400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушы туындылары "Қасиетті мекенім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына, өз туған жерлерінің ыстық, қасиетті екенін білдіре отырып, қастерлеуге баулуға шақырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қасиетті менің мекенім!


Туған жерім қасиетті Түркістан,

Арайланған шуақ төккен Гүлістан.

Отырар,Яссы тарихынан сыр толып,

Тойыңа мені арнап бүгін жыр шашам.


Әмір Темір Иассауиді пір тұтқан,

Сопылық пен діндарлықты уағыздап,

Хакиметтері даналыққа бастаған.

Қаламыз екінші Мекке атын алған,


Көк күмбезді кесенем бой көтеріп,

Талай жандар зиярат қып,бас иіп,

Бабалардың рухына тағзым қылған.

Атақ даңқы әлемді сілкінткен,


Ер Бекзатым әнұранды шырқатқан.

Алтынымен қазақ елін қуантып,

Елінің көтерді ол жүгін артқан.

Қаламызда мұражайлар ашылды,

Абыройды биіктерге асырды.

Саябақта отшашулар шашылды,

Мектептер мен балабақша ашылды.

Түркістаным күннен-күнге жайнап келеді,

Қаламызға ғимараттар сән береді.


Еліміздің өркендеп,өрлеуіне,

Әбішұлы Нұрсұлтан да сенеді.

Сан ғасырлар шежіресін шертетін,

Мекке менен Мадинадай көретін.

Тәу ететін,сыйынатын күнбе-күн,

Неткен ғажап туған жерім,мекенім!


Түркістан облысы«Қызыл Әскер»жалпы

орта мектебінің 9«ә»сынып оқушысы

Есіркеп Муниса










Мен жас ақын жырларыңа ғашық жан!


Абайдың бар қырық бес қара сөзі,

Әр сөзінде айтылған нақыл сөзі.

Кең ұғымды жалпақ сөз терең ойлы,

Көкірегінде сақталар әрбір сөзі.


Жалған ғой төрт мезгілге арнап өлең,

Теңейді ол өлеңді байыппенен.

Абайдың әр өлеңін әр сөздерін,

Есте сақтап жаттап мен айтып келем.


Бес балаға танытып ақ қараны,

Бес асылмен бес дұшпанды саралады.

Адалдыққа шақырып әр баланы,

Арам ойдан аулақ бол деп сөз алды.


Абай ақын аудармашы әрі дана,

Көрегендік болады ғой әр адамда.

«Қайран жоқ көлден без,

Қайыры жоқ елден без»-деген Абай.


Туған елін ұмытпаған ешқашанда,

Қай ақын елі жайлы жырламаған.

Туған елсіз болмайды ғой ешбір адам,

«Туған жердің түтіні ыстық»-деген сөз бар.

Осы сөзді қалай айтқан бабам,

Абайдың құдіретіне мен бас ұрам.

Бүкіл қазақ таңданатын асыл жан,

Оның әрбір жырларынан күш алам,

Мен-жас ақын жырларыңа ғашық жан.


Түркістан облсы «Қызыл Әскер» жалпы

орта мектебінің 9«г»сынып оқушысы

Рүстемхан Севинч









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.11.2018
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі