Павлодар облысы білім беру басқармасы
Ақсу қаласы білім беру бөлімінің
«Жамбыл орта мектебі» КММ
Мектеп басшысының ғылыми-әдістемелік жұмыс
Жөніндегі орынбасары
Мустафанова Бахытгуль Муритовна
Оқушылар жетістігі – сапалы білімнің айқын көрсеткіші
Дарынды оқушылар – елдің болашағы, интеллектуалдық қоры. Сондықтан жалпы білім беру мектебінде олармен жүйелі, мақсатты жұмыс жүргізу – маңызды педагогикалық бағыттардың бірі. Дарындылық – туа біткен қасиет қана емес, оны дамытатын орта мен дұрыс ұйымдастырылған білім беру үдерісі де ерекше рөл атқарады. Осы орайда мұғалімнің кәсіби шеберлігі, әдіс-тәсілдері, оқыту формалары шешуші мәнге ие.
Бүгінгі білім беру кеңістігінде оқушының жан-жақты дамуы мен шығармашылық әлеуетін ашу – басты міндеттердің бірі. Осы бағытта мектебіміздің оқушылары түрлі деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық байқауларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
2025–2026 оқу жылында 2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңіне мектебімізден 14 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 3 оқушы іріктеу кезеңінен өтіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде 2 оқушы өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап, жүлделі нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, 6-сынып оқушысы Сәкен Аймира «Тоғызқұмалақ ойынының логикалық ойлауды дамытудағы рөлі» тақырыбындағы ғылыми жобасын сәтті қорғап, II орынға ие болды (жетекшісі – педагог-зерттеуші Е. Самархан). Ал 5-сынып оқушысы Шамиданова Аяулым «Секрет популярности башкирской песни "Хумай" в Казахстане» тақырыбындағы жұмысын қорғап, Құрмет грамотасымен марапатталды (жетекшісі – педагог-зерттеуші Ш.Б. Сагитжанова).
Б
ілімдерімен дараланып, зияткерлік қабілеттерін
олимпиадада дәлелдеген. Білімге құштар, алғыр да дарынды, ойлау
қабілеттері ұшқыр, ізденімпаз, білім бәйгесінде жеңіске жеткен
оқушыларымыз орта буында өсіп келеді. Оған дәлеле 5–6 сынып
оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының қалалық
кезеңіне 13 оқушы қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Бұл
жетістіктердің жалғасы ретінде Сәкен Аймира Қазақстан тарихы пәні
бойынша облыстық кезеңде II орынға ие болып, білімділігін
дәлелдеді(жетекшісі Е.Самархан)
Бастауыш сыныптағы дарынды оқушылар – ерекше қабілетімен көзге түсетін балалар. Олар жаңа ақпаратты тез қабылдап, оны терең түсінуге тырысады. Мұндай оқушылар шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды. Сонымен қатар, олар өз ойларын еркін жеткізе алады және сұрақ қоюға белсенді. Дарынды балаларға қолдау көрсетіп, олардың қабілетін дамыту өте маңызды. Себебі дұрыс бағыт берілсе, олар болашақта үлкен жетістіктерге жете алады.
Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Алтын сақа» олимпиадасы да өз нәтижесін көрсетті. Математика пәніне қызығушылықты арттыруға, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған бұл байқауға 3–4 сыныптардан 6 оқушы қатысып, оның 3-і облыстық кезеңге жолдама алды. 3-сынып оқушысы Кенжебек Күнайым облыстық кезеңде Құрмет грамотасымен марапатталды (жетекшісі – педагог-зерттеуші Х. Мухташ).
М
ектебіміздің оқушылары дәстүрлі түрде өткізілетін
әдеби-шығармашылық байқауларда да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
8-сынып оқушысы Құрманғазы Нұрмахамбет облыстық Әбіш оқуларында II
орынға, сондай-ақ «Ақберен» шығармашылық өнер байқауында III орынға
ие болды (жетекшісі – педагог-зерттеуші А.
Зейнелхабдыл).
Ал 11-сынып оқушысы Бэрхболұлы Нұрбол — республикалық «Махамбет оқулары» байқауында жүлделі III орын иеленген дарынды шәкірт. Ол бұл биік жетістікке кездейсоқ жеткен жоқ: үш жыл қатарынан облыстық додаға табандылықпен қатысып, үздіксіз еңбегі мен қайсарлығының арқасында мақсатына қол жеткізді. Нұрболдың табысы – оның еңбекқорлығы мен білімге деген шынайы құштарлығының айқын дәлелі (жетекшісі педагог-зерттеуші Б.М. Мустафанова.
Аталған жетістіктер – оқушылардың ізденісі мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жүйелі жұмысының нәтижесі. Бұл көрсеткіштер білім сапасының артып, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айқын дәлелдейді.
Дарынды оқушы мен ұстаз арасындағы байланыс – білім сапасының кепілі. Ұстаздың бағыт-бағдары арқылы оқушы өз мүмкіндігін толық аша алады. Әр дарынды бала ерекше назар мен қолдауды қажет етеді. Мұғалім олардың жетістігін дер кезінде байқап, мадақтап отыруы тиіс. Сонда оқушының өзіне деген сенімі артады. Білімге деген қызығушылығы да күшейе түседі. Осындай үйлесімді жұмыс нәтижесінде қоғамға пайдалы, білімді тұлға қалыптасады. Жақсы мұғалім әр оқушының ерекшелігін ескеріп, жеке жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, мұғалім олардың шығармашылығын қолдап, сенім білдіруі керек. Ұстаз бен оқушы арасындағы жақсы қарым-қатынас үлкен жетістікке жеткізеді. Дарынды балаларға қолдау көрсету – болашаққа салынған инвестиция. Осындай бірлескен еңбек нәтижесінде білімді, жан-жақты тұлға қалыптасады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз