Материалдар / ОҚУ ҮРДІСІНДЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жобаның мақсаты:сабақтардың модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жобалаудың тиімділігін анықтау. Жобаның міндеттері:  Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;  Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;  Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру;  Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;  Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2017
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУ ҮРДІСІНДЕ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ


Рахимгалиев Тимур Шынбулатович

  1. Теректі колледжінің өндірістік оқыту шебері

  2. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы



Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.



Жобаның мақсаты:сабақтардың модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жобалаудың тиімділігін анықтау.

Жобаның міндеттері:

  • Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;

  • Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;

  • Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін

құрастыру;

  • Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;

  • Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың

маңыздылығы

Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті. Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.


Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;

2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру,

3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.

Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.


Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т.б.), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.



Осыған орай Электрондық есептеу машиналарының операторы мамандығынан өндірістік оқыту сабақтары бойынша Microsoft Office Access тақырыбынан 24 сағатқа модуль құрылды.









1-сурет 2-сурет 3-сурет

Бұл модульда оқушылар қандай мақсатқа жету туралы танысады, содан соң Office Access теориясынан қысқаша мағлұматпен танысып, берілген 10 модульді өндірістік оқыту шеберімен бірлесіп немесе өз еркімен орындауға болады.











4-сурет 5-урет

Модульді толық аяқтағаннан соң оқушылар тапсырма бөліміне өтіп деректер базасын жасау схемасы қарай отырып тапсырманы өздері орындауы тиіс. Білім алушы модульмен тапсырманы орындағаннан соң өндірістік оқыту шебері бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушыларды бағалайды.

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.


Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт үнемделеді.

2. Сабақтың сапасын көтереді.

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.

4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.



Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада:

  • Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру;

  • Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру;

  • Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету;

  • Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу;

  • Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.


Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп, өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.

Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.


Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін «Электрондық есептеу машиналарының операторы» мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі — модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.

Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, оқушыны көбірек тыңдауға мүмкіндік береді. Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Оқушы ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.

Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өмірге қажетті өз болашағына азық болатын тәрбие беру де қолға алынуда.






















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.


2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.


3.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.


4.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.


5.Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.


6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына


Жолдауы//, 28.02.2007.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!