Материалдар / Оқушы шығармашылығы. Әңгімелер. 4-сынып Бақытханова Ақниет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушы шығармашылығы. Әңгімелер. 4-сынып Бақытханова Ақниет

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы өзі құрастырған әңгімелер жинағы, бастауыш сынып оқушыларына оқуға арналған құрал. Тіл дамытуға, орыс тілді араластырып сөйлейтін балаларға тигізер көмегі орасан зор.қушылар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2019
2260
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КММ № 5 орта мектебі

4 «Б» сынып

Бақытханова Ақниет Қанатқызы



Әңгімелер


Жоғалған сөмке

Мари өзіне жаңа сөмке сатып алады. Ол келе жатып шаршап қалады да,демала тұру үшін ыңғайлы жерге жайғасып, ақыр аяғы ұйықтап кетеді. Сол сәтте мыстан кемпір оның сөмкесін ұрлап алады. Ұйқысынан оянған Мари сөмкесінің жоғалып кеткендігін байқап, жан-жағына қарап іздей бастайды. Ақыр аяғы құрбысына барып жаңадан сатып алған сөмкесі жоғалып кеткендігін айтады. Сонда оның құрбысы:

-Сен уайымдама. Мен сенің сөмкеңді кім ұрлағанын білемін. Оны осы жақта жүретін мыстан кемпір алып кеткен болар,-дейді. Шошып кеткен Мари:

-Мен сөмкемді қалай қайтарып алсам болады?-дейді ойланып.

-Мари, сен осында қал, ал мен сенің сөмкеңді қайтарып алып келетініме уәде берем,-деген Маридің құрбысы көше бойынан раушан гүлін теріп алып мыстан кемпірдің сарайына барады. Алдынан шыққан Мыстан кемпір оған қулана қарап:

-Сен не үшін келдің?-деп сұрайды. Ол көп ойланбастан:

-Сізге раушан гүлін тарту етейін деп едім,-дейді. Мыстан кемпір раушан гүлін қолына алып, құшырлана иіскейді де түшкіріп жіберіп, ғайып болып кетеді.

Сөмкені қолына ұстаған құрбысы Мариға қайтып оралып:

-Міне, сөмкең. Игілігіңе жарат!-дейді қуанышты үнмен. Маридың қуанышы қойнына сыймай:

-Рахмет, құрбым! Мен саған ризамын! Адал достық деген осы болар!-дейді.






Жеміс жидекті жек көретін әже


Баяғыда бір әже болыпты. Ол жеміс-жидектерді жек көреді екен. Бірде оның түсіне жемістер кіреді. Әже түсінде алманың дәмін жеп көреді.Жесе өте дәмді екен. Осы кезден бастап әже жеміс-жидектерді жейтін болыпты.


Қатал патша


Баяғыда бір патша болыпты. Ол өте қатал екен. Патша ашуланған кезде барлық нөкерлері оның айтқанын екетпейді екен. Бірде патша бір жарлық шығарады. Онысы елу жасқа толған кісілер бұл жерден кететін болады дейді. Кедейлер оны естіп қатты ашуланады. Кедейлер патшаның нөкерлеріне, неге бұлай болды? Біз қалай әкелерімізді қуамыз дейді. Сендер былай істеңдер-деп, кедейлерге айтады. Бұл патшаны алып жаңа мейірімді патша келсе қалай болады екен дейді. Ойлаған ойлары іске асып, қатал патшаның орнына жаңа мейірімді патша келеді. Жаңа патшамыздың арқасында барлығы сол жерде қалатын болды.




Күлмейтін қыз

Ертеде бір ханның қызы болыпты. Ол мүлдем күлмейді екен. Хан бәріне хабарлайды, егер кімде-кім менің қызымды күлдірсе соған байлығымның жартысын беремін дейді. Барлық адам оны күлдіртуге тырысады. Бірақ ешқандай адам оны күлдірте алмайды. Ең соңғы кезекте тұрған адам оны неше түрлі тәттілерімен күлдіреді. Осылай хан сол адамға байлығынын жартысын береді.Ханның қызы осыдан былай әрқашанда күлдіргі әңгіме айтып күліп жүретін болыпты.


Арыстан


Баяғыда бір арыстан өмір сүріпті. Оның бір әйелі, он баласы болыпты. Балаларының қатты қарны ашып қалады. Әкелері балаларының қарны ашып тұрғанын бірден біліп қояды. Арыстан балалары үшін, түнде жорыққа шығады. Балаларына азық тауып бергісі келеді. Арыстан бір жерге тоқтап қалады. Үстінен тер ағып әрең тұр. Жан жағына қараса көздері жылтыраған жануарлар оны айналып тұрып алады. Арыстан ойлайды, егер мен осы жануарлардың біреуін қуып ұстап алсам оны балаларыма апарам деп ойлайды. Арыстан біреуін ұстап алады. Оны алып балаларына апарып береді. Балалары қатты риза болып, рахметін айтады.



Үш қыз


Баяғыда апалы-сіңілі үш қыз болыпты. Олар күнделікті бақшаға келіп жеміс тереді. Бірде қыздар бақшаға барса ешқандай жеміс жоқ екен. Олар екінші рет барады. Барса тағы жоқ екен. Одан кейін сол бақшаға бір сиқыршы әйел келеді. Ол да онда жемістердің жоқ екенін көреді. Сөйтіп қыздар үшінші рет бақшаға барса, сол сиқыршы отыр екен. Қыздар сиқыршыдан сен кімсің?-деп олардан сұрайды.Қыздар қорықпаңдар мен сиқыршымын мұнда неге жеміс жоқ екенін білемін, бұның себебі аспанда күнде ұшып жүретін құстар жемістерді ұрлап кетеді. Менің айнам соны көрсетіп тұр. Қазір мен таяқшамды іске қосып, құстардан жемісті аламын. Таяқшасын жерге бір сермеп қалған кезде жемістердің бәрі жерге түседі. Осылай қыздар жемістерін қайтарып алады.




Кемпір мен шал


Баяғыда бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар хан мен ханшайымның қол астында жұмыс істепті. Ханшайым шалға бір жұмыс тапсырады. Ол далада тұрған жүктерді біздің сарайға көтеріп апар деп тапсырыпты. Ал сол жүктің ішінде хан мен ханшайымның асыл қазынасы бар екен. Сөйтіп шал қазынаны алып, ішіне басқа нәрсе салып қояды екен. Ханшайым тіпті ештеңе сезбей қалады. Сөйтіп кемпір мен шал, хан мен ханшайымның аңқаулығын пайдаланып олардың барлық байлығын алып қашып кетеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!