ОҚУ ҮРДІСІНДЕ САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ТАСКАРАЕВА КАЛБИБИ АХМЕТОВНА
«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді
оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
2021 жылдың 2 маусымында 2021 жылдың 02 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Саралап оқыту және оның стратегиялары» тақырыбында ZOOM online режимінде дөңгелек үстел өткізілді.
Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға колледждің география пәнінің оқытушылары қатысып, географияны оқу үдерісінде білім алушылардың жеке қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын ескере отырып, саралап оқытуды қолданудың тәсілдері талқыланды.
Ұйымдастырушылар қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың жалпы зияткерлік қабілеттері мен логикалық ойлау деңгейлеріне қарай жасалатын тапсырмалардың түрлерімен таныстырып, саралау тапсырмаларын құрастыру жөнінде педгогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынды.
Сонымен қатар, кеңес барысында географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты саралап оқыту әдісін қолданудың маңызы айқындалып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен басқа пәндермен сабақтастық арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту туралы ой қозғалып, көптеген сұрақтар талқыланды.
Пікір алмасу нәтижесінде оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау және олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеудің қажеттілігін нақтылап, білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасаудың жолдары қарастырылды.
Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар әдістемелік кеңес дер кезінде мазмұнды әрі тәжірибелік деңгейде өткенін атап көрсетіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ТАСКАРАЕВА КАЛБИБИ АХМЕТОВНА
«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді
оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
2021 жылдың 2 маусымында 2021 жылдың 02 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Саралап оқыту және оның стратегиялары» тақырыбында ZOOM online режимінде дөңгелек үстел өткізілді.
Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға колледждің география пәнінің оқытушылары қатысып, географияны оқу үдерісінде білім алушылардың жеке қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын ескере отырып, саралап оқытуды қолданудың тәсілдері талқыланды.
Ұйымдастырушылар қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың жалпы зияткерлік қабілеттері мен логикалық ойлау деңгейлеріне қарай жасалатын тапсырмалардың түрлерімен таныстырып, саралау тапсырмаларын құрастыру жөнінде педгогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынды.
Сонымен қатар, кеңес барысында географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты саралап оқыту әдісін қолданудың маңызы айқындалып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен басқа пәндермен сабақтастық арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту туралы ой қозғалып, көптеген сұрақтар талқыланды.
Пікір алмасу нәтижесінде оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау және олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеудің қажеттілігін нақтылап, білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасаудың жолдары қарастырылды.
Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар әдістемелік кеңес дер кезінде мазмұнды әрі тәжірибелік деңгейде өткенін атап көрсетіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
шағым қалдыра аласыз













