жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы)
Оқу жоспары
5- күн
Оқушыларды ынталандыру
Тақырыбы: 1. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы.
Оқу жоспары
Тренинг тақырыбы |
Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы) |
|||
Жалпы мақсаты |
Мұғалімдер оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді анықтайды және олардың оқуға деген ындасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістеріне талдау жасайды. |
|||
Күтілетін нәтиже |
Мұғалімдер оқудағы кедергілердің алуан түрлі сипаттамаларын (зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық), оқытудың ынталандыру теорияларын, «қиын» оқушылармен жұмыс істеу әдістерін талдайды. Сонымен қатар оқушылардан кеңес алу рәсіміне қатысты тәсілдерді әзірлейді. |
|||
Негізгі идеялар |
Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстарымен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқыту мен оқуда күнделікті кездесіп проблеммалар бірақ оларға көңіл бөлмей, назардан тыс қалдыратын болса, онда оқушылар бұл мәселелерді күнделікті мектеп өмірінде кездесетін қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан мұғалім оқушы қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуетін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесуге тиіс. |
|||
Әдіс – тәсіл |
Жек жұмыс, жұптық жұмыс,топтық жұмыс, модерация, түрткі сауалдар, фишбоун, «жәрмеңке» стратегиясы. «Көршіме айтамын», «Джигсо» әдісі |
|||
Уақыт |
Тренердің іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Ресурстар |
Бағалау |
3 мин |
Ұйымдастыру. «Паравоз» ойыны Нұсқау: 1 қатарға тұрады. Алдыңғы мұғалімнің көзі байланады. Соңғы мұғалім қатардың алдында тұрған мұғалімге қалай жүруі туралы бағыт- бағдар беріп жүреді. Ортадағы мұғалімдер оған айтуына және алдыңғы мұғалімнің естуіне кедергі жасап паравоз даусын салып шулайды |
Мұғалімдер нұсқау бойынша «Паравоз» ойынын ойнап, аудиторияға кіреді |
Адам ресурсы |
Шапалақ |
3 мин |
Топқа бөлу. Паравоз вагондарын санау.
|
Әр топтын қасына келгенде 5 вагоннан ағытылып қалып отырады |
Адам ресурсы |
Мадақтау |
5 мин |
Тақырып ашу. Түрткі сауалдар. Жаттығуды талдау мына сұрақтар бойынша жүреді: -Жүру немесе ақпаратты жеткізу сіздерге қиынға соқты ма? -Не көмектесті, не кедергі жасады? - «Кедергі» деген сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді? - Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар? Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы |
Мұғалімдер өз пікірлерін білдіреді. Ақпаратты жеткізуге кедергі болған фактораларды атаса, екінші мұғалім берілген ақпаратты дұрыс қабылдауға кедергі болған факторларды атайды |
Адам ресурсы |
Мадақтау |
5 мин |
Ой тұжырым: Әлемге саяхат: Мектепке бару барлық жерде оңай нәрсе емес екенін білесіз бе? Білмеген болсаңыз, төменде ұсынылған суреттерге бір көз жүгіртіп шығыңыз. Мектепке барғысы келмейтін оқушылар осы суреттердегі мектепке барар жолдағы кедергілерге қарамайтын ержүрек балаларды көріп ойланса екен деймін. |
Мұғалімдер тақырып төңірегінде суреттерге назар аударады. |
Ресурс №1 |
|
6 мин |
Ой ширату Видео: Моно Лиза1 Бейне көріністен не байқадыңыздар? Моно Лиза қателік жіберді деп ойлайсыздар ма? Оның алдында қандай кедергілер болды? Осы қиындықтардан шығу үшін МоноЛизаға қандай көмек ұсынасыздар? |
МоноЛизада кездескен кедергілер туралы және кедергілерді қалай шешуге туралы өз ойларын ортаға салады |
Бейне көрініс |
Мадақтау |
10 мин
|
Жеке -топтық жұмыс. «Модерация» әдісі арқылы оқыту мен оқу үдерісінде кездесетін қиындықтарды анықтау 1 топ. Білім сапасын арттыруда оқушылар тарапынан кездесетін кедергілер 2 топ. Білім сапасын арттыруда ата-аналар тарапынан қандай кедергілер бар? 3 топ. Білім сапасын арттыруда мұғалім тарапынан кездесетін кедергілер 4 топ Білім сапасын арттыруда мектеп тарапынан қандай кедергілер бар ? |
Топ мүшелері стикерлерге кедергілерді жазып, өзара іріктеп, қортындылап, бір тұжырымға келеді
|
Постер,маркер,стикер |
Смайлик арқылы бағалау |
10 мин
|
«Жәрмеңке» стратегиясы Әр топқа жеке талқылауға қажетті тұжырымдамалар таратылады 1- Топ: Таным және оқу Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар: Мұғалімнің міндеті оқушыларға:
2-Топ: Қызметтің әлеуметтік саласы: қарым-қатынас және өзара әрекеттестік Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар: Сіз оқушылардың дағдылары мен баламалы қарым-қатынас әдістерін дамыта отырып, топтық және ұжымдық тапсырмаларға қатысуға мүмкіндік беру арқылы мұғалімдер оқушылардың оқуын бақылап отыруы керек деген көзқараспен келісесіз бе?
3 – топ: Оқудың аффекттік теориясы: мінез-құлық, эмоциялық және әлеуметтік даму Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар: Оқушылар белгілі бір жағдайларда неліктен өздерін олай ұстайтынын түсіну үшін мұғалім олардың әлеуметтік және эмоциялық дамуы туралы мейлінше толық хабардар болуы тиіс дегенмен келісесіз бе?
4- топ: Сарапшылар. Жұмыстың жүргізілу барысын бақылап және қортынды пікірді бағалап отырады |
Әр топ өздерінің Салмақты ойларын жәрмеңкеде баяндайды. Сарапшы топ құнды деген пікірді бағалайды |
Тапсырмаға қосымша мәлімет Ресурс №2 |
Екі жұлдыз бір ұсыныс |
5 мин |
Фишбоун» әдісі бойынша жұмыс жүргізу. Топтық жұмыс. Фишбоун» сызбасы арқылы оқушылардың оқуына оң және теріс әсер ететін факторларды, содан шыққан шешімді бейнелейді. Жоғары бөлік оң әсер ететін факторлар, төменгі бөлікке теріс әсер ететін факторлар жазылады. |
Фишбоун» сызбасын толтырады, топтың атынан бір мұғалім жұмыстарын қорғайды |
Фишбоун» сызбасы |
Мадақтау |
6 мин |
Теориялық білім Өз бетінше білім алу. Жаңа ақпаратпен танысу және «Фишбоун» әдісі бойынша орындаған жұмыстарына сыни көзқарас. Ресурс: «Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар»
|
Үлестірме материалдағы «Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар» кестесінен оң әсер ететін және қиындық келтіретін факторлар мазмұнымен танысады. |
Кесте Үлестірмелі материалдар 83- бет |
|
7 мин |
Таныстырылым PowerPoint таныстырылым көрсету Ресурс: «Оқу және ынталандыру» |
Барлығы слайд бойынша таныстырылыммен танысады Өз ойларымен салыстырады. |
Слайд материалдары |
|
10 мин |
Топтық жұмыс Оқушының белсенділік деңгейін дейін анықтайтын сауалнама |
Топ мүшелері сауалнамамен жұмыс жүргізеді |
Сауалнама парағы |
Шапалақ |
5 мин |
Теориялық білім Ресурс «Оқушылардың бейнесі» |
Үлестірме материалдағы «Оқушылардың бейнесі» мазмұнымен танысады. |
Үлестірме материал ресурсы |
|
10 мин |
Бірлескен топ жұмысы: Топ мүшелері Жұмысшы топ ( кіші топ) бөлініп алынған сауалнамаға талдау жүргізеді Бастапқы Үлкен топтарға келіп ортақ проблемалар төңірегінде пікір бөлеседі. |
Жұмысшы топ ( кіші топ): алынған сауалнама қортындысынан проблемаларды анықтайды Үлкен топта анықталған проблемалар төңірегінде пікірлесіп, ортақ қортынды жасайды |
Сауалнама парағы |
Жест |
5 мин |
Тақырыпты қортындылау: Кедергіден шығу жолдарын талқылау Бейнекөрініс: Моно Лиза2 Сабақ басында көрген бейне көрініске қайта оралсақ Моно Лиза кедергіден қалай шықты? Алдында тұрған қиындықтың шешімін қалай тапты? |
Кез келген кедергіден, қиындықтан шығуға болатыны туралы қорытынды жасайды. |
Бейнекөрініс |
Мадақтама |
Ресурс №1
Таудағы 125 мильдік жол. Пили, Қытай
Мектепке дейінгі 5 сағаттық жол. Гулу, Қытай
Оқушылар шыңырау үстіндегі ағаш сатымен жоғарыға шығуда. Чжан Чжаван ауылы, Оңтүстік Қытай
Гималай
тауларындағы мектепке барар жол. Үндістан
Оқушылар
сабаққа жартылай қирап қалған көпір
арқылы бара жатыр. Лебак, Индонезия
Индонезиялық оқушылар сабаққа каноэмен жүзіп барады.
Енекемен
саяхат, Мьянма
Мектеп
автобусының орнына пайдаланылатын
көлік. Белданга, Үндістан
Қарлы
боранға қарамастан, қираған көпірден
өтетін оқушылар Қытайдың
Сычуан провинциясында.
Қайықтың
шатырына дейін мініп мектепке баратын
оқушылар. Индонезия
Делидегі
мектеп автобусы. Үндістан
Үндістанның
Керала
штатының оқушылары сабаққа қайықпен
барады.
Бастауыш
сынып оқушылары көліктің үрленген
дөңгелегіне шығып, өзенді кесіп өтеді.
Ризал провинциясы, Филиппин
аралдары
Ресурс №2
О
Қызметтің
аффекттік саласы
Қызметтің
танымдық саласы
Қызметтің
әлеуметтік саласы
Дұрыс шешім қабылдау үшін бұл қызметтің үш саласын ескеру қажет.
Таным және оқу
Ең маңыздысы, мұғалімдер оқу мақсаты – бұл оқушылар істеуге тиіс нәрселер ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз бетінше жұмыс істеуге көмектесу екендігін түсінулері керек.
Мұғалім көптеген жолдар арқылы оқушыға оқу жоспарын меңгеруіне көмектесе алады.
Төменде келтірілген стратегияларды талқылаңыздар. Топтық пікірталас кезінде қалыптасқан өз идеяларыңызды ұсыныңыздар.
Біз бірнеше стратегия ұсынамыз. Бірақ жекелеген оқушылардың қажеттіліктері, Сіз жұмыс істейтін жағдайлар жекелеген оқушыларға оқуға көмектесетін бірқатар шығармашылық тәсілдерді қолдануға жетелеуі мүмкін.
Түсінуді дамыту жөніндегі ұсыныстар:
● оқушыларға оқу мен нұсқаулықты дұрыс түсіндіруіне көмектесуде ым, визуалды белгілерді қолданыңыз және басқа да көмек көрсетіңіз;
● сұрақты түсінбеушілік танытып, сұрақ қойып немесе мәселе көтеріңіз, бұл Сізге жұмыс барысында ережелерді ұстанып отыруға мүмкіндік береді;
● оқушылардан не істеулері керектігін түсіндіруге өтініш білдіріп, олардың мәселені түсінетінін тексеріңіз;
● нақты обьектілерді, белгілерді, символдарды, фотосуреттерді, сандық осьтер және компьютерлік анимацияларды қолдану арқылы абстрактілі ұғымдарды нақты ұғымдарға айналдырыңыз;
● жазбаша тапсырмаларды орындауға арналған шаблондар мен жауаптардың болжалды нұсқалары бар тапсырмаларды ұсыну арқылы тапсырмаларды орындауға көмектесіңіз.
Жады:
оқушыларға оқу мақсаты туралы естеріне салыңыз; егер бұл мүмкін болса, суреттер мен артефактілерді пайдаланыңыз;
көрнекі құралдар пайдаланыңыз;
тапсырманы орындауда жасалатын амалдар реті бар объектілер, суреттер, белгілерді немесе түйінді сөздерді пайдалана отырып, карточка-еске түсіргіш дайындаңыз;
оқушы өздігінен тыңдай алатын ережелердің дыбыстық жазбаларын жасау үшін диктофонды пайдаланыңыз;
ескертпелерге арналған стикерлерді, қысқаша жазбалар, жеке тақтаны қалай пайдалану керектігін іс жүзінде көрсете отырып, түйінді сөздерді жақсы есте сақтау үшін оқушыларды соларды пайдалануға ынталандырыңыз.
Сауаттылық және тілді үйрену кезіндегі қиындықтар:
● бастапқыда оқушыларға сұрақ қоя отырып, оларды мәтінді қабылдауға дайындаңыз;
● сабақта оқушылардың өзара жәрдемдесуін және өзара әрекеттесуiн ынталандырыңыз;
● мәтіндегі жаңа сөздерге көңіл аударта отырып, оқушыларға мәтінді оқу кезінде көмектесіңіз;
● жазудың балама нысандарын пайдаланыңыз: зияткерлік карта құрастыру, оқу материалының ауызша таныстырылымы, белгілері бар карточкаларды жіктеуге арналған тапсырмалар, мәтінді өңдеуге арналған бағдарламалық жасақтама, диаграммаларға, диктантқа ат беру (тақырып қою), екі өлшемді және үш өлшемді көрсетілімдерді даярлау.
Қызметтің әлеуметтік саласы: қарым-қатынас және өзара әрекеттестік
визуалды көрсету амалдарын пайдаланыңыз: сөйлеу кезінде қолданылатын тірек сөздер мен белгілер;
ең маңызды ақпарат сөйлемнің басында берілген қысқа әрі нақты сөйлемдерді пайдаланыңыз;
оқушыға топтағы, сыныптағы пікірталастарда өз пікірін айтуға көмектесіңіз;
мәжбүрлі баламасы бар сұрақтар ұсыныңыз («ол кезде күн бе еді әлде түн бе еді?»);
түйінді сөздер жазылған арнайы плакаттарды бірлесіп жасаңыз.
Қызметтің аффекттік саласы: мінез-құлық, эмоциялық және әлеуметтік даму
Оқушылардың оқудағы эмоциялық, әлеуметтік және мінез-құлықтық кедергілерді жеңуіне көмектесуге арналған Сіз жеңіл қолдана алатын бірқатар стратегиялар бар:
бірінші және ең маңызды жол – оқушыларды мойындау және қабылдау; бұған оқушылардың әуестенетін нәрселеріне қызығушылық таныту, тапсырма құрастырғанда олардың мүдделерін ескеру немесе білдірмей көмек ұсыну арқылы қол жеткізуге болады;
оқушыларға көбірек көңіл бөлу қажет, белгілі себептермен ерекше ықылас пен қамқорлықтан тыс қалған балаларды таңертең қарсы алып, амандасқан дұрыс, осының салдарынан олардың демалыс күндері жақсы өтеді;
зейінсіз оқушылармен қатар отыратын оқушылар олардың жинақталуына және оқуға тартуға көмектесе алады;
мұғалім зейінсіз оқушыларға жиі сұрақ қоя отырып, олардың назарын бағыттай алады;
оқытуға ынталандыру мен өзін-өзі сыйлау сезімін дамыту үшін жағымды кері байланыс ұсыныңыз; артық күш жұмсаудан қашқақтай отырып тапсырмалардың қиындығын біртіндеп көбейту және қысқа мерзімді, жеңіл қол жеткізуге болатын мақсаттарды белгілеу маңызды;
оқушыларға тапсырмамен айналысып, оны орындауға жеткілікті уақыт беріңіз;
әлдебір ерекше бағдарламалар мен оқыту әдістеріне қарағанда, сіздің сөйлеу мәнеріңіз сенімді оқу ортасын құруға көбірек ықпал етеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген