Дәріс № 35
Тақырып: Оқу тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ.
Жоспар:
1.Сабақ
мазмұны
2.Сабақ
бөлімдері
3.Сабақты
мазмұнына қарай топтау
Оқу
сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пәндермен қатар
сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тәрбиесі
сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны және сабақтың
құрылымы деген екі түрі болады.
Сабақтың
мазмұны төрт негізгі элементтен тұрады:
1. Оқу
сабағына кіретін дене тәрбиесі жаттығуларының
құрамы.
2.
Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылардың іс-әрекетінің ұсынылған
жаттығуларды орындауымен байланысы. Олар: мұғалімді тыңдау,
жаттығуды орындау, орындау техникасын бақылау, көрген немесе
естігенді түсіне білу, орындайтын әрекеттің ойша жобасын құру, оны
орындау, өз әрекетін бақылау, бағалау т.б. көптеген оқушылардың әр
түрлі әрекеттерінен тұрады.
3.
Мұғалімнің қызметі. Сабақ міндетін қою, оны орындауды ұйымдастыру,
жаттығушылардың әрекетін бақылау, қатарларын түзеу, орындауын
бағалау, баға қою, талдау, жүктемені реттеу т.б.
4. Сабақ
кезінде оқушылардың ағзасында болып жатқан физиологиялық,
психологиялық үрдістер мен жаттығушылардың көңіл-күйлері.
Физиологиялық үрдістер: жүрек соғу, тыныс алу жиіліктері, зат
алмасу жүйесінің жұмыстары. Психикалық үрдістер: ықылас, еске
ұстау, ойлау, қозғалыс реакциясы жылдамдығы т.с.с. Жаттығушылардың
көңіл-күйлері: дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойын ойнау
барысындағы қуануы, күйінуі, ренжуі, рахаттануы, күлуі, жылауы.
Жаттығушылардың көңіл күйлері мен осы физиологиялық, психологиялық
үрдістер қосылып білімде, қозғалыс ептілігінде, дағдысында жағымды,
дұрыс өзгерістер тудырады. Ол өзгерістер оқу сабағының мазмұнының
көрінбейтін жағын құрайды.
Уақыт
бойынша бір-бірімен байланысты орналасқан сабақ мазмұнының барлық
элементтерін сабақ құрылымы деп атаймыз. Дене тәрбиесі жүйесінде
оқу сабағы үш бөлімге бөлінеді:
1.
Кіріспе.
2.
Негізгі.
3.
Қорытынды.
Кіріспе бөлім. Кіріспе бөлімнің өзі сабақ
өткізуге дайындық және таза кіріспе бөлімнен тұрады. Дайындық
бөліміне: киім ауыстыру, спорттық жабдықтарды орналастыру,
кезекшіге тапсырма беру, спортзалға кіріп сапқа тұру т.б. сабаққа
дайындық әрекеттері жатады. Сабақ басталарда рапорт беру, сабақ
міндеттерін хабарлау арқылы сабақтың кіріспе бөлімі
басталады.[1]
Кіріспе
бөлімнің негізгі міндеті оқушылардың ағзасын сабақтың негізгі
бөлімінің кимыл әрекетіне дайындау, денелерін қыздыру. Ол
оқушыларға таныс жеңіл үйренетін, жеңіл мөлшерлейтін дене
жаттығулары көмегімен орындалады. Жүру, жүгіру, жалпы дайындық
сипатындағы гимнастикалық жаттығулар, би адымдары, қозғалмалы
ойындар элементтері, әр түрлі сипаттағы сапқа тұрулар және басқа
біртіндеп көтерілетін, бірқалыпты орындалатын жаттығулар осы
кіріспе бөлімде жиі қолданылады.
Кіріспе бөлімнің жаттығулары
негізгі бұлшық ет топтарына әсер етіп, оларды келешек орындалғалы
тұрған жүктемеге дайындайды. Ол мынадай реттілікпен орындалуға
тиіс: керілу, мойын бұлшық еттеріне, жоғарғы иық белдігіне, кеуде
бұлшық еттеріне, бел-жамбас, аяқ бұлшық еттеріне арналған
жаттығулар, секіру жаттығулары. Сабақтың кіріспе бөлімінде
берілетін жаттығулар негізгі бөлімде орындалатын әрекеттер
мазмұнына сай, сол әрекеттерге оқушы ағзасын толық, дұрыс
дайындайтындай болуы тиіс. Кіріспе бөліміне сабақтың жалпы 45 минут
уақытының 20-30 пайызы, яғни оқу сабағына 10-12 мин, жаттықтыру
сабағына 20-30 мин дейін уақыт бөлінеді.
Негізгі бөлім. Сабақтың негізгі бөлімінде оқу
бағдарламасы және сабақ міндетіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу және
сауықтыру міндеттері орындалады. Жаңа материалды меңгеру,
жаттығулар техникасын үйрету, қайталау, жетілдіру секілді күрделі
міндеттер сабақтың негізгі бөлімінің басында орындалады, соңында
дене қуаты қасиетін дамытатын жаттығулар беріледі. Бұл бөлімде алға
қойған міндеттерді орындау үшін әрбір сыныпта оқу бағдарламасында
белгіленген әр спорт түрінің негізгі жаттығулары кеңінен
қолданылады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 28-30 мин,
жаттықтыру сабақтарында 90 мин дейін созылады.
Қорытынды бөлім. Сабақтың қорытынды бөлімінде
оқушы ағзасының функционалдық белсенділігі ақырындап төмендейді,
келесі теориялық сабаққа дайын жайбарақат күйге әкелінеді.
Қорытынды бөлімде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін
түзулігі және ағзаны қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары, арнайы
назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жай қарапайым сипаттағы
ойындар т.б.
Сабақты
қорытындылау, талдау, баға қою, снарядтарды жинау, сабақ аяғында
сапқа тұру сияқты әрекеттер оқушыларды жайландырады, ағзаның
қалпына келуіне септігін тигізеді. Бұл бөлімде сабақ
қорытындыланады, баға қойылады, оқушылардың қимыл белсенділігін
арттыратын, негізгі жаттығулар техникасын жетілдіруге көмектесетін
үй тапсырмалары беріледі. Қорытынды бөлімге 3-5 мин уақыт бөлінеді.
[2]
Үй
тапсырмасы. Мектептегі жетісіне үш рет
өткізілетін дене тәрбиесі сабағына қосымша, оқу материалдарын
көбірек меңгеру үшін, оқушыларға үй тапсырмаларын беру, бақылау,
баға қоюға өте керекті жұмыс ретінде қарау керек. Үй тапсырмасын
орындау арқылы оқушы өз бетімен дене тәрбиесі жаттығуларын
меңгеруді, жетілдіруді үйренеді, ал ол оның келешек өміріне маңызы
зор. Үй тапсырмаларына көбінесе дене тәрбиесі сабағында үйренген
спорт түрлерінің негізгі, дайындық, жақындататын жаттығуларын
қайталау, қимыл шеберлігін жетілдіру мен дене қуаты қасиеттерін
тәрбиелеу жаттығулары беріледі. Сабақта берілген теориялық,
мәліметтерді қайталау, қосымша әдебиеттер оқу арқылы білімін
тереңдету тапсырмасы да үйде орындалады.
Үйге
берілетін тапсырмалар түсінікті, қарапайым, қауіпсіз, еркін
орындалатын жаттығулар түрінде болады. Мұғалім әрбір үй тапсырмасын
алдын ала ойластырып, жоспар жасап, дайындалып барып береді. Ол
жаттығулар сабақ кезінде орындалып жатқан кезде ұсынылып, сабақ
соңында қорытынды бөлімде, тағы да қайталанып айтылып, үй
тапсырмасы ретінде беріледі. Үй тапсырмасын оқушылар айқын түсінуі
үшін, тапсырма толық, нақты түсіндіріле айтылуы, жаттығу техникасы
жақсы деңгейде көрсетілуі тиісті. Үй тапсырмасының орындалуын
мұғалім қадағалағанда, тексергенде, оған баға қойғанда ғана оқушы
жауапкершілікті сезіне бастайды. Басқа пәндердегі үйге берілген
тапсырмаларға дайындалғаны секілді оқушы дене тәрбиесінен берілген
үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазуы, үйде уақыт бөліп орындаулары
керек. Ол үй тапсырмаларына байланысты мәселелер ата-аналар
жиналысында түсіндіріліп, оларға маңыздылығы, қадағалау жолдары
айтылады. Осындай көптеген шаралар орындалып, үй тапсырмасын
орындау, бақылау дұрыс шешімін тапқанда ғана ол дене тәрбиесі
сабақтарының оқу үлгіріміне пайдасын тигізеді.[2]
Дене
тәрбиесі сабағының жоспар-конспектісінің дұрыс жазу үлгісі
көрсетілген (8-кесте).
8-кесте –
Дене тәрбиесі сабағының... сыныптағы № ... жоспар
конспектісі.
Өткізу
күні...
Міндеттері:
1.
Жаттығу техникасын үйрету ...
2.
Жаттығу техникасын қайталау ...
3.
Жаттығу техникасын жетілдіру ...
3. Дене
қуаты қасиетін дамыту ...
Сабақ
өткізілетін жер
Құрал-жабдықтар...
Сабақ
бөлімі
|
Мазмұны
|
Жүктеме
мөлшері
|
Әдістемелік
нұсқаулар
|
I
11
III
|
1 Кіріспе бөлім. 10-12
минут
Сапқа тұру, рапорт беру,
сәлемдесу
Сабақ міндетін
хабарлау
Ықылас салу
жаттығулары
Орнында және қозғалыста
орындалатын саптық жаттығулар
Жүру
жаттығулары:
- аяқтың ұшымен
жүру;
- өкшемен жүру
т.б.
Жүгіру
жаттығулары:
- оң жақ, сол жак қырмен
жүгіру т.б.
Жүру, тынысты қалпына
келтіру
жаттығулары
Жүріп келе жатып, орнында
тұрып
орындалатын жалпы
дамыту
жаттығулары
Негізгі бөлім 28-30
минут
1 Жаттығу
техникасын үйрету (орындау сипапамасы қысқаша жазылады), қайталау,
жетілдіру
Қойылған міндетті орындау үшін
қолданылағын бейнелеу, жақындататын, арнайы
жатығулар:
а) ...
ә) ...
б) ...
2 Дене
қуаты қасиетін тәрбиелеу жат-ы
Қорытынды бөлім 3-5
минут
Ағзаны қалпына келтіру және
босаңсыту жаттығулары.
Сабақты
қорытындылау.
Үйге
тапсырма беру.
|
1 минут
1 минут
30 секунд
1-2 минут
0,5 айн-м
0,5 айн-м
0,5 айн- м
10 минут
10 минут
10 минут
5 минут
|
Зейін қойып
тыңдау.
Дәл
орындау.
Тез, нақты
орындау.
Денені түзу, тік
ұстау.
Еркін дем алу.
Әдістемелік
нұсқауды
тұрақты
беру,
орындалғанын
бақылау қажет.
Жаттығу
орындалған
кездегі қателерді
әдістемелік
нұсқаулар беріп
түзетіп отыру.
|
Сабақтарды
жүйелеу
Жаттығушылардың
әр
түрлілігі, бағдарламалардың көптігі, сабақ өткізу жағдайлары
және
басқа себептер көптеген сабақ түрлерін туғызады. Оларды
дұрыс
орын-орнымен қолдану, бағыттарын анық аңғару үшін дене
тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтар көптеген
төмендегідей топтарға бөлінді:
Сабақтарды дене тәрбиесі бағыты бойынша
топтау. Бұл бағытта барлық сабақтар
бес топқа бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы сабақтары. Бұл
сабақтардың мақсаты – жалпы дене қуатын дамыту, негізгі
қимыл әрекетке үйрету, білім беру, тәрбиелеу
(әсіресе бала жасынан). Осылардың бәрінің негізгі
деңгейін құрастыру. Сабақтар жүргізілгенде әр түрлі жалпы дене тэрбиесі амалдары мен
әдістері колданылады.
Спорттық жаттықтыру
сабақтары. Бұл сабақтар балалар мен жасөспірімдер спорт
мектептеріндегі, мектептегі спорттық секциялардағы спортшыларды
спорт түрлерінен жоғарғы жетістікке жеткізудің арнайы түрі болып
табылады.
Қолданбалы дене тәрбиесі
сабақтары. Мектептің жоғары сынып оқушыларының, кәсіптік техникалық
училище оқушыларының, колледждердің, жоғары оқу
орнындағы студентттердің болашақ кәсіптік әрекеті дайындығына негізделген.
Әскери-қолданбалы дене қуаты дайындығы әр түрлі әскер бөлімдеріндегі
әрекет
сипатына байланысты дене жаттығуларын, амалдары мен әдістерін
қолдануға бағытталған (әскери-теңіз, әуе флоты, жаяу әскер, десанттар т.с.с.
жауынгерлерге).
Сауықтыру дене тәрбиесі
сабақтары. Бұл сабақтарда ауырған немесе жарақаталған адам ағзасы
мүшелерінің қызметтерін дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен қалпына
келтіреді. Мысалы, арнайы медициналық топтардағы сабақтар.
Сауықтыру дене тәрбиесі сабақтары дэрігердің бақылауымен
тығыз байланыста орындалуы қажет.
Әдістемелік сабақтар. Бұл
сабақтар дене мәдениеті мен спорт оқу орындарында, арнайы орта,
жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі кафедраларында, әр
түрлі әдістемелік кеңестерде, мамандық жоғарылату
институттарында жүргізіледі. Ол әртүрлі сабақтарды оқыту, үйрету,
жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында
өткізіледі.
Сабақтарды мазмұнына байланысты
топтау. Барлық сабақтар мазмұнына
байланысты құрама және пәндік сабақтар деп екі үлкен топқа
бөлінеді.
Пәндік сабақтардың негізгі
бөліміне оқу бағдарламасында берілген бір спорт түрінің негізгі
жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт
ойыны волейбол және т.с.с.
Құрама сабақтарда, бір
сабақтың негізгі бөліміне әр түрлі спорт түрлерінің негізгі
жаттығулары кіргізіледі. Бұл сабақтардың бір ерекшеліктері бір
спорт түрінің жаттығулары негізгі болып, баска спорт
түрлерінің жаттығулары қимыл ептілігі мен дағдысын
қалыптастыруга және дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін
көмекші болып қатыстырылады. Мысалы, спорт ойындарының жаттығулары
негізгі, гимнастика, жеңіл атлетика жаттығулары көмекші және
т.б.
Құрама
сабақтардың ұйымдастырылуы қиын, бірак олар балалардың
ағзаларына тез, жақсы әсер етеді және бағдарламаның негізгі
элементтері жыл бойы мұғалімнің көз алдында болып, оларды дағды деңгейіне дейін
жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Сабақтарды міндеттеріне байланысты
топтау. Пәндік және құрама сабақтар
орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау,
құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.
Оқу
сабақтарында жаңа оқу материалын үйрену және теориялық мағлұматты
хабарлауға көп көңіл бөлінеді.
Жаттықтыру сабақтары үйренген жаттығу техникасын
жетілдіруге және дене қуаты қасиетін тәрбиелеуге
арналған.
Бақылау
сабақтары дене қуаты қасиеттерін және оқу материалдарын меңгеруді
бақылау міндеттерін орындайды. Олар негізінен сынақтар, нормативтер
алу түрінде өткізіледі.
Құрастырылған сабақтар. Дене тәрбиесі тәжірибесінде оқу,
жаттықтыру, бақылау сабақтары таза түрде өте сирек өткізіледі.
Көбінесе олар құрастырылып, сабақта бірнеше міндеттер қойылып
жүргізіледі. Мысалы, бір құрастырылған дене тәрбиесі сабағының
міндеттері:
- бір
негізгі жаттығудың техникасын үйрету;
- алдыңғы
сабақтарда үйренген жаттығу техникасын жетілдіру;
- дене
қуаты қасиеті жылдамдық деңгейін анықтайтын сынақ жаттығуын
қабылдау.[3]
Қорытынды: Алдынғы қатарлы мектептердің
іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өзіндік жұмыстарының
сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ
үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа
құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және
техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде
орындауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық
немесе лабораториялық бақылау жұмыстарын өткізуі (репродукциялы
жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама,
реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер,
конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға
болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Е.Қ.
Уанбаев Спорт және дене тәрбиесі пәнін оқыту әдістемесі, оқу
құралы.-Өскемен, 2014.
2. Ұ.
Мұхаметжанова Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. –Астана,
2017
3. С. Тайжанов А. Қарақов Дене
тәрбиесі. – Алматы.:Эверо, 2010. - 424б