УДК 372.8
Асет А.
“Алматы қ. ИТК” ЖШС
арнайы пән оқытушысы
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі — оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мүғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет[1].
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі білім алушыны оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Қазіргі кездегі арнайы пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сəйкес инновациялық тəсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік білім стандартына сəйкес оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тəрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кəсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге жəне оқытудың мақсатына жетуге тиімді, əрі нақты жол ашады.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, қашықтықтан оқыту технологиясы — білім алушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология. Қашықтықтан оқыту телекоммуникациялық жəне компьютерлік технологияларға негізделген оқыту құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде инновациялық жəне дəстүрлі үздік əдістер қолданылатын, күндізгі жəне сырттай білім алу түрі болып табылады [1].
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «қашықтықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр. Қашықтықтан білім алу əр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік береді. Оның тағы бір ерекшелігі — жас ерекшелігіне қарамастан, жұмыстан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндігін береді.
Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың құралы — виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет. Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, Интернет ең арзан оқыту құралы болып табылады. Қазіргі уақытта студенттердің көпшілігі бүкілəлемдік желіге тегін қосылу мүмкіндігі бар жəне студенттердің орындаған материалын, тексерілген материалдарды жəне ескертулердің барлығын оқытушылар электрондық пошта арқылы жібереді. Мектепте, жоғары оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені, инновациялық технологияларды қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға қатыса алады. Телеконференция семинар сабақтары жүйесіндегі оқу-практикалық əрекет түрі ретінде қолданылады. Өзінің əдістемелік ерекшеліктеріне қарай, өткізілуі мен дайындығы жағынан телеконференция пікірталасқа ұқсас. Тақырып материалын игеруде жəне көрнекілік қажеттілігіне сəйкес, иллюстрация мен демонстрациялық материалдардың, инновациялық технологиялардың (техникалық құралдар, фактілер, мультимедиалық құралдар т.б.) маңызы зор.
Чат-сабақ — белгілі бір уақыт ішінде Интернет жүйесінде барлығына бірдей өткізіледі. Сондықтан бұл сабақтың алдын ала кестесін жасап, сұрақтар, проблемалар тізімін береді. Бұл сабақтың барысын жазып алып отыру қажет, себебі кейінгі талдауда қажет болады. Бұл жерде де Интернет мүмкіндіктерімен қатар, инновациялық технологиялар маңызды орын алады [2].
Мұндай сабақ нақты уақыт жағдайында өткізіледі. Сабақтың жоспарын жасауда алдымен чат- сабаққа сəйкес, яғни, пікірталас сұрақтарына қолайлы проблема, тақырып таңдалынып алынады.
Желілік технология — білім алушылар, оқытушылар, оқу-əдістемелік бөлімдер арасындағы интерактивті өзара байланысы мен оның оқу-əдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етілуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы үшін мыналар болу қажет: білім алушылар үшін оқу-əкімшілік жəне оқу-əдістемелік ақпараттар, Интернет-портал оқу беттерімен мазмұндалған; телекоммуникациялық желіде қолданылатын құралдар (Интернет желісі, спутниктік теледидар жəне т.б.); əр түрлі терминалдар: оқу сыныптары, мультимедиалық сыныптар, электрондық оқу залдары, электрондық кітапханалар жəне т.б.; мультимедиалық желілік оқу контенті; кешендік тестілеу желілігі; желілік оқытудың басқару жүйесі; басқару жүйесінің контенті; желілік оқытудың басқару жүйесінің контенті; қашықтықтан оқыту бойынша біліктілікті жетілдіруден өткізілген оқу, оқу-көмекші жəне техникалық жұмыскерлер.
Электрондық кітапхана — қашықтықтан оқыту білім беру құрылымының негізгі элементі [3]. Электрондық кітапхананың оқу базасы мыналардан тұрады: авторлық оқу материалдары (оқулықтар, компьютерлік тренинг бағдарламалары, слайд-лекциялар, белсенді семинарлар сценарийі, тестілік жəне емтихан базасы жəне т.б.); оқу-əдістемелік басқарма ұсынған оқулықтардың толық жинағы; оқулықтар, монографиялар, мақалалар, Интернеттен алынған материалдар; ақпараттық цифрлық база (құқықтық, экономикалық жəне т.б.); анықтамалар, энциклопедиялар, сөздіктер; газет, журнал материалдары.
Электрондық кітапхананың əдістемелік базасына мыналар кіреді: жеке оқу жоспарларын құру үшін оқытатын бағдарламалар; жеке сабақ кестесін құру үшін оқу ғимараттарының уақыт қоры; студенттердің жеке оқу досьесі; əкімшілік база.
Қашықтықтан оқытудың теледидарлық технологиясы. Теледидарлық білім беру инновациялық технология принциптік нобайы екі ақпараттық толқыннан тұрады: бағыт бойынша көп ақпараттар көлемін беруші, тура толқын: ақпараттық-телекоммуникациялық орталықтық торабы-спутник-оқу орталығының ақпараттық телекоммуникация торабы; бағыт бойынша аз ақпарат көлемін (есептер мен сұраныстар) беруші, кері толқын: оқу орталығының торабы – Интернет немесе ақпараттық- спутниктік арна-орталықтық ақпараттық телекоммуникация торабы.
Ақпараттық технологияларға негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы білім беру кеңістігін ұлғайтуға, білім алушылар санын арттыруға, білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануына, білім беру сапасының жоғарылауына жағдай жасайды.
Қашықтықтан білім беру — жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиалық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі жəне сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген оқытудың ерекше түрі болып табылады. Заманауи электронды жəне телекоммуникациялық басылымдар дəстүрлі оқытудың барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктер болдырмауға мүмкіндік береді. Дəстүрлі оқытумен салыстыра отырып, қашықтықтан оқытудың тиімді ерекшеліктерін келесі түрде атап көрсетуге болады: жеке тұлғаларға үздіксіз əлеуметтік жағдай тууында; дүние жүзі елдерінің оқытудағы ақпараттық ресурстарының кірісі мен шығысы; оқу материалдарын тарату ыңғайлылығы, оны көбейтуге шығынданбау; қолайлылық (оқу мерзімі, көлемі, орны жəне қарқыны бойынша); жеке оқу жоспарын құру жіне қолдану мүмкіндігі; оқу аппаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту; экономикалық тұрғыда (оқу орны, көлік, техникалық құралдар шығынын шектеу); жаңа технологияларды қолдану; білім алушылардың əлеуметтік құқық теңдігі (тұрғын орындары мен денсаулық жағдайларына қарамастан); білім алушылардың өзін-өзі бақылау мүмкіндігінің болуы.
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары ретінде келесілерді атап өтуге болады:
-
педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, яғни жобалаудың əрбір қадамының тиімділігіне жəне қашықтықтан оқыту жүйесін жасауға баға беру. Осы орайда білім беруге қызмет ететін жəне оқу курстарының сəйкес мазмұнын толықтырғаннан кейін ғана жоспарға техниканы енгізу талап етіледі;
-
оқытуға бағытталған жəне əлеуметтік жинақталған тəжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін қолайлы шарттар жасалып, білім беру үрдісінің бүтіндей адамға бағытталған — оқытудағы адамгершілік қағидасы;
-
қашықтықтан оқыту жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығы, яғни жүйені жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажеттілік қағидасы;
-
қашықтықтан оқыту жүйесінің білім мазмұны таңдау барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартымен сəйкес келуі тиіс;
-
қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытудың тиімді білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, білім алушының нəтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен жəне т.б. жұмыс жасай алатын нақты дағдылары болуы тиіс;
-
ұйымдастырушылық жəне техникалық тəсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мəліметтерді қолдану мен беруді қарастыру кезінде қауіпсіздігі жəне құпиялығы сақталуы қамтамасыз етілу қажет;
-
оқыту технологиясының қашықтан оқыту үлгілерімен сəйкес болуы қажет, яғни дəстүрлі пəндік үлгіде оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде дəрістер, семинар жəне практикалық сабақтар, баламалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тəжірибелер, курстық жəне дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. Қашықтықтан оқыту жүйесін қалыптастыру барысында, қажет жағдайда, оған қосуға болатын жаңа үлгілер пайдаланылуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастыру түрі қатарындағы осы үлгілерге компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары жəне т.б. қолданылады;
-
білім алушының оқып жүрген оқу орнында сəйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді жəне қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктері қажетті əлеуметтік жəне экономикалық тиімділік шарты бойынша құрылады;
-
егер жасалған жəне енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дəстүрлі жүйесіне қайшы болмаса, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, онда қашықтықтан оқыту жобасы қажетті əлеуметтік жəне экономикалық тиімділігін бере алады;
-
білім берудің өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми жəне мəдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу. Сонымен қатар қазіргі ұрпақтың заманауи талаптарға тез бейімделіп, оның сана-сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасауы.
Қашықтан білім беру — жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиалық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі жəне сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қоғам арасында қашықтан оқыту жүйесіне байланысты əр түрлі пікірлер қалыптасқан. Көпшілік халықтың пікірінше, қашықтан оқыту жүйесі бойынша алған білімнің дəстүрлі жүйеде оқи отырып меңгерген білімнен сапа жағынан төмен болатындығын алға тартады. Классикалық жүйеде студент оқытушымен жүзбе жүз кездесе отырып, жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін оқытушымен тəжірибе бөлісуге толықтай мүмкіндігі бар. Студенттің классикалық оқу жүйесінде зертханалық аудиторияларда химия, физика сияқты пəндерден жасалатын зертханалық жұмыстардан қашықтан оқу жүйесінде оқитын студенттің тыс қалатыны да белгілі. Классикалық оқу жүйесі, əрине, қолданылу аясы кең алдыңғы басымдылықтағы оқыту жүйесі. Алайда қашықтан оқыту жүйесі де қазіргі ақпараттандыру мен автоматтандыру кезеңінде заман ағынына сай жүйе болып табылады.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті инновациялық құралдар қамтамасыз етілуі жағынан жоғары деңгейде болса, ұйымдастырылу сапасы да сəйкесінше жоғары болады: білім алушылар үшін оқу-əдістемелік жəне оқу-əкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының; телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың; əр түрлі терминалдардың: мультимедиалық сыныптардың, электронды оқу залдарының; CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік немесе сатып алынған); желілік оқу мультимедиаконтентінің (жекеменшік жəне сатып алынған); тиісті дайындықтан өткен профессорлық-оқытушылық, оқу-көмекші жəне техникалық персоналдардың; жекеменшік контентін (локалдық жəне желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының; желілік тестілеу кешендерінің; оқытуды басқарудың желілік жүйелерінің (Learning Management Systems — LMS); оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems — LCMS) бар болуы қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады[3].
Қазіргі кезде колледж білім
алушыларына арналған 1302000- Автоматтандыру және басқару мамандығы
өзекті мамандықтардың бірі. Елбасымыздың цифрлы Қазақстан
бағдарламасына сәйкес қазіргі уақытта бұл қажетті мамандықтардың
бірі, өйткені барлық жүйелер автоматтандырылған және жартылай
автоматтандырылған режімге ауысуда, осыған орай мен өзімнің сабақ
беру әдістемем туралы тоқтала кеткім келеді, мысалы зертханалық
сабақта Vis Sim, SCADA систем, AVR4, КОМПАС бағдарламасымен жұмыс
жасау және зертханалық сабақта цифрлы электронды құрылғылар
жиынтығын құрастыру, электронды оқулықтарды қолдану, графикалык
редакторлардың көмегімен сызбаларды сызу, болашақта бқл мамандықты
бітірген білім алушылар «ҮМЗ»АҚ «KAZZINC» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС,
«ПетроКазахстан» ЖШС исяқты ірі өндіріс орындары мен «ПМХЗ» ЖШС,
«Айналайын» ЖШС
«EFES» ЖШС, «Алматы стекло «Сұлтан» ЖШС сияқты шағын өндіріс
орындарында Автоматты басқару жүйесі, технологиялық үдерістердің
автоматты басқару жүйесі, өлшеу аспаптарын бақылау және автоматика
бағыты бойынша инженердің көмекшісі лауазымында қызмет
атқарады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
Аскаров А.А., Бекбаев А.А. Инновациялық технологиялар. - Алматы, 2014. - 310 c.
-
Арманов А.А., Бекбаев А.А. Оқу үдерісіндегі инновациялық технологиялар. -Алматы, 2011.- 211 c.
-
Базарбаев А.С. Техникалық пәндерде оқу әдісінде инновациялық технологиялар қолдану. - Алматы, 2010. - 96 c.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз