400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушы шығармашылығы Мәлік Аяповқа арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы шығармашылығы көпшілік оқырмандарға ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел есінде ел ағасы


Мәлік Аяпов атамызға арнау


Мен бүгін ұлы істі ойға аламын,

Терең және тұңғиық ойланамын.

Қолыма қағаз бенен қалам алып,

Елең етер ерекше жыр жазамын.


«Елім» деп өткен сенің сезіміңді,

Жырлауға жетер ме екен менің сөзім?

Еңсесін еңкейтпеген туған жердің

Ел ағасын жырлайтын келді-ау кезім.


Елінің бақ боп туған маңдайына,

Аңыз болған әр ісі ұрпағына.

Қаламым мен қиялымды ұштастырып,

Ақиқатқа бет алып самғайын да.



Жақсылап баяндайын істі анық,

Адал еңбек, ақиқат сөзді танып.

Жаны жайсаң, жүзі жылы ел ағасы,

Ісіңіз сөнбесінші шамдай жанып.


Адалдықты жанына тудай сайлап,

Еңбек етті,тер төкті белді байлап.

Туған елдің тұғырын биік қойып,

Көркейтті...

Міне, тұр ғой гүлдей жайнап.


Маржан сөзбен ой салдырып санамызға,

Адалдықпен нұр септің жүректерге.

Үлгі алып дара туған азаматтан,

Болашақта жұлдыздай жанамыз да.


Бағаланар қашанда ақиқат сөз,

Рухын биіктетсін әр алғыс сөз.

Ел алғысын жеткіссін періштелер,

Нұрмен толсын мәңгілік ғұмырыңыз.

Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектептің

8 «А» сынып оқушысы Жамет Замира




Мәлік Аяпов « Жер сатылса...» өлеңі


Жер мәңгі бабалардан қалған мұра,

Тауың да, өзенің де арман-мұра.

Бабалар қаныменен қорғап қалған,

Толғаған осы жерде толғауды да.


Мұрада кімнің қандай қатысы бар,

Мұрада кімнің қандай ақысы бар.

Бабадан қалған жер сатқандардың,

Түбінде сатқын деген аты шығар.


Мұраны қалай сыйға тарта аламыз,

Ей, адам, соны тағы қайталаңыз!

Ешкімнің көкесінің ақысы жоқ,

Жер туралы осыны ата аламыз.


Туған жер келімсектің олжасы ма?!

Қалайша сата аламыз болмашыға.

Жерді айтамыз, жер емес, керек болса,

Сатылмайды халқымның жорғасы да.


Қолы қалай жетеді шетелдіктің?!

Соңы қалай болады осы «ерліктің».

Қазақ үшін қара жер - құт- қазына,

Жерді сату белгісі есерліктің.


Жер сатуды, кім кәне, құп алады,

Жерді сату намыстың құлағаны.

Сатылған жер төрінде байқасаңыз,

Ұлы Абай қалайша тұра алады?!


Бір таңыма бір таңым қосылмаса,

Жазықтарда тұлпарым жосылмаса.

Қалай болар екен бұл, ей ағайын,

Ұлы Мұхтар төрімде отырмаса.


Әр қалада қазақтың Шоқаны тұр,

Жолға шықсаң ақ шаңқан отауы тұр.

Соның бәрін долларға сатамыз ба,

Көше сайын қазақтың атауы тұр.


Қаратаудың телміріп сілеміне,

Қайғы қатар шер-мұң боп жүрегіне.

Қорқынышты қадам бұл жасалатын,

Жер сатылса болмайды Сыр елі де.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі