі
суреттер бойынша айтып қайталайды
|
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Отбасы мүшелерін атай
біледі.
Игерді: Әңгіме құрай алады.
Отбасына арналған мақалдарды
біледі.
Меңгерді: Отбасы
мүшелерінің бірі әпкелеріне арнап әдемі көйлектің суретін
салады.