15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Оқу тайм"
«Педагогикалық идеялар
панорамасы»
Конкурсының
Ережесіне 3-қосымша
Аймақтық кезеңге арналған Конкурс материалы
І. Жалпы ақпарат
1) Қатысушының Т.А.Ә:Мальтиева Загипа Гадиловна
2) Конкурс материалының (авторлық идеяның) атауы: «Oqu time» (оқу тайм)
3) Конкурс бағыты: Оқу сауаттылығы
4) Кілтті сөздер (3-5): оқу сауаттылығы, әдістер, дағды, тапсырмалар.
ІІ. Авторлық педагогикалық идеяны сипаттау (2500 сөзден аспауы керек)
Білім берудің бәсекеге қабілеттілігі, оқушылардың оқу, еңбек ету және өмірдің өзгермелі жағдайларына бейімделу қабілеті. Бүгінгі таңда «сауаттылық» сөзінің ауқымы кең. Соның ішінде оқу сауаттылығы, мәтінді толық түсіну, мәтін бойынша жұмыстану жұмыстары ерекше орын алады.
Оқу сауаттылығы – адамның өз мақсаттарына жету, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өмірге қатысу үшін мәтіндерді түсіну, қолдану, бағалау, олар туралы ойлану және оқумен айналысу қабілеті; Ал альфа ұрпаққа жәй ғана мәтінді парақпен ұстата қою аздық етеді. Кейбір балалар кітап оқуға құлшыныс танытпайтыны да мәлім. Осындай проблемалардың алдын ала отырып, оқу сауаттылығына негізделген апсырмаларды орындау керек. Олай болса мен ұсынып отырған «Оқу тайм» тақырыбындағы педагогикалық идеямның мақсаты: оқу сауаттылығына негізделген мәтіндерді тапсырма түрлерін жеңілден қиынға қарай деңгейлеп құрастыра отырып, оны смартфондары арқылы орындай алуына мүмкіндік туғызу. Идеяның өзектілігі: бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығы бойынша тапсырма түрлерін жинақтау арқылы жан-жақты зерттеу, мәтінді толық түсіну.
Мәтінді толық дұрыс игеру үшін оқу және оқыту әдістері нақты және жүйелі болуы керек. Мен мәтінмен жұмыс барысында тапсырмаларды мына бағыт бойынша жүйелеп құрастырдым:
«Лайк тайм» әдісі (Мәтін бойынша бірнеше нұсқадан бір нұсқаны таңдауға құрылған тапсырмала және мәтін бойынша бірнеше жауапты таңдау мүмкіндігі бар тапсырмалар)
«Пікір білдір» әдісі (Өз жауаптарын арнайы ашық қалдырылған жерге жазуды талап ететін тапсырмалар және мәліметтерді толықтыруға арналған тапсырмалар)
«Өзгемен бөліс» әдісі (Сәйкестікке құрылған тапсырмалар, мәліметтерді көшіруге құрылған тапсырмалар және өзгерген мәтіндерді қалпына келтіруге арналған тапсырмалар)
Осындай жүйелі әдіспен құрастырылған бір мәтіннің өзінен оқушылардың бірнеше дағдыларды игеруіне жағдай жасалады.
зерттеу дағдыларын қалыптастыру: Оқушыларға қарапайым оқу әдістерін үйрету арқылы олардың мәтінді өз бетінше талдауға ынталандыру.
оқу сауаттылығын арттыру: Оқушыларды мәтінді толық әрі түсініп оқуға үйрету, мәтіндегі негізгі тірек сөздерге назар аудару жолдарына бағыттау.
танымдық қабілеттерін дамыту: Оқушылардың танымдық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын дәлелдеу және қорытындылар жасау дағдыларын жетілдіру.
тайм менеджмент дағдысын қалыптастыру: QR-мен жұмыстану арқылы, смартфонды тиімді пайдалануды үйрету. Уақыттарын жоспарлауды үйрету.
Олай
болса, мәтінмен жұмыстың бір нұсқасымен
бөлісіп өтейін.
КІМ БІРІНШІ КЕШІРІМ СҰРАЙДЫ?
Ертеде
ағалы-інілі ағайындылар тату-тәтті
көршілес өмір сүрген екен. Алайда бір
күні үлкені кішісінің өтінішін орындамай
қалып, араларында салқындық пайда
болады. Екіншіде кішісі де ағасына
қажетті көмекті көрсетпей, өткен жолғы
ренішін еске салады. Осыдан кейін екеуі
бет көріспестей ренжіседі. Сөйлесу
түгілі, амандаспайтын халге жетеді.
Күндердің
күнінде үлкен бауырдың есігін жұмыс
іздеп жүрген ағаш ұстасы қағады. Жұмысқа
алуға келісіп:
–
Анау тұрған шағын өзенді көрдің бе?
Соның арғы бетінде інім тұрады. Сол
жерге үлкен қақпа орната аласың ба? Ол
өте биік болсын! Оның үйін де, тұлғасын
да көргім келмейді,-деді. Ұста:
–
Иә, жасауға болады. Сонда неге ініңізді
көргіңіз келмейді?-деп сұрады.
Ағасы
не себепті ұрысқандарын да есіне түсіре
алмады. Жүрегі әбден қарайып, реніші
тереңдеп кеткен екен. Аз ғана ойланған
ұста:
–
Рұқсат етсең таңға дейін жұмыс істейін,
ертең басқа шаруаларым бар,-деді. Қожайын
келісім берді. Алайда, түні бойы
мазасызданып, ұйықтай алмады. Оның
үстіне сырттан ұста құралдарының
тарс-тұрс дыбыстары естіле берді.
Ақыры
таң атып, қожайын сыртқа шығып, қақпаға
тапсырыс берген тұсқа мойын бұрды.
Қараса, ешқандай қақпа жоқ. Керісінше,
өзеннің арғы бетіне өтетін көпір
қойылыпты.
–
Сорың құрсын! Мынау не сұмдық! Мына
ұстаны ма? Мен оған әлгілерді көзіме
көрсетпейтін қақпа салуды тапсырдым
ғой!-деп ашуға булыға бергенде, таныс
бейне ұшырасты. Кілт тоқтады. Анықтап
қараса, көпірдің үстінде інісі тұр екен.
Ол қолын бұлғап:
–
Қымбатты, бауырым менің! Жан бауырым!
Сені сондай сағындым! Сен менің ең
жақынымсың ғой! Өзім бірінші қадам
жасауға шешіле алмай жүр едім. Алайда,
сен соны жасадың. Әрине, өйткені, сен
үлкен әрі ақылдысың ғой..,-деп ағынан
жарылды.
Екі
бауыр құшақтасып, көздеріне жас алып,
мәз-мейрам болысты. Екеуі көкке отыра
кетіп, өткен-кеткенді еске алып, қызықты
сәттерін айтудан жалықпады. Осылайша,
кештің қалай батқанын білмей де қалды...
Ертегі
«Лайк
тайм» әдісі
Мәтін бойынша бірнеше нұсқадан бір нұсқаны таңдауға құрылған тапсырмалар;
Үлкен бауырдың есігін қаққан кім?
А) темір ұстасы
В) ағаш ұстасы
С) кіші бауыры
Д) ешкім
Ұста нені жасады?
А) көпір
В) қақпа
С) дуал
Д) есік
3. Бауырлардың татуласуына не себеп болды?
А) дуал
В) қақпа
С) көпір
Д) есік
Мәтін бойынша бірнеше жауапты таңдау мүмкіндігі бар тапсырмалар;
Мәтіңнің негізгі мағынасы?
А) Бауырлардың татулығы
В) Бауырлардың араздығы
С) Сөзге тоқтау
Д) Бауырмалдық
Е) Ағайындылардың сағынышы
«Пікір
білдір» әдісі
Өз жауаптарын арнайы ашық қалдырылған жерге жазуды талап ететін тапсырмалар;
Көпірге алғаш келген кім, өз сезімін қалай жеткізді?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Өзгемен
бөліс» әдісі
Сәйкестікке құрылған тапсырмалар;
Ағасы Өзеннің ортасына көпір салып береді
Інісі Өзеннің ар жағына үлкен қақпа орнатқысы келеді.
Ұста Сағынғанын жеткізіп, қатесін түсінеді. |
Мәліметтерді толықтыруға арналған тапсырмалар;
Ертеде
_________________ ағайындылар тату-тәтті көршілес
өмір сүрген екен. Алайда бір күні ______
кішісінің өтінішін орындамай қалып,
араларында салқындық пайда болады.
Екіншіде кішісі де ______ қажетті көмекті
көрсетпей, өткен жолғы ренішін еске
салады. Осыдан кейін екеуі бет көріспестей
ренжіседі. ______ түгілі, ____________________________
халге жетеді.
Мәліметтерді көшіруге құрылған тапсырмалар;
Ақыры
таң атып, қожайын сыртқа шығып, қақпаға
тапсырыс берген тұсқа мойын бұрды.
Қараса, ешқандай қақпа жоқ. Керісінше,
өзеннің арғы бетіне өтетін көпір
қойылыпты.
–
___________________________________________________________________________________________________________________
-деп ашуға булыға бергенде, таныс бейне
ұшырасты. Кілт тоқтады. Анықтап қараса,
көпірдің үстінде інісі тұр екен. Ол
қолын бұлғап:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________..,-деп
ағынан жарылды.
Өзгерген мәтіндерді қалпына келтіруге арналған тапсырмалар;
Күндердің
күнінде екі бауырдың есігін жұмыс іздеп
жүрген ағаш ұстасы қағады. Жұмысқа алуға
келісіп:
–
Анау тұрған үлкен теңізді көрдің бе?
Соның арғы бетінде көршім тұрады. Сол
жерге үлкен көпір орната аласың ба? Ол
өте биік болсын! Оның үйін де, тұлғасын
да көргім келмейді,-деді. Ұста:
–
Иә, жасауға болады. Сонда неге ініңізді
көргіңіз келмейді?-деп сұрады.
Көршісі
не себепті ұрысқандарын да есіне түсіре
алмады. Жүрегі әбден қарайып, реніші
тереңдеп кеткен екен. Аз ғана ойланған
ұста:
–
Рұқсат етсең таңға дейін жұмыс істейін,
ертең басқа шаруаларым бар,-деді. Қожайын
келісім берді. Алайда, түні бойы
мазасызданып, ұйықтай алмады. Оның
үстіне сырттан ұста құралдарының
тарс-тұрс дыбыстары естіле берді.
Білім беруде белгілі бір нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс қажет деп есептеймін. Оқу сауаттылығына негізделген мәтін дегенде жауыр болған тест жұмысын ұсына бермей, оқушының деңгейін өсіретін тапсырмаларды қажеттілігін ескере отырып, бастауыш сынып оқушысының деңгейіне сай құрастырған жөн деп есептеймін. Бұған дәлел, осындай тапмсырмалармен жұмыстанған сыныбымның оқу сауаттылығына берілген мәтіндерді еркін орындай алуы. Сыныбымда барлығы 5 оқушым бар. Идеямның нәтижесін салыстырмалы мониторинг арқылы көрсеткім келді.
Назарларыңызға рахмет!
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ педагогикасы №3 (98), 2022
2. «Балдырған» балалар журналы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген