Оқылым дегеніміз не?
Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Яғни оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтуда гөрі, оған жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда жазба тілдегі мәтінді түсіну. Ол үшін біз мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтастай мәтін деңгейінде түсіне алуымыз қажет. Сонымен қатар мәтінде берілген ақпараттарды түсіну үшін ғалам туралы білімімізді қолданамыз. Оқылымның ішкі дағдылары: Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу (skimming) – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу. Детальді түрде оқу - әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз. Сөз мағынасын контекстен ажырату - мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну (болжау) үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару. Мәтін құрылымын түсіну – мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. Болжай білу – оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі. Мәтін түрлерін ажырата білу – әр мәтіннің өзіне тән ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ (листовка), хабарландыру, т.б. 11Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман, әңгіме) оқу. Интенсивті оқылым – мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу. Мұндағы мақсат оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану • Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) өз ана тілінде меңгерген болса, онда оқушыға ол дағдыларды екінші тілде қолдану оңайға түседі. Оларды екінші тілде қалыптастыру көп жағдайларда қиынға түседі. Сол себепті төрт тілдік дағдыны әуелі ана тілінде қалыптастырған дұрыс. • Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін пайдаландыру мақсатында сабақтың кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін. Сонымен қатар миға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар, сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру. • Сонымен қатар мәтін оқушылардың жасына, тілдік деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылыс тым күрделі болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін. • Оқылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей: Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою. Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс. Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек. Оқылым дағдысына арналған сабақ үлгісі: Жаңа сөздер: байғазы, сәлемдеме, сарқыт, бата беру, құрметтеу, көрімдік. Кіріспе сұрақтар: 1. Әдептілік, сыпайылық дегенді қалай түсінесіздер? 2. Әдет-ғұрып дегенді қалай түсінесіздер? 3. Мәтін не туралы болуы мүмкін? Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы 1. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады. 2. Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек — Қазеке, Диқан — Дәке, Бауыржан — Бауке сияқты айтылады. 3. Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын. 124. Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайнағаларының көзіне түспеуге тырысқан. 5. Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан сыртқа қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге болмайтын. 6. Алыс сапардан немесе базардан қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған. 7. Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Яғни, үйде қалған адамдар сарқыттан дәм татып, өздерін тойда болғандай сезінеді. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, қазы-қарта, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған. Сәлемдемені алған адамдар шын ниетімен разы болып, ізгі батасын беретін. 8. Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметті орындарға, төрге шығарылады. Жиналыстарда олар елеулі рөл атқарады. Жастар олардың айтқан сөзін жерге тастамай, мүлтіксіз орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапаттың белгісі саналатын. Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешқашан отырмайтын. 9. Жас адамның үлкен кісінің алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп есептелінетін. Бұл ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтпеуіне де қатысты болатын. Жасы кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруі барып тұрған әдепсіздік ретінде тыйым салынатын. Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге ешқашан рұқсат етілмейтін. Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтіп, ақ батасын алатын. Қазақтар жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да тілейтін. 10. Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам өзгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді. Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады. (материал http://kk.wikipedia.org сайтынан алынды.) 1. Төмендегі бөлім аттарын бөлім нөмірлерімен сәйкестендіріп көр! (Жалпы түсінік алу үшін оқу) a. b. c. d. e. f. g. h. i. j. Жас келіннің құрметі Бата – ізгі тілек белгісі Үлкеннің жолын кеспеу Жасы кішінің міндеті «Әке» сөзінің құрметі Дала заңы Сәлемдеме Үлкенге құрмет Сәлем - сөздің атасы Байғазы 132. Төмендегі сөйлемдерді оқи отырып, «шын» немесе «жалған» сөзімен жауап беріп көр! (Нақты ақпараттарды табу үшін оқу) a) Жасы үлкен кісі оған «Уағалайкүмассалам!» деп жауап береді. b) Күйеуі іні-қарындастарына шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. c) Ер азаматы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. d) Ауыл қарттары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасамайтын. e) Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойлардан сарқыт ала келетін f) Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешуақытта отырмайтын. g) Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге әрқашан рұқсат берілетін. h) Онда бата беруші адам ізгі жақсылық, табыс тілейді. 3. a. b. c. d. e. Тобыңмен талқылап, пікіріңді ортаға салып көр! Жоғарыда аталған әдет-ғұрыптардан өзіңе жақсы таныс үшеуін атап көр! Өзіңді таң қалдырған дәстүрлерді атап көр! Жас кіші үлкендердің алдында өзін қалай ұстауы қажет? Ата-әжелеріңе немесе жасы үлкен аға-апаларыңа қандай құрмет көрсетесің? Үлкенге құрмет көрсету не үшін қажет деп ойлайсың? Оқылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар үлгілері Оқылымның ішкі дағдыларын қалыптастыру үшін белігілі бір тапсырма түрі таңдалады. Тапсырма түрлерін ұсынудағы мақсат біріншіден, оқылым дағдыларын терең қалыптастыруға мүмкіндік беру, ал екіншіден, оқушыны бір ғана тапсырма түрімен жалықтырып алмау. Төменде ұсынылған тапсырма түрлері «Reading, Skills for First Certificate» (Malcolm Mann & Steve Taylore-Knowles, 2003) оқулығынан мысал ретінде алынды. Жалпы мазмұнын түсінуге арналған тапсырма түрлері Мына тақырыптардың қайсысы мәтінге сәйкес келеді a) Джинсы шалбардың түрлері b) Джинсы шалбардың шығу тарихы c) Джинсы шалбар таңдаудың ерекшеліктері d) Таңдаулы джинсы шалбарлар Төмендегі тақырыптарды абзацтармен сәйкестендіріп көр! Екеуі артық I. Қазақтың салт-дәстүрлері II. III. Ұмыт болып бара жатқан тағамдар Ас – құрмет, ас – мырзалық. IV. Асты дайындау жолдары V. Ұлттық тағам түрлері мен пайдасы VI. Шет елден келген ас өнімдері 1. Абзац А - 2. 3. Абзац В Абзац С - 4. Абзац D -
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану

шағым қалдыра аласыз