400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

оқушылар арасында тілді құрметтеуге арналған сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өз бетінше жұмыс жасауға көмектесу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Сауатты жарнама –тіл тазалығының көрнісі» мәнерлеп оқу сайысы.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. І  жүргізуші: Қайырлы  күн  ұстаздар  мен  қонақтар.  Сіздерге  арнап  «Сауатты жарнама –тіл тазалығының көрнісі»  ашуға  рұқсат  етіңіздер. Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «Мемлекеттік  тіл – Қазақстан  халықтарын   біріктіретін  тіл»  деп жарияланған.  Тіл  мерекесіне  орай  бүгінгі  «Сауатты жарнама –тіл тазалығының көрнісі»  атты  кешімізге  қош  келіпсіздер. 

Тіл – ұлттық  белгі,  халықтық  мұра,  дүниетаным  құралы.    Халықтың  тарихта  қалуы  тіліне  байланысты.

Тіл  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай кескін  келбеті,  болмысы.  Қазақ  тілі  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  беделді  тіл.

Өткірдің  жүзі,

Кестенің  бізі,

Өрнегін  сендей  сала  алмас,-  деп ұлы  Абай  атамыз  таңырқап,  тағзым  еткен  осы  қасиетті  тіліміз.




Мұғалім:
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер
Жер иесі – менің тілім мәңгі жас.
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Сауатты жарнама –тіл тазалығының көрнісі» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.
1-жүргізуші: Сайысымыз әділ болу үшін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

Берөбайева Айгул мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары.Еңбек пәні мұғалімі:Тұяқбаева Жадыра .Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі:Мусаева Маржан.

жүргізуші:
Туған тілім қазынам, алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке, бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.

Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.


6 - сынып оқушысы:-------Таңатарова Жанарай
8А - сынып оқушысы:--------Мамай Албина
9А - сынып оқушысы:---------Тастемиров Данияр


8А сынып оқушысы ----------Бүркітбай Элмира
9А сынып оқушысы:--------Тәжібаев Мирас
Жүргізуші:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным
-------------------------------------------------
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
6 - сынып оқушысы ------------------------ Таңатарова Жанарай «Ана тілі –біздің туған анамыз!»
Анамыздай сыйлап, бағып - қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

8 А сынып оқушысы:----------------Бүркітбай Элмира «Қазақ тілі» .

Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
"Ана" деген сүйгендік сөз әм менен

Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.



9Асынып оқушысы -----------Тәжібаев Мирас

Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

8 А сынып оқушысы -------------Мамай Албина

«Ана тілім –әрекеттің азығы,»

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой-санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге әз үні.

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем

Тілсіз нені білдіре алам ,не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем .

О,адамдар ,қадіріне жетіңдер,

Ана тілі –анаң ,сыйлап өтіңдер

9А сынып сынып оқушысы ------Тастемиров Данияр

Тіліңді қорға, қазағым

Тіл – ұлтымның тірегі,

Таңдатпай тағдыр жолдаған.

Тіл – ұлтымның жүрегі,

Лүпілін Алла қолдаған.

Тіл – Қорқыттың арманы,

Асан Қайғы өрлеткен.

Тіл – Абай сөз орманы,

Бұталы тармақ ер жеткен.

Қортынды:

«Тіл  дегеніміз – қай  халықтың  болмасын  кешегі,  бүгінгі   ғана  емес,  ертеңгі  де  тағдыры» 


Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан,түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының , туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды. (Шерхан Мұртаза) деген екен осы жолдан Алла бізді сақтасын дейік. Көгімізде көк туымыз мәңгілікке желбіріп,туған тіліміз жасай берсін! І – жүргізуші: Кешімізді Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтаймйз. 











































Жаңаөзен арнайы мектебі КММ













Мәнерлеп оқу





Тақырыбы: «Сауатты жарнама –тіл тазалығының көрінісі»







Дайындаған : Канатова .А.С.



















2020-2021 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қыркүйек
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі