жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушылар шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Омарбекова Н. Ш
Оқушылар шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011300 – «Биология» мамандығы
КАРАҒАНДЫ 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., доцент
_______________ З.Т. Қыстаубаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Оқушылар шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары»
5В011300 – «Биология» мамандығы
Орындады: Омарбекова Н
Ғылыми жетекші
п. ғ. к., доцент А. Б. Мырзабаев
КАРАҒАНДЫ 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ........................................................................................................... 4
1. Оқушылар шығармашылығын дамытудағы белсенді
оқытудың ғылыми - теориялық негіздемесі
1.1 Шығармашылықты дамытудағы белсендірудің
психологиялық - педагогикалық негіздері ............................................9
1.2 Белсенді оқыту үрдісі және оның зерттелу жайы .......................... 16
1.3 Оқыту үрдісіндегі жаңа бағыттар сипаттамасы ................................ 21
2. Жаңа технологиялық сабақтар шығармашылықты
дамытудың негізі
2.1. Оқыту технологиясы ұғымына түсініктеме ....................................... 27
2.2. Оқушы шығармашылығын жаңа технологиялық
оқыту арқылы дамытудың әдістемелік жүйесі ................................. 29
2.3 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі ............................ 54
Қорытынды және ұсыныстар ................................................................ 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................................... 60
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі таным әрекетін белсендіру арқылы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін дамыту Ойлаудың дамуы әрине, шығармашылық дамуға жол ашады. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып сол арқылы таным әрекетін белсендіру қажетекендігін үнемі алға тартады
Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекеттер қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Жас кезден игерілген ойдың оралымдылығы, ақылдың икемділігі дүниенің қыр-сырын меңгеруге үлкен жол ашады. Бұл проблемаларды педагог және психолог ғалымдар үнемі зерттеуде. Олар М. А. Блох, Н. А. Лук, Л. С. Выготский, Я.А. Пономорев, А.Н. Леонтьев, В.В.Давыдов сияқты ғалымдар.
Педагогикалық және әдістемелік жағынан жас жеткіншектердің әрекетін белсендіру жөніндегі мәселелерді Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, И.Я. Лернер, Л.П.Аристова, Н.А. Половникова, М.И. Махмутов, М.А. Данилов, Б.П.Есипов, М.Н. Скаткин, В.И. Орлова, И. Нұғыманов және басқа ғалымдар өз зерттеулерінде қарастырған.
Мектеп практикасында үйреншікті болып кеткен бірсарынды оқыту әдістері мен дәстүрлі сабақ түрлері заман талабына сай бола алмай соңғы жылдары баланың өзі білім алуға, оны өзінің белсенділігімен игеруі керектігіне аса көңіл бөлінуде, себебі жаңа заманның талабы да жаңаша.
Сабақтағы оқушының ой-жүйесінің дамуы, оның жалпы дамуына әсер етеді. Оқушы жеке тұлға ретінде жан-жақты даму үшін оқыта отырып тәрбиелеу басты мәселе болып табылады. Тәрбие біліммен қатар, қажет болса оның алдында тұруы тиіс. Сол себептен жасжеткіншектің тұлғалық дамуы заман талабы. Баланың дүниетанымының кең болуы, оның көзқарасының қалыптасуымен, тұлға ретінде дамуы Отанымыздың нағыз патриоты болуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында "Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьектісі ретінде көрінуімен бедерленеді" делінген [1].
Оқыту екі жақтың да, мұғалім – оқушы, бірдей еңбек етуін талап ететін үдеріс, сондықтан ұстаз өзінің іс-әрекетін ұйымдастырып тек оның орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай оқушының да белсенділігін, білім игерудегі әрекетін дамытуға ықпалын тигізуі керек.
Біздің Республикамызда оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерін белсендіру арқылы шығармашылық қырларын дамыту үшін сабақты жаңа технологиялық тәсілдермен өткізу, оны ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін жетілдіру жайында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған мына ғалымдар еңбектерін жатқызуға болады: Е. Ө. Жұматаева, Г.К. Нұрғалиева, Б. А. Тұрғынбаева, Ү. Б. Жексенбаева, А. Б. Мырзабаев, Л. Г. Дирксен, К. К. Жумадирова және басқалар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" [2] деген 1992 жылғы еңбегінде мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған:
біріншісі - жеріміздің қойнауындағы байлық;
екіншісі - жеріміздің бетіндегі байлық;
үшіншісі - өндіріс байлығы;
төртіншісі - тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары. "...тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары" – дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес ой-пікірінің нәтижелі мағынасын береді.
Мектептегі оқыту үдерісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында:
-
жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, әдет- ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттігі атап көрсетілген [3].
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ. Ол қалыптасқан сыныптағы сабақ барлық мектеп пәндерінде жүргізілетін бірсарынды, дәстүрлі сабақ.
Қазір көпшілік мұғалімдер ұстанып жүрген сабақ құрылымы - "үй тапсырмасын сұрау - жаңа сабақты түсіндіру - бекіту - үй тапсырмасы" түрін өзгертіп сабақты жаңа технологиялық тұрғыда біршама жетілдіруге болады.
Мектеп практикасында қазіргі уақытта педагогикалық мақсатқа сәйкес жаңалықтар көптеп енгізілуде. Соның бірі жаңа технологиялық сабақтар. Бұл сабақтарды өткізу барлық мектептерде кездеседі, бірақ осы сабақтардың оқу - тәрбие саласындағы орны, маңызы мен жүйесі теориялық тұрғыда негізделіп, толық зерттелмеген. Сол себепті жаңа технологиялық сабақтарды педагогикалық және әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыру, нақтылы мақсатта өткізу жүйесі жекелеген пәндерде, оның ішінде биологияны оқытуда құрылмаған.
Жаңа технологиялық сабақтардың бір ерекшелігі - баланың ойлау еркіндігінің шексіздігінде, өзін танытуға, даралануға, қиялдауға, шығармашылық еңбекке мүмкіндігінің молдығында. Ғалымдардың пікірінше шығармашылық ойлау жаңа пікірлер тудыруға жеткізеді. Қазіргі кезде шығармашылық ойлау аса маңызды, себебі авторитарлық шешім мезгілі өтті, вертикальдық ойлау, пікірлер мен міндеттер жоғарыдан берілу кезеңдері қалды, енді әркімнің еркін ойлауын, жеке шығармашылығын қажет ететін уақыт келді.
Жаңа технологиялық сабақтарды өткізу жайында әдістемешілер мен ұстаздардың тәжірибелерінен мысалы Р. Әлімқұлова, Р. Алпысбаева, Р. Ізтілеуов, Д.Төлеубекова, Қ. Қайым, К. Жүнісова т.б. мақалалары "Қазақстан мектебі", "Биология, география және химия", "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Биология Қазақстан мектептерінде" және т.б. журналдарда беріліп жүр. Бірақ бұл мақалалар осы сабақтарда оқушы белсенділігін арттыру, шығармашылығын дамытуда қалай ұйымдастырылуы қажет деген сияқты әдістемелік, жүйелік жағын толық мағлұмат бере алмайды.
Осы зерттеуіміздің проблемасы жаңа технологиялық сабақтарды ерекшеліктеріне байланысты ғылыми негіздеп, теориялық тұжырымға сүйене отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын сабақ түрлерінің жүйелі ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін әдістемесін жасау. Себебі, оқыту - үздіксіз дамып отыратын үрдіс болғандықтан, оны дамыту "көзін" табу керек.
Аталған мәселені зерттеудің жеткіліксіздігі, ұстаздар еңбегіндегі шығармашылықты дамытудағы кездесетін қиындықтар зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болып, оның көкейкестілігіне көңіл аудартты. Сондықтан да осы айтылған қарама-қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндігін ашу қажеттігі дипломдық зерттеуіміздің тақырыбын "Оқушылар шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары" деп алуға негіз болды.
1. Зерттеудің мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытатын сабақтар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау.
2. Зерттеу нысаны: Оқыту жұмысын ұйымдастыру үдерісі.
3. Зерттеу пәні: Оқушылар шығармашылығын дамыту шарттары.
4. Болжамы: Мектептерде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сатылап дамытуға мүмкіндік болар еді, егер:
- сабақта оқушы дербестігі қамтамасыз етілсе;
- оқушы білім игеруде ой мен істің еркіндігіне жетсе;
- жаңа технологиялық сабақ түрлері мен белсенді оқыту баланың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынса;
- шығармашылықты талап ететін жаңа технологиялық сабақтар жүйелі түрде ұйымдастырылса.
5. Зерттеудің мақсатына жету, ұсынылған болжамымызды тексеру үшін мынадай міндеттер белгіленді.
1. Орта мектептерде сабақтар жүйесінің ерекшеліктерін әдістемелік тұрғыда негіздеу.
2. Шығармашылықты дамытудағы жаңа технологиялық сабақтардың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
3. Педагогикалық эксперимент қою арқылы жаңа технологиялық сабақ түрлерін сынақтан өткізу.
6. Зерттеудің жетекші идеясы: Оқушылар белсенділігін арттыратын сабақ түрлерін оқу-тәрбие үрдісіне ендіру арқылы жас ұрпақтың шығармашыл адам болып шығуына ықпалын тигізу.
7. Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі:
Жеке тұлғаның мәні мен оның дамуындағы шығармашылық әрекеттік және тұлғалық ізгілендірушілік қатынас туралы қазіргі философиялық қағидалар; табиғат , қоғам, адамның өзара байланысы мен диалектикалық бірлігі туралы ілімдерді қамтып көрсететін таным теориясы және негізгі дидактикалық принциптер.
8. Зерттеу әдістері:
Зерттеліп отырған мәселеге қатысты зерттеулерді, әдістемеші - мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, ғылыми әдістемелік басылымдарға теориялық талдау жасау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқыту үрдісін бақылау, ұстаздармен және оқушылармен пікірлесу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
8. Зерттеудің маңызы және автордың (ғылыми жаңалығы) өзіндік үлесі:
- оқыту технологиясы, жаңа технологиялық сабақтар ұғымына педагогикалық талдау жасалынды.
- биология пәнін оқытуды жетілдіруде жаңа технологиялық сабақ түрлерінің мазмұны теориялық негізделді.
- теориялық негізге сүйеніп оқушылар шығармашылығын дамытатын жаңа технологиялық сабақтардың әдістемелік жүйесі жасалды.
9. Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде орта мектептердегі биология сабақтарының тиімділігін арттыруға арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерді жинақтау, танысу, тұжырымдау. Эксперимент бағдарламасы мен зерттеу әдістері сараланып эксперимент сабақтар жүргізіле бастады.(2007-2008 ж.ж.)
Екінші кезеңде толығымен эксперимент жүргізілді. Жаңа технологиялық сабақ үлгілерін мектептерде экспериментен өткізу, алынған қорытындылар мен нәтижелерге талдау және өңдеу жасалып олардың тиімділігі дәлелденді. (2008-2009 ж.ж.).
10. Зерттеудің эксперименттік базалары:
------------------------- қазақ орта мектептері қатысты.
11. Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- Зерттеудің нәтижесі орта мектептердің мұғалімдеріне жаңа технологиялық сабақтар жүргізуге пайдалануға ұсынуға болады.
- Белсенді оқыту мен жаңа технологиялық сабақтардың үлгілері әзірленді.
12. Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық зерттеудің өзектілігі, зертеу жұмысының тақырыбы, мақсаты, міндеттері, нысаны мен пәні, болжамы, әдіснамалық негізі, жаңалығы, зерттеу кезеңдері, зерттеу базасы, теориялық және практикалық маңыздылығы берілген.
«Оқушылар шығармашылығын дамытудағы белсенді оқытудың ғылыми - теориялық негіздемесі» атты бірінші тарауда бала шығармашылығын дамытудағы белсендірудің психологиялық педагогикалық негіздеріне шолу жасалып белсенді оқыту үдерісі және оның зерттелу жайы талданып, оқыту үдерісіндегі жаңа бағыттарға сипаттамасы берілді.
«Жаңа технологиялық сабақтар шығармашылықты дамытудың негізі» деген екінші тарауда оқушы шығармашылығын дамыту негіздері талданып, сабақ барысында оқушыны шығармашылыққа баулудың әдістемелік жүйесі берілді және педагогикалық эксперимент және оның нәтижесін көрсетілді.
Қорытынды және ұсыныстарда әдістемелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар келтірілді.
1. ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
-
Шығармашылықты дамытудағы белсендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері.
Оқушылардың оқу үдерісінде білім алу кезіндегі белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері - білім беру мен тәрбиелеуде үнемі басты проблема. Сондықтан белсенділік пен бала дербестігі дидактика мен мектеп практикасында негізгі мәселелердің бірі. Өйткені, оқытушы әрекеті оқушыларына сүйенбей мүмкін емес. Заман ағымымен тығыз байланыста болатын білім беру үрдісі қай кезде әрбір адамның жалпы дамуының кең ауқымдылығын қамтамасыз етуі шарт. Бұның негізі терең де алғыр білім және тәрбие. Негізінен тек мұғалім түсіндіріп, оқушылар тыңдап, сұрағына жауап беріп, не жоспар бойынша практикалық және басқа жұмыстар орындаған оқу формасына қалыптасып алғанбыз. Сабақты осылай өткізу, әрине, баланың ойлануына көп мүмкіндік бермейді. Ойланып отырған адамды қалай анықтаймыз десек, ол оның дайын жауапты пассивті күтіп отырғаны емес, белгілі бір жұмысқа белсенді (есеп, проблема шешу) әрекеті деп білеміз.
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі және дербестігі оның еңбегінің жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Сондықтан оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру - әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі.
Көпшілік авторлар оқушылардың сабақтағы белсенділігін "саналылық және белсенділік", "cаналылық, белсенділік, дербестілік", "cаналы белсенділік және дербестік" деген сияқты сөз тіркестерімен беріп дидактиканың принципі ретінде қарастырады. [4].
Т.Шамова белсенділіктің маңызды рөлін ескере отырып оны жекеше дидактикалық категорияға бөліп қарастырады [5]. Шын мәнінде саналылық пен белсенділік принциптері арақатынастарын алсақ, онда мақсатты белсенділік жете түсінбеген емес, толық ұғынған жағдайда болады, сондай - ақ белсенділіксіз саналылық нәтижесіз болады. Оқушылар белсенділік болмаса оқу үрдісіне толық қатыса алмайды. Ендеше белсенділік білім мақсаттарына жетудің бір шарты.
"Белсенді әдістер" терминін қолдану белсенді емес енжарлы да әдістер бар деп жорамалдауға тура келеді. Белсенділік (лат. activus - әрекетшіл) - бұл психикалық көрініс, қарқынды әрекет жасауда көрінетін адам мінезінің бір қыры.
Педагогика үшін анықтаушы сұрақтардың бірі - кез келген әрекет барысындағы баланың позициясы, оның әрекетші ретіндегі белсенді және өзіндік рөлі. Бастысы, әрекет кезінде ол біреудің тапсырмасын пассивті орындаушы емес, белгіленген мақсатты шығармашылықпен іске асырушы, әрекет етуші объектісін жаңадан жасаушы, қосымша міндеттер ұсынушы жасампаз белсенділігі. [4].
Жеке адам белсенділігі - оның болмысындағы негізгі мәселенің бірі. Ф.Энгельстің айтуынша: "әрекетшілік - тіршілік иесінің бәріне тән өз бетімен жауап қайтару қабілеті". Адам белсенділігі өз қажетін қанағаттандыру үрдісі кезінде көрінеді. Жануарлардың әрекетшіл мінез -қылығы мен адам белсенділігі арасындағы айырмашылық осыдан көрінеді. Жануарлардың мінез - қылығындағы әрекетшілік табиғи жаратылысындағы (дене құрылымы, инстинкт жиынтығы) ерекшелігі. Олар өздері тұтынатын объектіні алдын - ала белгілеп анықтағандай және соны игеруге белсенді талпынысын білдіреді. Қажеттіліктерін қанағаттандыру үрдісі сыртқы ортаға барынша толық бейімделулерін қамтамасыз етеді. [ 4, 5].
Адам белсенділігі басқаша, бұл әрекетшіліктің көзі - адам мұқтаждығы. Мұқтаждылық оны тәрбиелеу барысында қалыптасады. Бала белсенділігі, оның дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен саналы бағытталған әрекет қалпына келеді. Ғалым – психологтар Запорожец А., Жарықбаев Қ., Түрікпенов Ж. және тағы басқалар пікірлері бойынша жалпы ағзаның анатомиялық, психологиялық қасиеттері мен бастың қандай да болса қасиеттерінің дамуына жүйке жүйесі мүмкіндік жасап, туа пайда болуы мүмкін, бірақ, бұл мүмкіндіктер тек тәрбиеге байланысты іске асады.
Дүниеге адам биологиялық тірі ағза, биологиялық Homo Sapiens түрінің өкілі ретінде келетіні белгілі. Адам кейпіне айналу үшін ол өзінің іштен туа біткен үйренуге деген қабілетін жүзеге асыру негізінде, әлеуметтік мәдени ортада өмір сүріп, мәдениет құрылымында басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы керек. Өзінің онтогенездік дамуы барысында индивид ретінде, жеке тұлға ретінде, дара (индивидуальность) ретінде қалыптасады. [6].
Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез - қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс - оқыту деп аталады. [4 - 6].
Таным белсенділігі проблемасы - педагогиканың мәңгілік проблемасы. Бұрынғы және қазіргі педагогтар мен психологтар: баланың оқығысы келуі үшін қалай, не істеу керек? деген сұраққа үнемі жауап іздейді. Өзінің әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарай әр кезең осы мәселенің шешу жолдарын ұсынып отырған. Таным белсенділігі анықтамасы жайлы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі беріледі. Мысалы, Т. И. Шамова оны: "білімді жігермен меңгерудегі талпыныс және қабілет" десе, В. И. Орлова: "cубъектінің өзін қоршаған құбылыстар мен заттарға деген түрлендіруші әрекетінің көрінісі" , ал Г. Б. Корнетов: "тұлғаның қарқынды таным әрекетін бейнелейтін ерік жағдайы", Н. А. Половникова "оқушының өмірлік күшінің ықпалдылығы" , Л. П. Аристова: "таным мақсатына жету үшін адамгершілік - ырықтық күшін шоғырландыруға деген талпынысы, тәрбиеленушінің тұлғалық көрінісі байқалатын әрекет сапасы" - деп тұжырымдайды. [5, 7, 8, 9].
М.Н. Скаткин сабақты құру әдістемесі мен оқытуды ұйымдастырудың басқа да жетілдірілген формаларын толық зерттемеген. [10, 11]. Сабақ құрылымын және басқа да жаппай, топтық, дара оқыту формаларын ұйымдастырудың тиімді, үйлесімді жолдары қарастырылмаған. Осы зерттеулерде проблемалық баяндау, проблемалық сабақтар арқылы білім, білік дағды қалыптастыруды береді. Ал осы ББД - ны пайдалана отырып белсенді оқыту арқылы биология сабақтарында бала шығармашылығын қалай қалыптастыруға болады, ол толық зерттелмеген. Проблемалық баяндау әдісінің маңызы - ұстаз оқушылар алдында проблема қойып, өзі оны шешеді. Осы кезеңде ойлау жолдарын, оны шешу жолдарын барлық қайшылықтарымен қоса оқушыларға түсінікті етіп ашады. Ендеше, бұл ғылыми таным, проблеманы ғылыми жолмен шеше білу, ұстаз логикасы ізімен ойлай отырып нақтылығына көздерін жеткізетін әдіс. Демеу - ізденушілік /эвристикалық/, зерттеушілік әдістер - оқушыларды білім игеруге үйретуші әдістер. Себебі, осындай әдістермен оқыту кезінде игерілген білім мен дағды өмірде қолданылады. М.Н. Скаткин зерттеушілік әдістің маңызын асырып айту нәтижесінде оған оқушының кез келген объектімен әрекетін жатқызып, мысалы, баланың күнде ауа to - өлшеуі, мұғалім жасаған тәжірибені бақылауы т.с.с. әсерінен өз қызметін жоя бастағанын айтады. Шын мәнінде дұрыс ұйымдастырылған зерттеушілік әдіс бала белсенділігін арттырып білімді шығармашылықпен игеру, пайдалану негізінде оқушыда шығармашыл әрекеттер тәжірибесін қалыптастырады.
Ізденушілік дағды, оқудың интеллектуальды біліктілігі кейіннен барып зерттеу пәні ретінде арнайы қалыптастырылды. Себебі, осыларсыз индивидтің шығармашылық дамуы қиын деп барлық оқыту әдістерін тізіп келіп танымдық ойындар мен проблемалық - ізденушілік әдістер де қажет деген. Оқушылардың ойлау дербестігін /қалыптастыру/ дамыту, проблемалық тапсырмаларды өздерінің құрастыруы аса бағалы, өйткені соның арқасында шығармашылық әрекет тәжірибесін меңгеруге ықпал етуге болады.
Шығармашылық әрекеттер тәжірибесі тарихи бірте - бірте қаланса, ол әрбір жекелеген адаммен біртіндеп меңгерілетіні белгілі. Оқыту заңдылығы - оқушылар бірден тұтас бір проблеманы шеше әрі игере алмайды. Кез келген жаңа, қиын әрекеттерді меңгеру сатылап жекелеген іс - қимыл арқылы өтеді. Осы тұрғысында қарастыратын болсақ бала дербестігін жүйелі түрде белсенді оқыту арқылы арттырып содан шығармашылық қырларын қалыптастыруға болатындығы көрінеді.
Ю.К. Бабанскийдің зерттеуінде интеллектуальды даму компоненттері оқудың жемістілігіне әсер ету дәрежесіне байланысты былай орналастырылады: "Ойлаудың дербестігі, негізгіні анықтау, ойлаудың ұтымдылығы, ойлаудың икемділігі, ойлаудың логикалылығы, салыстыру, ойлаудың сыншылдығы, синтез, қорыту, талдау, бақылағыштық, ойлау қарқыны, ес, назар, ықылас". Оқытылғандық және оқу жұмысына қабілеттілік деген екі параметр қарастырады. Оқытылғандық - оқушының талдау, синтез, негізгіні анықтау, дербес ойлау қабілеті деген ұғымдардың жиынтығы. Екеуі бірігіп оқу мүмкіндігін береді [12]. Осы мүмкіндіктерді шығармашылық деп қарауға болады. Бұл еңбегінде бала дербестігі жайында айтылып оның рөлі айқындалады. Өздігінен іздену жұмыстары өз бетімен білім игеруге жол ашады. ғалым, дербестік - әрекет идеалы, өйткені болашақта адам онымен өмір бойы шұғылдануы керек деп тұжырымдап, ол /дербестік/ өзінен - өзі іске аспайды, сондықтан мұғалім белсенді түрде жетекшілік ету керек деген пікір білдіреді. Бұл үнемі оқытушының қатаң басқаруы керектігі, ал шығармашылықтың дамуына кең жол ашу - істі бағыттаушы, ұйымдастырушы ретіндегі мұғалімнің белсенді жетекшілігімен емес, баланың субъектілік рөлінің жоғары болуында.
Өмір көрсеткендей, адамның ойға шомуы бір мәселені, жағдайды шешу үшін туындайды. Ойланудың өзі тарихи тегіне қарасақ өмір, тіршілік алдыға тартқан әртүрлі кезеңдерде шешімін табатын жағдай әсерінен шығу әрекеті кезінде туады. Адамның ойлануы “проблемалық жағдаят”, бірдеңені “түсіну қажеттілігінен” [13] болады.
Оқу үрдісі кезінде проблемалық жағдай туғызу пәрменді оқу еңбегін ұйымдастыруда оқушылардың таным белсенділігін арттыруда тиімді. Проблемалық сұрақтар ойластыру кезінде оқушылардың білім негізі, ойлау дәрежесі, салыстыру, талдау, қорытындылау қабілеттері ескерілуі тиіс. Осыған қосымша оларды ізденуге әрқайсысын жекелей жұмылдыруға, шығармашылық жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағыттаушы сұрақтар белгіленуі керек. [4, 14-15].
Оқушылар әрекетінің белсенділігі мен қарқындылығына жеткізетін проблемалық оқытудың негізін В. Оконь проблемалық сабақтардан көреді. Баланың оқу еңбегінде дайындығы, үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды онымен байланыстырудан барып проблемалық жағдаят туғызу және оқушылардың осыдан басты мәселе қалыптастыруы сияқты сабақ бөліктерін көрсетеді. Осы кезеңдерде белгілі жұмыс жоспарын құру және оны жүзеге асыру үрдісінде шешу жолдарын қалыптастыруға машықтанып, игерген білімді жаңа жағдайда /сабақта не үй тапсырмасын орындауда/ қолдануға дағдыланады. [16].
Ғалым Қараев Ж.А. докторлық диссертациясында таным белсенділігінің негізгі көзі - танымдық қызығушылықты қалыптастырудың, тәрбиелеудің бір қыры теориялық ойлау және рефлексияны /адамның өз санасында болып жатқандарды салмақтауы./ дамыту деп көрсетеді. [17].
Психологтар оқушының таным белсенділігін - "Туа пайда болған немесе үнемі тұрақты емес динамикалық тұрғыда дамитын, прогрессивті және регрессивті түрде мектептің, отбасының, жолдастарының, еңбектің және басқа әлеуметтік факторлардың әсерлерінен өзгеріп отыратын қасиет" - деп түсіндіреді. Әрекетшіліктің дәрежесіне мұғалімнің оқушымен қарым-қатынас стилі, оқушының үлгерімі мен қөңіл-күйі әсер етеді [8] (оқудағы табыс, жағымды эмоция танымдық белсенділікті көтереді).
Сол себептерден бір оқушының әртүрлі сабақтардағы танымдық әрекетшілігі мұғалім неге және қалай оқытады, сыныпты қалай белсендіре алады? - деген сияқты мәселелерге байланысты қатты өзгерісте болады [18, 19].
В. Бертон еңбегінде өзіндік жұмыстың маңызы қарастырылады. Ол жұмыстар бұрынғы игерілген білімді еске түсіруді қажет ететіндей болуы керек, сондықтан түсінікті, нақтылы болмаса нәтижесіз болады. Әңгімелесу әдісі /ашатын әдіс - В. Бертон/ белсенді ойлауды талап етеді, соның негізінде тапсырма мазмұнын анықтау қызу жүреді. [20].
Жалпысыныптық жұмыс әртүрлі мақсатта: жаңа материалды зерделеуде, сабақты бекіту мен білім тексеруде қолданылады, бұл - мұғалім мен барлық сынып оқушыларының біріккен іс-әрекетімен сипатталады, сондықтан жұмыс нәтижесі әрбір оқушының қатысу дәрежесіне байланысты. Білім беру - сыныптың ұжымдық әрекеті кезінде әрбір оқушыға жекелеген қарым-қатынас негізінде құрылады. Әр балаға жекелей қарау білімді меңгерудің әрбір тұлғада жеке жүретіндігінен туындайды, сондықтан оқушының мүмкіндігі ескерілуі тиіс. [14].
Топтық жұмыс кезінде әрбір баламен жекелей қарым-қатынас жасап, терең білім игеруіне жағдай туады. Топпен тапсырма орындау кезінде шығармашылық қабілет дамыту, берілген проблемаға ынта туғызу, бақылау жеңіл болады. Құрылған топта гетерогендік сипат болуға тиіс, мықты оқушыларға орта, төмен үлгерімді балалар тартылып үлгерім біркелкі болады. (Топ құру кезінде оқушылардың еркі мен жекелеген тілектер ескерілуі тиіс). Осы кезде мықты оқушыларға қосымша тапсырма беріп, нашар үлгерушілерге бақылау жасау күшейеді. Оқу сапасы артады. Топты қандай балалардан құру, қандай мақсатта қандай тапсырмалар беру, т.б. жағдайлар мұғалімнің шешіміне байланысты. Сабақ пәрменділігін арттыруда басты мәселенің бірі - оның идеялық деңгейінің: ғылымилылық , теория мен практиканың байланысы, іс-әрекеттің қарқыны жоғары болып, өз бетімен ойланып, білім алуға қажеттілік тудыру [22, 23]. Блокты - модульді оқыту әдістерімен оқытқанда осындай жетістіктерге жетуге болады. [24-26]. Себебі ол кезде мұғалім құрып әкелген модульдер (өтілетін тақырып бойынша) әрбір оқушыға таратылып беріледі, ал онда өзбетімен ойланып жұмыс істеуге толық мүмкіндік тудыратын тапсырмалар болады.
Белсенді әдістер арқылы жүзеге асатын белсенді оқыту - оқу әрекетімен білім игеруге танымдық қызығушылық қалыптастыруға жағдай тудырады.
Т.И. Шамова оқушылар оқуындағы белсенділікке жету үшін дидактикалық шарттар қажет деп бөледі. Себебі оқуды белсендіру жолдары бала белсенділігін қажетті дәрежеде арттыра алмайды. Бұл шарттар: балаларда алдын-ала оқу - таным әрекетіне нақтылы қажеттілік қалыптастыру; ұсынылатын тапсырмалар оқушы мүмкіндіктеріне сай болуы; әрекеттің нақты мақсатының анықталуы және оның жүрісінің бақылануы. Ғалымның пікірінше, белсендіру жағдайлары мұғалім мен оқушы әрекеттерінің байланысын қамтамасыз етеді. Оқыту әдістерінің мүмкіндіктері талданып репродуктивтік әрекеттер мен шығармашылық элементтерінің бірлігін табу - ұстаз еңбегінің міндеті деп түйінделеді. [5].
Танымдық қызығушылық - ол адамға тән іштен туа пайда болатын танымдық қажеттілікке негізделген ауқымды ішкі мотив. Оқушыларда қызығушылықтың болмауы - оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты кемшіліктер көрсеткіші. [27]. Қызығушылықтың проблемасы - бұл балалардың сабақ үстіндегі жақсы эмоциональдық жағдайы жайлы ғана емес, оқушылардың жинақталған білімі келешекте өздеріне өлі жүк болады ма, әлде белсенді игілігіне айнала ма? Көптеген зерттеулердің дәлелдемелері бойынша қызығушылық ықылас пен ерікті ынталандырып тез және берік есте сақтауға көмектеседі. [4, 7]. Белгілі психологтар А.Н. Леонтьев, Д.Б.Эльконин, С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Л. Люблинская, Л.С.Выготскии [28-33] және белгілі педагогтар П.И. Пидкасистый, Т.И.Шамова, М.Н. Скаткин, Г.И. Щукина [5, 10, 11, 21] еңбектерінде оқытудың танымдық іс-әрекеті теориясының негізгі қағидалары берілсе, ғалымдар Арханова А, Боброва В, Беляев Н. еңбектерінде қызығушылықты ғылыми-жаратылыстық негізде талдаған. Психологтар мен педагогтар қызығудың физиологиялық негізінің сырын ашуға И.П. Павлов, А.А. Ухтомский, П.А.Анохин, А.Г. Иванов сияқты белгілі ғалымдар еңбектерін басшылыққа алған.
Қызығушылық - оқыту, ақыл-ойды жетілдіру және адам тәрбиелеуде байланыстырушы буын болып есептеледі. Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский “еріксіз көндірумен, күштеумен алған ілім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен” - деген. Ендеше, оқыту негізі - ерікті қызығушылық жағдайда болу керек. Олай болса, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс.
Ағылшын ғалымы Д. Хамблин: "Оқушының жекелеген ерекшеліктерін ажырату керек" - деп баса айтады. Оқуда төмен болу туа біткен қабілеті жоқтықтан емес, оқыту жұмысы тәсілдерінің нашарлығынан, нәтижесіздігінен [34]. Д. Хамблиннің педагогикалық кредосы - оқушыға көмектесу мұғалімнің талап қоюы мен бағалауы арқылы емес - өз - өзін бағалау және ішкі дүниесін ояту, ынтасын арттыру. Оқушылар оқуды өздеріне бір жат әрекет, еріксіз, қашып құтылмайтын өз өмірлеріне берері, өзгертері шамалы салт жоралары ретінде көреді. Оқуды олар қуаныш әкеліп, ынтасын қоздыратын емес, өздерінің "үстінен жүргізілетін" бір әрекет деп қабылдайды. Сөйтіп олар оқу өрісінде бесенді емес енжарлық бағыт /ұстаным/ ұстайды. Оқушылардың шағымы - мұғалім олардың діңкесін құртады, ол жоқта өздері оқып, өз-өздеріне бақылау жасап, өз оқуларын бағалайды. Оқу жұмысында қалыптастыратын біліктілік - балалар өз жетістіктері мен сәтсіздіктеріне өздері жауапты екендігін сезінуі, олардың оқудағы жемісі не құлдырауы тағдыр тәлкегінен еместігі. Осыдан баланың жоғары жетістікке жетуі өз - өзін дұрыс бағалай білуін қалыптастырудан деп тұжырымдайды. Осы айтылғандарға қарағанда оқу үрдісіндегі негізгі міндет - дербестікке үйрету, барлық жағдайда ұстазға сеніп алмау, белсенділік пен шығармашылықты қалыптастыру екені анықталады.
"Шығармашылық тура мағнасында - жаңалық тудыру..." - деген Ф.Батюшковтың тұжырымдамасы бар. [35]. Кеңес Одағының Үлкен энциклопедиясында "қоғамдық маңызы бар, жаңа материалдық , рухани құндылық тудыратын адам әрекетін - шығармашылық" - деп көрсеткен. Психологияда әрекеттің анықтамалары сияқты шығармашылықтың да түрлі тұжырымдары көп. Мысалы, Спиркин А.Г. "шығармашылық дегеніміз - қорытындысында бұрын белгісіз болған деректер мен материалдық әлем және рухани мәдениеттің заңдылықтарын, қасиеттерін және өзіндік құндылықтар тудыратын рухани әрекет" - деп жазған. [36]. Психолог Қ.Жарықбаев: "Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам шығармашыл ойдың иесі" десе [37], Библер В.С. "Адам шығармашылығы дегеніміз - қаблеттің " логикалық көптігі, көптүрлілігі...", ол шығармашыл ойланғанда өз ойын өз ара ішкі ойлау диалогымен жүзеге асырады"- дейді. [38]. "Философиялық энциклопедияда" : шығармашылық - бұрын еш уақытта болмаған жаңа бірдеңе тудырушы әрекет" [39]. Ресей оқулықтары мен оқу құралдарында кең таралған анықтамалар: "шығармашылық - бірегей жаңа бірдеңе тудыратын және тудырушының даму тарихына ғана емес, ғылым, өнер т.б. даму тарихына кіретін әрекет". "Қажырлы да азабы мол еңбек, сонымен бірге адамның барлық дене, және рухани күшін сарқа жұмсауды қажет ететін шабытты еңбек - шығармашылық болып табылады". [34, 35].
Шығармашылық психологиясын зерттеген ғалым Я.П. Пономорев: "Шығармашылық - біздің түсінігімізде жемісті дамудың механизмі" деп тұжырымдайды.[31]. Шығарушының /творец/ басты қабілеті /суретші, ғалым/ - данышпандық. Ол ойын, көңілін тамаша шоғырландыра білетін, аса сезімтал, интуициясы, алдын алу, көз жеткізу, алдын ала сезу қабілеттері аса жоғары адам. Шығармашыл тұлғаның тек өзіне тән қыры - айқын қиялдау, жүйрік ой, бірізділіктен шығу, білім қорының молдығы.
Ғалым Л.Н. Сухорукованың пікірінше ойлаудың кең ауқымды түсінігі - адамның белсенді таным әрекеті. Қысқа мағынада ойлауды - шығармашылық тапсырманы шешу үрдісі деп түсіндіреді. Шығармашылық ойлау - жаңа пікір тудыруға бағытталған әрекет. [22].
Ғалым Л.С. Выготский "Балалар шығармашылығының типтік ерекшеліктері вундеркиндтерден емес, қарапайым орташа балалардан жақсы байқалады. Бұл дарындылықпен таланттың балалық шақта пайда болуы мүмкін емес деген сөз емес" деген. [32]. Шындығында ұлы адамдардың өмір тарихынан біз дарындылықтың белгілері көбінесе осы жаста көрінетіндігін білеміз. Шығармашылық іс әрекет - сыртқы әлемнің қандай да бір әсерінен бе, әлде тек адамның өзінде ғана қалыптасып, өзінен ғана табылатын ой мен сезімнің белгілі құрылымы арқылы пайда болған ба, әйтеуір, адам баласының жаңа бір дүниелер тудыру әрекеті. Бұрынғы білген және игерген білімді жаңғырту /репродуктивтік/ әрекетінен басқа балада шығармашылық немесе құрастыру, тудыру іс-әрекетін байқауға болады . Нәтижесінде жаңа бейнелер мен әрекеттер туатын қиыстыру іс-әрекеті /фантазия/ қиял пайда болады. Қиял қандай да бір әрекеттер негізі ретінде көркем, ғылыми-техникалық шығармашылыққа мүмкіндік жасап, мәдени өмірдің барлық жағында көрінеді.Табиғат әлемінен бөлек, адам қолымен жасалған бізді қоршаған дүние қиял негізінде туған, адам шығармашылығының нәтижесі.
Оқушылар қиялы, шығармашылығы үлкендерден төмендеу болады, көп жағдайда, оның себебін ғалымдар өткен өмірінің, тәжірибесінің кедейлігімен түсіндіреді. Ал, осы оқушының "кенже" қалған шығармашылығын көтеру мүмкін бе? Оқыту әдістері осы мәселені шеше алады ма? Бұл - бүгінгі күн сұрауы. Біз белсендіру мәселесін педагогикалық және психологиялық тұрғыда қысқаша қарастырдық. Сонымен, оқушы белсенділігі оның шығармашылығының негізі және осы негіз оқу үрдісінің мақсаттарына жетудің бір шарты екендігін байқадық.
1.2. Белсенді оқыту үдерісі және оның зерттелу жайы.
Таным әрекетін белсендіру - бағытталған педагогтық іс-әрекет. Мұнда мұғалім оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға жан-жақты әсер ету қажет. Ол балалардың талпынысын, жігерін туғызып, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптастыру сияқты белсендіру құралы.[4, 5, 18].
Оқушының оқу ісіндегі әрекетшілдігі мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми еңбектер ішінен М. А. Данилов, Н.И. Болдырев, Р.Г. Лемберг, Л.Клингбергтерді атауға болады. Танымдық әрекетшілдік ұғымының мазмұны жөніндегі мәселелерді әр қырынан қарастыра отырып, таным белсенділігі үшін жеке тұлғаның ішкі дайындығының біртұтастығы керектігіне мән береді. Белсенді оқыту теориясы мен практикасының дамуына әсері жөнінен бұл еңбектер маңызды болды.
Мысалы Р.Г. Лемберг мектептің әдістемелік жұмысында бәріне бірдей сабақ құрылымының сызбанұсқасы болуы мүмкін еместігін атап көрсетеді. Осы зерттеуде Қазақстан мектептері жұмысы негізінде оқушының әртүрлі танымдық әрекеттер арқылы білім игеру бағытымен жүретінін және бұл үшін мұғалім бағыттаушы, жетекші болады деп түсіндіреді. Мұғалімнің ауызша баяндау әдісінің өзінде тыңдаушыда ойлау жұмысы жүреді, ал тәжірибелі ұстаз осы кездд де оқушылардың ойына қозғау салады.
Г.К Селевко оқытуда баланың дербес әрекетін дамытуға баса көңіл бөледі [26]. Мұғалімнің жетекші рөлі оқу бағдарламасында көрсетілген оқыту мазмұнын меңгеруге бағытталған оқушылардың дербес әрекеттері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ұстаздың міндеті: оқушы әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және өзі делдал ретінде көмектесіп осы әрекетті бағыттау. Сөйтіп балаларды оқи білуге үйрету арқылы бірте-бірте саналы және дербес түрде білім, білік игеруге қалыптастыру. Ұстаз шеберлігінің мәні - оқушы оқу материалы "алдынан шығуы" кезінде және оқу материалы оқушы "алдынан шығуы" кезіндегі және оқушымен оқу мазмұны арасындағы жемісті таныстық мезгілінде оңтайлы делдал болуында.
Оқыту әрі өзі үйрену, әрбір сабақ-ұстаз үшін де таным үрдісі. Себебі, мұғалім алдында оқыту үрдісі кезінде сол пәннің әр қыры ашыла түседі - сабақты құру, әдістермен қарулану, әрбір баланың, сынып ұжымының жаңа сырлары ашылады. Ұстаз үшін оқыту - үнемі диагностикалық үрдіс, ол өз оқушыларының субъективтік әлеміне және олардың оқуының объективтік заңдылықтарына бірте - бірте терең ұғыну үрдісі.
Оқушылар әрекеті де тек оқумен шектелмейді. Әрбір оқушы шын мәнінде оқытушы да. Кез келген сыныпта оқудың, оқудан тыс жұмыстың "мамандары" болады, ал олар өз жолдастарына және мұғалімге әйтеуір бір жаңалық ұсына алады.
Осы талдаудан оқыту мен оқу бір - бірімен тығыз байланысты, бір - біріне ауыса алатын екіжақты шығармашылық еңбек деп анықтауға болады.
Таным белсенділігі дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, санасына, еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер әзірге жоқ болса, оны қалыптастыру мұғалімнің кәсіби міндеті. Оқушының белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс, тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді. [5].
Сондықтан оқытудың белсенді әдістері дегеніміз оқушының таным белсенділігі дәрежесін барынша көтеретін, талпына оқуға жетелейтін әдістер. Осы әдістермен жүргізілген сабақтар кезінде сынып оқушылары түгел қарқынды, қызығушылық және ерікпен ойлана отырып тыңдайды, бақылайды, оқиды, еңбек етеді. [7, 11]. Мысалы, үй тапсырмасын тексерумен басталатын сабақта 5-7 мин. көлемінде оқушылар оқулықтан және дәптердегі жазғандарын қарап, үй тапсырмасы бойынша бес сұрақ дайындайды. Сабақты бұлай бастаудың тиімділігі сол, төмен үлгерімдегі оқушылар өтілген материалды тағы бір қайталап, қарап психологиялық тұрғыда комфортты жағдайда болады. Мұғалім әрбір қатардан өзіне ассистент даярлап, олар өз қатарлары оқушыларын тізіп, олардың жауаптарын “қосу” және “алу” белгілерімен белгілеп отырады. Тақтаға шыққан алғашқы оқушыға ассистенттер бір-бірден сұрақтар қояды, басқа оқушылар жауапты толықтырады.
Осыдан соң екінші оқушы дәптерін ала шығады да өзі құрған сұрақтарын қояды. Мұғалім рөліндегі ол жауаптардың дұрыстығын бағалайды. Енді сынып оқушылары “жас мұғалімнің” құрған сұрақтарының сапасын бағалап, сұрау кезіндегі жағымды, жағымсыз қылықтарын сынап жалпы дауыспен оған журналға баға қояды. Келесі кезекте бір оқушы шығып өзіне кезекпен-кезек қойылған 5 сұраққа жауап береді, тиісті бағасын алады. Жақсы қойылған сұрақ авторлары бағаланады. Осы әдістер балалардың таным әрекеттеріне, ойлау қабілеттеріне тиімді әсер етеді. Сынып оқушылары түгелге дерлік сабаққа тартылады.
Бағытталған саналы белсенділік оқу ісінің қозғаушы күші бола отырып оның жемістілігіне /нәтижесіне/ әсер етеді. Сол себептен белсенділікті оқу ісінің мақсатына жетудегі шарт қана емес, құрал ретінде қарастырған жөн. [17]. Белсенділік - оқушылардың оқу - тану әрекетіне көрсететін қатынасы, ол қатынас берілген уақытта қойылған мақсатқа жетуге ұмытылыс жасаумен сипатталады. [4]. Оқушының танымдық әрекетшілігі білімді меңгеру барысындағы қиындықты жеңе отырып, оқуға талпынысымен, ой жұмысында еркінің күші мен энергиясын барынша жұмсаумен айқындалады. Бұл тек сыртқы белсенділік емес (қол көтеру, көшіріп жазу, кітап ақтару т.с.с.) ішкі, ойлау белсенділігі, шығармашыл ойлауы [26].
Жаңашыл-педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, Е.Н. Ильин, В.Ф.Шаталов және олардың ізбасарлары тек мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы ғана сыныптың сабақтағы белсенді оқу әрекетін қамтамасыз ететіндігін практикалық тұрғыда дәлелдеді. Мысалы, тірек хабарларымен жұмыс істегенде талпыныспен, жан-жақты ойланып, есте сақтап, қызығушылық танытады.
В. Ф. Шаталовтың маңызды жетістіктерінің бірі - оқу үрдісінде жағымды психологиялық жағдай туғызу, оқу еңбегіне деген оқушылардың ішкі талпыныстарын жоғары деңгейге көтеру. Осы дәрежеге жету - ұстаз бен шәкірт қарым - қатынасының ерекшелігінде.
Олар: оқушыларға сенім арту - сабақ беруге қою, сабаққа кешігіп келген оқушыға еш уақытта ұрыспау, сабақ соңынан жеке сөйлесу, үй жұмысының берілмеуі және баға қоюында ерекшелік байқалады [30].
Р.Г. Мангушев өз тәжірибесінде жаңа сабақты оқыту кезінде проблемалық сұрақтарды үйлесімді пайдаланады. [31]. Оқу материалын оқытудың бірнеше варианттары осындай сұрақтармен жүргізіледі. Жаңа материалды баяндау барысында басты ойды айқындап, биологиялық заңдылықтар негізін ашып, оны мысалдармен негіздейді. Керісінше проблемалық сұрақтармен алған ақпараттарын саналы практикалық ізденісте қолдануларын талап етеді. Мысалы: ”Табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бейімделу” тақырыбын өткенде “неге жылыжайларда қыс мезгілінде көкөніс дақылдары су мен жылылық жеткілікті болса да жеміс бермейді” - деген сұрақ оқушыларды ойландырып, себебін табуға жетелейді.
Проблемалық сұрақтарды жоспарлау кезінде, бұл тәжірибеде жаңа материалды мазмұндау сипатын ойластыру ерекше. Тақырып толық айтылмай, сұрақ қоюға тиімді жерлерін балалардың өздері оған жауап берген кезде табуы. Негізгі ойды қалыптастырып 2-3 дерекпен дәлелдеп, проблемалық сұрақ беру арқылы оқытылған заңдылықты нақты жағдайда көрсетулерін талап етеді. Табиғи сұрыпталу заңдылықтарын оқыған кезде: “Ауылшаруашылығы дақылдары зиянкестеріне қарсы неге үнемі улы химикаттарды жаңартып отыру қажет ?”.
Бірқатар деректерді келтіріп, негізгі ойды айқындай отырып, білімді қорытындылайтын тұжырым жасауды қажет ететін проблемалық сұрақтар тірі табиғаттың көптүрлілігі жайлы, мысалы: «неге табиғатта тірі ағзалардың көп түрлілігіне қарамастан бүкіл органикалық дүниенің біртұтастығы жайлы айтылады?». В.Н. Максимова проблемалық жағдай тудыратын сұрақтар төңірегінде пікірталас ұйымдастыруды оқушылардың өмірде көрген - білгендеріне сүйене отырып жүргізуді, сабақта проблемалық жағдай туғызу мен оны шешуге дайындайтын алдын ала үй тапсырмасын беру сияқты тәсілдерді қолданады. Сөйтіп, сабаққа қызығушылық тудыру жаппай ізденушілік сұрақ-жауап кезінде жүзеге асады. [7, 22].
Мысалы: “Тыңайтқыштардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы”
Органикалық және минералдық тыңайтқыштар ұғымдары қалыптастырылады. Өсімдік үшін шешуші фактор-топырақта судың болуы. Топырақ түйіршіктері өз беттерінде және пораларында (аралық қуыстарында) суды ұстайды. Неғұрлым түйіршіктер ұсақ болса, соғұрлым олардың жалпы бет көлемі көп болып, көбірек су ұстайды.
“Жақсы - жаман” деген ойын түрі негізінде сазды және құмдақ топырақтар қасиеттерін салыстырамыз. Сазды топырақ көптеген ұсақ түйіршіктерден құралғандықтан ылғалды жақсы ұстайды. Бұл - жақсы. Ал өсімдік үшін бұл жақсылық - зиянды, өйткені осы топырақ түйіршіктерімен су өте жақсы ұсталғандықтан тамыр оны пайдалана алмайды. Бұл - жаман. Құмдақ топырақ бұған қарама-қарсы қасиеттермен белгілі. (Осы мысалдан "санның сапаға ауысу заңы" анық көрініп тұр) .
Сұрақ: Практикада осы екі түрлі топырақтың кемшіліктерін болдырмай артықшылықтарын қалай біріктіруге болады?
I Ұсыныс: екі топырақты араластырса қарама-қайшылық шешіледі.
II Ұсыныс: Топыраққа суды жақсы ұстап, керек кезінде босата алатын губка тәрізді бірдеңе қосу. Ол ағаш кескеннен қалған үгінді (опилка), шымтезек, қарашірік, шіріген жапырақтар, компост, көң болуы мүмкін.
Екінші ұсыныстың артықшылығы ескеріледі, себебі, бұл кезде топырақ қасиеттерінің жақсаруынан басқа аталған қоспалар шіру кезінде минералды заттар түзеді, осы кезде өсімдіктердің дамуына қажетті жылу бөлінеді. Осымен біз “органикалық тыңайтқыш” деген ұғым бердік. Тағы да бір қарсы сауал туындайды: Органикалық тыңайтқыштар бірнеше жылдар бойы ыдырап шіриді, ал өсімдіктер минералдық заттарды үнемі қажет етеді.
Ұсыныс: Бұл қарама-қайшылықты топыраққа минералды заттарды дайын күйінде қосу арқылы шешуге болады. (Бұл “минералды тыңайтқыштар” деген ұғым береді).
Қарсы: Минералды тыңайтқыштар жылу бермейді және топырақтан оңай шайылып кетеді. Органикалық тыңайтқыштар шіруі барысында минералды тұздардың бөлінуі баяу жүреді де, өсімдіктер тұздармен қамтамасыз етіледі. Ендеше органикалық тыңайтқыштардың кемшілігінің өзі минералды тыңайтқыштар алдында ілгері болып тұр. Сабақ соңында топыраққа әрі органикалық, әрі минералдық тыңайтқыштарды бірге қосу керектігі жайлы тұжырым жасалады. Осындай сабақтар барысында мұғалім әңгімелесу-логикалық тәсілімен оқушыларға “ұғымды тудырады, ол өз бетімен немесе механикалық түрде алмайды, дәлелдеу нәтижесінде туындайды”. (Гегель).
Қ. Қайымовтың “Зоология және танымдық ойындар", К.Жүнісова, М.Шаймарданова, Қ. Қайымовтардың "Зоология сабақтары” деген еңбектерінің зоологияны оқытуға маңызы зор болды. Осы кітаптың I бөлімінде зоология сабақтарында жануарлардың қоршаған ортаға бейімделушілігі мәселелерін оқытуға, олардың салыстырмалы сипатына едәуір назар аударылған.
Мысалы, бір жасушалы жәндіктер қолайсыз жағдайларға тап болғанда қалың қабықша-цистаға оранады. Қолайсыз жағдайлар жазда, қыста болады. Міне, осындай жағдайларда амебалардың тағдыры не болады? Олар тіршілігін тоқтата ма?
Осы арада мұғалім оқушылардың бұл сұраққа қандай жауап беретінін күтуі керек. Әрине, оқушылардың көпшілігі: “амебалар қырылып, түгелдей, жойылады”, - деп тұжырымдауы ықтимал. Бұл жерде мұғалім: микроскоппен, ұлғайтқыш көктемде, жазда су тамшыларын тексерсек амебалардың қырылып, жойылып кетпестен, керісінше көбейгенін көреміз, - деп баяндайды. Сонда олар қалайша тірі қалған? Міне, енді осы мәселелерге ой жүгіртіп көрейікші.
Мұғалім циста туралы әңгімелеуін жалғастырады. Осыдан соң амебаның тітіркенуі, яғни сыртқы ортадан болатын түрлі әсерлерге жауап беруі, бұл реакцияның жәндік тіршілігіндегі маңызы туралы әңгімеге көшу болады (бұл материал оқулықта берілмеген).
Сабақ беру барысында мұғалімнің оқушыларды ізденуге, ойлануға итермелейтін сұрақтар мен қосымша материалдан деректер беруі өте орынды. Себебі қазіргі таңда “экологиялық тәрбие”, “экологиялық сауаттылық” проблемалары адамзаттың ең басты, жатпай-тұрмай шешетін мәселесі болып тұрғанда балаларға қоршаған орта жағдайлары, олардың тірі ағзаларға әсерін баса түсіндіру маңызды.
Қ. Қайымовтың “Зоология және танымдық ойындар” деген кітабында оқушылардың білімге құштарлығын дамытудың Н.А. Рыковтың “Ғажайыптану тәсілі” деп аталатын әдісіне тоқталған: VII сынып оқушылары жануартану пәнін бірінші рет оқитын болғандықтан, оқушылар назарын, ынтасын осы пәнге аударудың түрлі тәсілдері қарастырылған. Сол тәсілдердің ішінде зоологияға кіріспе сабақты сұрақтан бастап, оның кейбір сұрақтарына қызықты дәлелдер келтіре, материалды баяндау кезінде оқушыларды да қатыстыра жүргізген сабақ өте сәтті өтеді. Мысалы:
1. Өсімдіктер мен жануарларда өзара ұқсастық бар ма?
2. Біздің жақта жолбарыс неліктен тіршілік ете алмайды?
Оқушылар бұл сұрақтарға барынша қызығып, білгендерін жауап беруге асығады да, кей сұрақтар өздерін таңдандыратындығын да жасыра алмайды. Оқушылар арасында түрлі пікірлер пайда болып, бірақ нақтылы жауабын таба алмайды.
Мұғалім оқушылардың сұрақтарға жауап қайтаруына көңіл аударып, оқушылардың зоологияға деген ынтасын арттыра түсу мақсатында қысқаша кіріспе әңгіме айтып берді.
Зоология сабағында оқушылардың білімге құштарлығын, таным қабілетін дамытудың тағы бір тәсілі - Н.А. Рыков ұсынған “жаңалық тәсілі”. “Жаңалық тәсілі” “ғажаптану тәсіліне” өте байланысты. Сабақ беріп тұрған мұғалімнің әдісті кенет өзгертуі, сөйтіп оқушылар назарын жаңа нәрсеге аудара білу - олардың сабаққа деген белсенділігін арттыруға себепші болады. Өйткені “әрбір жаңа тітіркендіргіш ағзаға жаңадан әсер еткенде ағзаның соған байланысты қимылмен жауап беруін қажет етеді”, - дейді И.П. Павлов. Олай болса, мұғалімнің сабақ беруде пайдаланған жаңа тәсілі оқушылар үшін жаңа тітіркендіргіш болады. Мұндай тәсілге түрлі зоологиялық шытырман ойындар жұмбақтар, сөзжұмбақтар жатады.
Қ. Қайымовтың бұл әдіс - тәсілдерін мектептерде пән мұғалімдерінің пайдаланып жүргендері белгілі. Бірақ та, бұл айтылған пікірлердің жеткіліксіздігі сол, ол тек қана мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінде жетекші рөлімен анықталады, оқушылар тек тыңдаушы, орындаушы болып шектеледі.
Соңғы кезде шығарылып жатқан оқу - тәрбие үрдісін жетілдірудегі заман талабына сай оқу құралдары Г.И Лернер, Т.С. Сухова және басқа жоғарыда аталған ғалымдар мен әдіскерлердің шығармашылық еңбектерінің нәтижелері. [15, 22]. Бұл оқу құралдары - әдістемелік тұрғыда ұстаздарға да, оқушыларға да өте қолайлы жұмыс кітаптары. Мұғалімдер мен оқушыларға кітаппен жұмыс істеу ережесі айтылып, балалар үшін арнайы әртүрлі тапсырмалар беріліп, оларды орындау үшін бос кестелер, жауаптар орындары көрсетілген. Тіршілік қалпынан бастап әртүрлі тип, отряд өкілдері құрылыстарын, биологиялық ерекшеліктерін, маңызын оқу сан алуан тапсырмалардың тартымды берілуімен жүргізіледі. Ұстазға оқушы білімін жедел тексеруге, оқушыларға өз-өздері білімдерін бақылауға оқу құралдары аса қолайлы құрылған.
Біздің теориялық талдауымызда оқыту әдістемесінің жетілдірілуі қарастырылды. Әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау арқылы оқыту үрдісінің дамуында мынадай заңдылықтарды (ерекшеліктерді) айқындадық:
- Орта мектепте оқыту әдістері ғылымның дамуымен байланыста болып, оқу пәндерінің мазмұны жетілдіріліп отырған.
- Әр кезеңде заман талабына сай әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын оқыту әдістемесі құрылып, дамытылып келген.
- Қазіргі кезде оқыту әдістемесінде жаңа бағыттардың жетілдірілуі оқушы шығармашылығын қалыптастыратын белсенді әдістер және белсенді оқытумен байланысты.
1.3. Оқыту үдерісіндегі жаңа бағыттар сипаттамасы
Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі және басты формасы осы күнге дейін сабақ екендігі кіріспеде айтылды. Бірақ, дұрыс пайдалана білсе оның өзі шексіз шығармашылық мүмкіндік береді.
Сабақ – 40, 45 мин. уақыт қана емес, ол - берілген шығармашыл еңбек көлемі. Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген оқушының таным белсенділігінің, қызығушылығының, тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі - сабақтардың бірсарындылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы бірізділік пайда болады, ол - бірте-бірте балалардың қызығуын жояды. Ендеше, қазіргі сабақ қандай болу керек десек, ол - тек қана шығармашыл болуы керек.
Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника дамуы деңгейіндегі "жеңіл" мен "қиын" ұғымдарды ғана меңгертуге жарап келеді. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан-жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет т.б.) сондықтан, олар көп нәрсені өте ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде хабарлар, деректер шығаруға қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған мәселе жөнінде өте жоғарғы көрсеткіш көрсете алады. Ұстаз осындай жағдайда оқушымен байланыста шексіз шығармашылық өнермен биікте болуы керек. Ұстаздық мәдениет театр мәдениетімен айрылмастай байланыста. Оқу үрдісі кезінде баланың шығармашылық жағдайдағы өздерін сезінулеріне тек оқытушының "үстемділігінен" және "мұғалімдік мундирінен" [36] шығып, оқушы тұлғасын сыйлап түсіну кезінде жеткізуге болады.
Мектеп білім беру жүйесінде 1980 - жылдан бері ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Дәстүрлі оқыту үрдісімен қатар білім берудің басқа талаптарын жүзеге асыратын жаңа технологиялар пайда болды. Алыс - жақын шет елдерде қазіргі кезеңде әлемдік білім беру кеңістігіне өту бағытында жаңа оқыту жүйесі қалыптастырылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие тәжірибесіне елеулі өзгерістер енгізуде.
Бүгінгі күні оқу ағарту ісінде вариативтік принцип жарияланған, соның нәтижесінде педагогтік ұжымдар оқыту үрдісінде кез келген моделдер, авторлық моделдер таңдап алуларына мүмкіндік туды. Осы бағытта білім беруде прогресс жүруде: білім беру құрылымының пәрменділігін арттыруда қазіргі дидактика мүмкіндіктерін пайдалану, оның әр түрлі жолдарын жасау; жаңа технология мен пікірлерді ғылыми және тәжірибелік негіздеу.
Білім берудің авторитарлы-императивтік тәсілінде жекелеген оқушының өзіндік /даралық/ қасиетін ескермей, оқыту-тәрбиелеу барысында үлкеннің мақсаты мен еркіне бұлжытпай бағындыратын әдіс. Бұл мұғалімнің субъект, ал оқушының объекті екенін көрсетеді. Себебі, бұл кезде мұғалім өзінің басқарушылық позициясын ашық түрде, ырықсыз көнетін тәрбиеленушісіне жүргізеді. Осы жолға мұғалім басқаша ұйымдастыра, жүргізе білмегендіктен еріксіз түседі, өйткені авторитарлы модель осындай жағдайға итермелейді. Манипулятивті педагогикада да мұғалім субъект, оқушы әсер етуші объект ретінде болады.
Ұстаз тұлғасы - баланың жаны мен ойына әсер ететін негізгі тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі бірден - бір маңызды мәселе. Биология пәні мұғалімінің тұлғасы, эрудициясы, өз ісіне берілгендігі мен дарыны шәкірттеріне белгілі бір із қалдырады, өмір жолдарына әсер етеді. Ұстаздың шығармашылық даралығы /индивидуальность/, шығармашылық белсенділігі өз еңбегінің жемісінің нәтижесінің мәнділігінен туындайды. Даралық барлық адамға тән, бірақ, ол әркімде негізгі қасиет бола бермейді, кез келген адамды айқын көрінетін дара деп айта алмайсың. Даралық, біріншіден, тек жекелеген адамның өзіне ғана тән, қайталанбас бірегей қасиет, екіншіден, тұлғаның өзіндік дамуын көрсететін жинақы қасиет. [23].
Қазіргі кезеңдегі түпкілікті өзгеріп отырған жағдайға байланысты, биологиялық білім берудің басты мақсатымен міндеттерінің бірі - оқушыларда биологиялық ойлауды, қарапайым болса да ғылыми болжам құру мен оны тексеруге дәлелдер іздеуді, жоспарлай білуді дамыту.[23].
Биологияны оқытуда соңғы кездегі журнал беттерінде көптеп беріліп жүрген сабақ түрлері заман талабының көріністері. Толық мәнді жаңаша білім беру - бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті - бала қабілетін дамыту, тәрбиелеу.
Ғалымдар білім беру саласында негізді өзгеріс қажет екенін мәлімдейді. Оны әртүрлі дәлелдейді: дағдарыстан шығу жолын іздестіру деп, жаңаша білім беруге "бұзып жара өту" қажеттігі, тіпті, білім берудің классикалық негізі мен идеяларына қайта келу мүмкіндігі деп. [15]. Дидактика классигі И.Г. Песталлоцций шығармашылығында тәрбиелеу өзінің индивидуальдық ерекшеліктерін сезіне отырып, өзін-өзі тудырушы балаға көмек көрсету деген пікір-түсінік айқын байқалған.
Қуаттау педагогикасының парадигмасы шеңберінде де білім беру мақсатының қойылуы осыған ұқсас. Онда, біріншіден, баламен қарым-қатынас еш тәрбие және оқыту мақсатында емес, бірін-бірі қабылдау, сыйлау, сену, байланыс құру. Екіншіден, сол кезеңдегі бала бойындағы бар қасиеттер - қабілеті, түсінігі, қажеттігі, ішкі дүниесін түсіну негізінде. Сонан соң ғана, келесі қадам - балаға өзін - өзі түсінуге, өз әлеуетін сезінуге, даму мақсатын анықтауға қадам жасауға жәрдемдесу. [6].
Орыс физиологы А.А Ухтомский адам өмірінің негізі - үздіксіз өзін - өзі жетілдіруге негізделген, ол адамның доминантты қылығынан болады деген философиялық концепцияны берген. Адам әрекетіндегі ішкі психикалық әлемнің рөлі жайлы бұл болжам бойынша шешім қабылдауда мидың әрекеті таңдау еркіндігі мен субъектінің ықтияр бостандығына сүйенеді. Ендеше, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі /шыңдауы/ - ішкі болмыспен және психикалық үрдістермен жүзеге асады.[19, 20].
Қазіргі ғылымның деректері бойынша адамның өсуі мен дамуын гендік деңгейдегі биологиялық бағдарлама басқарады, осыған қосымша оған орта әсер етеді де, тұлғаны әлеуметтендіреді. Қортындысында, педагогика үшін басты дерек, ол адам тек қана биологиялық тұқым қуалау және орта әсерінен ғана дамымайды, ол өзінің қажеттігі, құлқы, өмірдегі тәжірибесі әсерінен де дамиды. "Тұлғаның өзін - өзі жетілдіруіндегі доминанта мектебі" мектептер ұжымдарымен ынтымақтастықта туған авторлық модель. [30]. Бұл А.А.Ухтомский еңбегінің негізінде туындаған. Осы педагогикалық технология "өзін-өзі дамытушы оқу" деп аталады. Доминанта - орталық жүйке жүйесінде уақытша басым болатын қозу ошағы, ол адамның қылығы мен психикалық үрдістеріне белгілі белсенділік және бағыттылық береді.
"Эстетикалық - проектілік" білім берудегі енді қалыптастыратын парадигма. Бұл келешекте басым болатын парадигма болуы мүмкін. Бұл жерде проектілік /нысаналық/ - қазіргі өркениеттік дамудағы маңызды болып отырған мәдениеттің онтологиялық қасиеті. Осы парадигманың екі қыры бар. Бірінші, білім беруді тұтастық пен үйлесімділік негізінде ұйымдастыру. Екінші, білім беру үрдісін эстетикалық шығармашылыққа айналдырудың тарихи тенденциясы. Жаңа парадигма білім берудің құрылымы мен мазмұнын ғана емес оның әдістерін, ақпараттық және педагогикалық технологиялары мәселелерін қозғайды.
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жүйесін, білім берудің жаңа парадигмасын Қ.М. Арынғазин ұсынып отыр. Білім, білік, дағды (Б.Б.Д.) қалыптастыратын ақпаратты педагогикаға қарағанда жаңа бағыт оқушыларға білімінің шектеулі екенін дәлелдеп, оларға өз мүмкіндіктері шегінен шығу жолдарын үйретіп, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз етеді, сөйтіп ішкі шығармашылық мотивациясын тудырып ББД - ның қалыптасуын соңғы мақсат емес, алғашқы этап тұрғысында қояды.
Оқыту. Тәрбиелеу. Қалыптастыру
1. Б.Б.Д. + қатынас-ерекше –қатынас = ғылыми көзқарастар
жүйесі /ҒКЖ/
2. Ғылыми + сезімталдық - жоғары = көз жеткізу, сенім
көзқарастар сезімталдық
жүйесі.
3. Көз жеткізу, + практика, шығармашылық = жеке тұлғаның кәсіби
сенім әрекет, даму. әлем бейнесін /КӘБ/ қалыптастыру. Осы арқылы қоғамдық- әлеуметтік қызметке даярлау.
Бұл сызбанұсқаның оң жақ бөлігі педагогикалық үрдіс кезеңдерінің қорытындысы. Мысалы, ББД-ға қатынас - ерекше қатынас тәрбиеленбейінше, ол ғылыми көзқарастар жүйесін (философиялық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми, діни) нәтижелі қалыптастыра алмайды. Сол сияқты сана, сезімталдық - жоғары сезімталдық қосылмайынша ғылыми көзқарастар жүйесі жеке тұлғаның саналы түрде меңгеруіне қажеттікке (сеніміне) айнала алмайды. Сендіру, көзін жеткізу - практикамен, шығармашылық әрекетпен күшейтілмесе, жеке тұлғаның кәсіби әлем бейнесі, диалектикалық көзқарасы қалыптаспайды.
Қатынас - оқушы - ұстаз, оқушы - таным объектісі өз ара байланысы, әрекеттестік.
Ерекше қатынас - адамда болатын өзінің қажеттілігі, алға тартар құлқы, ол - ББД -дан шығады .
Сезімталдық - оқушының бойындағы осы сыныпқа дейінгі алып келген білімі. Мысалы, алтыншы сыныпқа оқушы бесінші сыныптағы табиғаттану пәнінен игерген білімімен келеді т.с.с.
Жоғары сезімталық - бала әрі қарай бірдеңе білгісі келеді. Ол -қызығушылығы, талпынысы.
Қатынас - ерекше қатынас және сезімталдық - жоғары сезімталдық, осы парадигмада симбиоздық формадағы жаңа ұғым.
Автордың пікірінше, бұл сызбанұсқа - білім беру жүйесінің диалектикасы, жеке тұлға қажеттілігін қамтамасыз ететін және педагогикалық логика талаптарына сай ұтымды, пәрменді оқыту формасы. Бұл, қазіргі кезеңде, оқыту мен тәрбиелеудің күшейтілген, өзін - өзі ұйымдастырушы жүйесі. Ерекшелігі - жеке тұлғаның интериоризациясы /сыртқы әлеуметтік құрылым әсерінен адам психикасының ішкі құрылымының қалыптасуы/, рефлексиясы /адамның, өз санасында болып жатқандарды салмақтауы/ және рецепциясы /жүйке орталықтарына тиісті тітіркендіргіштердің әсерін жеткізуші сыртқы дүниенің энергиясын жүйке үрдісіндегі таралатын қозуға айналдыру/ мүмкіндіктеріне негізделеді. Бұл оқыту жүйесі сыныптық - сабақ формасын жоққа шығармайды, оған қосымша, кеңейтіп ширатады.
Ұстаздар тәжірибелерінде өткізіліп жүрген, осы талаптарды орындай алатын жаңа технологиялық сабақтар түрлерін: Іскерлік ойындар, танымдық ойындар, конференция сабақ, пресс-конференция, саяхат сабақ, интеграциялық сабақ, ертегі, аукцион, жарыс сабақтары, КВН, спектакль, сот және викторина сабақтары деп топтауға болады.
Осындай сабақтар кезінде оқушы субьект ретінде болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып, ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде таным қызығушылығының механизмі әржақты күрделі, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады. Өйткені, ойлау үрдісі күрделі тізбектен құралып, жорамалдау, қажетті әдісті таңдау, білім - біліктің түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің саралануынан ең қажеттісі таңдап алынады. Бұл жағдайда оқушының барлық әрекеті өзі үшін маңызды болып, шығармашылығы зор қуаныш әкеледі [33], "ашқан жаңалығына" [7] таңдану, өзбетімен қиындықты жеңгеніне, басқаға көмектескеніне, тапқырлығына, білім игеруде алға жылжығандығына рахаттанады.
Ұстаз бен оқушының субьект-субьектілік қатынасы негізіндегі оқу үрдісінде бірін-бірі толықтыру, қолдау жағдайында өтеді. Жаңашыл педагогтардың тәжірибелерінде бұл айқын көрініп тұрады. Бұл кезде ұстаз оқушылардың белсенділігі мен өзбетімен талаптануына, шығармашылық мүмкіндіктеріне сүйеніп, нәтижесін болжайды. Мысалы: Н.П. Гузиктің көзқарасында білім - шығармашылық арқылы жүзеге асырылады. Ал Шаталовта әуелі білім, сонан соң шығармашылық. Е.Н. Ильин сыныпта барлық ұжымның шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы атмосфера тудырып, әр баланың пікірін тыңдауға көңіл бөледі.
Оқытуға қойылатын талаптардың бірі - білім беру мен тәрбиенің біртұтас үрдіс ретінде іске асырылуы. Білім бере отырып тәрбиелеу дегенді екінші сөзбен айтқанда, оқушының ой белсенділігін, жұмыс істеу дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту деген сөз.
Қабілеттің дамуы, дағдының қалыптасуы оқушының нақты іс-әрекеті арқылы орындалады.
Кейбір әдістемешілер мен мұғалімдер оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын проблемалық тапсырмалардан, шығармашылық жұмыстардан өзгеше, бөлек дүние деп қарайды. Бұл дұрыс емес, шынында проблемалық тапсырма жұмыстар да, шығармашылық жұмыстар да- оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, оның түрлері, мазмұны сатылап күрделеніп отырады. Мәселе бұл жұмыстарды, мұғалімнің білім бере отырып дамыта тәрбиелеудің құралы етіп ұйымдастыра білуінде.
Лайықты таңдап алынған әдіс, сабақ түрі ғана оқушылардың материалды жақсы меңгеруіне мүмкіндік туғызады. Бұл жөнінде ұлы педагог К.Д.Ушинский: "Нағыз, шын көңілді жақсы мұғалім көпшілік ойлағандай үйреншікті бір жаратылыс емес, сол себептен пәнді білетін кез-келген адам, ұстаз бола алмайды. Үлкен энергиялы нағыз бейімді адам ғана шын мәнінде бұл қызыметті атқара алады." деген еді.
Сонымен, ғалымдар мен педагогтардың заман талабына сай оқу тәрбие үрдісін жетілдірудегі негізгі нысана етіп ұстаған принциптері мыналар екенін анықтадық: білім беруді оқушыларда ақпараттар қорын толтырумен шектемей, бала белсенділігі дамуының тәсілі ретінде қарастыруы. Себебі белсенділікті дамыту шығармашылыққа жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет. Зерттеушілік әдіс, демеу - ізденушілік /эвристикалық/ әдіс және басқа да белсенді оқыту жолдары өз қызметтерін толық орындау үшін қалай ұйымдастырылуы, қандай сабақтар жүйесі керектігі әлі де зерттеуді қажет етеді.
Осы теориялық талдаудан шығатыны - оқытудағы белсенділікті арттыруға байланысты мақалалар мен басылымдар көп болса да оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жүйесінің жоқтығы.
2. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ НЕГІЗІ
2. 1. Оқыту технологиясы ұғымына түсініктеме
Әдістемелік әдебиеттерде қазіргі кезде педагогикалық технология, оқыту технологиясы, білім беру технологиясы деген ұғымдар жиі кездеседі. Осы ұғымдар білім берудің теориясы мен практикасына кеңінен кірген. Биологияны оқыту әдістемесі аталған ұғымдармен тығыз қатыста.
«Технология» ұғымы педагогикаға техника жағынан келген. Технология (грекше - өнер, шеберлік + logos - ұғым) шетел сөздері сөздігінде: 1) әдістер жиынтығы; 2) жасау тәсілдері жөніндегі ғылым. Осы терминнің педагогикалық әдебиеттерде пайда болуы оның әртүрлі түсіндірілуімен көрінуде. Техникада, кез келген өндірісте «технология» сөзі белгілі бір операцияларды, жұмыстар ретін және қандай да бір өнімнің дайындалу тәсілдері деп қабылданады, яғни өнімді дайындауға байланысты белгілі әрекет көрсетіледі. Технология – бұл ерекше белгі, мазмұн жөнінде, құрам жөнінде және әрекетті жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдың нұсқауы. Сондықтан оқыту технологиясы да мақсат және болжам түрінде түпкі ойды, әрекетті жоспарлауды беретін оқу-тәрбие жұмысын және олардың жүйесін нобайлау мен оны жүзеге асыруды қарастырады [25].
XX ғасырдың алпысыншы жылдарында бағдарламалық (программалық) оқытудың дамуы нәтижесінде оқыту бағдарламаларын технологиялық жасау (өңдеу) пікірі айтыла бастайды. Оның құрамына: оқыту мақсатының жиынтығын құру; оларды өлшеу мен бағалаудың критерийлерін таңдап алу; оқыту жағдайларын нақты сипаттау кірді.
Педагогикалық технологияның қалыптасуы мен дамуы тарихында бұл түрліше айтылды, алғашқы «техникалық құралдар көмегімен оқыту» деп айтылғаннан бастап немесе «бағдарланған оқыту варианты» дегеннен «жобаланған оқыту үрдісін жүйелі және ретті ұйымдастыру» деген ұғымға дейін.
Білім беру жүйесі технологияны жасау үшін негіз болып саналады, сондықтан педагогикалық технология практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде анықталады. Бұнда негізгі көңіл оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын алдын-ала жобалауға бөлінеді. Осыдан барып педагогикада осы ұғымға анықтама беріледі.
Педагогикалық технология – бұл оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына және оқушы тұлғасын дамыту мақсаттарына жетуге бағытталған педагогикалық әрекетті ретімен ашып көрсету жүйесінің жобасы және оны жүзеге асыру [26].
Басқа педагогтардың анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бұл қажетті нәтижеге жету үшін білім беру үрдісінде құралдар жүйесін жоспарлау мен қолдану.
Жалпы педагогикалық технология жөнінде және жеке алғанда оқыту технологиясы ұғымдарының түсіндірілуінің көптігіне қарамастан барлық авторлар аса маңызды үш ұстанымды атап көрсетеді:
- оқытуды оқушының бақыланған әрекеттерінің жиынтығы түрінде қажет етіп отырған эталонды нақты анықтау негізінде жоспарлау;
- барлық оқыту үрдісін бағдарламалау: мұғалім әрекетінің қатаң реттілігі және оқып үйренуге жағдай жасау;
- жетістікке кепіл болатын әрекеттердің реттілігі.
Сонымен, педагогикалық технологиялардың басты қызметі – оқушы тұлғасын дамыту мен білім берудің оқыту мақсаттарын, әртүрлі оқыту нобайларын көрсету, оқытудың негізгі принцитерін сипаттайтын дамытушы, адамгершілік, тұлғалық-бағытталған оқыту әдіснамасын жобалау және жүзеге асыру.
Педагогикалық технология практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде анықталады. Педагогикалық жүйе технология жасау үшін негіз болып табылады. Пәндік білімді, мысалы, биологиялық білімді, оқу әрекетін басқару жүйесіне айналдыру оқыту технологиясы деп аталады[25].
Оқыту технологиясы педагогикалық технологияның түрлерінің бірі болып табылады. Ол оқу жұмысын дамытудың, оқушылардың белсенділігін қалыптастырудың қажетті жағдайларын көрсетеді.
Оқыту технологиясы оқытудың тәсілдерімен жолдары жөніндегі теориялық ережелердің негізінде құрылып, оқылатын пәннің ерекшеліктерімен байланысты, мысалға биологияның, оқушының жауап ретіндегі әрекетін және интелектуалдық мүмкіндіктерін қамтитын, мұғалімнің реттелген қызметін көрсетеді. Осы тұрғысында оқыту технологиясы биологияны оқыту әдістемесі сияқты болады, сондай мақсатты береді және білім беру үрдісіндегі өзінің оқыту құрылымын биологияны оқыту тиімділігінің тәсілдері мен жолдары жөніндегі теориялық ережелердің негізінде береді. Сондықтан оқыту технологиясы мақсатты, мазмұнды және негізгі мағнасында биологияны оқыту әдістемесінің синонимі ретінде қарастырылады [29].
Педагогикада оқыту технологиясын пәндік оқыту әдістемесіне қарсы қою жиі кездеседі. Мысалы, оқыту әдістемелері үшін олардың «біржақты –пәндік негізделуінде осал жері бар, онда жалпыдидактикалық және психологиялық негіздемелер жоқ» деп айтылады (М.М. Левина). Ал кейбір ғалымдар, мысалы, М. Чошанов былай дейді: негізгі айырмашылық әрбір белгінің айқын көрінуінде; егер педагогикалық технологияда осы белгілер күштірек білінетін болса онда әдістемелік жүйелерде олар нашар байқалуы мүмкін немесе мүлде болмауы мүмкін; басқа айырмашылық педагогикалық технологияда мазмұндық компонент нашар берілген, ал ол әдістемелік жүйелерде кездеседі деп қарастырады; үшінші айырмашылығы – оқыту технологиясы дидактикалық және әдістемелік жүйенің негізгі бөлігі болып табылады, мысалы, егер әдістемелік жүйе неге, не үшін және қалай оқыту керек деген міндеттерді шешуге бағытталса, онда оқыту технологиясы бәрінен бұрын үшінші сұраққа жауап береді, бірақ бір негізді толықтырумен: қалай нәтижелі оқытуға болады?
Шын мәнінде, биологияны оқыту әдістемесінде мұғалімнің сабаққа немесе танымжорыққа, сыныптан тыс жұмыс өткізуге дайындалу әрекеті десе, оқыту технологиясы соның аналогы болып табылады. Оқыту технологиясы оқыту әдістері және құралдарымен тығыз байланыста, бірақ бұл тәуелділік мықты емес, өйткені оқыту үрдісі жобаланатын және жүзеге асырылатын жағдайлармен анықталады.
Оқыту технологиясында мақсатқа жетуге бастайтын оқыту тәсілдері қарастырылады. Оқытудың әрбір келесі бөлігі оқытудың жалпы технологиялық стратегиясына қосылады, барлық алдыңғыларын кіріктіреді және ұлғайтады. Оқушы мен мұғалімнің шамаланған белсенді әрекеттерінің жүйелі үйлесімі мен әрекеттестігі оқу-тәрбие үрдісінің жүруінің сәттілігін анықтайды. Осы айтылғандардан шығатыны, оқыту технологиясы оқу әрекетін реттеу үрдісін көрсетеді. Оқыту технологиясын қолдану оқу жұмысын дамытуға және оқушылардың белсенділігін қалыптастыруға қажетті жағдайлар туғызады [26].
Сонымен, оқыту технологиясы арқылы оқыту теориясы және оқу жұмысын басқару стратегиясы жүзеге асырылады, оқу әрекетінің операциялық сипаты реттеледі.
Оқыту технологиясы, оқыту теориясы, оқыту техникасы, оқыту әдістемесі – бір-бірінен негіздеу деңгейлері және қызметтері бойынша ерекшеленетін оқу жұмысын басқару жөніндегі педагогикалық білімнің саласы [25, 26].
Мектеп білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбе жұмысын жетілдіруде дәстүрлі оқыту үрдісімен қатар білім берудің басқа талаптарын іске асыратын жаңа технологиялар пайда болып, олар әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуда. Алыс - жақын шет елдерде қазіргі кезеңде әлемдік білім беру кеңістігіне өту бағытында жаңа оқыту жүйесі қалыптастырылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие тәжірибесіне елеулі өзгерістер енгізуде.
Бүгінгі күні оқу ағарту ісінде вариативтік принцип жарияланған, соның нәтижесінде педагогтік ұжымдар оқыту үрдісінде кез келген нобайлар, авторлық нобайлар таңдап алуларына мүмкіндік туды. Осы бағытта білім беруде прогресс жүруде: білім беру құрылымының пәрменділігін арттыруда қазіргі дидактика мүмкіндіктерін пайдалану, оның әр түрлі жолдарын жасау; оқытудың жаңа технологиялары мен ой- пікірлерді ғылыми және тәжірибелік негіздеу.
2. 2. Оқушы шығармашылығын жаңа технологиялық оқыту арқылы дамытудың әдістемелік жүйесі
Қазіргі кездегі оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мақсаты - оқушылардың шығармашыл ойлауын дамыту. Өйткені, әркім өмірде бір қиын жағдаят кезінде икемділік пен ойлаудың талдағыштық қабілетін қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі педагогикалық жүйеде (ғылыми теория мен әлеуметтік практикада) [7] “білім беру” ұғымы жаңа мазмұнмен толығуы тиіс. Бұл дегеніміз - биологиядан білім беруді мәдени жүйеде қарастырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға жағдай жасау. Оқыту үрдісі “ойлап табу” немесе “жаңалық ашуға” мүмкіндік туғызудың пайда болуына жағдай жасауы керек. [16].
Оқушылардың шығармашылық ойлауын табысты дамыту - тек оқу-тәрбие үрдісі кезінде баланың жүйелі түрде белсенді интеллектуальды ізденіске тартылуы арқылы ғана мүмкін. "Ойлану - өз - өзімен сөйлесу, ендеше, альтернативтік ойлаусыз ізденіс және жаңалық ашу мүмкін емес" (Сократ). Оқушы осы кезде туындаған оқу проблемасын салмақтап, негізделген және жан-жақты тексерілген шешім қабылдайды, оны практикада жүзеге асырады. Сөйтіп, оқушы “жаңа” ғылыми білімді игеруші “пионер” жағдаятына қойылады да, шығармашыл зерттеушілік тәсілдерін үйренеді. Жануарларды оқытуда зерттеушілік сипатта болатын тапсырмалар беру осы мақсатта болады.
Мысалы: I – тапсырма.
Биолог - ғалым күнде бір уақытта құмырсқалар соқпағынан өтіп жататын құмырсқалар санын санап, олардың әрқайсысының ауыздарына нені қысып әкетіп бара жатқандарын жазып отырған.
Сұрақ: Зерттеуші - ғалым бұл бақылауды қандай нақтылы мақсаттармен жүргізген.? (Мұғалімге оқушылармен эвристикалық әңгіме жүргізіп шешуге бағыттаушы сұрақтар : зерттеуші құмырсқалардың қорек құрамын, күннің сол мезгіліндегі қоректену белсенділігін, тасымалданып жатқан құрылыс материалдары түрлерін бақылап білуіне болады. Алынған нәтижелерді құмырсқалардың орман тіршілігіндегі маңызын қорытындылауға пайдалануға болады.) [18].
Биология ғылымының дамуындағы негізгі көкейкесті мәселелердің бірі - қоғам мен табиғат арақатынасындағы проблемалар . [39]. Ол - тіршілікті баға жетпес құнды байлық деп түсінетін экологиялық және эволюциялық тұрғыда ойлау стилі қалыптасқан адам тәрбиелеу. Сондықтан осы жағдайға адамның белсенді рөлін рухани деңгейге шығару, мәдениет әлеміне көтеру арқылы жету керек.
Осы тұрғысында біз қолданып жүрген ақпаратты педагогика әдістері қоғам мен жеке адам қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, себебі қазіргі қоғам жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды қажет етеді. Ол қисыны, құрылымы мен міндеттері жағынан материалдық дүниенің жүйелі - мағыналы құрылымын айқындайтын адам санасының жүйелі - мағыналы құрылысына [19] сай келмейді.
"Оқыту үрдісін - шапшаңдық және мотивациялық, екі қырынан қарауға болады" деген В. Оконь. [16]. Шапшаңдық жағы оқушыларда шындықты тануға және түрлендіруге қажетті теориялық білімнің, практикалық дағдыларының дамуын қамтиды. Бұл ыңғай - дағдылармен, балалар дайын сызбанұсқаны меңгеру жолдарымен қаруланады. Мотивациялық жағы - адамның кез келген әрекетінің қозғаушы күші, ендеше, кез келген оқу түрінің де қозғаушы күші.
Мотив “ағза белсенділігінің бағыты мен мүмкіндігі тәуелді болатын ішкі күйінің кернеуі” болып анықталады. Білімнің пәрменді болуы оқу үрдісі кезінде осы сияқты ішкі кернеудің пайда болу - болмауына байланысты. Міне, осы себептерден де дидактикада оқытуды ұйымдастыру үрдісіне ұйымдастырудың қай түрінің әсерінің оқу мотивтерінің позитивті жағының пайда болуына маңызы ескеріледі. Ескі дидактикада, ескі мектепте мотивациялық жағы өз мәнінде бағаланбады. Мұғалімнің барлық күш-қуаты білім беру техникасын жетілдіру мен оны меңгеруді бақылаумен шектелді.
1991 жылы Мәскеу қаласында шілде, тамыз айларында өткен Совет - Американ жаратылыстану ғылымдары оқытушылары конференцияларында американдық Джуди Тайсс және Френсис Сильвиус баяндамалары “Ғылымдағы Музыка, Қозғалыс, Өнер және Драма” деп аталған [19]. Мұнда мектепте ғылыми пәндерді оқытудағы айрықша жағдай таңдандырады. Оның мақсаты - көңілсізді жандандыру, шығармашылықпен еліктіру; әрбір балада әншіні, бишіні, ақынды, суретшіні “ояту”. Cонымен бірге есте сақтауға, түсінуге көмектесу, қиындықты жеңуге үйрету.
Ендеше биологияны, экологияны, валеологияны оқытуды белсендіруде осы сияқты жаңа бағыт жетілдіру тиімді болып отыр. Мысалы: Баяндама - сабақтың бір көрінісі. Бұл бұрын да қолданылып жүрген әдіс, бірақ баяндамашының оқытылатын жануар кейіпінде болуы жаңалық, өйткені әңгіме кейіпкерден айтылады. Осы кезде тыңдаушылар көңілі бірден ауып, берілген жануар ерекшеліктерін, мекен ету ортасын анық, тереңірек түсінуге жол ашады. Кейде оқушы киімі де жануардың түр-түсін, ерекшеліктерін айқындайды. Монолог пәннің ғылымилылығы тұрғысынан дұрыс құрылуы тиіс, ол үшін баяндамашы жан-жақты дайындалып, ақпараттар іздеуде белсенділік танытуы керек.
Сүліктің монологы. Мен – сүлікпін! Неге сіздердің бет әлпеттеріңіз өзгеріп кетті. Қайдағы бір балық, құс емес, медициналық сүлікпін. Латынша өте әдемі: Гирудо медициналис! Әрине, мен паразитпін, енді қалай, тіршілік ету керек?. Бірақ, мен пайдалымын. Адам баласы маған көп қарыздар, сондықтан маған ескерткіш қоятын шығар. Неге таңырқайсыңдар? Ит пен бақаға да қойды ғой, сол сияқты “Ризашылығын білдірген адамзаттан” - деп жазып қояр. Бірнеше ғасырлар бойы қан қысымы көтерілгенде, тромбалар пайда болуынан кім құтқарды? Әрине, мен! Мені қорғауларың керек! Түсініктірек айтсам, тыныш суларда, көлдерде, батпақты жерлерде тіршілік еткенді ұнатамын. Көздерім бақандай - бес жұп, сорғыштарым, ең бастысы, жақтарым – үшеу! Алты жыл шамасында өмір сүремін, жас кезімізде тритондар мен бақаларға жабысып қоректенеміз. Өскен кезімізде сақ болыңыздар, адам болсын, жылқы, тіпті піл болса да бәрібір, тістеп қанын сора береміз!
Әдетте мен жылына екі-ақ рет тамақтанамын, себебі қолайлы жемтік кездестіру де оңай емес. Кейде ұзақ мерзімге ашығуға тура келеді. Екі жылға дейін аузыңа бір тамшы қан тамбайды. Есесіне кездескенде бір дегенде 50 г. дейін қан іше аламын, бұл денемнің небары 10-15 см үлкендігіне қарамастан ішетін тамағым. Қан менің қарнымда арнаулы бактериялардың көмегімен сол күйінде ұзақ мерзімге сақталады. Менің сөлімнің құрамындағы "Гирудин" деген затты қанды ұйытпайтын қасиетіне байланысты адамның тромбоз ауруын емдеуге пайдаланады. Ол, қанды ұйытпай, қан тамырларын бітеліп қалудан сақтайды.
Біздерді дәріханаларда сатады, 3-4 ай аш қойғаннан соң ауруларға салады. Қазір біздер су қоймаларында аз кездесеміз, арнаулы зертханаларда өсіреді. Бұл - біз қажетпіз деген сөз, ендеше, біздерді қорғау керек, әлі қажетпіз.
Осы күнге дейін қалыптасқан педагогикалық жүйенің оқытудағы негізгі мақсатын белгілі бір білім, білік, дағды (Б.Б.Д) беру, оның сапасын оқушы қаншалықты дұрыс және берік түсінгендігі, айтып бергендігі, берілген үлгі бойынша жасағандығы анықтайтындығында [23] . Бұл қазіргі кездегі қоғам талабын қанағаттандырмайды, себебі ол жеке тұлғаның өзіндік дамуын, шығармашыл ойлауын дамыта алмайды.
Ақпаратты сабақтар дидактикалық традиционализм және біржақтылығымен белгілі. Өйткені, онда оқушылар танушы, бірлесіп әрекет жасайтын субъект емес, пассивті әсер етуші объект. Оқыту үрдісінде мұғалім өзінің де, оқушының да әрекетін ұйымдастырушы, жүргізуші болғандықтан субъект болып саналады. Оның әсер етуші объектісі - оқушы, сондықтан балалардың оқу жұмысының пәрменділігінің артуы мен соңғы нәтижеге жетуі мұғалімнің қолында. Егер мұғалім оқушы әрекетін қатаң басқарса, жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатына жете алмайды, тек тиянақты, ақылды орындаушы ғана дайындайды. [17, 21].
Қазіргі орта білім беретін жалпы мектептерде де жаңадан құрылып жатқан, жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын мектептер мен сыныптарда да өкінішке орай оқушы пассивті объекті ретінде қалып отыр. Ендеше әлі де аталған жаңа бағыттағы оқыту түрлерінде де оқушының рөлі бұрынғыша - тыңдаушы болып отыр. "Басқа оқу пәндерінің маңызын төмендеткенім емес, бірақ өзінің мәні жөнінде мектепте берілетін биологиялық білім, білік, дағды - жеке тұлға мәдениетінің негізі" [23]. Өкінішке орай осыны түсінбеушілік әлі де бар. Себебі, орта мектептерде 10-11 сыныптарда биологияны оқыту аптасына бір сағатқа қысқартылып келді. Бұл жағдай қазіргідей биологиялық ойлау, экологиялық мәдениет, әр адамның жауапкершілік мәселелері қатаң болып тұрған шақта орын алды. ЮНЕСКО-ның 1991 және 1993 жылдары Жак Делор бастаған ХХI ғасырдағы білім жайлы Халықаралық комиссиясы қорытындысында "Білім берудің этикалық және мәдениет аспектілерін қайта қарап, әркімге әлемді хаостық қозғалысымен де бір тұтастықта қабылдап, түсінуге мүмкіндік жасау керек. Ол үшін білімге, толғануға, тәжірибеге және өз ара сынға негізделген ішкі күшін салып, өзін-өзі түсінуден бастау керек" деген [34]. Осы айтылған, комиссия тұжырымдамаларының негізі адамзаттың тіршілікті сақтап қалуы проблемасынан туындаған. Өйткені рухани және материалды дүние арасындағы "мәңгілік қарама-қайшылық" бар. Өмір сүруді үйрену деген ауқымды мәселе бәрімізден ХХI ғасырда дербестік, жеке бастың жауапкершілігін бағалауға қабілеттілікті талап етеді.
Белсенді оқыту және дәстүрлі емес сабақтар түрлері жас жеткіншекті оқытуда, тәрбиелеуде оның кәсіби әлем бейнесін қалыптастыру (ФПОМ) арқылы, оның бойына ақпараттар сіңіру емес, қабілетіне негіздей отырып “әлем бейнесінің мәнін бар болмысымен қабылдайтын” және “беймәлім, өзгергіш ортаға қорықпай, батыл қадам басатындай” [22] негізде болуы керек.
"Шығармашылық белсенділік" терминін оқушының жалпы белсенділігі емес, шығармашылық әрекетіндегі белсенділік деп түсінуіміз керек. Белсенділіктің өлшемі репродуктивтік болсын, оқу шығармашылық таным әрекетінде болсын, сол кездегі таным мүмкіндіктерімен олардың берілген уақыттағы нәтижелілігінің ара қатынасы. [31].
Гераклиттің "Көп білгендік ақылға үйретпейді…" деген ойы афоризмге айналған. Бұл данышпандық пікір келелі проблеманы қозғап отыр. Өйткені тек оқып білім алу - ақылды болудың тәсілі емес. Ең қауіптісі білімділер көп-ақ, солардың арасында тәрбиелілері шамалы "кез келген оқушыны адамгершілікке барынша тәрбиелемесе қоғамымыз моральдық, адамгершілік, парасат жағынан толығынан дағдарысқа ұшырауы мүмкін" [28]. Осы мәселелер жөнінде ғұлама ғалым әл-Фараби еңбектерінде айтылады. Ұлы Абайдың ілімінде де (қара сөздерінде) ғылым игеру, тәрбие (ақыл) төңірегінде өрбиді [30].
Мектеп оқушыларының қайырымдылық, аяушылық сезімдерін дамыту, әлсіз, әл-ахуалы төмен адамдарға көмек, қорған болуға даяр тұрарлық сезімдерін дамыту мұсылман қауымына тән имандылық пен тәрбиеге келіп ұштасады. Бұл мәселелер пайғамбар (Ғ.С.) хадистерінде де айтылған.
Оқыту ғылымды білімге айналдырса, тәрбиелеу дегеніміз - өте қысқа мерзімде жеке адамға беріліп меңгерілуі тиісті мыңдаған жылдар бойы адамзат жасаған, тиянақтаған мәдени деңгейдегі жаңа мағына және құндылық тудыру. Мұғалімдер күнделікті қарым-қатынас арқылы оқушыларға жеке тұлға деген сөздің мағнасы терең екендігін, ол тек әдемі сөз, дабыра, сендіру емес, іс-жүзінде өзіне жауапкершілік алу, қиындыққа мойымайтын жоғары қабілет екенін көрсетуі керек. Оның өлшемі - адамның қылығы. Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі - оқушыларға материалистік көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми көзқарас қалыптастыру. Өйткені пәннің мазмұны тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік моральды, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды қылықтармен әрекеттерге төзе алмайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тек биология пәндерін оқыту арқылы ғана (тәнтану, тіршіліктану), дұрыс ұйымдастырылған нақты мақсатты сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде терең де дәйекті түрде шылым шегудің, алкоголь ішімдіктерін пайдаланудың, нашақорлықтың, таксикомандықтың адам өміріне аса қауіпті екенін жайып салуға болады.
Оқушы шығармашылығы дегеніміз - ой бостандығы мен еріктілік болған жағдайда ойлау үрдісін бір ізділіктен шығарып, логикалық ойлауды талдағыштық тұрғыға жетелейтін белсенді еңбек (оқу еңбегі). Осындай еңбектің негізінде білім игеруге, оқуға, оқи білуге тәрбиелеу білім беру үрдісінің негізіне айналса, баланың жан-жақты дамып, шығармашыл адам болып жетілуінің негізі болады.
Оқытудың белсенді әдістері, дәстүрлі емес сабақтар шығармашылықты қалыптастырады, дамытады. Себебі, оқушылардың шығармашыл таным әрекеті - дербес ізденіс және әрбір балаға жаңа, ол үшін белгісіз ғылыми білім немесе әдіс - тәсіл тудырады. Ендеше, оқушы таным әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі критерилері: толық немесе жартылай дербестік, мақсатқа жету жолдарын іздеу және іріктеп алу, мақсатқа жету үрдісі кезінде жаңа нәтиже тудыру. [39].
Ғалымдар А. Н. Лук, В. В. Богославский, А. Г. Ковалев, В. А. Сухомлинскийлер шығармашылықтың ғылыми, көркем, ұжымдық түрлері бар деп есептейді. Қалай десек те шығармашылықтың барлық түрлеріне ортақ бір желідей тартылған ұйытқысы, ол - еңбек, ой еңбегі. Шығармашылық қабілеттерді қалай тәрбиелеуге болады?
Кез келген ойлау қабылдаудан басталады да әрекетпен аяқталады. Ойлау әрекетінің негізгі бөлімі - шешім қабылдау. Оқытудың теориясы мен практикасында дербестік таным белсенділігінің үш деңгейі бар: репродуктивтік, демеу - ізденушілік және зерттеушілік. [5].
Репродуктивтік, деңгейде таным әрекеті дайын білім мен үлгі арқылы жүзеге асырылады. Түсіндірмелі - иллюстративтік оқыту әдістерінде білім алу осы тұрғыда - ақпаратты қабылдау жағдайында болады.
Демеу - ізденушілік - немесе эвристикалық әдіс-оқушы дайын үлгі бойынша емес, ұстаздың бағыттаушы сұрақтарының көмегімен іздену жұмысын жүргізеді. Осы кезде шығармашыл ойлау қалыптасады.
Зерттеушілік нағыз шығармашылық сипатта жүретін әдіс. Оның шығармашылық тұрғыда болуы балаларда білімді игеру әрекет түрлерімен жүзеге асырылып, оны әрқилы жағдайларда қолдана білуінде.
Мысалы: “Бунақденелілер түрінің сан алуандығы” тақырыбында шығармашылық қалай қалыптасты?
Оқушыларға берілетін жұмыстың алғашқы кезеңі кітапты, суреттерді, модельдерді пайдалана отырып шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, бунақденелілер құрылыстарын салыстырып, тек бунақденелілерге тән құрылыс белгілерін ажырату.
Осыдан соң тақтаға сызылған мына кестенің бірінші бағанын толтыру жүргізіледі. Осы тапсырманы орындау репродуктивтік сипатта болады. Себебі, оқулықта бунақденелілер класы өкілдеріне тән қасиеттер берілген, балалар соны қайта қарап естеріне түсіреді.
|
Бунақденелілер класының ерекшелік белгілері. |
Белгілердің биологиялық маңызы. |
|
1. Үш жұп аяқтары мен қанаттарының болуы. |
1. Ұшуға, әртүрлі жазықтықта қозғала алуға. |
|
2.Денесінің 3 бөлімнен тұруы: бас, көкірек, құрсақ. |
2. Бастың біраз қимылға келуі. |
|
3. Ауыз мүшелерінің әр түрлі болуы. |
3. Әртүрлі қорек түрлерімен қоректенуіне. |
|
4. Дамыған сезім мүшелерінің болуы. |
4. Қорек табу, жауларын сезуі, қоршаған ортаны қабылдауы. |
|
5. Дене мөлшерлерінің шағын болуы. |
5. Басқа жануарларға келмейтін тіршілік ортаны мекендеу мүмкіндігі. |
|
6. Трахеямен (дем түтік) тыныс алуы. |
6. Тыныс алуға атмосфералық ауаны пайдалану. |
|
7. Жүйке жүйесінің күрделенуі: жұтқыншақ үсті жүйке түйінінің, 3 түйінді құрсақ жүйке тізбекшесінің болуы. |
7. Рефлекстердің күрделі болуы. |
Жұмыстың екінші және үшінші кезеңдерін бағыттаушы сұрақтармен, жаппай пікір алмасу ретінде ұйымдастырып оқушыларға өз болжамдарын ұсынып оны талдауға мүмкіндік туғызу керек. Осындай әрекеттен шығармашылық ойлау қалыптасады. Себебі, толтырған кестедегі деректерге сүйене отырып (бірінші бағандағы) ойланып, талдау үрдісі кезінде балалар бунақденелілердің қанаттарының, үш жұп аяқтарының болуының ауада және басқа әртүрлі жазықтықтарда еркін қозғала алулары қоректену мен көбеюлеріне үлкен мүмкіндік туғызып басқа буынаяқтылармен салыстырғанда артықшылығы екені жайлы қорытындыға келеді. Келесі белгіні талдай келе буынаяқтыларда ауыз мүшелерінің әр түрлі болуының түрлі қоректі пайдалануға мүмкіндік беріп, тіршілік ортасында тірі қалуға себебін тигізеді деген ойға келеді.
Сөйтіп, демеу - ізденушілік және зерттеушілік әрекеттерінің арқасында сатылай отырып бунақденелілер жануарлар әлемінде жоғары дәрежеде дамыған класс өкілдері екендігіне көздері жетеді, себебі дене бөліктерінің әр түрлі қызмет атқаруы, орталық жүйке жүйесінің, сезім мүшелерінің дамуы, күрделі мінез-қылықтың жетілуі олардың даму шегіне жетіп, сантүрлі формаларының пайда болып табиғатта кеңінен таралуынан көрінеді деген тұжырым жасалады. Осыдан соң мынадай шығармашылық тапсырмалар беріледі: Үй шыбыны алты ұрпақ бере алады, немесе 5 триллион шыбын, жалпы массасы 500 мың т. Бірақ осы бунақденелілер табиғатта көбею кезіндегі пайда болғанынан аз кездеседі. Неге? Осы тапсырманы шешу барысында балалар дербестік танытып бұрын игерілген білімдерін пайдаланады. Әрбір оқушының әртүрлі ойлары дұрыс жауапқа бағыттаушы ретінде әсер етеді.
Екінші тапсырма: Биылғы жылы Қазақстанда шегіртке өте көп болып әртүрлі аудандарда шалғындықтарға, егістікке аса үлкен зиян келтірді. Күрес дер кезінде жүргізілмегендіктен, оларды жою аса қиын болды. Сұрақ: былтырғы жылы кейбір мамандар шегіртке көп болатынын ескерткен, енді келесі жылы да көп болады деген болжам бар. Неге? Бұл сұрақтың жауабын іздеген кезде оқушылар шегірткелердің тіршілігін, көбею ерекшеліктерін саралай отырып әртүрлі жауаптар беріп, соңында шешімін табады.
Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеудің негізі - өз бетімен, дербес еңбек етуге үйрету. Дербес еңбекке баулу,оны дамыту ұстаздың қолданған әдістері мен педагогтық шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушылардың шығармашылық қабілеттері темпераментке, қызығуы мен икеміне және ойлау қабілетіне байланысты. [38, 39].
Шығармашылық қабілеттерді үш топқа бөлуге болады.
1. Мотивациямен байланысты қабілеттер (бейімдер, қызығушылықтар).
2. Темпераментпен ( эмоциональдықпен) байланысты қабілеттер.
3. Ақыл - ой қабілеті.
Брейнсторминг (мозговой штурм) әртүрлі мәселелерді шешуде шығармашылық ойлауды белсендіретін әдіс. Оқушыларға бір тапсырма беріледі де әрбір бала өз ойына не келсе, соны (тіпті, бұл мәселеге қатысы жоқ сияқты болса да) ортаға салады. [19, 32]. Шығармашылық белсенділікті ынталандыру, бұл кезде төрт ережені сақтау арқылы болады.
1. Сын болмауы керек, "кез келген ойды жарамсыз деп табады" - деп сескену болмауы шарт.
2. Ең жүгенсіз, неғұрлым "жабайы" көрінген пікір соғұрлым жақсы, ол қолдау табады.
3. Пікірлер саны неғұрлым көп болғаны дұрыс.
4. Айтылған пікірлерді басқалардың қалай болса да "өңдеуіне" рұқсат.
Мысалы: таңғажайып болжамды жағдайларды қарастыру: Егер климат өзгерсе не болар еді, өсімдіктер әлеміне қалай әсер етер еді? Осы сұраққа жауап іздеуде оқушылар бар білімдерін пайдалана отырып, бейімделгіштік жайында, өсімдіктердің вегетациялық кезеңдері, тозаңдану, қорек тізбегіндегі продуценттік орны түгел сараланып, көз алдарына елестетіп болжам жасап, ауа-райының өзгеруінен қандай проблемалар туындайтынын өздері табады. Бұл кезде шығармашылық оқу еңбегі қандай негізде жүреді?
1. Топтық талдау нәтижесінде орта деңгейде қабілетті оқушының өзі жеке жұмыс жасаған кезіндегіден екі есе көп ой, шешім ойлап таба алады.
2. Топтық жағдай әрбір баланы бір-бірімен жарыс, бәсекеге түсіріп шығармашыл ойлауды ынталандырады.
3. Пікірлер көбейген сайын, олардың сапасы арта түседі.
Брейнсторминг әдісімен өткен сабақтың толық жүрісі келесі бөлімде баяндалады.
Психологтардың зерттеуінше шығармашылыққа кедергі болатын:
- қорқыныш (бұл тек қана "жетістікке жету" деген ойдың саналарында орнығып алғандарда кездеседі);
- шамадан тыс өзін-өзі сынау (аса міншілдікпен өзін бағалау шығармашылық мешеулікке соқтырады);
- конформизм (басқаларға ұқсағысы келу ықыласының, ерекшеленбеудің жоғары болуынан, күлкілі немесе, аса ақылды болып көрінгісі келмегендіктен бала ерекше пікір айтуға батылы бармайды);
- шаблондық, ойдың оралымсыздығы, ақылдың икемсіздігі (мектептерде жиі кездесетін көрініс, себебі, оқыту әдістері проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындаудың жаңа тәсілдерін игеруге емес, нақты білім алуға бағытталады);
- жалқаулық - шығармашылық әрекетке ешқандай мүмкіндік бермейді.
Ойын сабақтары және сабақтардағы ойын элементтері. Онтогенезде ойын әрекеті оқу әрекетінен бұрын, бастаушы болып есептеледі, ендеше, оқу - оның негізінде жатыр [24].
Ойын үрдісі кезінде әрекет ете білуге оқыту тікелей әрекет арқылы болады. "Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады, эмоциялы қуатталады" - деген А. Науменко.
Білімді меңгеру оның қажеттігінің туындауынан, белгілі әрекет үстінде жүзеге асады. Ойынның өмірдегі және баланың дамуындағы зор рөлін әр кезеңде қайраткерлер мен педагогтар атап айтқан. А.И. Субетто: "Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды" десе, В.А. Сухомлинский: "Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл-ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес" деген. Ойын өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып, басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды. Бұл - ойлаудың өжеттігі,дәстүрлі еместігі. Басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де негізделген болып, оқушылар оның қажеттігін сезіну керек. Ол ойын әрекеті өтетін жағдайдың көңілдің, түсіністіктің, жағымды атмосфераның, талап пен ойын орнының безендірілу дайындығына байланысты. Ол үшін мұғалім балалар ерекшеліктерін - мінез, темперамент, ұйымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау қажет. [24]. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болып, әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алумен бітуі керек. Ойын әрекеті сабақтарда игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаларға сыншыл қарап, орынды да тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Басты бір әлеуметтік - психологиялық талап - шынайы қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Практика көрсеткендей барлық оқушыға, топқа, сыныпқа бірдей жарамды жан-жақты ойын түрі болмайды. Сондықтан ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық, ізденгіштік талап етеді. Оқу ойындарының түрлерінің сан алуандығы оларды сабақтың әр кезеңдерінде, әр түрлі тақырыптарда жүргізуге болатындығын көрсетеді.
Биологиялық ойын түрлері таным қызығушылығынан білім тудыруға бастайтын әрекеттер: Мысалы: Ас қорыту жүйесі мүшелерінің құрылысын өткенде, оны мұғалім ретімен айтып бермей, әр оқушыға жеке мүшелер салынған суреттер таратып беріп, ас қорыту мүшелерінің жүйесін құру тапсырылады. Тапсырманы орындау үшін балалар жануартану пәнінен өткен ас қорыту жүйесін естеріне түсіріп, бұрын игерілген білімді пайдаланып, адамның ас қорыту жүйесін өздері жасайды. Мүшелерді ретімен орналастыру, бауыр, ұйқы бездерін қызметтеріне қарай орын - орнына қою әрекеттерімен келген білім ізденушілікпен шығармашылық нәтижесінде жүзеге асады.
Осындай сабақтарда өзін таныту мен пайдалану белсенді әрекет арқасында болады. Ендеше, баланы нақты бір пәнге оқу қызығушылығы арқылы емес, білім алу үрдісімен, оған оқу рахат алатындай жағдай тудыру арқылы қызықтыру керек. [24].
Саяхат сабақ. Бұл сабақтардың ерекшеліктері биологиялық саяхатқа қатынасатын оқушылар санының көптігі. Кейбір жағдайларда оқушылардың әртүрлі жануар, өсімдіктер аттарынан сөйлеп, солардың кейпінде болуы. Осындай сабақтар кезінде баланың ықыластылығы мен бақылағыштығы, өз аймақтарының флорасы мен фаунасы жайлы білімдері жетіліп дамиды. Сабақтың осылай аталуының өзі жаңа білім игеруде оқушыны жаңа бір өлшемге, кеңістікке жетелейді. Саяхат барысында бұрын игерген білім, білік, дағдыларға еркін сүйеніп дәстүрлі емес тапсырмаларды шешуде өз ойларын айқындай түседі.
Сабақ кезінде оқушылардың сабаққа аса ынтамен қатысқандығы сабақ барысындағы "шудан" және әрбір тапсырманы орындау ықыластарынан байқалды. Әрбір аялдамаларда оқушылардың "пойыздан түсіп" өздеріне берілген тиісті жапырақтарды стол үстінен тауып алулары,жапырақ жиектерін дұрыс анықтаулары, әртүрлі жүйкелі өсімдіктерді дәл алулары зор қуанышпен орындалды. Бұл -шығармашылықпен келген қуаныш. Ендеше, осы оқу үрдісіндегі шығармашылық танымдық әрекет - өзіндік ізденіс, жаңа бірдеңе тудыру тұрғысында болды.
Сабақтың қорытындысында, пысықтап меңгерілген білім деңгейлерін тексергенде сынып оқушыларының түгел қатысуы жаңа білімді өздерінің шығармашылықпен игергендігін көрсетті.
Ертегі сабақ. "Өсімдіктану", "Жануартану" пәндерінен бұл сабақтар өте тартымды өтеді, балалар қызыға қабылдайды. Жақсы жазылған сценарии, міндетті түрде музыкамен көркемделген тақырып, ұзақ уақыт есте сақталады.
Ертегі сабақтар 5-8 сыныптарда өте тамаша деңгейде өтеді. Балалар осындай сабақтарға ынтамен қатысады. Сабақтың пәрменділігі, жақсы жетістікпен өтуі неғұрлым кейіпкерлер саны көп болып, оқушылар көбірек тартылса, соған байланысты. Мұғалім сынып оқушыларының әрбір айтылған сөзге дұрыс көңіл бөлулерін ескертуі қажет. Өйткені әрбір сөз биологиялық мағынаны, әртүрлі түсініктерді береді. [39].
Ертегі сабақ. 6- сынып. Сабақтың тақырыбы: Шаруашылық дақылдары.
Сабақтың мақсаты: Ертегі кейіпкерлері ретінде әртүрлі дақылдар жайлы мағлұматтар беріп, олардың биологиялық ерекшеліктерін ашу.
1. Бастаушы: Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні келтеде
адамдар өсімдіктерді жабайы түрде пайдаланған екен. Адамдар өсімдіктекті өнімдерді, сулы және құрғақ жемістерді, етті тамырларды, түйнектерді, саңырауқұлақтарды тағамға пайдалануды бірте-бірте үйренген. Олар өздерінің тіршілігіне қажетті өсімдік түрлерін іздеп, орман-тоғайды, түз даланы кезген. Адамдар өсімдіктерді кездескен жерінен жинап алып, дереу тамаққа жұмсағаннан гөрі жабайы өсімдіктердің түсімін жинап, сақтауды пайдалы деп ойлайды.
II. Бастаушы: Сонымен адамдар енді өсімдікті орман-тоғай, даладан іздемей-ақ, үй айналасына, оның маңына жақындатып өсіруге болмас па екен деген ойға келеді. Сөйтіп, мәдени өсімдіктердің алғашқы түрлері жабайы өсімдіктердің дәндерін егумен топырақты өңдеу нәтижесінде шыққан екен. Адам баласы осы уақыттың ішінде өсімдіктерді танымастай қалыпта өзгертті. Мысалы, орамжапырақ (қауденді орамжапырақ шығады).
Қауденді орамжапырақ: Мен - орамжапырақ, қандай қиындықтармен осындай жеуге жарамды күйге жеттім? Басында Жерорта теңізі маңайында өскен біржылдық кішкене өсімдік едім.
Ертедегі адам: Сені осындай жетістікке жеткізген біз - адамдар. Сенің бас жағыңдағы кішкене түйіршіктерің /қауденді/ мына қазіргі (бұрынғы және қазіргі орамжапырақ суреттерін көрсетіп тұрады) үлкен қауденге (оның денесін көрсетеді) айналдырдық.
Қауденді орамжапырақ: Менің басқа да ағайындарым бар. Брюссель орамжапырағы, кольраби орамжапырағы, гүлді және қызыл қауденді орамжапырақтар, олар қайдан шыққан?
Ертедегі адам: Гүлді орамжапырақтың кішкене ғана гүл шоқтарын өзінің ұрықтандыру әрекетінен айрылған үлкен етті денесіне, төменгі жағындағы гүл шоқтарын брюссель орамжапырағының қауденіне айналдырдық.
Қауденді орамжапырақ: Осы айтып тұрғандарының бәрі шындық па?
Ертедегі адам: Шындығына тарих куә. Сабақ жағын шырынды етті ұлпалармен толықтыра отырып, кольраби орамжапырақтарын, ал барлық мүшелерінің көлемін ұлғайта отырып мал азықтандыратын орамжапырақ шығардық. (суретін көрсетеді).
I бастаушы: Осы сияқты мысалдарды кез келген мәдени өсімдіктерден көруге болады. Шынында да адам өсімдіктерді қайта өзгертті. Демек, екпе өсімдіктер олардың ең алғашқы жабайы түрлерінен өзгерту арқылы алынған.
II бастаушы: Қазіргі кезде мәдени өсімдіктердің әр түрінің көптеген іріктемелері бар. Әсіресе ертеден келе жатқан мәдени өсімдіктер: бидай, арпа, жүгері, күріштің іріктемелері өте көп.
Селекционер: Іріктеме деп әр өсімдік түрінің қазіргі жағдайда ең жоғарғы түсім беретін бір тобын айтады. Әр іріктеме белгілі бір аймаққа, сол айналаның ауа-райы, топырақ жағдайына толық сәйкестендіріледі. Жаңадан жақсы іріктеме шығару оңай жұмыс емес. Жаңа іріктемені бір адам ғана оп-оңай шығара салмайды. Мен өзімнің достарыммен бірге өмір бойы сонымен шұғылданып келеміз. Біз өсімдіктің жақсы қасиеттерін онан сайын күшейте береміз.
Бидай: Мен өте ерте заманнан келе жатқан мәдени өсімдіктердің бірімін. Мені осыдан 10 мың жыл бұрын адамдар тамақ еткен. Менің дәнім аса құнарлы да қуатты азық.
Күріш: Достым, мен де сенің туысыңмын. Сен аса көп мақтанба.
Бидай: Күріш, сенімен салыстырғанда менің мақтануыма болады, менің құрамымда адам ағзасы үшін қажетті ақуыздар мен көмірсулар. 70-80 пайыз. В дәрумені, РР және Е дәрумендері, минералды тұздар және басқа қажетті заттар болады.
Тары: Ағайындар, бекерге дауласпаңдар! Мен де адам үшін маңызым зор тағаммын.
Күріш: Досым-ау, менің 20-ға жуық түрім бар. Биіктігім 60-150 сантиметр, негізінен оңтүстік аудандарда өсемін. Гүлшоғырым сыпыртқы тәрізді. Масағымда бір гүл болады. Аталығым - 6, жемісім-дәнек.
Тары: Менің сабағым тік, жапырақтарым тілгі тәрізді. Ені – 1,5-4 см. түкті, гүлдерім сыпыртқы гүлшоғырына жиналған қос жынысты, керек десең дара жынысты да боламын. Өздігімнен тозаңданамын. Жемісім ұсақ, 2-3 мм.
Бидай: Туысқандарым, сендер қанша айтсаңдар да менен артық емессіңдер. Менің дәнімнен әртүрлі ұн, жарма, кеспе, крахмал, спирт дайындайды. 100 гр. нанымда 9 гр. ақуыз, 0,5 гр. май, 1 гр. қант, 46 гр. крахмал бар.
Тары: Мен моңғол шапқыншылығы кезінде сайға тығылған бір ру елді қырғыннан аман сақтап қалғам. Ру басы көшер кезде көп малға менің жемісім мен сабағымды арттырып алған. Қыста сайға тығылып моңғолдар шығармай қойғанда жемісімді адамдар тағам етіп, сабаныммен мал қоректенген, қыстан шыққан.
Күріш: Менің жақсы өсуім үшін жылу, су көп қажет. Өсу кезеңім 90-130 күнге созылады. Іріктемелерім өте көп.
Селекционер: Күріштің Дубовский 129 іріктемесі бар. Қазақстан селекционерлері шығарған жаздық бидайдың 126 іріктемесі, жеміс дақылдары мен жүзімнің 36 жаңа іріктемесі бар. Бақша дақылдарының 12 іріктемесін шығардық.
Агроном: Құрметті мәдени дақылдар! Сендер әрқайсыларың бізге керексіңдер. Сендерді өсіру, баптау әдістерін мен жақсы білемін.
Бидай: Агроном мырза! Мені азық-түліктік, тағамдық өнім ретінде қалай пайдаланатындарыңызды мына көпшілікке айтып беріңізші.
Агроном: (сызбанұсқа арқылы түсіндіреді).
Бидай: Сабағым - сабан сабақ, оның іші қуыс цилиндр тәрізді. Буындар мен буын аралықтарынан тұрады. Жапырағым - жапырақ алақанынан және сағақты қамтитын қынаптан тұрады.
Күріш: Менің ең атақты іріктемемді Ыбырай Жақаев атамыз шығарды.
Күріш: Менің ең атақты іріктемемді Ыбырай Жақаев атамыз шығарды. Ол әр гектардан 174 центнер күріш беріп дүние жүзілік рекорд жасады. Мені де азыққа өте көп пайдаланады. Жармамнан өте дәмді ұн, крахмал, спирт фитин алады. В дәрумені алынады.
Агроном: Күріштің сабағынан қағаз, қатырма қағаз, қалпақ, жіп жасалады. Себет, бойра тоқиды. Қазба қалдықтан алынған таңбалар күріш отанының Оңтүстік-шығыс Азия елдері екенін дәлелдейді. (Жүгері шығады, күріш кетеді).
Жүгері: Бұл не әңгіме айтып жатқандарың? Мен де өте ертеден егіліп келе жатқан дақылмын. Сыртқы құрылысым сендерден ерекше, бірақ туыспыз. Мен - дара жыныстымын, бір үйлі өсімдікпін. Аталық және аналық гүлдерім бір өсімдіктің әр түрлі бөліктерінде орналасады.
Дихан: Мен жүгері, бидай өсірушімін. Жүгері - малға арналған ең жақсы азықтың бірі. Сабағынан жасанды жібек, целлюлоза алуға қажетті шикізат дайындайды. Линолеум, желім, тығын жасалады.
Жүгері: Аталығым сабақтың ұшында, ал аналық гүлшоғырым собық деп аталады. Ол жапырақ қолтығында орналасады. Собық сыртында бірнеше қабат жапырақтекті орам бар.
Бидай: Туысқан, менің гүлшоғырым күрделі масақ, әр масақта 4-5 - тен гүлім бар.
Агроном: Барлықтарыңның гүлдеріңде бір типтес екі гүл қабыршағы, екі гүл үлпегі, үш аталық, екі ауызды аналықтарың болады. Жемістерің - дәнек.
Жүгері: Мен айқас тозаңданамын. Басқаларыңнан айырмашылығым - тамыр жүйем өте жақсы жетілген - шашақ тамыр 2 метрге дейін тереңге кетеді, жан-жағыма 1,5 метрге дейін жайылады. Қосалқы тамырларым үлкен көмек көрсетеді.
Дихан: Жүгері - сабағы тік, жуан. Басқаларыңнан тағы бір айырмашылығы- сабақ іші бітеу, борпылдақ. Биіктігі жарты метрден 4-5 метрге дейін жетеді. Ал тропиктік елдерде сабағы 8 метрлік жүгерілер кездеседі. Жалпы жүгерілер жылылықты жақсы көреді. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланса түсімі арта түседі.
Агроном: Медицинада жүгерінің жібек шашағының тұнбасын бауыр, бүйрек ауруларын емдеуге пайдаланады. Жасыл массасында 16 пайызға дейін қант болады. Бұл дақылдан 150-ге жуық әртүрлі заттар алынады.
Дихан: Сондықтан да егіншілер жүгеріні былай дәріптейді:
Жүгерінің Днепр – 56, Қазақстан - 587,
Алматы - 236 іріктемелері бар.
Жүгері - алтын дән. Жүгері - жерге сән!
Жүгері - малға жем. Жүгері - тәтті нан!
Бидай: Менің Жер шарында 22 түрім (мәдени және жабайы), мыңнан аса іріктемелерім бар. Ең көп таралған жұмсақ бидай мен қатты бидай. Қазақстанның барлық жерлерінде күздік және жаздық бидай өсіріледі. Жаздық түрлерімді солтүстік облыстарда өсіреді.
Агроном: Жаздық бидай тұқымы 12-14 градус жылуда қаулап өседі. Оны ерте көктемде себеді. Күздік бидайды күзде себеді, көп кешікпей көктеп шығады. Көбінесе 2-3 жапырақ пайда болады, сол кезде бидай түптене бастайды, содан қар астында қыстап шығып көктемде қайта өсіп, күзде мол өнім береді.
Дихан: Бидайдан мол өнім алу үшін біздер аянбай еңбек етеміз. Жерді терең жырту, ауыспалы егісті мезгілінде дұрыс жасау. Тұқымды дер кезінде себу, егісті көктемде тырмалау, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу, арамшөптерді жою, т.б. шараларды қолдану мол түсім алудың кепілі болып саналады.
Бидай: Менің ұнымнан нан тағамдарының жүздеген түрлері пісіріледі. Адам нанды қанша жесе де, одан еш уақытта шықпайды, нан-дастарханның берекесі, тіршілік көзі.
Селекционер: Селекциялық іріктемелерді ғылыми-зерттеу мекемелері әртүрлі сұрыптау әдістерін пайдалану жолымен шығарды. Жаңа іріктемелер шығаруда табиғаттағы өсімдік байлығы пайдаланылады. Сонымен өсімдіктер іріктемелерін шығаруда аянбай еңбек етудеміз. Ендігі үлкен мақсатымыз - мәдени астық тұқымдастардың көпжылдық іріктемелерін шығару, өйткені астық тұқымдас мәдени дақылдардың көпжылдық іріктемелерін әлі шығара алмай келеміз. Келешекте шығарамыз деген сенім мол.
Дихан: Ал, халайық, дәнді дақылдар сендердің бәрің, біз үшін асқан байлықсыңдар, адамның тіршілігіне аса қажетті тағамдарды барлықтарың да бере аласыңдар. Сондықтан айтыс-тартысты тоқтатып, тарасайық.
Осы сабақтың нәтижесі көрсеткендей ертегі кейіпкерлері рөлдері бөлініп берілгеннен бастап шығармашылық жұмыс қысастықсыз, өз еріктерімен басталды. Балалар бір - бірінен асып түсуге, көрінуге, өзінің даралығын көрсетуге деген ұмтылыс жасап, еріктің жоғарылығы басым болды. Сөйтіп , шығармашылық оқу ісіне берілгендік анық байқалды.
8 - сынып. Бұл сыныпта жүргізілген шығармашылық сайыс сабағы оқушының белсенділігін, ынтасын, өздігінен ізденуіне, ойлануына жол ашатынын, осының негізінде оқу материалын сапалы, толық меңгеруіне мүмкіндік беретініне көзіміз жетті.
Сайыс сабақтың қызметі алуан түрлі. Оларда жаңа материалды зерделеуге оқушылардың білімі, білік дағдыларын бекітуге, үлкен тақырыпты өтіп болған соң жинақтап, жүйелеп қорытуға, тақырыптар арасындағы сабақтастықты жүзеге асыруға т.б. болады. Қызметі алуан салалы болғанымен бұл сабақтардың түпкі мақсаты біреу: оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қаблеттерін қалыптастыру арқылы, олардың шығармашыл адам болып дамуын қамтамасыз ету.
Оқулықпен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеудің (берілген тақырыпқа оқу материалын іздеп, таңдау: мазмұндағы басты идеяны, заңдылықтарды, ережелерді мәнді ұғымдарды. т.б. айырып анықтау; тақырып бойынша сұрақ қоя білу, берілген сұрақтарға жауап табу т.б.) өздігінен тәжірибе, эксперимент қою (мақсатын, болжамын, объектісін, жүргізілу үрдістерін, күтілген нәтижесін анықтап, жоспарлау, құралдарымен жұмыс істей білу, үрдістер барысын жазып отыру, мағлұматтарды салыстыру, қорытындылау т.б.), табиғи объектілерді, құбылыстарды бақылау, оларды өзара салыстыру (өзара тәуелділігін, заңдылықтарын анықтау) т.б. іс әрекет, логикалық таным амал-тәсілдерін меңгеру оқушылардың ақыл-ой дамуын, іскерлігін жетілдіріп, өздігінен сапалы білім алуына жол ашады және осының өзі оның дүниетанымына негіз болады.
Сөзіміз дәлелді болу үшін "Жануартану" пәнінен "Қосмекенділердің тіршілігі және мекен ететін ортасы" тақырыбы бойынша өткізілген сайыс сабағын келтірелік.
Сабақтың мақсаты: білімдік жағынан - бақаның тіршілік ететін ортасы, ондағы тіршілік жағдайлары мен сыртқы құрылысындағы, тіршілік ету түріндегі өзара байланыс - тәуелділікті анықтап түсіну, осы туралы білімді саналы меңгеру: іс-әрекеттік жағынан - бақа мен балық құрылысындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді кесте, жануарлар қаңқасының макеті, тірі объектілерді бақылау, т.б. арқылы салыстыру, сызбанұсқамен жұмыс істеу әдістерін, тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу. Әрине, жұмыс барысында логикалық танымның басқа да көптеген тәсілдерін қолданып меңгеретіні түсінікті. [39].
Мұғалім сабақтың мақсатын, ұйымдастырылу түрін түсіндіреді.
Ұйымдастырылу түрі - шығармашылық сайыс. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Сайыс екі сатыдан тұрады.
Бірінші сатыда бір топ - "сынақтан өтушілер".
Екінші топ - "сынақ алушылар".
(шінші топ - "төрешілер алқасы" рөлін атқарады.
Екінші сатыда бірінші, екінші, топтардың рөлі ауысады. Оқу материалы екі топтамамен зерделенеді.
1. "Бақаның тіршілік ортасы мен сыртқы түрі, құрылыс арасындағы байланыс".
2. "Бақа мен балықтың тіршілігі мен сыртқы түрі, құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар, бұлардың ағза тіршілік ететін орта жағдайларына байланыстылығы".
Мұғалім үш топтың істейтін жұмыстарын түсіндіреді: бұл топтардың бәрі де оқулықтағы "Бақаның тіршілік қалпы, сыртқы құрылысы" деген тақырыпшаны 10-12 минуттай өздігінен оқып танысады. Мұндағы: "Сынақ алушылардың" мақсаты - оқу материалы негізінде сынақтың сұрақтарын дайындау: "Сынақтан өтушілердің" мақсаты - өздеріне беріледі - ау, - деп күтілген сұрақтарға жауап беруге даярлану. Ал, үшінші - "төрешілер алқасы" оқу материалын зерттеп, сұрақтар мен оған берілетін жауаптардың үлгілерін даярлайды. Одан соң алғашқы екі топ қарама-қарсы отырады да, жұмысқа кіріседі: "Сынақ алушылар" сұрақ береді, "Сынақтан өтушілер" оған жауап береді. "Сынақ алушылар" сұрақтар мен жауаптарға өз бағаларын қояды. Одан соң "Төрешілер алқасы" екі топты қатыстыра отырып, олардың жұмыстарын талдайды.
Сабақтың келтірілген қысқа сипаттамасынан оның алуан түрлі қызметін көруге болады;
1. оқушы өздігінен ізденіп, оқу материалын өзі зерттейді, шығармашылық еңбек етеді. Дұрыс сұрақ құрастыру, сұраққа жауап іздеу-оқу материалын мұқият талдап, өздігінен қажетті білім алуын қамтамасыз етеді;
2. талдау, синтез, салыстыру тәсілдерін үйреніп, қолдануға жаттығады;
3. сызбанұсқа, кесте, ылғалды препараттарды пайдалануды үйренеді;
4. бұрын алған білімін жаңа біліммен байланыстырудың рөлін аңғарып, оның амал-тәсілдерін біледі;
5. бір-бірінің және өзінің жұмысына талдау беріп, ондағы олқылықтарды, дұрыс жауаптарды анықтауды, өзін-өзі және басқаның ісін, жұмыс нәтижесін бағалаудың критериін, нормаларын меңгереді;
6. жауаптылыққа тәрбиеленеді.
Ең соңында мұғалім жүргізетін тест-тапсырмалар оқушылардың бір-біріне қойған бағаларының қаншалықты объективтілігін анықтауға, мұны оқушылардың өздері түсінуіне көмектеседі.
Кейінгі кезде мектептерде біраз мұғалімдер қолданып жүрген оқыту үрдісіндегі блокты - модульді оқыту жүйесі ерекше орын алады. Бұл сабақтың түрлері, әсіресе орыс мектептерінде көп тараған. Бұл сабақтардың ерекшеліктері - бір пәнді бір немесе екі блокта, тоқсанда оқытып бітіру және қортынды сынақ немесе емтихан тапсыру.
Модульді сабақ кезінде мұғалім тақырыптардан модульдер құрып қиын - жеңілдігіне байланысты біріктіреді. Осындай сабақтың кәдімгі дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы-оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылыққа үйренеді. Бір-бірімен қарым-қатынас жасап, көмектеседі, өзінің және жолдасының жұмысын бағалайды. Мұғалім ондай сабақ кезінде оқушыларға бақылау, қысым жасау "бюрократтығынан" босап тек оқушылар жұмысын басқарады. Сабақты осылай ұйымдастырудың арқасында ұстаз іс жүзінде әрбір оқушымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады, төмен, орташа үлгерімдегілерге көмектесіп жақсы, мықты оқушыларды дәріптейді.
Бұл сабақтың тағы бір ерекшелігі - көпшілік оқушылардың бағалануы, баға тек дәптерге қойылады. Сол себептен тіпті "екілік" оқушыға "үкім" болып саналудан қалады. Екілік алған оқушы өз бетімен материалды меңгеріп келіп екіні жоя алады. Ал, журналға тек "қорытынды тексеріс" бағасы қойылады.
Үй тапсырмасы жұмыс сапасына байланысты, сыныпта оқушы түгел оқу элементтерін оқып үйренсе, сөйтіп жеткілікті бал алса, онда берілмейді. Егер сынып жұмысында олқылықтар жіберілсе, үйде сол тақырыптарды қайталау тапсырылады.
Модульді оқыту оқушылар белсенділігін көтереді, сол себептен өз еріктерімен шығармашылық тұрғыда тапсырма орындайды. Осы жұмыстың орындалысына журналға баға қойылады. Мысалы, сол оқыған тақырыпқа сөзжұмбақ құру, оның жауабын жазу.
Мұғалім үшін осындай сабақтар өткізу оңай емес, әсіресе, оны дайындау үлкен шығармашылықты, ізденісті талап етеді. Біріншіден, тараудағы бүкіл оқу материалын және әрбір жекелеген сабақтарды мұқият "өңдеу" керек. Басшы, жалпылама идеяларды анықтап бөлу, оқушының сабақта оқу, түсіну, анықтау т.б. сияқты міндеттері көрсетілген ОЭ - оқу элементтерінің интеграциялық мақсатын қалыптастыру. Екіншіден: оқу элементтерінің (О.Э.) жүйелілігінің көлемін, мазмұнын анықтау керек. Әрбір О.Э. - нің әрқайсысына бөлінетін уақыт және оқушы жұмысының түрі көрсетілуі қажет.
Үшіншіден: қосымша материал таңдап алынып мысалы лекция, қажетті көрнекі құралдар, тапсырмалар, тестілер, оқушылар үшін графикалық диктанттар дайындалуы қажет.
Бұл сабақтарда шығармашыл еңбек мына негізде өрбіді:
Әрбір оқушы өздеріне таратылып берілген модульдармен дербес, өзбетінше жаңа білім игерді. Оны игеру барысында бұрын меңгерген дағдыны қолдана білу, міндетті шешу кезінде алдыңғы білім қорын басқаны игеруге пайдалану, пайдалана алу біліктілігін дамытты. Осы әдістегі еңбек принципі - тура мұғалім айтқандай емес, тек мұғалім көрсеткендей емес, ой еркіндігі мен әрекет еркіндігі белсенді шығармашылық деңгейде болды. [39].
Аукцион сабақ. 9 сынып.Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер.
Келесі сабағымызда тоғызыншы сыныпта аукцион сабақ өткізілді. Жаңа технологиялық сабақтар ішінде бұл сабақтың орны ерекше. Тәжірибеде байқалғандай бұл сабақты өткізу алдында оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында жекелей ізденушілік, зерттеушілік жұмыстар жүргізді. Ол үшін қосымша материалдардан оқулықта жоқ көптеген деректер тауып дәрумендердің ағзадағы рөлін толық көрсеткендігі дәлел болды.
Сабақтың мақсаты: Дәрумендер деген ұғымды қалыптастыру, олардың ағзадағы рөлін ашу, оқушылардың дәрумендер туралы білімдерін қорытып дәрумен жетіспеушілік салдарынан болатын аурулар, олардың алдын алу арқылы дәрумендердің маңызын ашу. [39].
Сабақтың көрнекілігі: "Дәрумендер" таблицасы, Жеміс-жидектер көрмесі, кітаптар. Дәрумендер және дәруменді препараттар. Әр түрлі газет- журналдардағы дәрумендер туралы деректер.
Сабақтың барысы:
1. Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді де оларға А, В, С, Д, К, РР, Е дәрумендері жайлы дайындалу тапсырылады.
2. Аукционерлер тағайындалады, столда дабыл- қоңырау.
3. Мұғалімінің хабарламасы.
Осы сабақтың жүрісі, өту тәртібінің өзі оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелейді. Себебі, дәрумендердің білімге "сатылуы" сатып алушының сол дәруменнің басқаларға әлі белгісіз болып тұрған қасиеттерінің адам ағзасына маңызын аша түсуімен ерекшеленеді. Сол себепті білім сайысында жеңіп шықан оқушы басқалардың алдында өзінің даралығын көрсетті. Балалар сабаққа дайындық барысында дәрумендер түрлерін, атқаратын рөлін жан-жақты зерттеп іздену барысында белсенді шығармашылық дербестік танытты.
Екінші ерекшелігі - жалпы аукцион тәртібін, өту ерекшеліктерін үйренеді.
Осы сабақта дәрумендер деген ұғымды қалыптастыру, олардың ағзадағы рөлін ашу, оқушылардың дәрумендер туралы білімдерін қорытып дәрумен жетіспеушілік салдарынан болатын аурулар, олардың алдын алу арқылы дәрумендердің маңызын ашу негізге алынды.
4. Жүргізушінің хабарламасы: Ерте замандарда саяхатшылар мен теңізде жүзушілер ұзақ уақыт бойы жеміс, көкөніс тағамдарын пайдаланбағандықтан жиі-жиі қатты ауруаларға шалдығып, қиындықтар көрген. Осындай кезеңдерде қырқұлақ ауруына шалдығады. Мұндай ауру кезінде қызылиек қанауға бейім болып, ауыздың кілегейлі қабықшасына жара шығады, адамның тісі босап, түсіп қалады, сүйегі морт болып, буындары қақсайды, қан аздық пайда болады, ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігі нашарлайды. Осы ауру салдарынан өлген моряктар саны теңіздегі соғыс және корабльдердің апатқа ұшырауы кезінде өлгендер санынан асып кетеді. Әсіресе солтүстік экспедициялары моряктары көптеп қырылған. Халық ертеден бері қырқұлақ ауруын итмұрын жемісімен, қайың сырасымен, қылқан ертінділерімен емдей білген.
Жеткілікті тамақтанбау себепті туындайтын аурудың себептерін алғаш ашқан Николай Иванович Лунин. Жас ғалым тағам құрамындағы минералдық заттар рөлін зерттеді. Ол тышқандарды химиялық таза заттардан зертханалық жолмен алынған жасанды қоспалармен тамақтандырды. Осындай тағамдармен қоректенген тышқандар екінші күні түгел өліп қалды. Осыдан соң Н.И. Лунин химиялық таза ақуыз, май қосылған тағамдармен қоректендірген тышқандар да түгел өлді. Ал, сиыр сүтімен қоректенген тышқандар ауырмай дұрыс тіршілік ете берді. Осыдан кейін ғалым қолдан жасаған тағамдарда, әйтеуір тіршілікке өте қажетті бір заттар жетіспейді деген тұжырымға келді. Кейінірек бұл заттар "дәрумендер" деп аталды. Н.И.Лунин тәжірибесі кейін Ресейде, Швецарияда, Америка, Ұлыбританияларда қайталанып, дұрыстығы мақұлданды. Алғашқы алынған екі дәрумен шартты түрде А және В деп латын әріптерімен белгіленді.
1922 жылы Кеңес үкіметінің ғалымы Бессонов венгер Сент-Дьердимен қатар С дәруменін бөліп алды. Қазір дәрумендердің 30-ға жуық түрі белгілі А,В,С,Д,Е,К,Р,РР,А,В,Д, және К дәрумендері жекелей емес, тұтас тобымен болып шықты. Мысалы В дәрумені В1, В2, В3,В12, В15 т.с.с.
4. Тағамдардағы дәрумендер.
Ғалымдар көптеген тағамдарға зерттеулер жүргізіп оларда көптеп кездесетін дәрумендерді ашты. Көптеген жеміс-жидек, көкөністерден, әртүрлі өсімдіктерден дәрумен алынды. Картоп түйнегінде, томаттарда, лимон, бүлдірген тағы сол сияқты барлық жемістерде дәрумендер кездеседі. Олар ас қорыту жүйесі жұмысына, қан айналымына өте пайдалы.
II бөлім. Дәрумендерді сату (аукцион). Аукцион тәртібі:
1. Бір затты сатып алу үшін оның биологиямен қандай да бір байланысын табу қажет.
2. Дәрумендер-білімге "cатылады"
3. Сатып алушылар тәртіппен кезектесіп сөйлейді
4. Сатып алу үшін қолын көтереді
Аукционердің сөзі: Сонымен, ағза үшін бірден-бір қажетті заттар - дәрумендерді сатуды бастаймыз. Алғаш сатылатын А дәрумені, бағасы 500 теңге. Өзін қысқаша таныстыру үшін оған сөз беріледі. А дәруменінің сөзі (оқушы):
- Майларда жақсы еритін дәрумендер тобына кіретін ретинол ағзаға көбінесе дайын күйінде түседі. Көпшілік өсімдіктекті тағамдарда каротин кездеседі. Олар: сәбіз, томат, тәтті бұрыш, көк пияз, шпинат, итмұрын жемісі, тікенжиде /облепиха/, өрік, асқабақ. Адам тәулігіне I мг. А дәруменін қабылдауы тиіс. Ретинолдың қоректе жетіспеушілігінен терінің құрғап, шиқан шығып, көрудің (көздің) нашарлауы байқалады. Ал, А дәруменінің жетіспеуінен тыныс алу мүшелерінің қабынуы, ас қорыту мүшелері, зәр шығару мүшелері қабынып ауруға шалдығады.
Сатып алушы оқушы (екінші командадан қол көтеріп қосымша толықтырып айтады)
- Мен А дәруменіне 1000 теңге беремін, себебі айтылғаннан басқа, тағамда А дәрумені жетіспесе балалардың өсуі баяулайды, тістері мен шаштарының қалыптасуы нашарлайды, өкпесі мен ішектері зақымданады. Бұл дәрумен калий мен фосфор тұздарының алмасуын реттейді.
Аукционер:
А дәрумені 1000 теңгеге сатылады, бір, екі, үш. Сатылды!
Келесі сөз В1 дәруменіне беріледі (екінші команда) алғашқы бағасы 500 теңге!
-В1 дәрумені ағзадағы май, ақуыз, көмірсу және минералды заттар алмасуын реттейді. Қан айналым, ас қорыту, жүйке жүйесінің қызметін реттейді. Тиаминнің жетіспеушілігі, егер адам көбінесе ақ ұнды пайдаланса (тазартылған, ақталған ұн) байқалады. Тиамин нан тағамдарында, сояда, бұршақта, сиыр бауырында көптеп кездеседі. В1 дәрумені жетіспесе бас ауруы, ашушаңдық, есте сақтаудың әлсіреуі, тәбеттің төмендеуі байқалады.
Аукционер: В1 дәрумені сатылады 500 теңге бір, 500 теңге екі ... Сатып алушы оқушы (бірінші команда):
- Мен 1000 теңге беремін, себебі, жаз айларында бүлдірген тере барсаңыз қандай дәмді, жеміс құрамында қант, органикалық қышқылдар мол кездеседі. Ағзаға күніне 2-3 мг. В1 дәрумені қажет, ал ол алмада, бүлдіргенде, пиязда, сәбізде мол.
Аукционер: В1 дәрумені сатылады, 1000 теңге бір, 1000 теңге екі ...
Сатып алушы (бірінші комнаданың келесі бір оқушысы):
- Мен 1200 беремін, себебі В1 дәрумені жетіспесе зілді ауру бери-бери пайда болады. Сол себептен тек тазартылған (ақталған) нан жемеңіздер.
Аукционер: В1 дәрумені сатылады 1200 теңге бір, екі, үш. Сатылды.
Келесі С дәруменінің алғашқы бағасы 800 теңге. С дәруменіне сөз.
-Аскорбин қышқылы С дәрумені, ақуыз, май, көмірсу алмасуларын реттейді. Қылтамырлар қабырғаларын жапсырып тұратын негізгі жасушааралық зат-коллаген синтезін арттырады. С дәрумені ағзаның қарсы тұру қабілетін арттырады. Бауырдың қызметін жақсартады. Сөткесіне адам 50-100 мг. С дәруменін қабылдауы керек.
Аукционер: С дәрумені сатылады 800 теңге бір, 800 теңге екі ...
Сатып алушы: - Мен 1500 т. беремін, себебі әр түрлі жемістерде С дәрумені сахароза, фруктоза, глюкоза көптеп кездеседі. Ағза ұзақ уақыт бойы С дәруменін қабылдамаса қырқұлақ ауруына шалдығады, қызыл иек қанап, тісі түсіп, сүйегі морт болып, буындары қақсайды, қан аздық пайда болады, ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қабілеті төмендейді.
Аукционер: С дәрумені сатылады 1500 бір ...
Келесі сатып алушы: Мен 2000 теңге деймін, себебі итмұрын жемісінде 18 пайыз қант , пектинді заттар және С дәрумені қарақатпен салыстырғанда 6-9 есе көп, алмамен салыстырғанда 10 есе көп.
Ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясының өтуіне С дәрумені қатысады. Бұл реакция жүрмесе астың сіңімділігі төмендейді.
Аукционер: С дәрумені сатылады, бағасы 2000 теңге бір, 2000 теңге екі., үш. Сатылды! Келесі сатылатын дәрумен РР. Алғашқы баға 1000 теңге, бұл дәрумен жайлы тыңдаңыздар!
- РР дәрумені құрамында никотин қышқылын және никотинамид, ниацин жасушалық тыныс алуға қатысады, көмірсу алмасуын қарқындатады, асқазан жұмысын реттейді. Бұл дәрумен еттерде, сиыр бауырында, бұршақта, бүйрек, жүректе көптеп кездеседі. Осы дәрумен жетіспесе асқазан жұмысы бұзылып, іш өту болады.
Аукционер: РР дәрумені сатылады бағасы 1000 теңге бір, екі, үш. Сатылды. Келесі дәрумен Д. Алғашқы бағасы 1200 теңге. Сөз Д дәруменіне беріледі.
- Д дәрумені (кальциферолы) адам ағзасында екі түрлі зат қалпында кездеседі. Эргокальциферол Д2 дәрумені және халекальциферол Д3 құс жұмыртқасы құрамында әжептәуір мөлшерде кездеседі, балық уылдырығында, теңіз балықтарының бауырында мол. Д дәрумені жетіспесе балаларда рахит (мешел) ауруы басталады.
Аукционер: Д дәрумені 1200 теңге бір, екі ...
Сатып алушы (қарсы команда оқушысы): Д дәруменіне 1500 теңге беремін, себебі ол калий мен фосфор тұздарының алмасуын реттейді. Бұл дәрумен жетіспегенде осы тұздар азайып, сүйектің құрамы бұзылады. Күн сәулесінің әсерінен адамның терісінде Д дәруменіне айнала алатын зат пайда болады. Сондықтан мешел ауруымен ауырмас үшін жас балалардың денесіне күн сәулесі мол түсуі қажет.
Аукционер: Д дәрумені 1500 теңге бір, екі, үш. Сатылды! Келесі сатылатын дәрумен - Е. Алғашқы баға - 500 теңге.
Е дәрумені сөйлейді: Е дәрумені (токоферолы) ағзадағы май, ақуыз, көмірсулар алмасуларына әсер етеді. Бұлшық еттер жұмысын арттырады. Ағзаға өте қажетті гормондар пайда болуына себебін тигізеді. Өсімдік майларында, жұмыртқада, қанда, сүтте, балықта, жеміс - көкөністерде кездеседі.
Аукционер: Е дәрумені 500 теңге бір, екі ...
Сатып алушы оқушы: Е дәруменінің ағзадағы маңызы зор, ол эритроциттер қабықшасының бұзылуынан сақтайды. Бұл дәрумен жетіспегенде қаңқа бұлшықетінің бұзылуына, жыныс бездерінің әлсіреуіне соқтырады, сондықтан 1000 теңге.
Аукционер: Е дәрумені 1000 теңгеге сатылады. Бір, екі, үш. Сатылды.
Сабақтың екінші кезеңі осы дәрумендерді қысқы уақытта тағамдарда сақтау әдісі жайлы болды. Бұл кезеңде осы бөлмеде жиналған әр түрлі дәруменді жеміс-көкөністерде қандай дәрумендер кездеседі және сол жемісті қыста дәрумен тапшы кезде қалай сақтау керектігі талқыланып, оқушыларға қыста тағамдардағы дәрумендерді қалайша сақтауға болатыны жөнінде, тағамдар пісіру кезінде дәрумендерді сақтау әңгіме - дүкенмен талданды.
10 - сынып. Сабақтың тақырыбы: Тіршілік иелерінің химиялық құрылысы.
Сабақтың түрі: Интеграциялық сабақ.
Сабақтың мақсаты: Тірі ағзалар денесінің химиялық элементтерден тұратындығын және ағза тіршілігінде физикалық, химиялық заңдылықтарға бағынып өмір сүретінін ұғындыру.
Бұл сабақты үш пән мұғалімі (биология, химия, физика) бірігіп өткізді.
Алдымен биология мұғалімі сабақтың міндеті мен өту тәртібін қысқаша таныстырып өтті. Химия мұғаліміне сөз берілді. Ол табиғатта кездесетін 92 химиялық элементтің 24-і тірі ағзалар жасушалары құрамында болатынын айтты. Жасушадағы мөлшеріне қарай олар үш топқа бөлінетіндігін тақтадағы кестеден көрсетіп айтып берді.
Осы сабақтағы шығармашыл еңбек ұстаздардың диалог құра білуімен байланысты. Мұғалім дидактикалық мақсатқа сай белсенді түрде, оқушылардың ішкі диалогына кірісіп кетеді, сөйтіп оларға өз даусын "тануға" көмектеседі. Себебі, мысалы, сабақ барысында балалар су туралы бұрын алған білімдерін жаңғыртып өздері іштерінен сөйлеп отырып, диалогқа араласады. Диалог "ракурстың көп қырлылығын беріп оның қиылысында "бөтен сөзге сенім", бейне, түсінікер ұштасуы, дауыс пен дауыстың жұптасуы арқылы түсінікті толықтырып, өз түсінігі шегінен шығуына" [32] себеп болады. Сөйтіп, балалардың әлемдік дүниесі баийды, бірлескен шығармашылық еңбек ұстаз - шәкірт мәдени диалогында дамиды. (ш мұғалімнің әдістерінің интеграциялануынан "ұстаз әдістемешіге айналады , ал оқушы оқу үрдісінің нағыз белсенді мүшесіне айналады".
Спектакль сабақтар.
Сабақтың бұл формасы өте жоғары деңгейде өтеді. Оқылатын тақырып толық беріліп, барлық мүмкін ақпараттар жинақталып ұстаз сценарий жазады, оқушылар көмектеседі. Балалардың бірі актер, бірі суретші, бірі дыбысын көркемдеуші т.б. болып сыныптағы көпшілік оқушы қатысады. Бұнда біржасушалыдан бастап тіршіліктің жоғарғы қалыптарына дейін түрлі - түрлі сценарилер құруға болады. Балалардың қатысуымен жазылған пьесалар олардың түсінігіне жақын. Әрине, толық ынта-жігермен, қиялмен, ғылыми негізінен ауытқымай құрылуы қажет. Театрлық шығармашылық балаларға жақын, себебі, "барлық драмаландыру ойынмен" байланысты және "көркем шығармашылықты жекелей әсерленушілікпен байланыстырады" [32], өйткені драма - өзінде барлық шығармашылық түрлерін топтастырған.
11 - cынып. Спектакль – сабақ. Біз айтып өткендей шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл ұстаз ғана дайындайды, өйткені, ол үшін қолайлы атмосфера тудыру бала мен сыныптың ерекшеліктерін және таным үрдісі барысын бағдарлай білу қажет. Осы сабақта мұғалім де, оқушы да екі түрлі шығармашылық қылық жасады,біріншісі - ойлау арқылы бұрынғы білгенін еске түсіру, екінші қиялдау арқылы тамаша пікірлер тудырды, рухани байыды. [39]
Ал балалардың рөлде ойнауы өз алдына шығармашылық үдеріс. Себебі: "бала шығармашылығының негізгі заңдылығы - оның құндылығы нәтижесінде емес, шығармашылық үрдіс кезінде туындауында." [32]
Конференция ( латынша confero - бір жерге жинаймын) - жиналыс деген мағына береді, ендеше ол - арнаулы сұрақтарды талдауға белсене қатысатын топ. Бұл сабақтарда таным белсенділігі артып, өз бетінше білім алу, әдебиеттермен жұмыс т.с.с. бірнеше міндеттер тұрады. Осындай сабақтарды «9-11 сынып биология пәндерінде жүргізген орынды. Тәжірибе көрсеткендей 8 - сыныпта 3-5 конференция сабақтарын өткізуге болады. 8, 9 - сыныптарда оқушылардың осындай сабақтар өткізуден тәжірибелері әлі болмағандықтан, мұғалім оны ұйымдастырып, тіпті жүргізу барысында басшылық жасауы қажет. Жоғарғы сыныптарда бұл міндетті оқушылар атқара алады. Конференция сабақтарына дайындық ерте, тақырып таңдаудан басталуы қажет, және ұсынылатын материалдың тәрбиелік мәні жоғары болу керек. Таңдап алынатын тақырып оқушыларға өз бетімен танып білуге түсінерлік, кең мазмұнды, талдануға ұсынылатын сұрақтар қызықты және бар әдебиеттерден (кітапханада) болуы шарт. Баяндама жазуға қажетті әдебиеттер тізімі беріледі.
Сынып оқушылары екі немесе үш топқа (қатар санына қарай) бөлініп, белгілі тапсырмалар алады, мұғалім кеңесші болады. Конференцияға дайындалу кезінде балалар әдебиеттермен жұмыс жасауға ғана үйреніп қоймай, көрнекі құралдар жасап шығармашылыққа үйренеді.
Пресс - конференция сабақтары тақырып бойынша қорытынды ретінде өтіп, оқу үрдісіне серпіліс енгізеді. Сабаққа дайындық барысында ізденіс арқасында ой-өрістері кеңейіп, өз беттерімен жұмыс жасайды. Талқыланатын сұрақтар беріліп, қатысушылар рөлдерге бөлініп, белгілі сценари құрылады. Әркім жекелей көрнекілік жасап, киетін киім, қажетті жабдықтарын әзірлейді.
Симпозиум, конгресс, сот, дөңгелек стол сабақтары рөлдік ойындар ретінде өтеді. Осы кезде оқушылар әртүрлі тұлғалар (ғалымдар, журналистер т.б.) орнында болып, жағдаятқа басқаша көзқарас білдіреді. Сабақтардың осындай формалары ұстаздармен мойындалған. Мектептерде қазір Шылымды, Арақты, тіпті Адамзатты Космостық соттау сияқты түрлері өтіліп жүр. Бұл сабақтардың бір кемшілігі - сабаққа қатынасатын балалар санының шектеулілігінде.
Экологиядан өткен дөңгелек стөл түріндегі рөлдік ойын сабағы жоғарғы сынып оқушыларының ой-өрістеріне, көзқарастырына әсер еткендігі байқалды.
Бұл сабақтағы шығармашылық "оқушылардың ақпараттарды қорыту", "тасымалдау" [31] үрдісімен байланысты әрекетінде. "алымдардың көп жылғы зерттеулер барысында анықтағаны - жоғары деңгейде өзін-өзі ұйымдастыра алатын тұлғаға тән негізгі қасиеттер - ойдың шығармашылық дербестігі. Олай болса, ол тыңдап отырған балалардың ғалымдар пікіріне қосыла отырып, өздеріне сенімділігі артуында. И.Я Лернердің дәлелдеуінше, ойдың дербес шығармашылығы, оқушылар ақпараттарды қорыта және тасымалдай алатын қабілетімен дамиды [15].
Планетадағы тіршілікті қалай сақтап қалу керек? деген тақырыптағы сабақтың қысқаша мазмұнын көрсетуді жөн көрдік. Өйткені осы сабақ экологиялық және соғыс қатерінен қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптерімен таныстыру мақсатында өтті.
Экологиялық проблемаларды шешуде тек сыртқы қоршаған ортаны қорғаудың жекелеген әдістерін емес (қорықтар құру, тиым салу т.с.с.) кешенді шешім қабылдап, бүкіл адамзат күшімен жүзеге асыратын шаруа екендігіне көздерін жеткізетін тұжырым қалыптастыру негіз болды.
Осы кезде экологиялық жауапкершілік, экологиялық өнегелік, ауқымды тәрбие. Экологиялық ортадағы халықаралық саясат, экономикалық бақылау комитеті сияқты негізгі терминдер мен ұғымдар берілді.
Сабақ экология және бейбітшілік қозғалысының көрнекті үш өкілімен интервью түрінде өтеді:
ЮНЕСКО бас директоры, профессор Федерико Майор (оқушылар ЮНЕСКО - ның қазіргі экологиялық дағдарыс қарсаңында алға қойған міндеттері мен ауқымды тәрбиелік пікірлерімен танысады), академик Б.С. Соколов (өз сұхбатында ол қазіргі жаратылыстану ғылымында экология негізгі интеграциялық бағыт болып саналатынын баса айтады).
Қазақсатан Республикасы экология және биоресурстар министрінің орынбасары (бұл әңгіме мазмұны Республика экология және биоресурстары министрлігінің міндеттері мен еліміздегі табиғатты қорғау мәселесінің нақты проблемалары мен қиындықтары жайлы).
Соңынан шығармашылықты дамыту, ойландыру үшін мынадай тапсырмалар берілді:
1. Қазіргі экологиялық проблемаларды шешуде адамзаттың рухани ауқымды тәрбиесі неге аса көңіл аударатын бағыт болып тұрғандығын ойлап, саралаңдар.
2. Сыртқы ортаны қорғау бір экономикалық пайда болатындай шара жүйесін ұсыныңдар.
3. Адамзаттың экологиялық біртұтас әрекетінің негізі – кешенді экология екендігін тұжырымдаңдар.
4. Сіздер табиғатты қорғау шарасына қандай өз әрекеттеріңіз, жұмыс жоспарларыңыз, ой-пікіріңіз бар екенін айтыңыздар.
5. Эколог Ли Талбот: " Бізге Жерді ата-бабамыз мұра етіп қалдырған жоқ, біз оны өз балаларымыздан қарызға алдық" - деп айтқан. Сіздер бұл ойды қалай түсінесіздер? Осыған келісесіздер ме?
ЮНЕСКО бас директоры, профессор Ф.Майормен интервью:
Оқушы: Қазіргі жағдайда біздің планетамыз қауіпте, егер біз бұдан әрі оны аяусыз пайдалансақ бара-бара эрозияның салдарынан құнарлы жерлеріміздің жартысын жоғалтамыз, тірі ағзалардың миллион түрі жойылады, ал өсіп келе жатқан халық саны жаңа қорды қажет етеді. Осы жағдайдың бәрінің экономикалық, психологиялық, өнегелік жақтары сауалдарын шешуде біз ізденуіміз керек екенін сезінеміз.
Профессор мырза, сіздің бұл проблемаларға не айтарыңыз бар?
Ф. Майор: - Менің ойымша, біздің экологиялық және де басқа проблемаларымызды шешуде негізгі фактор "ауқымды тәрбие" болып табылатын сияқты. Бұл терминді әлі де анықтау керек шығар, дегенмен ауқымды тәрбие біздің көп түрлі және сан алуан мәдениетімізді терең түсініп, сыйлауға негізделуі керек. Осы тәрбие тарихымыз, түсінік, дәстүріміздің молдығын ескере отырып әрбір адам баласы өзінің адамгершілігін сезінетін дәрежеге жеткізсе. Тәрбие - адамзаттың басты міндеті. Егер біз әрбір жеткіншекке - адам табиғаттың бір бөлшегі, сондықтан біз өмірді қалай сүйсек ағаш, өзен, дала бәрін сүюіміз керек екендігін айқын сезіндіріп, ұғындырмасақ, онда сыртқы ортаны қорғау, тіршілікті сақтап қалу тек абстракциялық ұғым болып көрінеді. Бұл бағыттағы шұғыл әрекеттерге мұрындық болу саясат басшыларының бірден-бір ісі. Олар ғалымдардың, ойшылдардың, дін адамдарының салауатты кеңестеріне құлақ асулары қажет.
- Сіздің ойыңызша ауқымды тәрбие идеялары практикалық іс-әрекетке, нақтылы іске асуы қалай жүргізілуі керек?
- Бірнеше жолы бар. Экологиялық сауаттандыру шарасын бүкіл оқу бағдарламасы орталығы етіп балабақшадан жоғарғы оқу орнына, мұғалімдер мен басқару аппараттары адамдарын даярлауда негізге айналдыру. Бұнда оқыту әдістемесі мен мазмұны әлемдік деңгейде адамгершілік мәдениеті негізінде болғаны орынды.
- Құрметті профессор, ауқымды тәрбие идеяларын таратуда Сіз ЮНЕСКО - ның рөлі қандай деп білесіз?
- ЮНЕСКО зорлық, қысастық емес сенім принциптері негізінде құрылған ұйым, ол өзінің мәдени миссиясын әлем деңгейінде атқарады. Сол себептен біздің ұйым мықты бүкіл әлемдік прогрессивті күштерді біріктіруде катализаторы және ұйытқысы бола алады. Біз бірігіп қана аз уақытта көлемді шаруа тындырып, экологиялық проблемаларды ауқымды бағдарлағанда ғана адамзат тіршілігін сақтап, "Жер" атты космостық корабльде ынтымақтастық пен демократияда алға жылжи аламыз.
- Халықаралық саясаттың қандай шараларын экологиялық сферада іске асыру қажет?
- Трагедияны ауыздықтау үшін экологиялық сферада қажетті халықаралық саясат керек. Нақты шаралардың қатарында: жоғарғы дәрежеде халықаралық экологиялық конференция өткізу: экологиялық өнеге халықаралық кодексін құру: экологиялық мониторинг және бақылаудың халықаралық жүйесін, экологиялық мәселелер жайлы технологиялық ынтымақтастық механизмін жасау: Антарктида, тропиктік ормандар, Дунай-Қара теңіз, Жерорта теңізі жүйесі сияқты бірегей табиғи аймақтарды қорғаудың халықаралық құқықтық ережелерін құру. Осылармен қатар соғыс әрекетін шектеу ерекше орын алады, өйткені ол соғыс қаупін азайтумен қатар сыртқы ортаны қорғауға бірден - бір себеп.
Академик Б.С. Соколовпен интервью.
- Құрметті, Борис Сергеевич, сіз қалай ойлайсыз, біздің экологиялық ауруларымызды қандай негізде емдеу керек?
- Бір жағынан Жердің экологиялық жүйесі ретінде биосфера жайлы нақты білім негізінде және экологиялық өнеге негізінде. Бұл жерде екі міндет бірге. Нақты білім + экологиялық сана.
- Биология ғылымы төңірегіндегі нақтылы зерттеулер қазіргі таңда экологияға қандай ұсыныс жасай алады?
- Дұрысын айтсақ, барлық экологияны қазіргі жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеулердің негізгі бағыты деп алуымыз керек. Бұл бірыңғай жүйедегі биотикалық және абиотикалық факторлар жиынтығын қамтитын басты интеграциялық бағыт. Адам - бұл жүйеде тек жаңа буын. Кейде барлық биосфераны тек қазіргі планетамыздың "тірі қабығы" деп қарастырса, мен геолог, палеонтолог ретінде кейбір экологиялық мәселелерді толық, барынша ұғынамын. Қазір, мысалы, әр түрлердің жойылып (өліп біту, жоқ қылу) кеткендігін көптеп жазады. Бұнымен әрине түрлік генофонд әлсірейді. Ал осы түр кірген экологиялық тізбектің, бұл жойылған соң бұзылуы, ең қиын мәселе. Экологиялық жүйенің жойылуы - нақты экологиялық қауіп. Бұл - ауқымды, басты экологиялық проблема.
- Борис Сергеевич, нақты ғылымдардың дамуы, жаңа институттардың ашылып, экономика назарының аударылуы, әрине, қазіргі кешенді экологияның басты бөлігі. Сіз әңгіме басында екінші мәселе - экологиялық сана жайлы айттыңыз ...
- Дұрыс айтасыңдар. Мен экологиялық өнеге (егер осылай айтуға болса) проблемасын кешенді экологияда алғашқы орындардың біріне қойғым келеді. Егер ол болмаса, онда экологиялық проблемаларды шешуде ешқандай алға жылжу болмайды. Дамыған экологиялық сана жалпы әлемде жоқ. Шынында, біз табиғат тартуында паразиттік тіршілік етудеміз, оны есепсіз жойып жұтатудамыз. Біз экологиялық апатты өзіміз дайындаудамыз. Экологиялық өнеге жалпыға бірдей категория болуға тиіс. Қазақстан Республикасы экология және биоресурстар Министрінің орынбасарымен интервью:
- Мырза, осы мәселелер төңірегінде сіздің пікіріңіз қандай?
- Биосфера барлық биологиялық жүйе ағзалар, популяциялар және олардың бірлестіктері өздерінің биологиялық функцияларын жүзеге асыратын тіршілік қабаты және тірі ағзалардың тіршілік әрекетінің жемісі. В.И. Вернадский ілімі қазіргі таңда жеке биосфералогия немесе ауқымды экология болып жеке дара ілім болып отыр.
Тірі заттар немесе биота биосферада жетекші рөл атқарады, олар эволюциялық немесе табиғи жолмен әлі де дамиды. Соңғы ондаған жылдарда адам әрекеті эволюциялық дамудың барысына әсер етіп биосфера өзінің табиғи тепе-теңдігінен ауытқып бұзылды. Бәрімізге белгілі тірі зат өзін-өзі бұзбайды, ол өз-өзін тудырады. Осы екі мәселе негізгі тіршілік түйіні, жалпы планеталық құбылыс. Барлық тірі ағзалар көбеюге деген шексіз мүмкіндігімен ерекшеленеді. Бірақ бұл мүмкіндік іске аспайды, өйткені табиғат өзінің шектеулерімен оны тежейді. Ол - өлім факторлары, осы арқылы өздігінен көбеюге қаблетті тірі жүйе мөлшері төмендейді. Биосферада барлық ағзалар түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Осы байланыс биосфера үрдістерін: біржақты зат, энергия, ақпарат айналымдарын, сөйтіп, кіші және үлкен биологиялық айналым тудырады.
- Сіздердің министрлік міндеттері жайлы айтсаңыз.
- Қазақстанда экологиялық қолайсыз аймақ, 637 мың шқ2 ареалды алып жатыр. Арал, Каспий, Балқаш, Семей ядролық полигондары, Екібастұз-Павлодар, Қарағанды-Теміртау, Балқаш-Жезқазған өндірісті -территориялық кешендері төңіректерінде шұғыл экологиялық қолайсыз жағдай болып тұр.
Біздің республикамызда табиғатты қорғау шараларына жалпы ұлттық табыстың 3 пайызы ғана жұмсалады, бұл басқа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда 30 еседей кем. Жалпы ерекше қорғауға алынатын территория республика бойынша барлық жер көлемінің 0,02 пайызын ғана құрайды, бұл біраз Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда 400 есе кем. 80-ші жылдардың ортасында Республика Совминінде экология және биоресурстар министрлігі құрылды. Оның негізгі міндеті бақылау мен атқару қызметтері.
Осы сабақ сияқты симпозиум, конгресс, сот, дөңгелек стол сабақтары рөлдік ойындар ретінде өтеді. Сол кезде оқушылар әртүрлі тұлғалар (ғалымдар, журналистер т.б.) орнында болып, жағдаятқа басқаша көзқарас білдіреді. Сабақтардың осындай формалары ұстаздармен мойындалған. Мектептерде қазір Шылымды, Арақты, тіпті Адамзатты Космостық соттау сияқты түрлері өтіліп жүр. Бұл сабақтардың бір кемшілігі - сабаққа қатынасатын балалар санының шектеулілігінде.
Бұл сабақтағы шығармашылық "оқушылардың ақпараттарды қорыту", "тасымалдау" [31] үрдісімен байланысты әрекетінде. Ғалымдардың көп жылғы зерттеулер барысында анықтағаны - жоғары деңгейде өзін-өзі ұйымдастыра алатын тұлғаға тән негізгі қасиеттер - ойдың шығармашылық дербестігі. Тыңдап отырған балалардың ғалымдар пікіріне қосыла отырып, өздеріне сенімділігі артуында.
2.3 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесін талдау
Эксперименттің мақсаты: Оқушылар шығармашылығын дамытуда жаңа технологиялық сабақ түрлерінің тиімділігін дәлелдеу.
Эксперименттің міндеттері:
- Мектептерде оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру қалай жүзеге асырылуда? Оның салдары. Қандай сабақтар жиі өткізілетіндігін анықтау. (анықтау эксперименті)
- оқушылар шығармашылығын арттыруда қандай сабақ түрлері тиімді болатынын сынақтан өткізу (үйрету эксперименті);
- анықтау және үйрету экспериментінің нәтижелерін талдау.
Анықтау эксперименті кезінде мектеп тәжірибесінде оқушылар шығармашылығын қалыптастыру жайын білу үшін қандай сабақтар түрлері жиі өткізілетіні зерттелді. Алдымен балалардың білімін байқау мақсатында арнайы тапсырмалармен жазба жұмыстарын алып оған талдау жасалынды.
Жазба жұмыстары бойынша және жалпы жауаптары бойынша тексергенде, барлық мектептің оқушыларына тән ортақ кемшіліктер мынадай болды:
-7-8 сынып оқушылары жануарлардың тіршілік ортасына бейімделушіліктерін жете меңгермейді. Жануар сыртқы орта ара қатынастарын сирек жағдайда атап көрсетеді.
- Жануарлар әлеміндегі әр класс, тип өкілдері арасындағы эволюциялық байланысты білмейді.
- 9 сынып оқушылары мүшелер жүйесі байланысын дұрыс түсінбейді;
- зат алмасу жайында, иммунитет маңызын нашар меңгерген.
-10-11 сыныптарда бейімделушілік белгілерінің қалыптасуы, табиғи сұрыпталу әсерінің табиғи ортадағы рөлін, жасуша теориясы, фотосинтез үрдісінің мәнін дұрыс түсінбейді.
Анықтау эксперименті нәтижесінде мектептерде, 7-11 сыныптарда биология пәні бойынша бірсарынды ақпаратты (дәстүрлі) сабақтар - оқу жұмысының негізі екені байқалды. Сабақтарда өздік жұмыстар аз орындалады. Проблемалық жағдаяттар туғызу, әртүрлі ізденушілік, зерттеушілік сипаттағы жұмыс түрлері өте аз жүргізіледі. "Өсімдік жапырағы және оның сыртқы құрылысы" тақырыбын мұғалім көрсетіп-түсіндіру, яғни, оқу-таным әрекеттерінің дайын білім игеруге бағытталған әдісімен өткізді. Көрнекі құралдар (жапырақ түрлері, әртүрлі пішінді жапырақ тақталары, түрлі жүйкелі жапырақтар), мұғалімнің тақтаны пайдалана білуі (жапырақтың орналасуын, жиектерін салып көрсетуі), түсіндіру кезіндегі дауыс ырғағы, оқушылармен қарым-қатынасы сияқты ұстазға қойылатын талаптар орындалғанымен сабақтың мақсатына жетуі тек оқытушының әрекеті арқылы болды. Сабақтың мақсатына жетуінің басқа, балалар үшін тиімді жолы (алтыншы сынып үшін) - әдістердің көп болуы. Оқушылардың сабақта жалықпай, қызығушылықпен еңбек етуі, шығармашылығының қалыптасуы - олардың оқу үрдісінің субъектісі болуымен байланысты. Ал, осы сабақта репродуктивтік әрекет басым, сондықтан балаларды шығармашыл еңбек жолына дайындау мүмкін емес.
Бұл анықталғандардан шығатын қорытынды: өткізіліп жүрген сабақтарда оқушылар белсенділігі төмен, балалардың оқу үрдісінде тек дайын білім игеруге қалыптасқандығы байқалады.
Осы себептер үйрету экспериментін жүргізу қажеттігін дәлелдеді.
Үйрету эксперименті кезінде жаңа технологиялық сабақтар сынақтан өтті. Эксперимент сыныптарда конференция, пресс-конференция, саяхат сабақ, сот сабақ, интеграциялық, ертегі, аукцион, викторина, сайыс, спектакль, ойын, модульді сабақтар өткізілді.
Үйрету экспериментінің мақсаты: оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологиялық сабақтар жүйесінің оқушы шығармашылығын қалыптастырудағы тиімділігін негіздеу. Осыған орай жаңа технологиялық сабақтар жүйесінің әдістемесі жасалды.
Тақырыптарды оқыту барысында мынадай міндеттер анықталды:
- оқушылардың өзіндік іс-әрекет жасауы - оқу материалындағы ғылыми ұғымдарды қолдануға байланысты іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыра білу;
- Жаңа іс-әрекет ойлап табуы - оқу материалындағы ғылыми ақпараттарды қорытып, іздену барысында белсенді еңбек ету;
- Шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру - берілетін ғылыми ақпараттарды саралап болжам жасау, бұрын кездеспеген жаңа жағдайға байланысты қолданудағы шығармашылық деңгейлерінің қаншалықты көтерілгенін тексеру.
Бақылау және эксперимент сыныптарындағы жекелеген сұрақтарға берілген дұрыс және қате жауаптардың аз да болса айырмасы бар. Негізгі көңіл аударарлық мәселе эксперимент сыныптарында салыстырмалы түрде сұрақтарға жауап бермеген бала жоқ деуге болады. Бұл осы сынып оқушыларының ойланып, еңбек ете білуге талпынысын көрсетеді. Себебі, берілген сұрақтарда өтілген тақырыптар бойынша кітаптағы дайын деректерді еске түсіру емес, жалпы оқығанды тоқып, игерілген білімді қорыту арқылы жаңа білім игеруге қабілеттерін талап етеді.
Бірінші кезеңге орай оқушылар шығармашылығының қалыптасуының сандық мәліметтерін пайызға шағып есептегенде пән бойынша бір оқу жылындағы үлгерім сапасы (1 – кесте).
1 - кесте. Эксперимент нәтижесінде 7 сынып оқушыларының пәннен алған қорытынды бағалары
|
2013-14 оқу жылы |
Сынып-тар |
Оқушы лар саны |
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
|
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
|||
|
Бақы-лау |
12 |
1 7 3 1 |
1 8 3 - |
0 8 4 - |
1 8 2 1 |
|
|
Экспе-римент |
13 |
- 5 4 4 |
- 6 3 4 |
- 4 4 5 |
- 3 5 5 |
I - тоқсанда бақылау сыныптарында - 33,4 %
эксперимент сыныптарында - 56,5 %
II - тоқсанда бақылау сыныптарында - 34,8 %
эксперимент сыныптарында - 59,1 %
2- кесте. Эксперимент нәтижесінде 8 сынып оқушыларының пәннен
білім көрсеткіші
|
2013-14 оқу жылы |
Сыныптар |
Оқушы-лар саны |
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
|
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
|||
|
Бақылау |
12 |
2 6 3 1 |
1 7 4 - |
2 8 2 - |
1 8 3 - |
|
|
Экспери-мент |
13 |
- 5 5 3 |
- 4 6 3 |
- 4 6 3 |
- 3 6 4 |
III - тоқсанда бақылау сыныптарында - 34 %
эксперимент сыныптарында - 59,1 %
IV - тоқсанда бақылау сыныптарында - 33,0 %
эксперимент сыныптарында - 57,3 %
3 - кесте. Эксперимент нәтижесінде 10 сынып оқушыларының
пәннен білім көрсеткіші
|
2014-15 оқу жылы |
Сыныптар |
Оқушы-лар саны |
I тоқсан |
II тоқсан |
III тоқсан |
IV тоқсан |
|
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
2 3 4 5 |
|||
|
Бақылау |
15 |
2 8 4 1 |
2 8 5 - |
1 10 3 1 |
1 10 4 - |
|
|
Эксперимент |
15 |
- 6 5 4 |
- 6 6 3 |
- 5 5 5 |
- 5 6 4 |
Ең жоғарғы нәтиже бақылау сыныптарында - 34,8 %, эксперименттік сыныптарда – 59,1 % - ды көрсетті.
Осы көрсеткіштер 7 сынып бойынша (2 – кесте) төмендегідей болды.
I тоқсанда - 32 % - 55 % III тоқсанда - 32 % - 57 %
II тоқсанда - 33 % - 57 % IV тоқсанда – 31 % - 56 %
Бақылау сыныптарындағы жоғарғы нәтиже – 32 %, эксперимент сыныптарында –57 %.
10 сынып бойынша:
I - тоқсанда – 39 % - 63,9 % , II - тоқсанда – 39 % - 63,9 %, III - тоқсанда – 24 % - 69,7 %, IV - тоқсанда - 24% - 64 % (3 – кесте).
Бақылау сыныптарындағы жоғары нәтиже – 39 %, эксперименттік сыныптарда – 69,7 %.
1 - сурет. Эксперимент сыныптардағы оқушылар шығармашылығы дамуының өзгеру динамикасының салыстырмалы көрсеткіші
шығармашылық
эксперимент сыныптары
бақылау сыныптары
Зерттеу жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасай аламыз:
- жаңа технологиялық сабақтар оқушылардың білімді шығармашылықпен, өздерінің игеруіне, зор мүмкіндік туғызады.
- оқушылар шығармашылығы тек сабақ үлгерімінде ғана емес мектеп өмірінде де тамаша пікірлер айтып, жаңа бір әрекеттер тудыруларынан айқын көрінеді.
Қорытынды және ұсыныстар
Жұмысымызда сабақтарда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер талданды. Әдістемелік жүйенің тиімділігі және жорамалдарымыздың күткендей нәтиже беруі педагогикалық эксперимент арқылы дәлелденді. Олардың нәтижесі және бірінші тарауда қарастырылған зерттеудің теориялық негізі бойынша жалпы қорытып тұжырым жасалды.
- баспа беттерінде жарияланып, мектеп тәжірибесінде қолданып жүрген жаңа технологиялық сабақ түрлеріне әдістемелік талдау жасалынды.
- ақпаратты сабақтармен салыстырғанда ұстаз бен оқушының "субъект-субъектілік" қатынас түріндегі өтілетін сабақ тиімділіктері талданды.
- жаңа технологиялық сабақтар өткізу тиімділігін зерттеу бағытындағы алынған нәтижелер көрсеткендей, эксперимент сыныптарындағы оқушыларда бақылауға алынған сынып оқушыларымен салыстырғанда, үлгерім сапасы жоғары болды.
- Жаңа технологиялық сабақ түрлерімен өткізілген оқу жұмыстары кезінде туған проблемаларды шешу барысында шығармашылық еңбек табысты болатыны дәлелденді.
- Оқушы шығармашылығын дамытуда жаңа технологиялық сабақтарды ретіне қарай жүйелі өткізіп тұру керек.
- Эксперимент көрсеткендей оқытуда жоғары нәтижеге жету дайын рецепт бойынша емес, ой еркіндігі болған жағдайда толық болатындығы және оқытуды жетілдіруде барлық мұғалімдерге бірдей "дайын сабақ үлгісінің" болмайтындығы ұстаз шығармашылығын да қатты талап ететіндіктен мұғалімдерің өздері шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ. Ол қалыптасқан сыныптағы сабақ барлық мектеп пәндерінде жүргізілетін бірсарынды, дәстүрлі сабақ.
Қазір көпшілік мұғалімдер ұстанып жүрген сабақ құрылымы - "үй тапсырмасын сұрау - жаңа сабақты түсіндіру - бекіту - үй тапсырмасы" түрін өзгертіп сабақты жаңа технологиялық тұрғыда біршама жетілдіруге болады.
Мектеп практикасында қазіргі уақытта педагогикалық мақсатқа сәйкес жаңалықтар көптеп енгізілуде. Соның бірі жаңа технологиялық сабақтар. Бұл сабақтарды өткізу барлық мектептерде кездеседі, бірақ осы сабақтардың оқу - тәрбие саласындағы орны, маңызы мен жүйесі теориялық тұрғыда негізделіп, толық зерттелмеген. Сол себепті жаңа технологиялық сабақтарды педагогикалық және әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыру, нақтылы мақсатта өткізу жүйесі жекелеген пәндерде, оның ішінде биологияны оқытуда құрылмаған.
Жаңа технологиялық сабақтардың бір ерекшелігі - баланың ойлау еркіндігінің шексіздігінде, өзін танытуға, даралануға, қиялдауға, шығармашылық еңбекке мүмкіндігінің молдығында. Ғалымдардың пікірінше шығармашылық ойлау жаңа пікірлер тудыруға жеткізеді. Қазіргі кезде шығармашылық ойлау аса маңызды, себебі авторитарлық шешім мезгілі өтті, вертикальдық ойлау, пікірлер мен міндеттер жоғарыдан берілу кезеңдері қалды, енді әркімнің еркін ойлауын, жеке шығармашылығын қажет ететін уақыт келді.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасында Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, А.: Қазақстан. 1994.- 40 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. А.: РГЖИ. Дәуір. 1992.- 56 б.
3. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы //Егеменді Қазақстан. 1999. №115-116.
4. Орлова В.И. Активность и самостоятельность учащихся. //Журнал Педагогика, 1998, №3. –с. 44-48.
5. Шамова Т.И. Активизация учения школьников. - М.: Знание, 1999.
6. Петровский А.В. Общая психология. -М.: Просвещение, 1986, -с.93.
7. Корнетов Г.Б. Парадигмы базовых моделей образовательного процесса. // Журнал Педагогика, 2005, № 3.
8. Половникова Н.А. О системе воспитания познавательной самостоятельности школьников - М.: педагогика, 1991, №5.
9. Аристова Л.П. Активность учения школьников - М.: 1968.
10. Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. - М.: Педаго-гика,1971.
11. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. -М.: Педагогика, 1984.
12. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. -М.: Просвещение, 1982.
13. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.-М.: 1990. -с. 482.
14. Благодарова Г.В. Эффективность различных форм обучения в повышении качества учебно - воспитательного процесса по биологии. - Мектеп, 2001.
15. Лернер И.Я. Учить творчески, воспитывать личность. //Биология в школе, 1999, №4.
16. Оконь В. Введение в общую дидактику. - М.:Высшая школа, 1999.
17. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологий обучения. //Дисс. доктора пед. наук. - Алматы, 1994.
18. Шевченко С.Н. Учить активному познанию //Биология. в школе, 2001, №5.
19. Чистякова Г.Д. Учить думать. //Биология в школе, 2000, №6.
20. Бертон В. Принципы обучения и его организация. - М.: Государственное учебно-педагогическое издательство, 1984.
21. Пидкасистый П.И. Самостоятельная познавательная деятельность школьников в обучении. -М.: Педагогика, 1990.
22. Сухорукова Л.Н., Куликова Е.А. Самостоятельное изучение старше классниками новой темы. //Биология. в школе. 1998, № 4.
23. Реброва Л. Время ставит проблемы. Решать их нам. //Биология в школе, 1991, № 6.
24. Сушкова Е.Ю. Мышление и его особенности у школьников. //Биология в школе. 1998, №2. - с. 19-22.
25. Левитес Д.Г. Практика обучения: современные образовательные технологии /Книга для учителя. Мурманск, 2007.
26. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М., Народное образование, 2001.
27. Щукина Г.И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся. -М.: Педагогика, 1998.
28. Жарықбаев Қ ., Қалиев С. Қазақ тәлім - тәрбиесі. - Алматы.: Санат, 1995, -б.176-182.
29. Тхагапсоев Х.Г. О новой парадигме образования. //Журнал Педагогика, 2003, №1. -б. 103-110.
30. Абай (Ибрахим Құнанбаев) 2 томдық шығармалар жинағы. 2 том -Алматы.: Жазушы, 1986.
31. . Пономорев Я.А. Психология творчества и педагогика. - М.: Педагогика. 1996.
32. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. - С.-П., Союз, 1997.
33. Ананьев Б. Г. Избранные психологические труды т. 2. - М.: Педаго-
гика, 1980.
34. Хамблин Д. Формирование учебных навыков. - М.: Педагогика, 1996.
35. Батюшков Ф.Д.Творчество.//Энциклопедический словарь Брокгауза и Эфрона 1991.
36. Спиркин А.Г. Сознание и самосознание - М.: 1992 , - с.193.
37. Жарықбаев Қ. Психология. - Алматы.: Білім, 1993. -б. 158.
38. Библер В.С. Мышление как творчество. - М.: Полит. литература, 1975.
39. Мырзабаев А. Б. Биологияны оқыту әдістемесі, Оқу құралы, Қарағанды, ЖШС Санат 2006, -344 б.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген