Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік одақ ынтымақтастығы»
(ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты:
-
қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату;
-
ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру;
-
ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу;
-
баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата-анамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу;
-
әдепті, байсалды бала ата-ананың қуанышы екеніне көз жеткізу;
-
ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу;
Қолданылатын дереккөздер: АКТ, презентациялық материалдар, плакат, маркер, құмсағат, тілек шамы.
Әдіс-тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы, психологиялық жаттығулар, постер қорғау, талдау, салыстыру, ой жинақтау, кері байланыс.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Қуаныш»
Мақсаты: қатысушыларды бір- біріне қуаныш сыйлауға үйрету.
Мұғалім әуен ырғағымен қатысушыларды көргеніне қуанышты екенін айтады. Содан соң, оң қолын жүрегінің тұсына қойып, қуаныш сыйлайды. Дәл осылай сол қолымен, одан кейін екі қолын кеудсіне қойып тілегін жалғастырады.
Осындай қимыл барысында қатысушылар ішкі тебіреністерді байқайды. Барлығы осы қимылды қайталайды. Олар бір- бірімен мейірімді қарым – қатынаста болып, айналасын қуанышқа бөлейді.
-
Құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымызға қатысып отырған қонақтар, сабағымызды бастамас бұрын мен бір сұраққа жауап алғым келіп тұр. Жалпы баланың жеке тұлға болып қалыптасуын, оның жан-жақты тәрбиелі болып шығуы үшін кімдердің ықпалы қажет деп ойлайсыз?
-
Олай болса, дәл қазір өтетін сабағымызда осы тұрғыда болмақ.
Топқа бөлу (суреттердің түріне қарай).
«Наши дети» бейне фильмін көріп, қатысушылардың ойын, пікірін тыңдау.
Ой жинақтау 3 топ 3 түрлі тақырыпта постер құрайды және қорғайды.
1- оқушы “Бала көзімен”(ата-анамен мұғалімге деген өздерінің көзқарастарын білдіреді).
2 – ата-ана «Кінәлі сөздер» «Шуақты сөздер»
Кінәлі сөздер
-
Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.
-
Неге сен басқа балалардай емессің?
-
Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.
-
Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
-
Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
«Шуақты сөздер»
-
«Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» — деп, үміт артуы керек.
-
«Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» — деп, сенім артуы керек.
3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » — деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
-
«Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».
-
«Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.
3 — ұстаз «Оқушы – ұстаз – ата-ана — үштік одақ ынтымақтастығы»
Ситуациялық сұрақтар.
Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.
-
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
-
Сіз мектепте «жұлдыз» ауруына ұшыраған оқушыңыздың теріс қылықтарын көріп қайта-қайта ескерту жасадыңыз, ертеңіне оқушының анасы мектепке келіп үстіңізден прокуратураға шағымданатынын айтты. Сіздің әрекетіңіз?
-
Тоқсандық қорытынды бойынша сен бір сабақтан үшке шықтың делік. Сенің іс-әрекетің?
«Байлаулы бала» (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
-
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
-
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
-
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
-
Балаңыз басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
-
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті
ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын,
«өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз
бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
Кері
байланыс: «Тілек
шамы».
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының
мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін
сеземіз.
Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.
Қорытынды
Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бірге
отырып, бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты жақсартуға күш
салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды,
мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.
Сіздерге айтар түйін сөзім:
Өмір — өзен тасқындап жататұғын,
Тағдыр — кеме, бұлғаққа салатұғын
Адамдар көп әркімнің сөзіне еріп
Бастауынан адасып қалатұғын..
-өмірдегі өз орындарыңызды, бастауларыңызды адаспай тауып, ағымның
арнасында бәріміз де шынайы, бек ләззатты сәттерге көп шомылайық!
Көрер қызықтарымыз мол болсын! -дей келе бүгінгі «Оқушы –
ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы» атты таным-тренинг
сабағымыз аяқталды.
,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік одақ ынтымақтастығы» (ата-аналарға арналған тренинг)

шағым қалдыра аласыз