ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ
ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Х
амитова
Дарига Армановна
Павлодар
қаласы,
КМҚК №21 сәбилер
бақшасы
Тәрбиеші.
Заман ағысына сай біліммен
қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман —
уақыт талабы. «Мұғалімдер, тәрбиешілер- қоғамның ең білімді, ең
отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады»,
— деп тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан
да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері
қажет. Қазіргі уақытта, іскерлік ойын, кадрлармен жұмыс жасағанда
қойылған мақсатқа қарапайым, дәстүрлі түрде жете алмаған кезде,
әдістемелік жұмысында кеңінен пайдаланады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы
әдістемелік жұмыс – педагогикалық үрдістің сапасын арттырудың
маңызды жағдайы. Әдістемелік жұмыстың барлық түрінен өту арқылы
тәрбиешілер өздерінің кәсіби деңгейлерін көтеріп қана қоймайды,
олар жаңашыл технологияларды меңгеріп, өздері білмейтін нәрселерді
үйренеді. Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда,
құзырлығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге
болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Өйткені, іскерлік
ойын, педагогтың , тәрбиешінің жеке қалыптасуын, қойылған мақсатқа
жету үшін белсенділігін арттыруға арналған қуатты
құрал.
Барлық ойынды танымдық деп
атасақ қателеспейміз. «Дидактикалық ойындар» термині дидактика
бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән. Баланың
танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше
түрі бар:
1-ші топ – заттық
ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы
жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті,
көлемді, материалды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың
арасындағы қарым-қатынастарды т.б зерттеп
таниды.
2-ші топ – шығармашылық,
сюжеттік – рөлдік ойындар. Мұнда сюжет –
интеллектуалдық іс – әрекеттің формасы.
-Саяхат ойындар. Бұған
кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық,
тарихи, өлкетанушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жатады. Бұл
ойындардың оқушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы
зор.
3-ші топ – дайын ережелері
бар ойындар. Бұл ойындар,әдетте, оқушыдан
жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы –
пәнді білуді талап етеді.
4-ші топ – еңбек,
техникалық, конструкторлық, құрылыс
йындары. Бұл ойындардың барысында
оқушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға,
өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық
міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек
белсенділігітаным белсенділігіне ұштасады.
5-ші топ – баланың
психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары,
тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл
ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық,
жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.
Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамытушы ойындарды да атап кеткен
жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, криптограммалар
т.б.
Дидактикалық ойындардың
нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне;
екіншіден,ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты.
Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес – оқушының білуге,
білімге деген құштарлығын ояту.
Іскерлік ойындар – оқушылардың
түрлі ситуацияда дұрыс сөйлеуін , олардың диалогтық және монологтық
сөйлеуін, жетілдіруде қолданылатын дидактикалық ойындардың бір
түрі. Іскерлік ойындар барысында оқушылар шығармашылық жұмыс
істеуге үйренеді, басқа жолдастарының сөзін дұрыс тыңдауға, олардың
пікірін бағалауға төселеді.
Іскерлік ойындарды қолдану
кезінде жақсы және теріс жақтарын атап өтуге болады. Жақсы жағына:
жоғары мотивацияны, үйрену кезіндегі қанық көңіл-күйді, кәсіби
іс-әрекеттерді дайындау мен жүзеге асыруды, білімдері мен
іскерліктерін қалыптастыруды жатқызуға болады. Бұдан басқа, ойынға
қатысушылар өз білімдерін қолдана алуды үйренеді, ал ойыннан
кейінгі талқылау осы білімдерін бекітуге себеп
болады.
Теріс жағына: ұйымдастырушының
ойынға асқан еңбекпен дайындалуы, ұйымдастырушының қатты ширығып
отыруы (ойын барысында ол зейінді және мейірімді басқарушы болуы
керек), үздіксіз шығармашылық ізденісте болуы, актерлікті меңгеру
қажеттілігі, қатысушылардың жұмысқа дайындықсыз келуі
жатады.
Әдетте ойын элементтерінің екі
түрі қолданылады: 1)белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы
танымдық тапсырмалар (міндеттер); 2)арнайы
тапсырмалар.
Іскерлік ойындарын өткізудегі
мұғалімнің міндеттері мыналар:
-белгілі бір мәселеге,
материалға баланысты қажетті иллюстрацияларды
іріктеу;
-дидактикалық материалдар
дайындау;
-әр оқушыға тапсырма
беру;
-оқушыларды рөлге, топтарға
бөлу;
-міндеттерді
белгілеу;
-мүмкін болатын жауаптар
туралы ойлау;
-оқушылардың қызығушылығын
ояту.
Осы әдістерді қолдана отырып
оқушының ойлау тәсілдерінен бақылауға болады. Берілген материалдан
оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен
салыстырады,оны жүйелеп, қорытындылайды,нақтылайды,анықтайды және
ұғмға түсінік береді,оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады,
модельдейді. Тәсілдерді қолданған оқушының сөзінен,тұжырымынан
байқауға болады.
Іскерлік ойындардың әлеуметтік
мәні мынада: белгілі бір міндеттерді шешу барысында білімдерді
меңгеру белсенділігін ғана арттырып қана қоймайды, сонымен қатар
күрделі шешімдер қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара қарым –
қатынасты дамытуды көздейді. Ең бастысы, қандай да болсын ойын
түрлері арқылы адам баласы қоғамдық тәжірині меңгереді,психикалық
қасиеттері мен танымдық ерекшеліктері
қалыптасады.