Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы
Қияқты ауылы Ағыбай батыр
атындағы шағын орталықты негізгі мектебі
Оқылым арқылы шығармашылық жазу қабілетін дамыту
/Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде
оқитын сыныптарға арналған әдістемелік құрал/
Дайындаған Ахметова Гульбарам
Калкеновна
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Қияқты ауылы Ағыбай батыр
атындағы шағын орталықты негізгі мектебі сараптамалық кеңесінің шешімімен ұсынылған
Авторы: педагог –сарапшы Ахметова Гульбарам Калкеновна
Пікір жазған:
Алматы обылысы, Іле ауданы № орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші
Жинақта жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде 5–8-сыныптардың қазақ тілі пәні сабағындағы «Оқылым» дағдысына арналған тапсырмалар қамтылған. Алынған мәтіндер оқушының ой өрісін, зейін қабілетін жетілдіруге негіз болатын, оқу сауаттылығын арттыру жұмыстарына көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған.
Мазмұны
Түсінікхат........................................................................................................
Оқылым тапсырмалары.................................................................................
Оқылым дағдысы бойынша тест тапсырмаларына талдау үлгісі...............................................................................................................
Оқу сауаттылығына арналған тест тапсырмалары....................................
Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................................
ТҮСІНІК ХАТ
Елімізде білім беру жүйесін жетілдіруде маңызды қадамдар жасалуда. Ондағы мақсат – қоғамға орасан зор проблема тудырып отырған жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен түбегейлі өзгеріске ұшырап жатқан әлемде оқушыларды серіктестікте жұмыс істей алуға, мәдениет пен құндылықтарды ескере отырып азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға дайындау. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Бұл бағдарлама аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабағында біз бүгінгі заманда жоғалтып алған – кітап оқуға деген қызығушылықты қайта жаңғырта аламыз. Ол үшін оқушылардың оқылым дағдыларын жақсарту механизмдерін жетілдіруіміз керек деп санаймын.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың сөйлеу әрекетінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) жетілдіру көзделген. Бұл құрал оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға арналған.
Оқылым – оқушылардың мәтіндерді түсіну, талдау, негізгі ойды анықтау, мәтін құрылымын ажырату қабілеттерін дамытатын маңызды дағды. Бұл құралда 5–8-сыныптарда қазақ тілі пәні сабақтарында қолдануға болатын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар жинақталған. Оқылым арқылы оқушылар өз ойын еркін білдіруге, талдауға, салыстыруға, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.
Әдістемелік құрал жаңартылған оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленген. Оқылым тапсырмалары оқушылардың сөздік қорын молайтуға, мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға, оқу стратегияларын меңгеруіне, көркем және ақпараттық мәтіндерді талдауына бағытталған.
Сонымен оқылым дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Оқылымды қандай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады? Оқылым дағдысын жақсартуда қандай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға болады? Мен өзімнің осы әдістемелік құралымда оқылым дағдысын дамытуға арналған жаттығулар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қамтуға тырыстым. Бұл әдістемелік құрал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, бастауыш сынып мұғалімдерінің оқылым дағдысын оқытуына өзіндік үлесін тигізеді.
Мақсаты:
-
Оқылған мәтіндерден шабыт алып, өзіндік стиль қалыптастыру;
-
Сюжет, кейіпкерлер, тілдік өрнектерді қолдану қабілетін арттыру.
Міндеттері:
-
Проза, поэзия, фантастика, драматургия, эссе сынды жанрларды зерттеу.
-
Авторлық стильдерді талдау және солардан үйрену.
-
Оқылған шығармалардан негізгі ой мен әдеби әдістерді анықтау.
-
Автордың стилі мен баяндау тәсілдерін зерттеп, шығармашылықта қолдану.
-
Белгілі бір мәтіннен шабыт алып, өз нұсқаңызды жазу.
-
Кездейсоқ сөздерден әңгіме құрастыру, метафоралармен жұмыс істеу.
-
Күнделікті шағын эссе немесе әңгіме жазу.
-
Оқылған кітаптардағы кейіпкерлерді зерттеу, олардың мінезін талдау.
-
Дамытылған сюжет құру арқылы оқырманды қызықтыру жолдарын меңгеру.
-
Түрлі авторлардан үйрене отырып, өзіндік қолтаңба қалыптастыру.
-
Көркемдік құралдарды (теңеу, эпитет, метафора) тиімді пайдалану.
Күтілетін нәтиже:
✅
Әдеби шығармаларды терең
түсініп, олардан шабыт алады.
✅
Өз бетінше әңгіме, эссе,
поэтикалық туындылар жазады.
✅
Кейіпкерлер мен оқиғаларды
қызықты етіп сипаттай алады.
✅
Өзіндік стиль қалыптастырып,
сөз байлығын арттырады.
✅
Оқырманды баурайтын, көркем
әрі әсерлі мәтін жазады.
Оқылым дағдысын дамыту – тілдік және когнитивтік қабілеттерді жетілдірудің маңызды бөлігі. Оқылым дағдысын жақсарту үшін мына әдістерді қолдануға болады:
1. Оқуға деген қызығушылықты арттыру
-
Өз қызығушылығыңызға сай кітаптар, мақалалар немесе блогтар оқыңыз.
-
Әртүрлі жанрларды (әңгіме, эссе, ғылыми мәтіндер) оқып көріңіз.
2. Сөздік қорды байыту
-
Белгісіз сөздерді түртіп алып, мағынасын сөздіктен қараңыз.
-
Жаңа үйренген сөздерді сөйлемдерде қолданып көріңіз.
3. Түсініп оқу
-
Оқығаннан кейін негізгі ойды қысқаша айтып беріңіз.
-
Негізгі және қосымша ақпаратты ажыратыңыз.
-
Оқылған мәтінге байланысты сұрақтар құрастырып, өзіңіз жауап беріңіз.
4. Жылдам оқуды дамыту
-
Біртіндеп оқу жылдамдығын арттыруға тырысыңыз.
-
Көзбен шолу әдісін қолданып, маңызды ақпаратты тез табуды үйреніңіз.
5. Жүйелілік
-
Күн сайын аз уақыт болса да оқуға дағдыланыңыз.
-
Әртүрлі күрделі мәтіндерге көшу арқылы оқу дағдыларыңызды жетілдіріңіз.
Шығармашылық қабілетті арттыру оқылым дағдысын дамыту арқылы да қолдау таба алады. Мына әдістерді қолдануға болады:
-
Сын тұрғысынан ойлау:
-
Оқылған мәтіндерге өз көзқарасыңызды қалыптастырып, талдау жасаңыз.
-
Кейіпкерлердің мінез-құлықтары мен сюжеттерді талдап, өз ойыңызды жазып көріңіз.
-
Оқылған мәтіндерді терең талдап, автордың ниеті мен мәтіннің мәнін анықтауға тырысыңыз.
-
Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, оқиға желісін және шығармашылық шешімдерді талдау өз идеяларыңызды дамытуға көмектеседі.
-
-
Шығармашылық жазу жаттығулары:
-
Күн сайын аз уақыт болса да эссе, қысқа әңгіме немесе өлең жазуға уақыт бөліңіз.
-
Еркін жазу әдісімен ойлар ағынын тоқтатпай, жазуға тырысыңыз.
-
Оқылған шығармалардан шабыт алып, өз ойыңызды еркін түрде жазуға тырысыңыз.
-
Әр түрлі стилдерде, жанрларда қысқа әңгімелер, эсселер немесе өлеңдер жазу арқылы өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді арттырыңыз.
-
-
Шығармашылық пікірталастар мен топтық талқылаулар:
-
Кітап клубтарына немесе әдеби кештерге қатысып, өз ойыңызды басқалармен бөлісіңіз.
-
Басқа оқырмандардың көзқарастарын тыңдау шығармашылық қабілетті дамытады.
-
-
Шығармашылық шабыт көздерін іздеу:
-
Сурет, музыка, фильм, театр және басқа өнер салаларынан шабыт алыңыз.
-
Әр түрлі мәдени контексттер шығармашылық ойды кеңейтеді
-
5.Әртүрлі әдеби жанрларды зерттеу
-
Әдеби классиктерден қазіргі заманғы авторларға дейінгі шығармаларды оқып, әртүрлі стилдер мен идеялармен танысыңыз.
-
Поэзия, проза, ғылыми фантастика, детектив және т.б. жанрлар шығармашылық ойды шабыттандырады.
6.Ой-өрісті кеңейту
-
Оқу барысында пайда болған идеяларды жазып, оларды кейін талдап шығыңыз.
-
Белгілі бір оқиға немесе кейіпкер туралы өз көзқарасыңызды қалыптастырып, сол негізде жаңа оқиғалар немесе әлем құруға болады.
7.Әртүрлі көзқарастар мен пікірталастарға қатысу
-
Кітап клубтарына немесе әдеби талқылау топтарына қатысып, өз ойларыңызды басқалармен бөлісіңіз.
-
Басқа адамдардың пікірлері мен талдауларын ескеру шығармашылық ойдың кеңеюіне септігін тигізеді.
Осы тәсілдерді жүйелі түрде қолданып отырсаңыз, оқылым дағдыңызды дамытып, сонымен бірге шығармашылық қабілетіңізді де айтарлықтай арттыра аласыз.
1-тапсырма
Мәтінді оқымас бұрын оқушыға тақырып беріңіз. Мысалы: Партизан
Енді оқушыларға осы сөзге ассоциация жасатыңыз. Яғни, оқушы тақырыпты оқыған кезде ойына не келетінін айтады. осы негізде оқушы қазір талдағалы отырған мәтіннің не туралы, кім туралы екенін ажырата алады. Сол тақырыпты топта жан-жақты талқылайды.
ҰОС
Қасым Қайсенов ПАРТИЗАН жауынгер
батыр
Оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып, оқиғаның ары қалай қарай өрбитінін болжайды. Алдынғы абзац бойынша өз ойларын дәлелдеп, ары қарай өрбітуге тырысады.
1-мәтіннің 1-абзацы
Майданнан келген соң көп уақытқа дейін Жұмағали Саин таныстырған ақын-жазушылар төңірегінде жүрдім. Олар да мені жатсынбады. Тіпті кейбіреулері жылы сөйлеп бауырына тартып мені өздеріне үйір қылып алды. Өздерінің арасында бұрыннан Қасым атты адам болғаннан ба, әлде менің шын мәніндегі партизандық қылығыммен оларға солай көріндім бе, әйтеуір барлығы атымды атамай «Партизан» дейтін болды. Сәлем орнына «Ей, партизан!» деп тамағынан қырылдай шыққан Сәбит ағаның дауысы, «Здраво желаю, партизан!» деп шыққан Бауыржанның қатаң үні құлағымнан кетпей қойды. .................................................................................................. (оқушы болжамы)
1-мәтіннің жалғасы (оқушы өз жазғанымен салыстырады)
Бір кездегі Украин патриоттарының азан шақырып қойғандай атымен аталып қалдым. Әрине, ақын-жазушы адамдардың арасы маған көңілсіз болған жоқ. Сонда да орман адамы, майдан адамы ретінде орманға, майдан жаққа қарай бердім. Майданнан азаматын күткен зарыққан-жабыққан қам көңілді жандармен бірге мен де майдангерлердің келуін күтіп жүрдім. Аман-есен елге оралып жатқандармен іздеп жүріп танысып та жүрдім. /Қ.Қайсенов/
2-тапсырма
Оқушыларға ойдан шығарылған кез келген бір сөйлем ұсынамыз. Мысалы, «Оның шығамалары тура майдан даласынан алынатын» Бұл сөйлемге қарап, не мағына беруі мүмкін, мәтін не туралы болуы мүмкін екені болжайды. Оқушылар оның жазушы екенін, майдан даласын көргеніне қарап мәтін майдан даласын жазған жазушы жайлы екені жайлы өз болжамдарын ұсынады.
-
Басқа сөздермен айту
Оқыған мәтіннен үйренген сөздерді басқа сөздермен алмастырып айтып сөздік қорларын молайтады. Мысалы, қаламгер – жазушы, партизан – майдангер, төңірегінде – маңында, майдан – соғыс, қатаң-қатал т.б.
3-тапсырма
Қажымұрат інісі Әлмұратты танауынан сығып тұншықтырып оятты да, түк басып кеткен егеудей иегін бетіне тақап үйкеп-үйкеп жіберді.
-
Кім-ай бұл?!. Япыр-ау, өзіңбісің?!- Әлмұрат ұйқылы - ояу күбірлеп
жүріп киініп алды да, босағада жатқан бәтеңке, кебістерді езгілей ағасына еріп есікке беттеді.
Ай шекеге шығып алыпты. Тайга ішіндегі елу шақты үйлі шағын ауылға
жарық беріп тұрған кеңсе маңындағы лүкілдек дизель күрк-күрк жөтеліп барып үні біржола өшті де, ай сәулесімен таласа алмағандай баған басындағы лампалар бір сәтте сықсың - сықсың көз қысысып, бір сәтте жалп-жалп етіп жоқ болды.
Манаураған ақселеу дүние, ақ шағырмақ аспан; іргедегі мүлгіген меңіреу
орман ауылға онан сайын жақындап, сабалақ зәулім самырсындардың сорайған көлеңкелері шырт ұйқыдағы әр үйдің ауласын түрткілей бастады. Жер боз қырау - толқынмен іркілген көл бетіндегі жел көбіктей; қотан ортасында сел айдап келген дәу тастардай әр тұста томпайып - томпайып сиырлар жатыр. Огород түбіндегі қалақай арасынан мауыққан мысықтардың бажылы естіледі. /Қ.Ысқақов
Мәтінді оқымас бұрын оқушылар өздерінің қандай ақпарат іздейтіндерін анықтап алуы тиіс. Қандай тірек сөздер мәтінде беретін ақпаратты меңзейтініне назар аударады. Мәтінде өзі іздеген ақпараттың нақты екенін анықтау үшін негізгі тірек сөздерді табады.
Мысалы, басты ақпарат: Түнгі көрініс. Тірек сөздер: Түн. Ай. Шағын ауыл. Меңіреу орман.
Дәлел: Манаураған ақселеу дүние, ақ шағырмақ аспан; іргедегі мүлгіген
меңіреу орман ауылға онан сайын жақындап, сабалақ зәулім самырсындардың сорайған көлеңкелері шырт ұйқыдағы әр үйдің ауласын түрткілей бастады.
4-тапсырма
Дегелеңдегі жарылыс
-Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы! Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от...Жалын...Күннен де жарық...Қара, қара деймін! Күн көрінбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн...Қызыл күн шықты...- деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлайды. Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді тарс жұмып, жер бауырлап жата бердім. Тұла бойым дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара жер де солқылдады. Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, төңіректі жай отындай сәуле шарпыды. Шілде айының аптабынан да ыстық, күшті дауыл тұрды. ...Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі Алматыда емдетуге көшіп кетіпті.
1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
-
Қара жер қандай күйге енді?
А) Жылады
Ә) Солқылдады
Б) Қайғырды
В) Еңіреді
Дұрыс жауабы: B) Солқылдады
-
Жартас қуысына тығылған баланың аты кім?
А) Қажымұрат
Ә) Айтуған
Б) Алпамыс
В) Айтуар
Дұрыс жауабы: D)Айтуар
-
Төңіректі қандай сәуле шарпыды?
_____________________________
|
р\с |
Мәтін |
Иә |
Жоқ |
|
1 |
Қажымұрат өзінің соқыр болып қалғанына кінәлі ме? |
|
|
|
2 |
Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба? |
|
|
|
3 |
Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс бар ма? |
|
|
-
Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5-тапсырма
Қажымұрат пен Қиямұрт сүдігір басынан екі бетке тарасты. Тұңғыш рет керіспей, келісіп тарасқан сияқты еді. Бірінің жыны басылып, бірінің мысы басып тарасқан.
Күн қайтысымен - ақ қойнау - қойнауды көгілдір сағым жайлады. Мана күннің арты кір еді, Қажымұрат ертеңгісін жауын бола ма деп қорыққан, батыс көкжиектен шілтерлеп көтерілген шарбы бұлт ыдырап кетіпті, ортасына жетпеген кетік айдың жүзінде де кірбең жоқ екен. Өзен бойында тарғақ шулап жатыр. Батпақтан тырналар қиқулады. Бәрі де келер күннің жайбарақатына көрінгендей.
«Итарқа ауылдың» он шаңырағынан да от сәулесі жалпылдайды. Қары талған әйелдер, қара көжеге қамалған балалар есіне түскенде Қажымұрат тағы да кібіртіктей берді. Оның үстіне Зылиханың жүзін көруге де жүрегі дауаламай тұр. Бір тәулік болса да көзіне түспей, күнәсін ұмыттырып барғаны жақсы еді. « Ең соңғы рет! – деп өзіне өзі серт берді.
-
Осы ең ақыры болсын! Енді қайтып ұрлық жасамаспын. Егер жаратқан
иесі бар болса қара қазан, сары баланың қамы үшін бір жолға кешірер!».
Өзеннің арғы бетіне көз салды. Алтай бөктерінің әр тұсынан жылтылдаған көп оттар танауына құйқаның иісін әкелгендей. Скотоимпорттың мал айдай бастағанына да біраз болған. Қар кетісімен сиыр, сарылық табындары өтеді де көк жетіле қара бас ақ қойлар қаптайды. Сонан қашан қар түскенше тыным жоқ, көш жолының қара топырағын шығарып, таңдақ қылып тастайды. Қазір сиыр арық, ал етінің кенеуі аз демесең сарылық семіз. Ірі қара болмаса Қажымұрат қой олжалап көрген емес. /Қ. Ысқақов.
-
Мәтінді оқып, әр топ бір-біріне мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақ мазмұны мәтіндегі оқиғалармен, кейіпкерлермен байланысты болуы тиіс.
-
«Кейіпкер» кестесі бойынша жұмыс:
|
Мәтіндегі кейіпкер |
Кейіпкер қасиеті қалай суреттеледі? |
Кейіпкерге баға беру |
Менің түйгенім: мақал-мәтел, даналық сөз. |
|
Қажымұрат |
Қажымұрат тағы да кібіртіктей берді. Оның үстіне Зылиханың жүзін көруге де жүрегі дауаламай тұр. |
Өз кінәсін түсінеді, бұрынғы әдеті үшін ұялады |
Адамның өзін өзі түзей білуі, үлкен шеберліктің белгісі |
6-тапсырма
«Топтық тергеу» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс
Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі:
1- топ. Баяндап берушілер: мәтінді оқып, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау.
2- топ. Ақындар: Мәтін мазмұнын ашатын 5 жол өлең дайындайды.
3-топ. Тергеушілер: Мәтән мазмұны бойынша проблемалық сұрақтар дайындап қарсы топтарға ой тастайды.
4- топ. Бейнелеуші- суретшілер: Мәтін мазмұны бойынша сурет салады.
5- топ. Дәнекершілер. Әңгіме оқиғасын бүгінгі өмірмен байланыстырады
Аналық екі бетінен алма кезек сүйіп, өн бойыма аналықтың бір қайталанбас ғажап нұрын құйды. Жер ортасы жасқа жақындаса да, өңін бермеген, келбетті әрі қайратты әйел менің бала кезімде қандай болса, қазір де сол қалпынан таймағандай әсер қалдырды. Тана көзінің айналасын өрмекшінің торындай майда сызықтар торлағанымен, жанарының оты әлі сөнбеген, жарасымды қараспен сәуле шашады. Күлгенде шашау шықпай тізілген аппақ шағала тістері көрінеді де, екі бетінен лыпып қан жүгіріп, бармақ батырғандай пайда болған шұңқырға ұйи іркіледі. Кеудесі шалқақ, қаздиған тіп - тік денесін еркін игеріп қимылдайды да, текті жердің тентек қызындай өзгеше сылқым жүріспен былқ - сылқ адымдайды екен. Бала кезде байқамаппын, аналық ертектер мен халық жырларында суреттелетін қазақ қыздарының ең ақырғы, ең аяулы сарқыншағы секілді, осы әзірде ғана эпостарды бұзып шығып, бүгінгі өмірімізге, бүгінгі ұрпаққа жалт етіп бір көрінгелі, көңілдеріне қаяу салғалы, қазақ қыздарының ең асыл қылық мінездерін көрсеткелі келген сықылданды. Мен енді ғана әкемнің осы кісіге не себептен қызыққанын білдім, әрі әке қылығын кешіре құптадым да.
7-тапсырма
«Пазл» әдісі арқылы мәтінді талдау
Мәтінді барлығы бір рет оқып шығады. Топта уақыт сақшысын және бақылаушысы белгіленеді. Әр топ оқыған мәтіннен негізгі 4 сөйлемін және одан негізгі тіркестерді тауып жазады. Мәтін бірнеше қима қағаздарға бөлініп, топтарға таратылады. Оқушылар мәтін бөліктерін құрайды. Әр топ өз үзіндісін оқып, тұтас мәтін мазмұнын шығарады. Түпнұсқамен сәйкестігін тексереді.
Мысалы:
Түпнұсқа мәтін.
Соғыстан бұрын, жас кезімізде, сонау ауылда, мектеп қабырғасында оқып
жүргенімізде ақын дегенді кім көрген. Ақындардың өлеңдерін оқитынбыз, жаттап класта, үйде ауызекі айтатынбыз. Өлең бізге қатты әсер ететін.
Қуанышқа бөлейтін, қиялымызды қанаттандыратын. Небір жақсылыққа шарықтатып жіберетіндей еді. «Бұл өлеңді қандай адам жазды екен?» - деп ойға кететінбіз. Сол адамды көрсек деп армандайтынбыз. Әр өлеңді оқып отырып, жатқа ауызекі айтып тұрып, сол өлеңнің авторын көз алдымызға елестететінбіз. Сонда әрқашанда көз алдымызға әдемі, нәзік адам бейнесі келе қалатын. Осы бейне көз алдымда, өзім оқып жаттаған өлеңдердің барлығы арада қанша жыл өтіп кетсе де, жадымда жатталып қалып қойды. Ақын атаулыдан тұңғыш рет көргенім Жұмағали Саин болатын. Ол мені бауыр басып Алматыға алып кетті.
Мәтін бөліктері:
1-топ.
Өлең бізге қатты әсер ететін. Қуанышқа бөлейтін, қиялымызды қанаттандыратын.
Небір жақсылыққа шарықтатып жіберетіндей еді. «Бұл өлеңді қандай адам жазды екен?» - деп ойға кететінбіз. Ақындардың өлеңдерін оқитынбыз, жаттап класта, үйде ауызекі айтатынбыз. Соғыстан бұрын, жас кезімізде, сонау ауылда, мектеп қабырғасында оқып жүргенімізде ақын дегенді кім көрген.
2-топ.
Әр өлеңді оқып отырып, жатқа ауызекі айтып тұрып, сол өлеңнің авторын көз алдымызға елестететінбіз. Сол адамды көрсек деп армандайтынбыз. Сонда әрқашанда көз алдымызға әдемі, нәзік адам бейнесі келе қалатын.
3-топ.
Ол мені бауыр басып Алматыға алып кетті. Ақын атаулыдан тұңғыш рет көргенім Жұмағали Саин болатын. Осы бейне көз алдымда, өзім оқып жаттаған өлеңдердің барлығы арада қанша жыл өтіп кетсе де, жадымда жатталып қалып қойды.
8-тапсырма
Тұңғиық тартқандай тұла бойын зіл басып, өкпесі қысылған соң кеудесін көтеріп еді, дүние шыр айналып, жер көшіп бара жатқандай болды да, әлгіндегі бір тас керең бөлме аңырап-боздап, жан түршігерлік беймаза сұңқыл құлақ құрышын ыңғуырдай жонып түсті. Милығына мың тебен жүгірткендей солқылдатып, көзі қарауытты. Ұстамалы аурудай ауық-ауық соғатын бастың дерті өстіп басталатын еді, тағы да есінен адасып қалмай тұрғанда кереует жақтауына жармасқысы кеп қолын созған, бірақ, таяғынан айрылған соқырдай ауаны бос қармап, күрс етіп еденге құлап түсті. Жаңағы құлақ кескен ащы ызың кілт үзілді де, тас керең бөлменің төбесі теңселіп-теңселіп барып тастай қатты; соңғы көргені - білтелі шамның буаз шишасы, буаз шишаның ішіндегі жұмыртқаның сары сағыздай жалқақ сағым, одан соң шашы дудыраған жалаңаш Зылиханың үрейлі жүзі. Біраздан кейін шам сағымы жыбыр-жыбыр қозғалып сапырылысып кетті де, Зылиха жиылып, қолына шырақ алып оны шырқ айналып билеп жүргендей болды...
-
Сөздерді сәйкестендіріп,сөз тіркесін құраңыз.
|
Тұла бойын |
Жалқақ сағым |
|
Шам сағымы |
Билеп жүргендей |
|
Сары сағыздай |
Зіл басып |
|
Шырқ айналып |
ащы ызың |
|
Құлақ кескен |
Жыбыр-жыбыр қозғалып |
-
Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін тап
-
тұла бойын зіл басып
-
тас керең
-
көзі қарауытты
-
жонып түсті
-
құлақ кескен
9-тапсырма
Мәтіндерді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз.
1-мәтін
Таң өте сұлу. Тау іші болған соң жұқалтаң шық түсіпті, күннің алғашқы сәулесінен-ақ көзі жаудырап, бу боп бусанып жатты. Бұта-бұтаның басынан бозторғай шырылдап, мәз өмірінің күйін шертті.Тау алып ұйқысынан енді-енді ғана серпіліп, ал дала кеудесін дүбірлетіп, алғаш қытықтаған біздерге жүз ғасыр ғұмыр тілегендей еді, өзіне деген айнымас махаббатын сыйлағандай еді. Мен өзімді мәңгірген күйден тез арылып, сергек сезіндім. Ертеңгіліктің таза да дымқыл ауасын құшарлана жұтып, егер әкем болмаса, торы биені шықпыртып- шықпыртып, қиқулап шапқылап кеткім бар. Мұндай пиғылымды аңғарған ол: «Ақырын жүріп, анық бассаң ғана алысқа барарсың», - дейтін. Сонда ғана мен көңілдің де, көк дөненнің де тізгінін тартатынмын.
2-мәтін
Лондон - өте әйдік, мейлінше өсіп кеткен қала. Алпыс километр жерге созылады. Үйлердің, ғимараттардың көпшілігі, жоғарыда айтқанымыздай, жатаған, тапал, негізінен алғанда екі және үш қабатты. Зәулім биік үйлердің кескін - келбеті осы заманғы үйлерге ұқсайды. Бұлар осы таяудағы жылдарда ғана тұрғызылған көрінеді. Лондонда зәулім биік үйлердің пайда болған себебі жұртқа мәлім, мұнда жер жеке адамдардың иелігінде. Лондон, біздің байқауымызша, лондондықтардың қарамағында емес. Асылында, Лондонның қожасы ат төбеліндей бірнеше семья ғана. Англияның астанасы тұрған жер үркердей осы алпауыттардың меншігінде.
|
Мәтіндерді салыстыру |
|
|
1-мәтін |
2-мәтін |
|
Тақырыбы |
|
|
|
|
|
мазмұны |
|
|
|
|
|
Тілдік құралдар |
|
|
|
|
10-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, негізгі ақпараттарды анықтап, солар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ жауабын қасыңыздағы парталас жұбыңыздан алыңыз.
КӨКӨНІС
Ілиястың атасы таңертең ерте тұрып, бақша ішіне қарай бет алды. Күні кеше төңіректі шарпыған аптап қараңғылық түсісімен, саябырсыған. Шық мол түсіпті. Қауын атыздарын аралап болам дегенше, аяғына киген кебісі суға малынды.
Ілиястың атасы ерте піскен әңгелекті, сабағынан үзілген сары қауынның екеуін таңдап алды. Иығына тастай салған шыт орамалды жерге жазып, қауындарды рет-ретімен жайғастырды. Содан соң қауындарды көтеріп, үйге қарай жүрді.
Қияр өскен атызға көз салды. Көк қиярлар шыққа жалт-жұлт етіп, әр-әр жерде сөлін сыртқа ұрып, баданадай томпайып жатыр. «Қиярдың уақыты өтті». Бұл Ілиястың атасының ойы. Кеше ғана, «Ата, қияр қашан піседі?» деп өбектеп жүрген немересі бүгінде қиярға онша қарамайды. «Помидор жегім келеді» деп жүргені де тап кеше ғана. Бүгінде помидорға да тәбеті шамалы. «Қауын тезірек піссе екен. Ата, әңгелек пісейін деп қалыпты» деген сөзі атасының құлағынан дәл қазір де кетер емес.
Ілиястың атасы қауындарды көтеріп үйге келді. Ілияс төсегінен тұрып, беті-қолын жуып үлгеріпті. Атасының әкелген қауындарын көріп, шаттана қуанды.
– Атам менің диқан, – деді көңілденіп.
– Ә, балам, қауынды жеуге сенің де қақың бар. Қауын арасынан оталған шөпті ала сиырға апарып бердің шауып жүріп. Қауын жүйегі суға толғанда құлағын жабуға топырақ тасыдың ерінбей. Бұл – үлкен қолғабыс!
Ілиястың атасы жаз кезінде көкөністі беймарал жеп, бойы өсіп келе жатқан немересіне ықыластана қарап:
Көкөніс байлық – үш айлық,
Үш айдан соң шошайдық, – деп өлеңдете сөйлейді.
– Же, балам. Қазір көкөністі мейірлене жейтін кез. Енді бірер күндерден соң жүзім де піседі. Бәрінің де орны бар. Көкөніс – бойға қуат. Жазға еш уақыт жетпейді деуіміздің сыры да осында, – деп атасы қауынды әдемілеп тілгілеп жатты.
Жаз мезгілінде атасының бақшасынан бірінің ізін бірі суытпай шығып жатқан қияр, помидор, қауыннан қажетінше дәм татып жатқанына Ілияс әбден риза. (250 сөз)
Мысалы:
-
Әңгіме қай мезгілді айғақтайды?
-
Мәтін мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтел сәйкес келеді?
-
Ілияс атаға неліктен риза болды?
11-тапсырма
Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.
А) Тұрмысқа шықпаған бойжеткен барынша сәнді киінген.Камзолына сәнді ою-өрнек салынып, түрлі тастармен безендірілген.
Ә) Қазақ киімі аса шеберлікпен, әсемдікпен, талғаммен тігілген.Қыздар жазда тақия кисе,қыста бөрік киген.
Б) Шашына шашбау тағып, тақиясын үкімен әдемілеген.Қазақтың қызы биязылығымен, әдемілігімен көз тартатын болған.
В) Бұрыннан келе жатқан киім кию дәстүрі қазірге дейін жетті десек те болады.Қазақтарда қыз-келіншектердің киімі алуан түрлі болған. Бас киімнің өзі бойжеткеннің, келіншектің, әйелдің жасына қарай өзгеріп отырған.
Г) Келін болған кезде басына орамал салады.Қыздар мен келіншектердің ең сәнді киімдерінің бірі қосетек көйлек болған.
Ғ) Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналады.
1. Бұл мәтін не туралы?
а) қазақ қыздарының ұлттық киімдері туралы
ә) ұлдардың ұлттық киімдері туралы
б) ұлдардың киімі туралы
в) қыздардың көйлектері туралы
2. Қыз-келіншектердің киімдері қандай болған?
а) әдемі
ә) қызыл түсті
б) алуан түрлі
в) ұзын етекті
3.Бас киімнің өзі қалай өзгеріп отырған ?
а) бойжеткеннің
ә) келіншектің
б) әйелдің
в) бойжеткеннің, келіншектің, әйелдің жасына қарай
4. Қыздар жазда бастарына не киген ?
а) бөрік
ә) жаулық таққан
б) тақия
в) тымақ
5. Қазақтың қызы несімен көз тартатын болған?
а) әдемілігімен
ә) салмақты мінезімен
б) мейірімділігімен
в) сыпайлығымен
12-тапсырма
Мәтінді оқып, кесте толтырыңыздар Кейіпкердің іс-әрекетін анықтаңыздар. Шағын топтарға бөлініп, кейіпкерлер әрекетін талқылаңыздар. «Мәліметтер кестесі» толтырыңыз.
Бекзаттың атасы алыстағы ауылда тұрады. Бұрын қалаға келіп тұрушы еді. Соңғы кездері бірлі-жарым малына қарап, үйден шыға алмай жүр. «Демалыс кезінде келерсің» деп жазады әр хатында атасы. «Ата, дем алатын кез де таяу, барып қайтам, шын сөзім» деп жауап қатады Бекзат та.
Атасына берген уәдесін орындауға асыққаны соншалық оқу жылы біткен күннің ертесіне-ақ Бекзат жолға шықты. Ауылдағы атасын көріп, мауқын басып, дастархан басында әңгімелесті. Сүт қатқан шай ішті, тілді үйірер ірімшік жеді, таңдайына бал боп тиген май талқаннан ауыз тиді.
– Немереңіз келіп, көзайым болдыңыз ба? – деп ауыл адамдары әп - сәтте үй ішіне лық толды.
– Ә, қуанышта шек жоқ. Атасын ұмытпаған Бекзаттың қадамына гүл бітсін. Бір жасы мың болсын, – деп атасының көңілі көтеріңкі.
Көңілді отырыс түннің бір уағына дейін созылды. Ерте сойылған қой еті қазаннан түсіріліп, жөн сұрай келген ауылдастарының алдына тартылды.
– Әңгімеге көңіл бөліп, әрдайым мән-жайды аңғармайсың, – деп ауылдың үлкендерінің бірі Бекзатқа қой басының құлағын кесіп берді. – Ал, жей ғой, балам.
– Рахмет, ата, – деді Бекзат ақ сақалды қарияның ұсынған қолынан сыбағасын алып
Ертеңіне атасын көрші қонаққа шақырды. Бекзатты да шақырды. Дастархан басында күні кешегідей көпшілік. Шайды сораптап, нанды үзіп жеп, әңгіме-дүкен құруда. Бекзаттың атасы сөйлегенде, өзгелері тыңдай қалады, сабыр сақтайды.
Тамақ желініп болған соң, атасы мен немересі үйге қайтты.
– Мінеки, балам, ауылдың көне, әрі ғибратты салтының бірі осы. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ауыл ағасы алдынан шығады» деген.
«Мәліметтер кестесі»
|
Оқиға |
Кейіпкер іс-әрекеті |
|
|
|
13-тапсырма
«Кәне, қайтала»
Мәтінді оқып шығып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз. Сұрақтарды топ басшысына береді. Барлық сұрақтарды жинап алған соң, әр топтан бір оқушы алып, сұраққа жауап береді. Сұрақ жауабы бойынша мәтін мазмұнын айтып шығады.
Қойшы созалаңдай белін ұстап орнынан тұрды, белі шойырылғандай ұйып қалған екен. Еңкең қағып, аяғын сүйрете басып, жусаған қойдың арғы жағына шықты. Орағыта шықты да, таудың артын жап-жарық қылып найқалып, көтеріле алмай тұрған буаз айға қарағысы келді-ақ, ай әлі тумаған өліара мезгіл есіне түсті. Сағынғаны ғой. Ол сағынған сайын, жарықтық айдың нұрына іңкәр болатын. Оның ең бір жек көретіні — айсыз қараңғы өліара мезгіл. Тағы да аспан жарқ етті де , құс жолы шаңытып кеткен сықылданды. Батыстағы бағана пайда болған қап- қара бұлт бірте - бірте далия ұлғайып, жаудыркөз жұлдыздарды қымтай, балалап келеді. «Ғажап, жұлдыздар секіріп - секіріп жерге түсіп жатқан секілді». Уа, құдай-ау, жұлдыздар жауып жатқан секілді. Алақанымды тосайыншы, бірі түсер ме екен. Әй, түспейді ғой . Қатты бір нөсердің ұшығын аңғартқандай, теріскейден жел тұрды. Қосқа құлап кетердей мінбелеп тұрған орманнан қара құс сұңқылдады. Күрт- күрт оттап жүрген шолақ торы ішін тартты. Ай жарықтық бұлт бүркемей жарқ етіп, ажарымды танытып қалайын деді ме, әп - сәтте шелейе дөңгеленіп шыға келгендей сезілді.
Сұрақтар:
-
Қойшы неге белін ұстайды?
-
Қойшының есіне қай мезгіл түсті?
-
Қойшы нені сағынды?
-
Жек көретін мезгілі?
-
Қойшы қандай құбылысты тамашалап тұрды?
-
Алақанына не түсер деп күтті?
Оқылым тапсырмаларымен жұмыс жасауда оқушының уәжедемесін, белсенділігін туғызуда басқа да көптеген ойын түрлерін қолдану да өз нәтижесін береді. Мысалы:
-
«Тізбек» ойыны. Екі командаға мәтін мазмұнын тізбекті түрде айтып
шығу тапсырылады. Мәтін мазмұнын сақтай отырып, тез айтып шыққан топ жеңіске жетеді.
-
«Анықтама бюросы» ойыны. Қатысушылар мәтіндерді қарап шығып,
туристерге керек ақпаратты айтып беру керек. Ақпарат әртүрлі болуы мүмкін. Қала туралы, дәріхана туралы, мұражайлар туралы. Ол тақырыпқа, сабақ мақсатына қарап өзгеріп отырады.
-
«Қателескен мұғалім» стратегиясы
Мұғалім мәтінді оқу барысында әдейі қате жібереді. Оқушылар мәтінді көзбен шолып отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстап отыруы керек. Мұғалім қате жіберетіндіктен оқушылар мәтінді мұқият оқып отырады.
-
«Үш жақты күнделік» стратегиясы
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.
|
Мәтіннен ерекше әсер еткен дәйексөз |
Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой туындады? Және соған қатысты қандай сұрақ туындады? |
«Мұғалімге хат» Сұрақтар |
|
|
|
|
-
Оқылатын мәтін таныстырылады.
-
Мәтін оқу барысында әрқайсысы жек күнделік толтырады.
-
Жұмыс нәтижесін топта талқылайды.
-
Сөйлемнен алынып тасталған сөздердің орынын толтыру
Мәтіндегі қалдырып кеткен сөздердің орынын толтырады. Тапсырмада қалдырып кеткен сөздер беттің төменгі бөлігінде орналастырылуы мүмкін.
Мысалы:
Гвинеяның _______ өте ыстық, ылғалды болады. Сәуір айында __________ өзінде күннің ыстықтығы 32 градус. Сәуір - мамыр айынан басталатын жауын қазан – қараша айларына дейін тоқтаусыз _______ жауады да тұрады. Біздің барған тұсымыз ____________ аз да болса самалы бар, салқын лебі бар кез.
Керекті сөздер: дүркін-дүркін, Африка жерінде, климаты, көлеңкенің
Оқылым дағдысы бойынша құрылатын тест тапсырмаларына талдау үлгісі
1-мәтін
Маған ұлттық киімдер өте ұнайды. Себебі мен өзім қазақ театрында жұмыс істегендіктен, біз сахналық қойылымның бәріне де ұлттық киіммен шығамыз. Ұлттық киімдерді түрлі мерекелік кештерге, тойларға, концерт, сахналық қойылым қойғанда киіп шығуға болады. Қазақтың ұлттық киімдері түрлі ою-өрнекпен тігіледі. Әйелдердің ұлттық киімдеріне арнайы сырға, моншақ, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар қоса тағылады.
-
Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.
А) Қазақтың көйлегі мен камзолы әдемі көрінеді.
В) Мен сахналық қойылымдарға ұлттық киім киемін.
С) Маған ұлттық киімді әшекеймен қоса тағу өте ұнайды.
Д) Қазақтың ұлттық киімдері түрлі ою-өрнексіз болады.
Түсінік
-
Қазақтың көйлегі мен камзолы әдемі екені рас, бірақ мәтінде ол ақпарат қамтылмаған.
-
Мәтін бойынша ұлттық киімді театрдағы қойылымдардың бәріне киеміз деген ақпарат береді.
-
Мәтінде әйелдердің ұлттық киімдеріне арнайы сырға, моншақ, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар қоса тағылады деген жалпы ақпарат берілген, ал оның әшекейді ұнататыны жайлы нақты ақпарат берілмеген.
-
Мәтінде қазақтың ұлттық киімдері түрлі ою-өрнекпен тігіледі деп анық көрсетілген.
Ескерту
Тест тапсырмасында мәтін мазмұнына сәйкес келетін жауапты табу қажет. Жауаптардың үшеуіндегі ақпарат мәтін мазмұнына сәйкес емес, бір жауап мәтін мазмұнына сәйкес келеді. Сәйкес келмейтін жауаптарда мәтінде бар сөз бен сөз тіркестері алынуы мүмкін, бірақ мағынасы бойынша дұрыс болмайды.
Бұл тапсырмада оқылым дағыдысының мына бөліктерін бағалайды:
-
Мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну;
-
Мәтіндегі ақпаратты нақты және дәл түсіну;
-
Мәтіндегі сөздердің баламасын дұрыс пайдалану;
-
Мәтін бөліктері бойынша берілген ақпаратты дұрыс түсіну.
-
Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) ою-өрнек, сахна, ұлттық киім
В) әшекей бұйымдар, ою-өрнек, театр
С) әшекей бұйымдар, ою-өрнек, моншақ
Д) ұлттық киім, қойылым, әшекей бұйымдар
Түсінік
-
«ою-өрнек», «сахна» мәтін мазмұнындағы негізгі ойды білдірмейді. Мұндағы «ұлттық киім» тіркесі жалғыз тұрып тірек бола алмайды.
-
Мәтін бойынша берілген «әшекей бұйымдар» деген тіркес тірек болғанымен, «театр», ою-өрнек» сөздері негізгі ойды білдіріп тұрған жоқ.
-
«әшекей бұйымдар» тірек сөз болып табылғанымен, «ою-өрнек», «моншақ» сөздері тірек сөз болып табылмайды.
-
Мәтіндегі «ұлттық киім», «қойылым», «әшекей бұйымдар» сөздерінің қатары мәтіннің негізгі ойын бере отырып, тірек сөздер бола алады.
Ескерту
Тапсырма мәтінде жиі пайдаланылған, негізгі ақпаратты білдіретін, мәтін құрауға тірек болып тұрған сөздерді таңдауды талап етеді. Дұрыс жауапты ғана білдіретін сөздердің барлығы тірек сөз болып табылады.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты табу;
-
Мәтіндегі тірек сөздерді таба алу;
-
Мәтіндегі тірек сөздердің мағынасын толық және нақты түсіну;
-
Мәтіндегі тірек сөздердің баламасын таба білу;
-
Берілген сөздерді мәтін мазмұнымен салыстыру, ақпаратты жүйелеу.
-
Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Театрда қандай қойылым болады?
В) Ұлттық киімдерді қайда киюге болады?
С) Мерекелік концерттерге ұлттық киімді кімдер киіп шықты?
Д) Тойға сыйлық ретінде сырға, моншақ, білезікті береді ме?
Түсінік
-
Мәтінде оның театрда істейтіні айтылғанымен, театрда болатын қойылым жайлы ақпарат жоқ.
-
Мәтінде ұлттық киімдерді мерекелік кештерге, тойларға, концерт, сахналық қойылым қойғанда киюге болатыны жайлы нақты ақпарат келтірілген.
-
Мәтін мазмұны бойынша ұлттық киімдерді мерекелік кеште кімдердің кигені жайлы ақпарат берілмейді.
-
Мәтінде киімге арнайы сырға, моншақ, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар қоса тағылады деп көрсеткенімен, оны тойға сыйлық ретінде апаруға болатыны айтылмаған.
Ескерту
Тапсырма мәтінде жауабы бар сұрақты таңдауды талап етеді. Берілген сұрақтардың үшеуі мәтін мазмұнына сәйкес келмейді, біреуі мәтін мазмұнына сәйкес келеді. Берілген сұрақтарды мәтін мазмұнымен салыстыра отырып жауабы бар сұрақты табуға болады.
Оқылым дағдысы арқылы оқу сауаттылығына дайындық жұмыстарына бағытталған тест тапсырмалары
1-мәтін
Қорғалжын мемлекеттік қорығының көлдер жүйесі дүние жүзі мен жергілікті ғалымдар, биолог, эколог, оқушылар, студенттер, туристердің қызығушылығын туғызатын Қазақстанның ерекше қорғалатын інжу-маржаны болып табылады. Мысалы, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтары 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. 2000 жылы Теңіз көлі «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне енсе, 2007 жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді. 2008 жылдың маусымында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Орталық Азиядағы алғашқы нысандардың бірі болып ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енгізілді. Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады. Бұған қоса қорық аумағының ұзақ уақыт бойы қорғауда болуы тұмса табиғатты бастапқы күйінде сақтауға мүмкіндік берді. Аталған табиғи жағдайлар аумақты рекреациялық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.
1.Мәтін қай стильде жазылған?
А) публицистикалық стиль
В) ғылыми стиль
С) көркем әдебиет стилі
Д) ресми-ісқағаздар стилі
Е) ауыз екі сөйлеу стилі
2. 2008 жылы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы қандай тізімге енгізілді?
А) «Тірі көлдер» деп аталатын әлемнің бірегей көлдері жүйесіне
В) Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің сулы-батпақты аумақтарына
С) Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарына
Д) ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне
Е) Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа
3. Берілген үзінді мәтіннен алынған ба?
Қорық аумағының қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқан ішкі континенталды сулары; құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдарының қиылысқан жерінде орналасуы, далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездесуі, сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған құстардан тұратын биоәртүрліліктің молдығының ерекшеліктері қалыптастырады.
А) Иә
В) жоқ
4. Қай жылы Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Ассоциациясының бастамасымен Қорғалжын мемлекеттік қорығы халықаралық дәрежедегі маңызды орнитологиялық аумақтар тізіміне енгізілді.
А) 2000 В) 2007 С) 1974 Д) 2018 Е) 2015
5. Қорық 1974 жылы сулы-батпақты аумақтар туралы Рамсар конвенциясына сәйкес ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты аумаққа жатқызылды. Себебі:
А) жойылып кету қаупі төніп тұрғандықтан
В) далалық, шалғындық, галофитті және су қауымдастықтарының қатар кездескендіктен
С) сулы-батпақты аумаққа жататындықтан
Д) құстардың Орталық-Азиялық және Сібірлік-Оңтүстік еуропалық ұшу жолдары қиылысқандықтан
Е) қайталанбас бірегейлігін шөлейтті аумақта орналасқандықтан
2-мәтін.
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.
Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.
Рекреация — күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.
Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, климатпен емдейтін болып екіге бөлінеді.
1.Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер қалай аталады?
А) курорттық аудан
В) санаторий
С) рекреациялық аудан
Д) сауықтыру орталығы
Е) шипажайлы аудан
2. Берілген сөйлем мәтінмен сәйкес келе ме?
Қазір Республикамызда 150-ден астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.
А) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 130 курорт бар делінген
В) сәйкес келеді, бірақ мәтінде 110 курорт бар делінген
С) сәйкес келмейді
Д) сәйкес келеді
Е) сәйкес келеді бірақ, мәтінде қателік кеткен
3. Тиісті сөзді қойыңыз
Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен, ............ емдейтін болып үшке бөлінеді.
А) ауамен
В) дәрі-дәрмекпен
С) тамақпен
Д) диетамен
Е) климатпен
4. Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары қай жылдары ашылды?
А) 1920-1925 В) 1834-1880 С) 1925-1930 Д) 1915-1920 Е) 1910-1920
5. ХІХ ғасырдың орта кезінде қандай мәліметтер белгілі бола бастайды?
А) Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы
В) Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер
С) Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлер
Д) Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері
Е) Табиғаты ғажап әдемі жерлер
3-мәтін.
Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жераралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерд ікөріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек.Осы орайда Пауло Коэльо мынадай саяхат ережелерін ұсынған:
-
Ойын-сауық орталықтарына бар.Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз
өмірін көре аласың, ой түйесің. Ойын-сауық дегенде, би кештері өтетін немесе адамдар ішетін жер емес, жергілікті тұрғындар, қарапайым халық жиналатын орта айтылып тұр. Газет сатып ал да, орындыққа жайғас, өткен кеткендерді сырттай бақылап көр. Біреу сені сөзге тартқан болса, барыңды салып, сөйлесіп көр.
-
Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте
істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады. Жақсы адамдар кездесіп жатса, бір күн бойы кез келген сауалыңа жауап алып, ең жақсы жерлермен серуендей аласың.
-
Салыстырма.Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа,
өмір сапасына, транспортқа. Ешбіріне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене таныс, үйренетіңді алып, жиренетініңнен бас тарт!
-
Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы
болма. Пауло Коэльо көптеген елдерде болды. Ол сол елдің бірауыз сөзін білмесе де, әрдайым көмек қолын созатындарды тапты. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды. Өзің тоқтаған қонақ үйдің визитті картасы қалтаңда болса – қорқатын дәнеме жоқ. Кез келген жүргізушіге көрсетсең, керек жеріңе уақытында жеткізеді.
-
Саяхат – бұл шытырман оқиғалар.Бірақ жаттанды жолдармен жүру –
жаңалық емес. Өзіңді еркін сезін, өзің әлі білмейтін дүниені іздеп тап, бұл сенің өміріңді өзгертуі мүмкін…
1. Кім әлем елдеріне саяхат жасау үшін ереже ұсынды
А) Джек Лондон В) Эймел Риос С) Пауло Коэльо Д) Антон Митин Е) Фридрих Генри
2. Нешінші ереже?
Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. Ешбіріне! Сен өзіңнің жақсы өмір сүретініңді дәлелдеу үшін саяхат жасамайсың. Өзгенің өмірімен етене таныс, үйренетіңді алып, жиренетініңнен бас тарт!
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5
3. Ең мықты гид-
А) көлік жүргізушісі
В) сол ауданның әкімі
С) оқытушы
Д) жергілікті тұрғын
Е) көшедегі жаяу жүргінші
4. Қай ережелерде кездеседі?
Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды.
Өзіңді еркін сезін.
А) бірінші, екінші В) екінші, үшінші С) үшінші, төртінші Д) төртінші, бесінші Е) бесінші, бірінші
5. Ережелерде кездесетін сұрақ?
А) Сен ағылшын тілін білесің бе?
В) Қайда баруға болады?
С) Маған жол көрсете аласыз ба?
Д) Қай көшеде тұрмын?
Е) мен баратын жер алыс па?
4-мәтін
Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп
атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.
Зайсан көлі,
әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз
теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк
құрақ.
Құсы көп,
әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа
салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда
шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар
мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық,
сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай
еді.
1.
Жағдаяттық
тапсырма
Екінші
абзацта не туралы
айтылған?
A)Көлді
мекендейтін жәндіктер
туралы
B)Көлдегі
балықтар туралы
C)Көлдің көлемі
туралы
D)Көл атауы
туралы
E)Қамысты
құрақтағы құстар
туралы
2.
Жағдаяттық тапсырма
Көлдің
«Қоңыраулы көл» аталуының себебі
неде?
A)Көлде жүзген
құс үнінің жағымдылығына
байланысты.
B)Көлдің
әдемілігіне
байланысты
C)Көк
толқындардың жылдамдығына
байланысты
D)Көлден шыққан
ерекше дыбысқа
байланысты
E)Көл
толқындарының бұйралығына
байланысты
5-мәтін
Ажал аузындағы махаббат
Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.
Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.
Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиып қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтыйық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтып кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп-сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан-таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты. Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен. Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.
1. Қыз неге назаланады?
А) ғашығына көңілі толмай
В) жігіті ренжіте береді
С) теңізге шыққанына
Д) қиындықта сыналғанына
Е) дауылға
2. Олар қалай аман қалды?
А) қайықтың сынық ағашын ұстап
В) кемедегілер көмектесті
С) малтып аман қалады
Д) тасты ұстап аман қалады
Е) акула көмектеседі
3. Қыз жігітін қалай сынайды?
А) «мені құтқар» дейді
В) «қалай құтыламыз» дейді
С) «сен қорқасың ба?» дейді
Д) «тез кемеге жетейік» дейді
Е) «мен сені сүймеймін» дейді
4. қызды жігіт қалай құтқарды?
А) кемеге жеткізді
В) итеріп жіберді
С) құтқарған жоқ
Д) білегін тіліп жіберді
Е) акуланы өлтірді
5. жігіт неге құрбан болды?
А) жүрегі сүйіспеншілікке толы болды
В) қорқып қашты
С) әлжуас болды
Д) ерлік көрсетті
Е) махаббатын дәлелдегісі келді
6-мәтін
Сөзден тосылу
Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да: - Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді.Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып: - Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:
- Ақ зат асыл ғой, - деді.
- Неге, қара зат асыл емес пе? – дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:
- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:
- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе, - дедім, - Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
Сонда Әбіш:
- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - Ақылмен білдім, - дедім мен.
- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма?- деді.
Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.
1. Басты кейіпкерлер кімдер?
А) Абай мен Наушабай
В) Наушабай мен Әбіш
С) Абай мен Әбдірахман
Д) Әбдірахман мен Әбіш
Е) Наушабай
2. Әбіш демалысқа қайдан келді?
А) Семейден
В) Петербордан
С) Санкт Петербург
Д) Омбыдан
Е) Петербурдан
3. Қараның екінші қасиеті
А) сақал- шаш қара болады
В) көздің қарашығы қара
С) сия қара
Д) қара сиядан өнер- білім алады
Е) қара әдемі түс
4. Әңгімедегі жалқы есімдерді ата
А) ақ-қара
В) сақал- шаш
С) Наушабай, ақыл
Д) Абай мен сөз
Е) Абай, Әбіш, Наушабай
5. Бұл әңгімеден не түйдің?
А) жас жігіт бәрін біледі
В) Абайдан баласы ақылды
С) көп оқыған адам біледі
Д) Әбіш тапқыр
Е) көпті көрген адам бәрін біледі
7-мәтін
Патшаның қызы неге бақытсыз?..
Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның
дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен
патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты.
Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде
жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне
түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі
сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын
сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна
сияқты.
Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен
қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», —
деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді
дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол
күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір
сүріпті.
1. Патшаға кім келді?
А) емші
В) білгір
С) білімді адам
Д) қу адам
Е) бақсы
2.Қыздар не істеп жүр?
А) ерігіп жүр
В) қайғырып жүр
С) дәптерге жамандықтарды жазып жүр
Д) дәптерге көргендерін жазып жүр
Е) дәптерге жақсылықтарды жазып жүр
3. Үлкен қыз қалай қуанды?
А) жақсылықтар есіне түсіп
В) жамандықтардан құтылып
С) дәптерді ауыстырып
Д) саяхатшыны көріп
Е) әкесінің сөзінен кейін
4.Өзің осы ертегіден не түйдің?
А) үнемі көңілді жүру керек
В) жақсылық жасау керек
С) білімді болу керек
Д) дәптерге көргеніңді жазу керек
Е) жақсылықты білу керек
5. Неліктен үлкен қыз өзінің дәптерін ауыстырып қойғанын білмеді?
А) сарайдағылар екеуіне бірдей қарағандықтан
В) екі дәптер бірдей болғандықтан
С) әкесі екеуін де жақсы көргендіктен
Д) жазулары бірдей болғандықтан
Е) ұйқысы қанбағандықтан
8-мәтін
Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»
Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнан да артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, "Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және басын жоғары көтерген тәкаппарлықтың әлек болғанынкөзіммен көрдім" деп әрдайым айтушы еді.
1. Америка жұртының даңқты білім иесі, Вениамин Франклин жас күнінде, не себепті Медера қаласына келді деп ойлайсыздар?
А) Бір қарт адамға қонақ болып келді.
В) Қарттың немересі болатын
С) Қартты қарттар күнімен құттықтайын деген мақсатпен
D) Қарт көмекке шақырған еді
Е) Америкаға қонақ болып келді.
2. Франклин мен қарт сөйлесіп келе жатады, сол кезде Франклинге қарттың ескерткен сөзін мәтінге сүйене отырып себебін табыңыз.
А) Ұмытпағайсың, сен жассың
В) Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың.
С) Өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстама
D) Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр
3. Мәтінде қарт шал Вениямин Франклинге айтқан кеңесін дұрыс деп ойлайсыз ба?
А) Иә, дұрыс, өйткені кішіпейіл болу керек
В) Жоқ, еңкейген сайын басыну көбейеді.
С) Иә, себебі ол қария.
D) Жоқ, келіспеймін.
Е) Жоқ, әркімнің сөзін тыңдамай, алған беттен таймау керек
9-мәтін
Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайтакеліпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемейді, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті.
Үй иесі өкпелеп: - Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа: - Cен мені сыйламайсың, киімді
сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой, - деп
жауап беріпті.
1. Мәтінге қандай ат
лайықты?
А) Байдың үйі
В) Қожанасырдың тойға баруы
С) Қожекеңнің киімі
Д) Байдың өкпелеуі
Е)
Шапан
2. Қожаның мінезіне лайық сөздерді
табыңыз.
А) өсекші, өтірікші, қатал, сараң
В) тапқыр, ақылды, қу, әділ
С) білімді, жуас, тұйық, қыңыр
Д) іскер, пысық, алаяқ, арам
Е) еріншек, момын, бос кеуде
3. Мәтінге сәйкес мақалды
белгілеңіз.
А) Үйінде қартың болса — асыл қазынаң
В) Үй баласымен базарлы, қонағымен ажарлы
С) Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Д) Үйің жаман болса, күйің жаман
Е) Ақылдытқария – ағып жатқан дария
4. Мәтінге сәйкес сөйлемді
табыңыз.
А) Бай кедейлерді менсінбейді.
В) Қожанасыр байды қатты сыйлайды.
С) Бай адамның бәріне бірдей қарайды.
Д) Қонаққа нашар киіммен барған дұрыс.
Е) Қонаққа шақырусыз барған жөн.
5. Мәтінде қандай қазақ ұлттық киімі туралы
айтылған?
А) тақия
В) тон
С) шапан
Д) мәсі
Е) күпі
10-мәтін
1.Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады.
2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.
3.Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін. -А.Ә.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:
– Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп елші арқылы сәлем айтады.
4. Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.
5. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирга елші жіберіп:
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сәлемін жеткізеді. Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.
-
Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын
бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен.
1. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A) Кирдің жеңісін мақтан ету
B) Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу
C) Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту
D) Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту
E) Парсы патшасының батылдығын насихаттау
2. Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды?
A) Соғыс күші жетіспегендіктен
B) Қиян-кескі ұрыс болғандықтан
C) Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан
D) Батырлар жеңісін тойлағандықтан
E) Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан
3. Кир қандай патша?
A) Ақымақ
B) Ақылды
C) Батыл
D) Ашкөз
E) Ержүрек
4. Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан
көрінеді?
A) Үшінші
B) Екінші
C) Бесінші
D) Төртінші
E) Бірінші
5. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
B) Ойды дамытады
C) Ойды қорытындылайды
D) Ойды пайымдайды
E) Ойды тұжырымдайды
6. Кир неліктен Томириске құда түсті?
A) Сұлулығына көзі түсті
B) Сақ елін иеленгісі келді
C) Қамқор болғысы келді
D) Ессіз ғашық болды
7. Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты?
A) Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан
B) Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен
C) Соғысқа дайын болғандықтан
D) Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен
E) Кирді ұнатпағандықтан
8. Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті?
1.Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін
2.Сертін орындау үшін
3.Ұлының кегін алу үшін
A) Біріншісі дұрыс
B) Барлығы бұрыс
D) Екіншісі дұрыс
E) Үшіншісі дұрыс
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016.
-
Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Алматы: «Білім» баспасы. 2007.- 112 бет:
-
Бөкей О. Қайдасың, қасқа құлыным. Алматы: «Жазушы» баспасы. 1973 ж.
-
Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы: «Қазақ университеті», 1993 ж.
-
Қайсенов Қ. Ағалар туралы аңыз. Алматы: «Балауса» баспасы. 1992 ж
-
Құмарбекұлы М. Тауқымет. Өскемен «Базальт» баспаханасы 2003 ж.
-
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. «Сөздік-Словарь» 2005.
-
Ысқақов Қ. Тұйық. Алматы: «Жазушы» баспасы. 1975 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз