Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу сауаттлықтан тест жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
11-10 сынып оқушыларына арналған авторлық тест жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape2

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

1-нұсқа

1-мәтін

Чан-Чан — Перу аумағында орналасқан, Колумбқа дейінгі дәуірдің ең ірі қалаларының бірі әрі әлемдегі ең үлкен шикі кірпіштен (адобтан) салынған қала саналады. Ол б.з. IX–XV ғасырлар аралығында Чиму өркениетінің астанасы болған. Қаланың құрылымы қатаң жоспарланған: биік қоршаулармен бөлінген салтанатты кешендер, әкімшілік орталықтар, қоймалар мен тұрғын аймақтардан тұрған. Чан-Чан архитектурасының басты ерекшелігі - қабырғалардағы теңіз толқыны, балық, құс бейнелері. Бұл Чиму халқының теңізге тәуелді өмір салтын көрсетеді. Қала күрделі суару және дренаж жүйелерімен қамтамасыз етілген. Климаттық жағдайларға бейімделген бұл сәулет үлгісі Оңтүстік Америкадағы инженерлік ойдың жоғары деңгейін дәлелдейді.

1. Чан-Чан қаласының ішкі кеңістігінің нақты бөлінуі мен қоршаулар жүйесі ең алдымен нені аңғартады?

A) Қалалық өмірдің уақытша сипат алғанын
B) Қоғамдық қатынастардың белгілі тәртіппен ұйымдасқанын
C) Табиғи ортаға бейімделу басты мақсат болғанын
D) Діни рәсімдердің басым орын алғанын

2. Қабырғалардағы бейнелер мен инженерлік жүйелерді қатар қарастыру арқылы қандай қорытынды жасау қисынды?

A) Қала сәулеті сырттан келген ықпалға негізделген
B) Архитектура символдық мәнге ғана ие болған
C) Құрылыс шешімдері өмір салтымен байланысты
D) Қала құрылымы әскери қажеттілікке бағытталған

2-мәтін

Климаттың өзгеруі қазіргі таңда адамзат алдында тұрған ең ауқымды әрі ұзақ мерзімді қауіптердің бірі болып саналады. Ғылыми деректерге сәйкес, Жердің орташа температурасы индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 1,2°C-қа жоғарылаған. БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық тобының (IPCC) мәліметі бойынша, егер қазіргі үрдіс сақталса, бұл көрсеткіш 2030–2040 жылдары 1,5°C шегінен асып кетуі мүмкін.

Негізгі себеп — көмірқышқыл газы мен басқа да парниктік газдардың шамадан тыс бөлінуі. 2023 жылғы дерек бойынша, әлемде жыл сайын 36 миллиард тоннадан астам CO₂ атмосфераға шығарылады. Оның басты көздері — энергетика, өнеркәсіп және көлік саласы. Соңғы 50 жылда теңіз деңгейі орта есеппен 20–25 см-ге көтерілді, бұл жағалауда орналасқан миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіруде.

Климаттың өзгеруі тек табиғатқа емес, экономика мен денсаулық сақтау жүйесіне де тікелей әсер етеді. Дүниежүзілік банк дерегінше, климаттық апаттар салдарынан 2050 жылға қарай 200 миллионға жуық адамклиматтық мигрантқа айналуы мүмкін. Сонымен қатар, соңғы онжылдықта табиғи апаттардан келген экономикалық шығын көлемі жылына 300 миллиард АҚШ долларынан асып отыр.

Ауыл шаруашылығы да қатты зардап шегуде: құрғақшылық пен экстремалды ауа райы салдарынан кей аймақтарда өнім көлемі 10–20% төмендеген. Бұл азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

Климаттың өзгеруі — болашақтың емес, бүгінгі күннің мәселесі. Оны бәсеңдету үшін көміртек шығарындыларын қысқарту, жаңартылатын энергия көздеріне көшу және халықаралық ынтымақтастықты күшейту — адамзат үшін өмірлік маңызы бар міндет.


3. Мәтіндегі деректерге сүйене отырып, климаттың өзгеруін жаһандық деңгейдегі күрделі проблемаға айналдыратын негізгі фактор қайсы?

A) Оның салдары тек табиғи ортада байқалуы
B) Оның бірнеше салаға бір мезетте әсер етуі
C) Оның тек белгілі бір мемлекеттерге тән болуы
D) Оның әсерінің қысқа мерзіммен шектелуі

4. Климаттың өзгеруі қоғамның әлеуметтік құрылымына әсер ететінін мәтіндегі қай дерек жанама түрде дәлелдейді?

A) Атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газының көлемі
B) Орташа жаһандық температураның көтерілуі
C) Климаттық апаттардан келетін экономикалық шығын
D) Климаттық миграция көлемінің артуы жөніндегі болжам

5. Мәтінде көтерілген климаттық мәселенің адам әрекетімен байланысын қай мақал мағыналық тұрғыдан дәлірек ашады?

A) «Адам көркі – ақыл»
B) «Не ексең, соны орасың»
C) «Жауынмен жер көгереді»
D) «Бірлік бар жерде тірлік бар»

3-мәтін

1992 жылы Испанияның Барселона қаласында өткен XXV жазғы Олимпиада ойындары қазіргі Олимпиада тарихындағы ең ықпалды әрі үлгілі ойындардың бірі саналады. Бұл Олимпиада тек спорттық жарыстармен ғана емес, қаланың әлеуметтік, экономикалық және сәулеттік тұрғыдан түбегейлі өзгеруімен ерекшеленді. Барселона Олимпиадасы спорттың қала дамуына қалай әсер ете алатынын айқын дәлелдеген алғашқы ірі мысалдардың бірі болды.

Ойындар 25 шілде мен 9 тамыз 1992 жыл аралығында өтті. Олимпиадаға 169 мемлекеттен 9 356 спортшы қатысты, оның ішінде 2 704 әйел спортшы болды. Бұл әйелдердің қатысуы бойынша сол уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі еді. Барселона Олимпиадасы гендерлік теңдікке жасалған маңызды қадам ретінде де бағаланады.

Барселонаның басты ерекшелігі — Олимпиадаға дайындық кезінде қала инфрақұрылымының толық қайта құрылуы. Бұрын өнеркәсіптік және жабық аймақ болған теңіз жағалауы ашылып, қала алғаш рет теңізге бет бұрды. Жаңа жағажайлар, порт аймақтары мен қоғамдық кеңістіктер салынды. Бұл өзгерістер Олимпиададан кейін де қала туризмінің қарқынды дамуына негіз болды. Бүгінде Барселона Еуропадағы ең танымал туристік қалалардың біріне айналған.

Спорттық тұрғыдан да Олимпиада есте қаларлық оқиғаларға толы болды. Баскетбол тарихында алғаш рет АҚШ құрамасы кәсіби NBA ойыншыларынан құралған «Dream Team» сапында қатысты. Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Ларри Бёрд сынды спортшылардың қатысуы Олимпиаданың танымалдылығын күрт арттырды. Бұл сәт Олимпиаданың коммерциялық және медиалық деңгейін жаңа сатыға көтерді.

Саяси тұрғыдан алғанда, Барселона Олимпиадасы Қырғи қабақ соғыстан кейін өткен алғашқы толыққанды Олимпиада болды. Кеңес Одағы тарағаннан кейін бірқатар мемлекеттер Біріккен команда ретінде қатысып, ал Германия біріккен ел ретінде алғаш рет өнер көрсетті. Бұл ойындар әлемдік спорттағы жаңа геосаяси кезеңнің басталғанын көрсетті.

Барселона Олимпиадасы қысқа мерзімді спорттық шарадан гөрі, ұзақ мерзімді стратегиялық жоба ретінде тарихта қалды. Оның моделі кейінгі Олимпиадаларға үлгі болды және «Олимпиада — қаланы дамыту құралы» деген түсінікті қалыптастырды.

6. Барселона Олимпиадасының басқа Олимпиадалардан басты айырмашылығы неде деп қорытынды жасауға болады?

A) Спорт түрлерінің санының азаюы
B) Жарыстардың тек бір аймақта өтуі
C) Олимпиадаға қатысушы елдердің аз болуы
D) Қаланың инфрақұрылымдық тұрғыдан толық жаңғыруы

7. Мәтінде «Dream Team» құрамасының қатысуы қандай өзгерісті білдіреді?

A) Олимпиаданың әуесқой спорт қағидасын күшейтуін
B) Олимпиаданың коммерциялық және медиалық деңгейінің артуын
C) Баскетболдың Олимпиада бағдарламасынан шығарылуын
D) Кәсіби спортшылардың жарысқа тыйым салынуын

8. Барселона Олимпиадасының саяси маңызын көрсететін дерек қайсы?

A) Әйел спортшылар санының көбеюі
B) Жағалау аймақтарының қайта салынуы
C) Біріккен команданың және біріккен Германияның қатысуы
D) Туризмнің дамуы

9. Мәтін мазмұнына сүйенсек, Барселона Олимпиадасының ұзақ мерзімді әсері қалай сипатталады?

A) Қала экономикасына уақытша әсер етті
B) Тек спорт саласында ғана өзгеріс әкелді
C) Қала дамуы үшін үлгілік модель қалыптастырды
D) Олимпиада тарихында оқшау құбылыс болып қалды

10. Берілген мәтін мен 1992 жылғы Барселона Олимпиадасы туралы негізгі мәтінді мағыналық тұрғыдан не байланыстырады?

2000-жылдардың басында Бильбао қаласында мәдени инфрақұрылымды жаңғырту жобасы жүзеге асырылды. Осы өзгерістерден кейін қала халықаралық туристік бағытқа айналып, экономикасы жандана түсті. Бұл жоба қаланың ұзақ мерзімді дамуына негіз қалады.”

A) Ірі жобалар арқылы қалалық кеңістіктің ұзақ мерзімге өзгеруі

B) Қалалардың дамуы кездейсоқ тарихи жағдайларға тәуелді болуы
C) Экономикалық өсімнің тек өндіріс саласына сүйенуі
D) Қалалардың дамуы сыртқы факторлардан тәуелсіз жүру



Cәттілік

Салима Сымбатқызы


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

2-нұсқа

1-мәтін

Матмата — Тунистің оңтүстігінде орналасқан ерекше ауыл. Мұндағы үйлер жердің астында қазылып салынған. Бұл — сән үшін емес, шөлдің аптап ыстығынан қорғану тәсілі. Жер астындағы температура жыл бойы шамамен 20–23°C, ал сыртта +45°C-қа дейін жетеді. Үйлердің құрылымы ерекше:алдымен жерге терең шұңқыр қазылады, кейін сол шұңқырдың қабырғаларынан бөлмелер ойып жасалады. Барлық бөлмелер ортақ ашық аулаға қарайды. Бұл желдетуге де, жарыққа да тиімді.

Матмата әлемге «Жұлдызды соғыстар» (Star Wars) фильмі арқылы танылды.
Нақтырақ айтсақ, Люк Скайуокердің Татуин планетасындағы үйі осы Матматада түсірілген. Кейбір үйлер әлі күнге дейін сол декорацияны сақтап отыр.


1. Матматадағы үйлердің жер астында салынуының негізгі себебі қайсы?

А) Туристерді тарту және ерекше архитектура жасау
В) Табиғи апаттардан қорғану
С) Шөлді аймақта тұрақты әрі қолайлы өмір сүру
D) Фильм түсіруге ыңғайлы орта қалыптастыру

2. Мәтіндегі ақпаратқа сүйенсек, Матматаның әлемге танылуына ең көп әсер еткен фактор:

А) Бербер халқының көне мәдениеті
В) Үйлердің ерекше құрылыс тәсілі
С) Шөл климатына бейімделген өмір салты
D) «Жұлдызды соғыстар» фильмінде түсірілуі

2-мәтін

Манул — Қазақстанда сирек кездесетін, бірақ ерекше әрі қызық жыртқыштардың бірі. Сырт келбеті оны бірден тануға мүмкіндік береді: жүнi өте қалың, денесі ықшам, ал бет-әлпеті үнемі ренжулі сияқты көрінеді. Бұл «ашулы» кейіп — манулдың табиғи бет құрылымына байланысты, мінезіне қатысы жоқ.

Манул негізінен таулы және тасты аймақтарда, ашық дала мен шөлейт өңірлерде мекендейді. Қазақстанда ол Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы маңында және сирек жағдайда кең далада да кездеседі. Басқа мысықтардан айырмашылығы — манул жылдам жүгірмейді. Ол қауіп төнсе қашқаннан гөрі, тасқа немесе жерге жата қалып, айналамен сіңісіп кетуді жөн көреді. Оның түсі дәл осы жасырынуға бейімделген.

Манулдың тағы бір ерекшелігі — көз қарашығы. Үй мысықтарындағыдай тік сызық емес, дөңгелек болып қалады. Бұл — жабайы мысықтар арасында сирек кездесетін белгі. Сонымен қатар, оның құлақтары аласа орналасқан, бұл да аңшылардан жасырынуға көмектеседі.

Тамақтану рационына көбіне суырдың балалары, қосаяқ, тышқандар және ұсақ құстар кіреді. Манул түнде және таңға жақын уақытта белсенді болады. Өте сақ аң болғандықтан, адамдар оны табиғатта сирек көреді.

Маңызды факт: манул адам қолына тез үйренбейді. Зообақ жағдайында да ол күйзеліске тез түседі, сондықтан бұл жануарды қорғаудың ең дұрыс жолы — оны табиғи ортасында сақтау.

Манул — Қазақстан табиғатының нәзік тепе-теңдігін көрсететін, үнсіз әрі тәкаппар символдарының бірі.


3. Манулдың қауіп төнген кезде қашпай, тасқа жата қалуы нені көрсетеді?

А) Оның жалқау әрі баяу мінезді екенін
В) Табиғи ортаға бейімделу стратегиясын
С) Басқа жыртқыштардан әлсіз екенін
D) Жеке аумағын қорғау әдетін


4. Манулдың көз қарашығының дөңгелек болуы мәтінге сәйкес қандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді?

А) Оның түнгі аңшылыққа ғана бейімделгенін
В) Үй мысықтарына жақын екенін
С) Басқа жабайы мысықтардан ерекшелігін
D) Көру қабілетінің әлсіздігін


5. Мәтінге сүйенсек, манулды қорғаудың ең тиімді жолы қайсы?

А) Зообақтарда көбейту
В) Адамға үйрету арқылы сақтау
С) Табиғи ортасын бұзбай қорғау
D) Жасанды ортада бейімдеу



3-мәтін

Таң сәрі. Сарыарқаның кең даласы әлі ояна қоймаған. Аспан бозғылт түске боялып, көкжиекте күннің алғашқы сәулесі көріне бастағанда, Жақыпбек атын ерттеп жатты. Ол бұл даланы бала кезінен біледі, бірақ бүгінгі жолы өзгеше еді. Бүгін ол алғаш рет әкесінің аманатын орындауға шыққан.Әкесі тірі кезінде бір ғана сөзді жиі айтатын: «Жерді тану — өзіңді тану». Жақыпбек ол кезде бұл сөздің мағынасын терең түсінбейтін. Ал қазір, жалғыз өзі кең далаға бет алған сәтте, сол сөздер санасында қайта-қайта жаңғырып тұрды.

Жол ұзақ болды. Күн көтерілген сайын дала да тіріліп, самал жел жусанның иісін алып келді. Жақыпбек ат үстінде келе жатып, ойға батты. Қалада өскен ол бұл кеңістікті бір кездері бос, мағынасыз деп ойлайтын. Ал бүгін дала оған тірі сияқты көрінді: әр төбе, әр із — бір тарих, бір үнсіз әңгіме.Түс ауа ол ескі қыстаудың орнына жетті. Құлаған дуалдар мен шіріген қақпа ғана қалған. Осы жерде кезінде аталары өмір сүрген. Жақыпбек атынан түсіп, жерге тізерлей отырды. Қолымен топырақты ұстап көрді. Суық емес, жылы. Сол сәтте ол өзін бөтен емес, дәл осы жердің жалғасы сияқты сезінді.

Күн еңкейе бастағанда, аспан қызғылт түске боялды. Жақыпбек қалтасынан ескі тұмарды шығарды. Бұл — әкесінің соңғы берген заты. Ол тұмарды қыстаудың іргесіне қойды. Бұл бір рәсім емес, бұл — үнсіз келісім еді: өткен мен бүгіннің арасындағы байланыс.Сол мезетте алыстан қыранның даусы естілді. Жақыпбек басын көтеріп, көкке қарады. Құс еркін қалықтап бара жатты. Ол осы көріністен өз өміріне ұқсас бір белгі көргендей болды. Әр адам да өз жолын табуы тиіс, бірақ ол жол сабыр мен жауапкершілікті талап етеді. Қайтар жолда Жақыпбек бұрынғыдай емес еді. Ол жауап іздеп шыққан, бірақ жауаптан да артық нәрсе тапқандай болды. Ол өз тамырының қайда екенін, неге бұл даланың адамдарды сабырлы, төзімді ететінін енді түсінді. Түн түскенде аспанда жұлдыздар жанды. Жақыпбек атын баяу айдап, қараңғылыққа сіңіп бара жатты. Ал дала үнсіз қалды. Бірақ ол енді бос емес еді. Онда бір адамның оянған санасы, табылған өз жолы бар еді.


6. Жақыпбектің сапары мәтінде қандай өзгеріспен байланысты берілген?

А) Өткен мен бүгінді салыстыруымен
В) Табиғатты тануға қызығушылығымен
С) Жаңа мекен іздеуімен
D) Өзіне қатысты ой түюімен


7.Ескі қыстау бейнесінің мәтіндегі қызметі қандай?

А) Табиғат көрінісін толықтыру
В) Тарихи орын ретінде көрсету
С) Өткен өмірді еске салу
D) Тұлғалық байланысты сезіндіру


8. Қыран құстың көрінісі арқылы автор нені меңзейді?

А) Даланың тіршілігін
В) Табиғи еркіндікті
С) Адамның өз жолын
D) Құстар әлемін

9.Мәтіннің негізгі ойына мағынасы жағынан жақын мақал-мәтелді таңдаңыз.

А) «Туған жердей жер болмас…»
В) «Еңбек түбі — береке»
С) «Көре-көре көсем болар»
D) «Жол азабы — көр азабы»


10. Бұл екі мәтіннің арасында қандай мағыналық байланыс орнатуға болады?

Кешкі қала біртіндеп жарыққа бөленіп, Айдана сыртқа ұзақ қарады. Адамдар ағылып жатыр, әрқайсысы өз бағытымен кетіп барады. Бір қарағанда бәрі ретімен, бәрі қозғалыста. Бірақ осы үйлесімнің ішінде бір түсініксіз үнсіздік бар сияқты еді. Айдана сол үнсіздікті тыңдағандай болды. Бұрын ол тек сыртқы көріністі байқаса, бүгін оның назарын көзге көрінбейтін нәрсе тартып тұрды. Сол сәтте ол қай бағыттың шын мәнінде өзіне тиесілі екенін ой елегінен өткізе бастады.”

А) Екі мәтінде де нақты оқиға емес, адамның ішкі қабылдауы маңызды
В) Екі мәтін де тарихи орындардың сипаттамасына негізделген
С) Екі мәтінде де негізгі мәселе табиғаттың өзгеруімен байланысты
D) Екі мәтін де бір уақыт кезеңін сипаттайды




Cәттілік

Салима Сымбатқызы


1 нұсқа

1. В

2. ⁠С

3. ⁠В

4. ⁠Д

5. ⁠В

6. ⁠Д

7. ⁠В

8. ⁠С

9. ⁠С

10. ⁠А




2 нұсқа

1. С

2. ⁠Д

3. ⁠В

4. ⁠С

5. ⁠С

6. ⁠Д

7. ⁠Д

8. ⁠С

9. ⁠А

10. ⁠А
































































































Оқу сауаттылығы

1-мәтін

Тон – қой терісінен тігілетін қыстық жылы киім. Ол үшін теріні шелінен арылтып, әбден илен, оны қынамен, талдың қабығымен, томар бояумен бояйды.

Бояудан кейін тері қоңыр, сұр немесе сарғыш, күлгін түсті болады. Осы теріден жүні ішіне қаратылып тон тігіледі. Жағасына (кейде жең аузына) сеңсең, елтірі немесе бағалы аң терілері салынады. Тонның ұзын, қысқа түрлері де болады. Әйелдер тонының иығына, жең ұшына, өңірі мен етегіне кесте жіппен ою-өрнектер салынады. Тон тігісіне, үлгісіне қарай «қималы», «бүрмелі» деп аталады.

Тонның ең әдемі, жылы, қымбат, бағалы түрі «қамқа тон» деп аталады. Оны бұрын хан, би, бай, мырза, ханша сияқты ауқатты, белгілі адамдар мен әйелдер ғана киген.

1. Тонның тігілу үлгісіне қарай бөлінетін түрлері?

A) ұзын, қысқа

B) қоңыр, күлгін

C) қималы, бүрмелі

D) сеңсең, елтірі

2. Мәтіннің екінші бөлігіне сәйкес мақал.

A) Ас – аттыңікі, той – тондікі

B) Орамал тон болмайды, жол болады

C) Тонның ішкі бауындай

D) Келісіп пішкен тон келте болмас

2-мәтін

Жалбыз - ерінгүлділер тұқымдасына жататын бұта тәрізді, сұрғылт-жасыл түсті өсімдік. Сабағы төрт қырлы, жапырағы мен бұтағы көп. Сопақша жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге жуық. Гүлдері негізінен көк, күлгін түсті. Аздаған ақ және алқызыл гүлі де болуы мүмкін. Екі ерінді төмен қарай өсетін гүл қауашықтары бар. Жемісі - шар тәрізді төрт жаңғақ. Биіктігі - 20-50 сантиметр. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Қазақстаның оңтүстігінде көп кездеседі. Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынғанда, тіс ауырғанда, баспада, жоғарғы тыныс жолдары қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады. Денені шаюға қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм жалбыз жапырағын бір стақан (200 гр) ыстық суға салып, 20 минуттай тұндырады. Халық медицинасында жалбызды бауыр мен өт қабының қабынуы, бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, іш кепкенде, тұмауратқанда қолданады. Жалбызды сүтке қосып қайнатып ішсе, денедегі суықты алып, тамақ ауруын жазады.

3. Емдік мақсатқа пайдаланады

A) Бұтағын

B) Тамырын

C) Гүлін

D) Жапырағын

4. Жалбыз?

A) Көгеніс

B) Ағаш

C) Өсімдік

D) Жеміс

5. Мәтіннің стилін анықта:

A) Ғылыми

  1. Ауыз екі сөйлеу

  2. Публицистикалық

  3. Көркем әдебиет

3-мәтін

Қыстың күні еді. Үш-төрт күн сәтсіз соғысып жатыр едік, отыздағы полковник кезім. Алғы шепке бара жатыр едім. Бізді немістер пулеметпен атты. Зуылдаған оқтан қаймығып, қардың үстіне құладық. Біреулерімізге оқ тиді. Маған оқ тиген жоқ. Орнымнан тұрдым. Қарасам, бір солдат талып жатыр, желкесіне оқ тиген екен. Күре тамырынан аққан қызыл қан ақ қарда шапшып жатыр. Қасына келіп шошып кеттім.

«Е, енді мынау адам болмайды екен», - деп ойладым. Қасымда адъютантым капитан Ложкин бар еді.

- Ложкин, жерлеңдер, - дедім. Соны айттым да, алдыңғы шепке кетіп қалдым… Мен бұл солдатты бұдан отыз төрт жыл бұрын өлдіге санап қойған болатынмын. Сонша уақыттан кейін есен-сау мен жатқан бөлмеге кіріп келгенде, есімнен танып қала жаздағаным да рас еді. Мен командирмін ғой. Өлді деген солдатым отыз төрт жылдан кейін тіріліп келіп отырғанына сенер-сенбесімді білмедім. Әйелім қасымда жоқ еді. Оған үйреншікті қонақжайлық та таныта алмадым.

-Игорь Шигин.

Бұдан өзге мен ештеңе айта да алмадым. Ұзақ үнсіз отырып қалдық. Өзіме-өзім келгеннен кейін оған өзбекшелеп:

- Гапырың, - дедім.

Ол маған өзінің басынан өткен қайғылы тарихын айтып берді. Күре тамырынан ақ қарға атқылап жатқан қызыл қанды есіме түсірдім. Ол сонда тірі қалыпты. Отыз төрт жыл өткенде мені іздеп келіпті. Соғыстан кейін ол Өзбекстанның Наманган облысындағы бір аудандық партия комитетінің секретары болып істепті. Соғыстан кейін үйленіпті. Қазір бес баласы бар екен. Өзі құрметті демалысқа шығыпты. Бірде, жақында радиодан мен туралы хабарды естіпті.

- Ох, полковник, әлі тірі екен ғой, барып сәлем берейін, - деп шешіпті.

- Естигән кезимда юрагим ярылып кита яздади, Әкажан. Ертаңина райкомға бардим. Әмапам тири икан, рұқсат биринлар, чол кисига барип қайтамын дедім. Рұқсат берди. Сизниң дидариңызды көргели келдім, Әкажан. Әкажан, мен сизга ала топпы алып келдим, мен сизга ала шапан алып келдим. Мархабат етиңиз. Қабылдаңыз.

Мен солдаттың ықыласына қатты тебірендім. Шапанды, тақияны киіп, оны құшақтадым. Ол қайта жылады. Мен әмір еттім:

- Не плакать, солдатам не полагается плакать, - дедім орысшалап.

Екеуіміз иық тіресе отырып тамақтандық. Оның маған айтар ешқандай өтініш-тілегі жоқ екен, көріп-көріскелі, сәлем бергелі ғана келіпті.

Ол қоштасып, ауылына қайтты...

6. Солдаттың полковникке тарту еткен сыйы?

A) Тон мен тақия

B) Шапан мен тақия

С) Тымақ пен шекпен

D) Бөрік пен шапан

7. Шығарманың жазылған уақыты?

A) Соғысқа дейін

B) Соғыс кезінде

C) Соғыстан кейін

D) Соғыс біткен жылы

8. Игорь Шигиннің соғыстан қайтқанан кейінінгі қызметі

A) Мектепте мұғалім

B) Партия комитетінің секретары

C) Әскери кафедра меңгерушісі

D) Геолог болып қызмет еткен

9. Капитан Ложкин ?

A) Командир

B) Офицер

C) Қатардағы солдат

D) Адъютант

10. Автордың Игорь Шигінді көргендегі күйі

A) Қатты таң қалды

B) Өткенге өкінді

C) Өзін кінәлады

D) Көңілі босап, көзіне жас алды

Оқу сауаттылығы 10-сынып ІI-Нұсқа

1 мәтін

Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарымпаздық сияқты қабілеттерге ие. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің маңайынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақап атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы – тиіннің ақылдылығын дәлелдейді. Өздерін білетіндей, егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарында ұстайды. Сәндік егеуқұйрықтың басқа түрлерінен айырмашылықтары аз емес: өте ақылды, сүйкімді және адаммен ойнағанды ұнатады. Қоңыр түсті егеу құйрық қы­тай елінде ерекше қадірлейтін жануар болған.

  1. Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырыпты көрсетіңіз?

A) Ақылды егеуқұйрықтар

B) Адамға жақын жануарлар

C) Қолға үйретілген тиіндер

D) Епті жануарлар

  1. Тиін неліктен адамға жақын аймақта өмір сүреді?

A) Қолға тез үйренетіндіктен

B) Иесін танығандықтан

C) Тамақты үйдің маңайынан іздейді

D) Ақылды болғандықтан

2-мәтін

Жалбыз - ерінгүлділер тұқымдасына жататын бұта тәрізді, сұрғылт-жасыл түсті өсімдік. Сабағы төрт қырлы, жапырағы мен бұтағы көп. Сопақша жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге жуық. Гүлдері негізінен көк, күлгін түсті. Аздаған ақ және алқызыл гүлі де болуы мүмкін. Екі ерінді төмен қарай өсетін гүл қауашықтары бар. Жемісі - шар тәрізді төрт жаңғақ. Биіктігі - 20-50 сантиметр. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Қазақстаның оңтүстігінде көп кездеседі. Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынғанда, тіс ауырғанда, баспада, жоғарғы тыныс жолдары қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады. Денені шаюға қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм жалбыз жапырағын бір стақан (200 гр) ыстық суға салып, 20 минуттай тұндырады. Халық медицинасында жалбызды бауыр мен өт қабының қабынуы, бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, іш кепкенде, тұмауратқанда қолданады. Жалбызды сүтке қосып қайнатып ішсе, денедегі суықты алып, тамақ ауруын жазады.

3. Жалбыз?

A) Көгеніс

B) Ағаш

C) Өсімдік

D) Жеміс

4. Емдік мақсатқа пайдаланады

A) Бұтағын

B) Тамырын

C) Гүлін

D) Жапырағын

5. Мәтіннің стилін анықта:

A) Ғылыми

  1. Ауыз екі сөйлеу

  2. Публицистикалық

  3. Көркем әдебиет

3 мәтін

Қазақ халқы сыйлық сыйлауға өте қатты мән береді. Ол туған-туысқанның арасын жақындатып, сыйластығын арттырады. «Сыйға - сый» деген ұстаным - ұлтымыздың салт-дәстүрінің өзегі. Дәстүрімізде ел сыйлаған, танымал тұлғаға берілетін сыйлық - тарту, ал көпшілікке сияпат үлестіру - таралғы деп аталады. Ұлтымызда «Енші беру», «жасау беру», «бәсіре ату», «күміс салу», «кимешек кигізу», «бәйге тігу», «ат мінгізу», «шапан жабу», «селтеткізер», «үштоғыз» және тағы да басқа көптеген сыйлық түрлері бар.

Енші. «Енші» сөзі көне түркі тіліндегі «инчу», яғни «мұра» деген мағынаны білдіреді. Оны балалары ержеткенде, жеке отау болып бөлініп шыққанда ата-анасы жинап тергенінің бір бөлігін атап береді. Егер үйленген азаматтың отбасы ауқатсыз болса, жағдайы бүтін туысқандары өзара бірлесіп, отау болуына көмектескен. Содан болар қазақ халқында жас отбасының баспанасыз қалған кездері өте сирек болған. Мысалы, Өскенбай Құнанбайды он тоғыз жасында үйлендіріп, өзі отырған Тасқораның күншығыс жағындағы сайдың алдына қондырады. Өскенбай өзіне біткен отыз шақты жылқының он екісін Құнанбайдың еншісіне береді.

Жасау. Ата-анасының қызына ұзату тойында беретін «көрпе-төсегі», кейбір аймақтарда оны «сандығы» деп те атайды. «Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді, алты жастан жинасаң асады» деген қыздың ата-анасы оны шама-шарқына, әл-ауқатына қарай жинап береді. Жасау жат жерге келін болып түскен қыздың тұрмыстық қажетін өтеп қана қоймай, барған жерінде абыройлы болуына да септігін тигізеді. «Жасауы көп келіннің күйеуі жуас» деген мақал осыған байланысты айтылған.

Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіренің жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың малға деген ықыласы, пейілі түзу болады. Құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәде киіт кигізу деп аталады. Онда жігіттің ата-анасы құдаларына бағалы киімдер кигізіп, алтын-күміс әшекейлер сыйлайды. Ал қыздың шешесі құдағиына арнайы соққызған, екі саусаққа қатар киілетін «қос балдақты» құдағи жүзікті тарту етеді. «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» деген еліміздің кейбір өңірлерінде қызға қалыңмал сұралмайды, бірақ кит кигізу дәстүрі барлық жерде бар, себебі бұл жалпы қазаққа ортақ дәстүр.


6. Өскенбайдың Құнанбайға берген еншісі?

A) Он түйе

B) Он екі жылқы

C) Жиырма сиыр

D) Тоғыз жылқы

7. Енші сөзінің көне түркі тіліндегі мағынасы

A) Құн

B) Ақы

C) Сыйлық

D) Мұра

8. «Қос балдақ» дегеніміз

A) Қыз баланың анасына беретін сыйлығы

B) Ер азаматтың жұбайына беретін тартуы

C) Құдағиға тағатын жүзіктің түрі

D) Жігіттің өз анасына алғыс ретінде тағатын жүзігі

9. Қате тұжырым

A) Бәсіре- бала 4-5 жасқа толғанда оған құлын немесе тай атау.

B) Жасау- қыздың ұзатылған жеріне алып баратын көрпе төсегі.

C) Қос балдақты қыздың анасы тарту етеді.

D) Киіт кигізу тек құдалар арасында болатын сый түрі.

10. Егер үйленген азаматтың ата-анасының енші беруге жағдайы болмаса

A) Қалыңдықтың анасы енші берген

B) Ата-анасымен бір шаңырақ астында тұра берді

C) Туған-туыстары көмектеседі

D) Баласына жағдайды түсіндіріп еншісіз жібереді

Cәттілік

Салима Сымбатқызы


І-нұсқа

1. C

2. D

3. D

4. C

5. A

6. B

7. C

8. B

9. D

10.A

ІІ-нұсқа

1. B

2. C

3. C

4. D

5. A

6. B

7. D

8. C

9. A

10. C

















































































ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 11-сынып

1-нұсқа

1-мәтін

Жер шарында теректің жүзден астам түрі бар. Біздің елімізде отыз шақты түрі кездеседі. Қазақстан жерінде ақ терек, көк терек, қара терек, мырза терек сияқты түрлері өсіріледі.

Терек өте тез өседі. Оның биіктігі елу метрге дейін жетеді. Мұндай әсем де ірі ағаш көше бойынна, ауыл, су қоймаларының жағалауына отырғызылады. Қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады. Теректің бір артықшылығы-көп күтім тілемейді. Оны көшеттерден көбейтуге болады. Теректің кейбір түрлері жүз жиырма, жүз елу жыл өседі. Терек ағашы жұмсақ болады. Олардан сіріңке, қағаз, түрлі бұйымдар жасалады. Теректі құрылыста да кеңінен пайдаланады.


  1. Тұжырымдардың дұрысы:

1) Теректбаяу өседі.

2) Терек көп күтім тілемейді.

3) Терек қатты ағашқа жатады.

A) Үшеуі де
B) Тек екінші
C) Бірінші мен екінші
D) Бірінші мен үшінші

2.Мәтінге лайықты тақырып?

A) Қазақстанда өсетін ағаштар

B) Ағаштың пайдасы
C) Терек ағашы
D) Ағаш өнімдері


2-мәтін

1. Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде бірімен сауда тұратын адамдар бірретінде жүзеге байланысын асқан. жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, кола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.

2. Жолдар бір-бірімен ұласып, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ол жолдардың әрқайсысының өз аттары болған. Мысалы, «лазурит», «нефрит» және «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне лазурит (ляпис - лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы елдерге таралған.

3. Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұқсас. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктіреді. Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салтдәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.

4. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тауының етегімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары арқылы Қытайға ұласқан. Жолдың ендігі бір бөлігі Яксарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатыр. Негізі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Монғолияға қарай жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Испиджап, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Саудакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізер әсері зор.

5. Жібек жолындағы тарихи қала – Йасы, ол кейіннен Түркістан атанған. Ол да сол кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған. Қала орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Йассауидің кесене-ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Йасы қаласы XII ғасыр аса дәуірлеген: қол өнер мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған.


3. Мәтіннің 3-азатжолына сәйкес келетін тұжырымды белгілеңіз.

А) Ежелгі Қазақстан қалалары да Ұлы Жібек жолының бойында жатты.

В) Көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.

С) Йасы қаласы VII ғасырда өте дамыған қалалардың біріне айналды.

D) Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің қарым-қатынас жасау мүмкіндігін туғызды.

4. Мәтіндегі Ұлы Жібек жолының «қан жүйесіне» теңелуінің себебі неде

А) Жолдың тек географиялық ұзындығын салыстырып көрсету

В) Сауда көлемінің көптігін білдіру

С) Аумақтарды байланыстырып, тіршілік қозғалысын қамтамасыз ету

D) Табиғи ресурстардың таралуы арқылы сипаттау

5. «Нефрит» жолымен тасымалданған басты затты анықтаңыз.

А) Күміс

В) Гауһар тас

С) Лазурит

D) Алтын

6. Ұлы Жібек жолының қалыптасуына негізгі себеп не болды?

А) Әскери жорықтардың көбеюі

В) Табиғи байлықтардың тең бөлінуі

С) Адамдар арасындағы сауда қажеттілігінің артуы

D) Қалалардың қорғаныс мақсатында салынуы

7. Лазуритті аса жоғары бағалаған елдердің бірі

А) Ирак

В) Мысыр

С) Қытай

D) Моңғолия

8. Бесінші азатжолда сөз болатын өнер түрі

А) Жазушылық

В) Сәулет өнері

С) Сурет

D) Музыка

9. Қазақстанның ірі қалалары арқылы өтетін Жібек жолының бір тармағы қайда апарған?

А) Византия мен Батыс Еуропаға

В) Алтай мен Моңғолияға

С) Қара теңіз маңына

D) Мысыр мен Иранға

10. Ұлы Жібек жолы тарихында қазіргі қала

А) Сарайшық

В) Бозок

С) Түркістан

D) Отырар

Cәттілік

Салима Сымбатқызы




ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 11-сынып

2-нұсқа

1-мәтін

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алады. Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақтың әдіпті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуіге баулиды. Ұрпағының дәулетті, бақытты болуын тілейді.

Тілек-бата сөздер – халықтың өзімен бірге жасарып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар – оның рухани өмірінде тұтастығын, бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.

Болашақтың иесі – ұрпағына амандық, парасаттылық, өнер-білім, құт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу – ежелден азаматтың асыл мұрасы болса керек.

1. Мәтінге сай мақал-мәтел

А) Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

В) Бірлік болмай, тірлік болмас.
С) Халық қаласа, хан тағынан түседі.

D) Батаменен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер.

2. Тұжырымдардың дұрысы

1) Бата беруші жас болу керек.

2) Бата жас буынға беріледі.

3) Батаның мақсаты – адамгершілікке баулу.

A) Үшіншісі мен екінші
B) Тек екінші
C) Үшеуі де
D) Бірінші мен үшінші

2-мәтін

Алты ай қысы, алты ай жазы бар Арқаның алыстағы бір ауылында Қасым деген ұста болды. Ол кісіні ауылдастары «Дырылдай ұста» немесе «Ұста» деп қана атайтын. Сірә, ұстаханасынан үнемі дырылдап дыбыс шығып жататын болған соң солай атаған болу керек. Қасым ұстаның қолынан келмейтін нәрсе болмайтын. Жыланкөз сақинадан бастап, арбаға дейін жасай беретін. Бір ғажабы, ол кісінің жасайтын зат-мүліктері жыл он екі айдың әр маусымына орай бөлініп, белгілі бір уақытта ғана дайын болушы еді. Мәселен, жаз айларында киіз үйдің сүйегін басатын, ер шабатын шаңырақ пен арба дөңгелегін иетін, қобыз бен домбыра жасайтын. Ал қыс айларында тері илейтін, небір мәнерге салып ат әбзелін өріп шығаратын. Мүйіз қақтап, сүйек өңдейтін, сақина-білезіктер соғып, кемер белдіктер жасайтын. Көктем шығып, жасаудың тоң жібіген қамына шақта қысқы соғымның терісін шелі мен түгінен арылтып, саба жасаудың қамына кірісетін.

Қысқасы, Қасым ұстаның осылайша маусым-маусымға тындыратын бөліп алып қыруар ісі алдын ала ойланып-толғану арқылы, күні бұрын қамданып-сайлану арқылы, қыстың қамын жазда, ал жаздың қамын қыста ойлаумен жүзеге асып жататын. Бүгінде ойлап отырсақ, мұның өзі ден қойған ісіне жан-тәнімен берілген хас шебердің сұлулыққа іңкәрлігінен екен. Ол үшін өмірінің мағынасы – өзгенің көңіліне қуаныш ұялату болатын. Мұндай ниет оның қолынан шыққан заттың бәрін шынайы өнер туындысы етіп шығаратын.

Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жүретін. Бәрін ерінбей-жалықпай жыл он екі ай бойы жинап күн тимейтін, көзге түсе бермейтін саялы қалтарысқа жинап қоюшы еді. Күндердің күнінде көктем шығып, жер қарайып, ел жайлауға көшетін мезгіл жететін. Осы кезде ұста қыстау қасынан аққан бұлақтың табанындағы қара қорыс, көк ала сазды белшесінен қазып, жыл бойы жинаған мүйіздерін сол сазға көміп кететін. Қандай құпиясы барын кім білсін, Қасекең мүйіздерді қараандыз деп аталатын дәрілік қасиеті бар өсімдік қалың біткен жердің ми батпағына көмуді ұнатушы еді. Осылайша мүйіз біткен қорыс құшағында қала береді. Қасым ұста елмен бірге жайлауға көшеді. Қар жауғанда қыстауына оралған ұста көктемгі көмбенің тоңын ойып, мүйіз атаулыны үйге алып келеді. Әкелмес бұрын көрші-қолаңды аралап, ауылдастарының қайсысына не қажет екенін біліп алады. Біреу ожау дейді, біреу қамшы сап дейді, енді біреулер бал қасық, кездік сап, ұршық, піспек, оқтау, тарақ, табақ сияқты ірілі-ұсақты қыруар затты тапсырып жатады. Бір ғажабы, Қасым ұста соның бәрін қалт жібермей жадына сақтайды. Содан ми батпақтан алынған мүйіздерді жылы суға салып, саз- топырағын жуып, кәдеге жаратуға кіріседі. Мүйіздерді сазға көму себебін сұраған жанға Қасым ұста: «Е-е, шырақтарым, бес-алты ай бойы қара қорыс миға батқан мүйіз біршама жұмсарып, өңдеуге жеңіл болады, мүлік болып шыққан соң, ыстық-суыққа шыдамды, қаңсып-жарылу дегенді білмейді», – деп жауап беретін.

Ол арқардың шомбал мүйізінен аққу мойын, бүйрек бүйір ожауды ыңғайлайтын. Серкенің қарағайдай қара мүйізін қамшы қамшы саптың жобасына келтіретін. Түйенің табан мүйізін дәрілерді салатын құты сауытқа, сиыр мүйізін шаш тараққа, жылқы тұяғын көз қарыққанда киетін көзілдірікке ыңғайлап тастаушы еді. Қысқасы, мүйіздің бәрі кәдеге жарайтын. Қасым ұста көк ала мәрмәр сияқты аққу мойын мүйіз ожауды жасап біткен кезде, аударып-төңкеріп қарап отырып: «Бұл жарықтыққа сүттің өңезі жабыспайды, астың дәмін бұзбайды, шыбын қонбайды, несін айтасын, қонақжай келіншектің көркі ғой!» – деуші еді.

3. Қасым ұстаның қыс айларында тындыратын ісі

А) Шаңырақ ию

В) Киіз үй сүйегін басу

С) Арба дөңгелегін ию

D) Тері илеу

4. Ұстаның арқар мүйізінен жасайтын затын табыңыз.

А) Қамшы сап

В) Тарақ

С) Ожау

D) Көзілдірік

5. Ұстаның жыл бойы жинайтын затын анықтаңыз.

А) Сауыт

В) Мүйіз

С) Тарақ

D) Тұяқ

6. Қасым ұстаның мүйіздерді ми батпаққа көму себебін көрсетіңіз.

А) Өңдеуге жеңіл болып жұмсарады.

В) Түсі қанық болып өзгереді.

С) Жылдам кеуіп, ыстықты суытпайды.

D) Одан жасалған бұйым жалтырап тұрады.

7. Қасым ұстаның қасиеттері қандай?

А) Табандылық пен үнемшілдік

В) Адалдық, жомарттық, сабырсыздық

С) Еңбекқорлық, әсемдікке құштарлық

D) Мұқияттылық, білімпаздық, адамгершілік

8. Мүйіздердің жаздағы сақталатын орнын көрсетіңіз.

А) Қорыс құшағында

В) Орман саясында

С) Сандық түбінде

D) Жайлау төрінде

9. Қасым ұста түсінігіндегі тірліктің мәнін белгілеңіз.

А) Өзі жасаған бұйымдарына таңғалу

В) Ауылдастары тапсырысын орындау

С) Барлық нәрсені кәдеге жарат

D) Жұрт көңіліне шаттық ұялату

10. Қасым ұстаның мүйіз ожауға қатысты сөзінен байқалатын көңіл күйі

А) Қапалану

В) Сүйсіну

С) Күмәндану

D) Шаттану

Cәттілік

Салима Сымбатқызы


1 нұсқа

1. В

2. ⁠С

3. ⁠Д

4. ⁠С

5. ⁠В

6. ⁠С

7. ⁠В

8. ⁠В

9. ⁠В

10. ⁠С




2 нұсқа

1. Д

2. ⁠А

3. ⁠Д

4. ⁠С

5. ⁠В

6. ⁠А

7. ⁠С

8. ⁠А

9. ⁠С

10. ⁠В































































































Оқу сауаттылығы

10-сынып

І-Нұсқа

1 мәтін

Сәукеленің сұлбасы көк әлеміне шаншыла үшкілденген оттың алауына ұқсайды. Бұл шаңырақтың иесі - отағасы болса, ошақтың иесі – отанасы дегенді білдірсе керек. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын салтанаты арта түседі. Шамамен екі қолды төбеден асыра созып, саусақтарының ұшын түйістіргендей ұзындықта болған. Астыңғы тиянағы қозының жүнінен талдырып басып қарпылған жұқа ақ киізден қиылып тігіледі. Кейде сәукеленің астынан іш топы киіліп, бөзбен астарланып, тысы ашық қызыл түсті қымбат матамен қапталып, әшекей бұйымдармен әрленеді. Маңдайы мен шекесі, жақтауы ( шықшыттан белге дейін), салпыншақ - жырғасы, әдемі ою - өрнек, шұбыртпа маржан - моншақ, тана - түймелермен, зер шашақ, оқа кесте, шоқ, қозамен, нәзік су моншақтармен жиектеліп, түрлі - түсті кестемен көмкеріліп безендірілген. Сәукеленің ұшар төбесіне бүрілген, етегі өкшесіне түскен желектің шоғырланған төбілдірігіне әшекейлі қатырғы - бергек қадаған. Бұған қоса көзмоншақ, үкіаяқ, самай сырға, жыланбас т.б. әшекей бұйымдар тағылады. Сәукеленің астынан өңір мен жауырынды жауып тұратын жеңіл желек - зере киілген.

1. Сәукеленің биіктігі негі аңғартады?

  1. Көкпен таласқандығын

  2. Ерекше әсемдігін

  3. Сәукеленің асылдығын

  4. Салтанатың артуын

2. Сәукеле жиектелген бұйым?

  1. Оқа кестемен

  2. Киізбен

  3. Астармен

  4. Матамен

2 мәтін

Алақан медицина ғылымы саусақтар мен алақандардың көмегімен адамның денсаулығы туралы көптеген мәліметтер алуға болатындығын анықтап отыр. Әдетте денсаулығы жақсы, жастайынан бимен айналысқан жандардың алақан саусақтары иілгіш келеді. Олар кем дегенде сыртқа қарай иіле білуі керек. Ал алақанның ішкі бөлігіне жиырылған тері склероз ауруының бар екендігін көрсетеді. Күрек тәріздес саусақтар қолдың төменгі бөлігімен бірдей болып келеді. Энергияға толы, ақылды, батыл, шешім қабылдағыш, өзгергіш. Бұндай адамдар көп жағдайда өздерін ұстай алмайды. Сынғыш тырнақтар - ағзада минералды заттардың жетіспейтіндігі. Тырнақтағы майда айлар қан айналым жүйесі мен өмірге деген құштарлықты тырнақтың төменгі бөлігінде көрініп тұратын айлар арқылы анықтауға болады. Ал олардың үлкендігі жүректің соғу жиілігімен байланысты. Айшықтар тырнақтың басқа бөліктерінен бөлек тұрса, бұл адам диабет ауруына шалдыққан.

Егер саусақ бөліктерінің ұзындығы кем болса, кейбір күштердің жетіспейтіндігін білдіреді. Бірінші бөлік бас, ми бөліктерімен байланысты, біріншісі мен екіншісі бірігіп омыртқамен байланысты. Буындары айқын білінетін, жоғарғы бөлігі дөңгеленген саусақтар және әдетте бас бармақ семіз болады. Бұндай адамдар ғылыммен, техникамен айналысады. Яғни, қарым- қатынасқа жылдам түсе бермейтін мықты тұлғалар. Тырнақтардағы ақ нүктелер олардың үнемі көрініс табуы - бүйрек, бауыр, лимфатикалық жүйе аурулары немесе күшәнмен улану. Білектің ішкі бөлігіндегі әжімдер дәл осындай үш әжімі бар адамдар ұзақ өмір сүреді, тіпті, жүз жасауы мүмкін. Құрғақ тері бұл горманальды қиындықтар мен дұрыс тамақтанбаумен байланысты. Температурасы суық қолдар - горманальды қиындықтар мен қан айналым жүйесінің бұзылуы. Ыстық қолдар - ағзада минералдардың жетіспеуі. Терінің жыбырлауы - жүйке жүйесінің сыр бере бастауы.

3. Күрек тәріздес саусақты адамға тән қасиет?

  1. Мықты тұлға

  2. Жүйкесі сыр берген

  3. Шешім қабылдағыш

  4. Минералдың жетіспеуі

4. Жүйке жүйесінің сыр бере бастауының белгісі?

  1. Ыстық қолдар

  2. Терінің жыбырлауы

  3. Қолдың суықтығы

  4. Айшықты тырнақтар

5. Мәтіннің стилін анықта:

  1. Ғылыми

  2. Ресми-ісқағаздар

  3. Публицистикалық

  4. Көркем әдебиет

3 мәтін

1. Қазақтың өткен өміріндегі мәдениетінен мол мәлімет беретін арқан, құрық, қамшы, найза, оқ сияқты құрал-саймандарды ата-бабаларымыз өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде негізгі қызметімен қатар, өлшеу қызметінде де кеңінен пайдаланған. Бұл тек қазақ халқы үшін емес, сонымен қатар, түрік халқының тілінде де, көрініс тапқан. Осыған орай, қазақ және түрік халықтарының тілдерінде арқан бойы, найза бойы сияқты өлшемдік мәнге ие болған номинативтік тіркестер қалыптасқан. Мұнымен бірге, халқымыз дене мүшелерін де ұзындық өлшемі ретінде қолдана білген. Соның негізінде тұтам, қарыс, кере қарыс, сүйем, сере қарыс, қары, құлаш, адым, қадам-қарыс, уыс, аяқ, табан, кез, аршын дегендер өлшем құралы ретінде жұмсалған

2. Қазақ тілінде де ұзындық, биіктік, қалыңдық өлшем атаулары осы дене мүше атауларының негізінде дамып қалыптасқан. Олар: қар, қарыс, қарыс сүйем, сере қарыс, кере қарыс, жырта қарыс, ат шаптырым, бір шақырым, аспан мен жердей, бір құшақ, елі, аршын, шынтақ, табан, бармақ, құлаш, сүйем сияқты өлшемдік мағынадағы сөздер бар.

3. Қарыс - бас бармақ пен ортаңғы саусақтың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі .

4. Ұзындық өлшемін білдіретін қарыс атауын өлшемнің құрамдас бөлшегі ретінде тануымызға болады. Бұған негіз ретінде қарыс атауын құрайтын өлшем бірліктері өзара парадигмалық қатынаста жырта қарыс, кере қарыс, сере қарыс, қарыс сүйем, қарыс-қарыс, сүйем-сүйем, қарыс жер, аузы алты қарыс, бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс сияқты сөздер кездеседі.

5. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың жай ғана созылуын - қарыс, ал бұл екеуінің барынша керіле созылуын кере қарыс дейді. Ал, сере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың арасы.

6. Қысқасы, қарыс атауы - ежелгі өлшемдік бірліктер ішінен ең кең тараған аса танымал өлшем бірлігінің бірі. Қарыс этнос танымында өте танымал өлшем бірлігі болуымен қатар, басқа тіл бірліктерімен тіркесу қабілетінің ерекшеліктерін және мағына өрісінің дами отырып, сыбайластық байланысқа кең көлемде түскені белгілі болды.

7. Қазақ арасында кең тараған өлшемнің бірі - елі. Бір елі ауызға екі елі қақпақ. Тіліміздегі елі атауынан тараған бір елі, екі елі, үш елі, төрт елі, қыл елі, шынашақ елі, пышақ сырты, бармақ елі, жарты елі, ала бұлт қазы, табан елі сияқты тіл бірліктерінің мазмұнынан ұлт танымындағы өлшем жүйесін ешкімге ұқсамайтын тілдік ерекшелігі деп қарай аламыз.

6. Қарыс дегеніміз?

  1. Алақан мен бас бармақтың арасы

  2. Бас бармақ пен оратаңғы саусақ арасы

  3. Ортаңғы саусақ пен кішкене саусақ арасы

  4. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың арасы

7. Елінің түрлері

  1. Кере елі, сүйем елі

  2. Қыл елі, кере елі

  3. Табан елі, шынашақ елі

  4. Сере елі, сүйем елі

8. Өлшем бірліктерге байланысты туған тіркесті сөздер кездесетін бөлім?

  1. 1

  2. 5

  3. 6

  4. 7

9. Дене мүшелері атаулары негізінде қалыптасқан атау?

  1. Температура

  2. Биіктік

  3. Фигуралар

  4. Түстер

10. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып:

  1. Елі атауының жасалу жолы

  2. Өлшем атауларының сөзжасамы

  3. Биіктік атауларың тарихы

  4. Өлшем атауларың шығу тегі

Cәттілік

Салима Сымбатқызы







Оқу сауаттылығы

10-сынып

ІI-Нұсқа

1 мәтін

Қызғалдақ жалпы алғанда, тек бір түптен өсіп, гүл ашады. Бірақ, бір түптен 4 гүл ашатын түрлері де кездеседі. Қызғалдақтың отаны Азия, Қазақстан болып саналады. Бірақ, алғаш рет Голландияда өсірілген. Солайша Еуропаға кең таралып, танымал болып кеткен.Қызғалдақты Голландияда ең алғаш фламандық ботаник Карл Клузиус немесе Шарль де Леклюз (Charles de l'Ecluse) 1593 жылы Лейден университетінің ботаникалық саябағында өсіре бастайды. Нәтижесінде, 1594 жылы қызғалдақтың Нидерландыда өсіре бастауы ресми тарихи маңызға ие болған. Карл Клузиус, жапырақтарда әдемі сызықтар пайда болатын вирустық инфекция «сызығы бар қызғалдақтарды» анықтаған алғашқы зерттеуші. Зарарсыз бір вирустың болу себебінен кейбір қызғалдақтарда сызық пайда болады.


  1. Қызғалдақтарда сызықтың пайда болуының белгісі?

  1. Вирустың болуы

  2. Жаңа түрінің белгісі

  3. Бірнеше гүл ашуы

  4. Табиғатқа бейімделуі

2. Мәтін мазмұнына алшақ ой

  1. Төрт гүл ашатын кездері бар

  2. Еуропаға кеңінен таралған.

  3. Зарарсыз вирус болады

  4. Қызғалдақ алғаш рет Қазақстанда өсірілген

2 мәтін

Шекілдеуік шемішкенің ағзаға тигізер пайдасы зор. Ол ағзаны май қышқылдарымен толықтырып отырады. Кептірілген пістеде оның құрамындағы барлық дәрумен сақталады. Ал қуырылғаннан кейін оның құрамындағы пайдалы заттардың 90 пайызы жойылып кетеді. Күнбағыс пістесі – тері жасушалары үшін таптырмас дәрумен. Өлі тері жасушаларын тірілтіп, оның жасаруына септігін тигізеді. Атеросклероз, инфаркт миокарды, жүрек-қан тамырлары ауруларына, бауырға пайдасы бар. Онда теңдесі жоқ аминқышқылдары бар. Ақ пістенің 100 грамында 540 ккал бар, ал қара пістеде - 580 ккал. Пістенің құрамында холестерин мүлде жоқ. Ақ пістеде - 34 пайыз, қара пістеде 20 пайыз белок бар. Көбіне оны ауыр тағам деп есептейді. Асқазанда қорытылуы жарты сағатты алады. Ал кәуаптың 3,5 сағатта әзер қорытылатынын ескерсек, бұл онша көп уақыт емес, әрине. Қара пісте магнийдің қоймасы деп саналады. Онда қара нанның құрамындағыдан да магний 6 есе көп. Ағзада мырыш жеткіліксіздігі болса, аяқ сіңірі тартылып, шаш түсе бастайтыны белгілі. Ал пістеде мырыш көп. Тәуліктік қажеттілігін бір стақан пісте алмастыра алады. Ағзада темір жетіспесе, қаназдық, созылмалы шаршау синдромы болатыны белгілі. Құрамында темірі көп ақ пісте соның бәрін қуып шығады. Ол - дәмді ғана емес, өте пайдалы тағам. Өсімдік майы мен А, D, Е дәрумендері мол. Құрамында темірі көп ақ пісте соның бәрін қуып шығады. Ол - дәмді ғана емес, өте пайдалы тағам. Өсімдік майы мен А, D, Е дәрумендері мол. Дегенмен диетологтер артық салмақ пен семіздіктен зардап шегетіндерге пісте шағудан бас тартуын талап етеді…


3. Мәтіннің стилін анықта:

  1. Ғылыми

  2. Ресми-ісқағаздар

  3. Публицистикалық

  4. Көркем әдебиет

4. Шекілдеуік қуырылғаннан кейінгі өзгеріс

  1. Құрамындағы пайдалы заттар сақталады

  2. Құрамындағы май азайып кетеді

  3. Құрамындағы дәрумендер жойылып кетеді

  4. Құрамындағы мырыш жойылып кетеді


5. Құрамында темір көп шекілдеуіктің түрі

  1. Ақ пісте

  2. Қара пісе

  3. Сары пісте

  4. Қуырылған пісте


3 мәтін

1.Қыс мезгілінде шыны терезеге салынған аяз өрнектеріне қарап тәтті қиялға берілген сәттеріміз көп. Аяз салған суреттерге қарап жатып суретшінің туындысын тамашалап отырғандай күйге бөленуші едік. Табиғаттың шеберлігінде шек жоқ екен. Тек оны көре алатын көз болса болғаны. Италиялық жас фотосуретші Никколо Бонфандинидің жұмыстарының ішінен табиғаттың өзі қашаған таңғажайып мүсіндерді табуға болады. Никколо бала кезінен бері табиғаттың сұлулығына қатты ғашық болып келеді. Жастайынан саяхатқа шығып, дала кезуді қалады. Оның бұл арманы фотосуретшілік жолға алып келді. Ол бүгінде фотоаппаратын асынып алып, табиғатты жиі кезетін болды. Әдемі жерлерді арнайы іздеп барып, суретке түсіреді. Еңбегі де елеусіз қалып жатқан жоқ. Никколо Бонфандини бұл фотосуреттер топтамасын «Арктиканың күзетшілері» деп атады. Бұл жұмыстар Финляндияның Лапландия ауданында түсірілген.

2.Ақ қалта - Аризона мен Юта штаттарының шекарасында орналасқан Вермиллион ұлттық ескерткішінің аумағындағы шөл далада оқшау орналасқан құмды жер. Аймақтың барлығы да жақпар-жақпар сұр қабаттармен көмкерілген, кейде бірнеше сантиметрге ғана жететін жұқа қабаттарды да кездестіруге болады. Аталған өңір бір қарағанда қант ұнтағы себілгендей болып көрінсе, қабаттары қисайған келесі бір жерінде алып мәрмәр бәлішке ұқсап кетеді.

3.Ақ қалтадағы әдеттегіден тыс геология әлі күнге дейін толық түсіндірілмей келеді. Кейбір геологтар бұл құбылыс юра дәуірінде шөгудің деформациялануы нәтижесінде пайда болды деген қорытынды шығарды.

4.Ал Ақ қалтаға ең көп зерттеу жүргізген мұнай геологы Марк Десховиц жер сілкінудің әсерінен құмның мөлшері төмендеп осындай пейзаж пайда болды дегенді айтып отыр. Жұқа тілімшелердің ғасырлар бойы сақталып келе жатқандығы таңқалдырмасқа қоймайды. Қызыл, қоңыр, ақ түстердің белгілі бір ретпен орналасуы да ақылға қонымсыз құбылыс болып көрінеді. Толқынды тастар тоғыжүз он метр биіктікке дейін көтеріле алады.

5.Осыдан бір жыл бұрын Ақ Қалтаны тек қана жергілікті тұрғындар білетін еді. Кейіннен National Geographic Вермиллиондағы ғаламат құбылыс туралы деректерді айдай әлемге таратты. Бүгінде Ақ Қалта әрбір саяхатшының, әрбір табиғат сүйер қауымның тізімінен орын алды десек, артық айтқандық емес.


6. Никколланың арманы туралы айтылған бөлім

  1. 2

  2. 3

  3. 1

  4. 5


7. Никколаның жұмыстарының бірі

  1. Әдемі жерлердегі тастар

  2. Арктиканың күзетшілері

  3. Аяз салған суреттер

  4. Табиғат қашаған мүсіндер


8. Ақ қалтаға тән сипаттама?

  1. Ақ қалта аяз салған өрнектер

  2. Ақ қалта табиғат қашаған мүсіндер

  3. Ақ қалта құмды жер

  4. Ақ қалта мәрмәрдан соғылған


9. Мәтін мазмұнына алшақ ой?

  1. Никколла табиғатқа бала кезден ғашық.

  2. Ақ қалтаны Никколла түсірген

  3. Толқынды тастар 910 метр биікке көтеріледі.

  4. Ақ қалта табиғаттың ерекше жаратылысы.


10. Ақ қалтаға ұзақ зерттеу жүргізілуінің себебі

  1. Мүсін қызықты болған

  2. Ақ қалта ақ түстен ғана тұраған

  3. Сыры толық ашылмаған

  4. Ақ қалтаны жергілікті тұрғындар ғана білгендіктен

Cәттілік

Салима Сымбатқызы








І-Нұсқа


  1. D

  2. A

  3. C

  4. B

  5. С

  6. В

  7. С

  8. D

  9. B

  10. D



ІІ-Нұсқа


  1. A

  2. D

  3. A

  4. C

  5. А

  6. C

  7. В

  8. C

  9. B

  10. C


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12