Оқылым стратегиялары – әртүрлі жанрдағы мәтіндерді қиындықсыз түсінуге көмектесетін тәсілдер. Оқылым стратегиясы ең бастысы «мен мәтінді не үшін оқимын» және «қалай оқимын» деген сұрақтарға жауап беруі қажет.
Оқылымның стратегияларын қарастырып көрейік:
Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу. Мысалы: «Бейбітшілік –ортақ еңбектің жемісі» мәтінінде логикалық оймен өзара байланысқан 4 азат жол бар.
1-азат жол. Мәтіннің басы. Бейбіт өмір өрлеу мен өркендеуге жол ашады.
2-азат жол. «Мәңгілік Ел» атанған Қазақстан – әлем елдерімен терезесі тең тұратын бейбітшіл тәуелсіз мемлекет.
3-азат жол. Этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі.
4-азат жол. Мәтіннің соңында. Қазақстан әлемдегі саяси, қауіпсіздік, экономикалық, экологиялық мәселелерге қатысты бастама көтеріп, оны шешу жолын ұсынып келетіні айтылады.
Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.
Көз жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу. Мысалы, мәтін не туралы? «Бейбітшілік үшін күрес» туралы немесе «Бейбітшілік үшін күрестің ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселесі» екендігі туралы:
-
Іріктеп оқу мәтіннен қажетті ақпараттың бар-жоғын анықтау үшін тақырыпшаларды, қосымша жазбаларды, графиктерді тез шолып қарап шығу. Қажетті ақпараттың барына көз жеткізген соң ғана мәтінді қайта оқу. Әдетте бұл тәсілді мақала немесе кез келген зерттеу жұмысы кезде пайдаланамыз. Себебі көп материал ішінен өзімізге қажетті ақпаратты таңдауға мүмкіндік береді. Материал ішінен қажетті ақпараттың бар-жоғына көз жеткізгенде ғана оны толық оқып пайдаланамыз.
-
Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.
-
Детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
-
Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
-
Талдап оқу стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.
-
Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.
-
Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.
Оқылым стратегиялары деген не?
Кез келген мәтінді оқып, ондағы ақпаратқа сенбес бұрын әр адам төрт сатылы сыни оқу стратегиясын қолдана білу тиіс: шолу, талдау, оқу және бағалау («Сыни оқу стратегиялары», Винсент Р.Pyггиepo, «Нью-Йорк мемлекеттік университетінің профессоры). Осындай сыни оқу стратегияларын қолдану арқылы сараптама жасау, сыни ойлау, талдау, салыстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндіктерің туады. Винсент Р.Pyггиepo зерттеп оқу стратегиясына басты назар аударса, ресейлік ғалымдар рөлге бөліп оқу, іріктеп оқу, түртіп оқу стратегиялары мәтінді тереңірек ұғынуға септігін тигізеді деп есептейді.
Оқылымның стратегиялары:
-
шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу;
-
болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау;
-
көз жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу;
-
зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады;
-
детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз;
-
түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу;
-
талдап оқу стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу;
-
астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау;
-
комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну;
-
рөлге бөліп оқу стратегиясы арқылы мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы саралау.
Мәтіннен үзінді
Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7-8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Насыр әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18-19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:
1) қадим мектептері – мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;

3) жәдит мектептері – әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.
Оқылым стратегияларын қолдана отырып, жоғарыдағы мәтінді талдау алгоритмі:
1. талдауды мәтіннің формасы мен жанрын анықтаудан баста (жазбаша, ақпараттық мәтін)
2. мәтін мақсаты мен көздеген аудиториясы қандай? (аудиториясы ауқымды, өйткені білім беру жүйесі, оқу-ағарту көпшілікке ортақ тақырып, ғаламдық тақырып )
3. стилін анықта, дәлелде. (публицистикалық стиль, БАҚ жариялануы, ғаламтордағы белгілі бір сайттар)
4. мәтін не туралы, мазмұнында қандай мәліметтер қамтылған? (Қазақстандағы оқу-ағарту жұмысының тарихы туралы айту)
5. автордың тілдік қолданысына назар аудар (нақты фактілер, деректерге сүйенген ақпараттар т.б)
6. мәтіннің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшелігіне көңіл аудар (деректер, фактілер, кәсіби сөздер, күрделі сөздер, термин сөздер, жалқы есімдер, )
7. мәтіннің құрылымын анықта. Абзац, логикалық тұтастық, тұтас, тұтас еместігі (мәтін тұтас емес, қорытынды жоқ, логикалық бірізділік бар)
8. көтерген мәселесіне байланысты авторға баға бер (дереккөздермен, ақпараттармен бөлісудегі нақтылық, жүйелі байланыстың болуы )
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқылым стратегияларын тиімді қолдану

шағым қалдыра аласыз