Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу үдерісіндегі мектеп оқушыларының тəрбиелеуде халықтық педагогиканың тəрбиелік мəні

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларын тəрбиелеуде халықтық педагогиканың ролі өте зор. халықтық дəстүр негізінде балалардын көңіл күйін туғызатын қызықты іс əрекеттердің педагогикалық психологиялық талаптарға сай ұйымдастырылуы қарастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Худайбергенова Гүлзада Әбдіхалиқызы


ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ


Түркістан қаласы, №27 жалпы орта мектеп


Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беруде негізгі жолы халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру болып табылады. Осыдан баланың өзі жолдастары мен құрбыларымен және ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда халықтық дәстүр негізінде әрі әсерлі, балалардың көңіл-күйін туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастырылуы қажет. Тәрбие үрдісі үнемі білім берушілік негізінде жүріп отыру керек. Халық дәстүрінің бала ұғымына сай жүйесін іріктеп оқуға берілген тапсырмалардың орындалуына нақтылы талап қоя білуі қажет.

Бала тәрбиесі қай халықты, қай ғасырда болмасын толғандырған. Халықтың озық дәстүлері туралы жинақталған материалдарға адамгершілік саналар тұрғысынан балаларды жағымды іс-әрекеттерге қызықтыратындай жанды кейіпкерлердің бейнесіне еліктейтіндей, мысалдар мен мазмұндарға педагогикалық талдау жасалды. Жоғарыдағы талданған материалдарды балаларға адамгершілік тәрбиесін беруде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалануды тиімді жүргізу үшін арнайы педагогикалық бағдарлама жасалды.

Сонымен қатар халықтық педагогика мәселесімен арнайы шұғылданып, зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген ғалым педагог, психологтардың еңбектеріне талдау жасалды. Мәселен, педагогика ғылымының кандидаты С.Қалиев ”Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі” атты монографиялық еңбегінде ақыл-ой тәрбиесі, еңбек дене, өнер тәрбиесі адамгершілік тәрбиесінде халық дәстүрлерінің алатын орнына, оның мазмұнына және кейбір қағидаларға, жүзеге асырылатын жолдарына ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тоқталған.

Халық педагогикасын насихаттауға және оны іс жүзінде ұйытқы болған Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова ”Кәусар бұлақ” бағдарламасында қарастырылды. Бұл бағдарлама негізінен мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 сынып оқушыларынан басталып 11 жыл бойы жүргізілетін жұмыстар жалпы көрсетілген. [1]

Халықтық педагогиканың озық дәстүрлері арқылы мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде адамгершілік саналардың ішінен ең құнды, құдіретті қасиеттерді адамгершілік бағдарламасына іріктеп ендірді.

Олар мыналар: ақыл-ой сана, еңбек Отанына, халқына, жалпы адамзатқа, табиғатына сүйіспеншілік, елжандылық, ар-ождан, ізеттілік, ата-анаға, өзінің жақын туыстарына мейірімділік, бауырмалдық, кеңпейілділік. Жас ұрпақтың бойында қалыптасатын ең құнды қасиеттерді тәрбиелеуде бәріне тірек болатын гуманизм (ізгілік) идеясын негізге алды.

Бұл бағдарлама жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканы пайдаланудың ғылыми педагогикалық, психологиялық негізі Р.Төлеубекова ”Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика” еңбегінде айқындалады.[2]

Халық отбасынан кейінге сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті үйретеді. Сондықтан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйрену мен қатар, ұстазбен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге міндетті. Оның үстіне ұстаз «сегіз қырлы, бір сырлы» өзінің мәдениеттілік қасиеттерін шәкіртінің бойына сіңіріп, жүрегінде нұр жандырады. Ұстазын сыйлай білген шәкірт, өзінің ата-анасын, халқын да сыйлай білетін мәдениетті азамат болып өседі.

Қазақтың ұлттық, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық рәсімдері – ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып саналады. Мысалы, кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады.

Мектепте оқу-тәрбие жұмысына осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиенің кейбір элементтерін енгізіле бастады. ”Балаңды өз тәрбиеленумен тәрбиелеме, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле” дегендей, атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиені дамытып, жандандырудың мезгілі толық жетті.

Қазіргі жағдайда мектепте және жоғары оқу орындарында жастардың өз туған халқының ұлттық, этикалық құрылымын, мәдениетін көтеріп, әлемдік білім кеңістігімен үйлестіріп, бағыт алуына негіз боларлық тенденция керек.

Қазақ халық педагогикасының әлеуметтік қоғамдағы ғылымдық мәнін, тарихи- теориялық тұжырымын, оқыту технологиясы осы ғылымның түп қазығын қалап кеткен ұлы ғұламалар мен дарынды тәрбиешілердің, сонымен бірге қазіргі заманда этнопедагогиканы дамытушы ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйеніп, осылардан сусындайды. Тамыры тереңнен нәр алатын ұлттық тәрбиеміздің даму кезеңдері тарихи және мәдени дамумен астарлас әрі өзінің ұлттық айшық-нақыштарының маңыздылығымен құнды [3].

Қазақ халқының ұлттық жазба негізі көне түрік жазбалары екеніне тасқа қашалған ”Күлтегін”, ”Білге Қаған”, ”Тоныкөк” жырлары дәлел VII-VIII ғасырдағы Қорқыт атаның ”Қорқыт кітабы” еңбегіндегі дастандары мен нақыл сөздері осы уақытқа дейін тәрбиелік мәнін жоғалтпай отыр.

Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғұлама Әл-Фарабидің ”Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы” деген нақыл сөзінің ғылыми мәні-қазақ халық педагогикасының қайнар көзі.

Тіліміздің ертедегі сыр-сипатын айқындайтын еңбектер – көне қыпшақ тіліндегі ескерткіштер, олар Жүсіп Баласағұнидің ”Қутадғу білік” және Махмұд Қашқаридың ”Диуани лұғат-ат түрік”, Құл қожа Ахмет Иассауидің ”Диуани хикмет” жазбалары ұлттық тәлім-тәрбиені, ерлікті, адамгершілікті, Отан сүйгіштікті уағыздайды. ”Кодекс куманикус” сияқты ескерткіш еңбек көне дәуірдегі түркі тектес халықтардың, әрине соның ішінде қазақ халқының дамуымен қоса, ұлттық тәрбиенің де алға жылжып отырғаны туралы бай мағлұмат береді.

Қазақ тарихындағы Асанқайғы, Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар, Дулат, Мұрат, Махамбет, Майлықожа сияқты тұлғалардың дара бейнелері өздері өмір сүрген қиялы заманның келбетін айқын танытып, ұрпаққа қалдырған дана сөздері мен ұлағатты ой-тұжырымдамалары қазақ халық педагогикасының бай қазынасы болады.

Ұлы Абай, дара Шоқан, ағартушы Ыбырай, сыншыл-реалист Шәкәрім ғұламалардың жалпы адамзат баласы, оның ішінде қазақ жұрт туралы толғаныстары ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ілімінде де, әлеуметтік қызметінде де жалғасын тауып, бүгінгі күнде де өз құны арта түсуде.

ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Торайғұров, Х.Досмұхамедов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, М.Жолдыбаев, Н.Құлжанова сияқты озық ойшылдарының мұралары қазақ халық педагогикасына тың леп, жаңа бастау бергені анық [4].

Сондай-ақ қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымға, діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары деп атаймыз. Мұны мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады.

1. а) Төрт түлік мал туралы

ә) Діни әдет-ғұрып тудырған жырлар /жарапазан, бәдік/

б) Үйлену жырлары /той бастар, жар-жар,
сыңсу, жұбату, беташар/

в) Ұлыс жырлары

г) Бөбек жырлары

д) Жаназалау жырлары /естірту,қоштасу,жоқтау/

ж) Шешеңдік сөздер, мақал-мәтел,жұмбақтар

«Сөз асылы - мақал»- дейді халық, оны айтушылар да, тұтынушылар да халық. Сондықтан мақал халық тәжірибесіңде туған, тұжырымдалған оның ой-пікірі, тыныс тіршілігі, "Түйеге мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі" дегендей, философиялық мәні бар мақал-мәтелді қолданып сөйлеу ерте кезден бері қарай қазақ халқының психологиясына сіңісіп, әдет болған, Онда ел, халық, Отан, бірлік, өнер, білім, еңбек, жанұя, бала тәрбиесі, төрт түлік мал, жан-жануар, ас-қазық, ауру-сырқау, дау-шара, жақсылық пен жамандық, адамгершілік парыз жайында айтылған өнегелі сөздер ете көп. "Туған жерге туың тік", "Ер өзі үшін туады, елі үшін еледі", "Ел іші - алтын бесік" деген макалдар елдікті біддірсе, "Ырыс алды- ынтымақ", "Бірлік болмай -тірлік болмас" деген мақалдар халық бірлігіне, ынтымағына ұласады [5].

Халқымыз кезінде арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да, өз ұрпақтарын бесікте жатқаннан бастап ертегі, өлең, жыр, асыл сөздері арқылы тәрбиелікке баулыған. Өз ұлтына тән тектілігін сақтайтын сәтті қағидалар мен ережелерді дүниеге келтіріп, ұстанғаны белгілі.

Отбасындағы ұл мен қыздың тәлім-тәрбиесіне терең көңіл бөліп, ”Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер” деп, әке-шешенің бала тағдырына, болашағына жауапкершілігін міндеттейді.

Ұлы жазушы М.Әуезовтің ”Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген кемеңгерлік тұжырымы тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатынын тағы бір дәлелі. Иманды ұл мен инабатты қыз қайдан шығады? Әрине, ұшқан ұясынан, ата-ана және ұлағатты ұстаз тәрбиесінен қанаттанып ұшады. Қазақта ”Құс ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі” деген үлгі аларлық сөздер аз емес. Осы мәйегі мол сөздерден де халық педагогикасының нышаны аңғарылмай ма?.

Халық педагогикасының озық дәстүрлерін бұл күнде уақыт талабымен отбасында, мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде, мектепте және жоғары оқу орындарында лайықты орын алуда. Қазақ халық педагогикасының дербес ғылым ретінде ұлттық мәдениетті өркендетуге, ұрпақты халықтық-педагогикасының қағидаларының негізінде тәрбиелеуге толық мүмкіндігі туып отыр [6].

Қорыта айтқанда, кейінгі ұрпақтың өмірге көзқарасында жаңа бетбұрыстар басталды. Еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарынан көрініп, нығайған елге айналуы ұрпағымыздың меңгерген сапалы білім дәрежесі мен жан-жақты дамуына, олардың бойында ұлттық сана мен ұлттық мінез қалыптастыратын парасатты тәлім-тәрбие беруімізге байланысты.







Пайдаланылаған әдеиеттер:


1. Ахметова З. Кәусар бұлақ бағдарламасы. А., 1998.

2. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. А.,2007.

3. С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова. Этнопедагогика. Астана. 2007.

4. Тілеуова С.С. Этнопедагогика. Шымкент. 2003.

5. Жарықбаев Қ.Б. Наурызбаев Ж. «Қазақтық ұлттық тәлім-тәрбие атауының түсіндірмелі сөздігі».Алматы: «Ғылым»,1993жыл.

6. Жарықбаев Қ. Мақал-мәтелдер- халық психологиясының айнасы- кітапта қазақ психологиясының тарихы. А., 1991






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.01.2018
1034
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12