Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардағы мінез құлықтың алдын-алу іс шаралары бойынша психологиялық көмек көрсету

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың мінез құлық ерекшеліктерін бақылау және психологиялық жұмыстар жүргізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Пікірталас – ұрыс емес»

Мақсаты: жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы (конструктивті) амалдарын дамыту, сенімділік тәжірибесін толықтыру, құрбыларымен зорлық-зомбылықсыз өзара сыйласымды қарым-қатынас жасауға дағдылану.

«Пікірталас – ұрыс емес» жаттығуы

Қалай ұрыспауға болатындығы туралы әңгіме қозғаймыз. Сонда да ұрыс болған күннің өзінде, бір-бірімен қандай сөздердің көмегімен татуласуға болатынын талдаймыз.

Уақыт өте келе, анда-санда біз өзіміздің дұрыстығымызды дәлелдегіміз келетін сәттер болып тұрады. Кейде мұндай пікірталастың пайдасы да бар, бірақ кейбір кездерде оның арты кәдімгідей күреске айналып кетеді. Айтыса отырып, біз айқайға ауысып кетеміз. Айқай қаттырақ шыққан уақытта, пікірталасымыз кәдімгідей ұрысты еске түсіреді және бұл жағдайды ақылмен бақылау қиынырақ бола бастайды.

Пікірталастың ұрыстан айырмашылығы неде? (Жауаптарды екіге бөлінген қағазға жазып отырамыз)

Ұрыстан қалай құтылуға болады?

«Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойыны

Жұпқа бөлініңдер. Бір-біріңмен ойнағанда, дауласқанда, бұйымтай сұрағанда, өтініш жасағанда, қандай үнмен сөйлесетіндіктеріңді айта аласың ба? Тіпі амандасқанда да, есімдеріңді атап танысқанда да әртүрлі интонациямен, яғни дауыс ырғағымен айтуға болады. Әрқайсысымыз кезекпен төмендегі сөз тіркесін айтайық: «Сәлем! Менің есімім... Бұл ойынды ойнауға қазір менің кезегім» − алдымен ренжіп, содан соң сенімді түрде, кейін тілектес мейрімді көңілмен.

Талдау:

Қандай дауыс ырғағын тиімдірек сезінді?

Осы дауыс ырғағын қаншалықты жиі пайдаланасың?


«Аспан көк (жұмақ) пен тозақ» жаттығуы

Біздің сөйлескен сәттегі дауыс ырғағымыз басқа адамдармен, балалармен, үлкендермен өзара қатынасымызға әсерін тигізеді. Айқай, жағымсыз дауыс, ұрысқа, түсінбеушілікке, жанжалға әкеп соғады. Төбелес өте қауіпті, «кәдімгідей тозаққа» айналады. Шығыс елдерінің өсиет әңгімесін тыңдауға шақырамын...

Бір жас жауынгер данышпанға келіп былай деп сұрақ қояды: «О, данышпан, маған өмірдің құпиясын ашып берші. Жұмақ пен тозақтың айырмашылығы неде?» Данышпан бір сәтке ойланады да, жауап береді: «Сен жас ақымақсың. Сендей топас адам оның мәнін қанша айтсаң да түсінуші ме еді? Сен өте надансың!». Мұны естіген жас сарбаз сұрланып, тісін қайрап: «Мен мына сөздерің үшін сені өлтіріп тастаймын!» − деп айқайлап, данышпанды бастырмалата қылышын суырып алды. Осы сәтте данышпан: «Міне, мұның тозақ», − деді. Мұны естіген сарбаз қылышын қынабына қайта салды. «Ал енді мұның жұмақ», − деді данышпан.

Пікірталасыңыз бір кездері төбелеске айналып кеткен сәттеріңізді есіңізге түсіріңізші! Сонда сізді ызаландырғаны соншалықты, төбелесті бастап кеткіңіз келді немесе қарсыласыңыз ашу-ызадан жарылып кете жаздап, сізге тұра ұмтылған болар?! Қол жұмсаудан аулақ болуға мүмкіндік болады ма? Сонда болған оқиғаны айтып көріңіз. Төбелессіз тарай алдың ба? Сол сәтте сен өзіңді қалай сезіндің? Бұл оқиғаға қандай атау берер едің?

Талдау:

Пікірталас пен төбелестің айырмашылығы неде?

Айтыс төбелеске айналып кетпеу үшін не істеу керек?

Төбелесуге мәжбүр ететін жағдай болып тұра ма?

Төбелес – бұл дауласудың шешімін табатын ең жақсы амал ма?

Өсиет әңгімеде данышпан зорлық-зомбылық – тозақ деп нені айтады?

«Сенге» көшудің жағымсыз әсерін сезіну жаттығуы

Біз ренжіп немесе ашуланған уақыттарымызды басқаларға өзіміздің сезіміміздің жауапкершілігін жүктеп, оларды кінәлай бастаймыз. Бірақ өз сезімдерімізге басқа ешкім емес, тек өзіміз ғана жауап береміз ғой. Долданған уақыттарымызда бір-бірімізге «сен» деп айта бастаймыз.

Сен неменеге айғайлайсың!

Сен мені мезі еттің!

Сен менің заттарымды алдың!

Сен түкке тұрғысыз бірдеңелерді айтып кеттің!

Сен үнемі кешігіп жүресің!

«Мен... айтып салар едім» сөйлемін құрастыру

1-жағдай:

Досың сенен көйлек алады даоны жыртып тастады. Сен досыңа не айтасың?

Мен... сезінгенде, мен... жасар едім.

2-жағдай:

Мұғалім диктантты көшіріп алдың деп саған екілік қояды. Сен мұғалімге не айтар едің?

Мен... сезінгенде, мен... жасар едім.

3-жағдай:

Ең жақсы досың саған берген уәдесін орындамады. Сен жақын досыңа не айтар едің?

Мен... сезінгенде, мен... жасар едім.

4-жағдай:

Сенің сүйікті кішкентай қарындасың (сіңілің) сенің ең сүйікті қойын дәптеріңді алды да, ішінен бірнеше беттерін жыртып алды. Өз қарындасыңа (сіңіліңе) не айтар едің?

Мен... сезінгенде, мен... жасар едім.

5-жағдай.

Туыс апайың саған келемін деп келмеді. Сен қатты ренжідің. Сен оған не айтар едің?

Мен... сезінгенде, мен... жасар едім.

6-жағдай:

Сыныптасың футбол добыңды жарып тастады. Сен сыныптасыңа не айтар едің?

Мен... сезінгенде, мен... жасар едім.

Талдау:

Осы тапсырманы жасарда нендей қиындықтар кездесті?

Саған айтылған «сен, сен» деген сөздерді естігенде қандай сезімде болдың?

«МЕН... айтып саламынды» естігенде не сезіндің?

Сабақтың рефлексиясы:

Менің бұл сабақтан алған тәлімім...

Маған ұнағаны...

Маған ұнамағаны...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені...

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу»

Сабақтың қорытындысы

















«Ашу-ыза білгенде не істеу керек?»

Мақсаты:

  • Тәлім алушылардың ашу-ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету;

  • Рефлексивті механизмді белсендіру;

  • Бүгін біз, өзіңізге және айналадағыларыңызға зиянкестік жасамай ғана ашу-ызаны қалай игеріге болатындығы туралы талдау жасаймыз.

«Көрме» жаттығуы

Мақсаты: адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу-ыза, агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б.) жұмыс жасай білуі.

Ыңғайлы отырып, денеңді бос күйде ұстап, 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді жұм. Көз алдыңа кішігірім көрмеде жүрмін деп елестет. Саған жаманшылық ойлаған, сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды келтіретін адамдардың суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.

Осы көрмеде жүре тұрып, осы портреттерді жан-жағынан қара. Солардың кез-келген өзіңнің қандай жағдайда болғаныңды елестет.

Ашуыңды келтірген осы адамға өз сезіміңді тежемей, бәрін айтып салған сәттерді елестет. Қазір ойыңа ол туралы не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткіз.

Сезімдеріңе бой алдырған кезде сәтте қандай әрекетке барушы едің соны көз алдыңа келтіріп, іс-әрекетіңді тежеме, осы адамға не істегің келеді, ойша бәрін жаса. Егер жаттығуды жасап бітірсең, басыңды изе. 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді аш.

Өз тәжірибеңді топпен бөліс. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл болды? Саған не ұнады: төңірегіңнен кімдер осы көрмеде болды? Сен кімнің алдында тоқтадың? Қандай жайды көз алдыңа елестеттің? Сол туралы айт. Жаттығу кезінде сенің жағдайың қалай өзгерді? Сезімің бас кезінде қалай болып еді? Қазір қандай күйдесің?»

Талдау:

Ренжіткен адамыңа қандай сөздер айттың?

Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана жеткізе алу мүмкін бе?

Сезімді білдірудің тағы қандай амалдары бар?









«Бәтеңкедегі тас» ойыны

Мақсаты: жағымсыз эмоциядан қиянатсыз арылу

Біз ашуланып, ренжи бастағанда сезіміміз алғашында бәтеңкедегі кішкентай тас сияқты болып қабылданады. Егер ол тасты алып тастамасақ, аяғыңды ауыртады, өзіңді нашар сезінесің. Сондықтанда ересек адам немесе бала болсын, өз проблемаларын сезген сәтте оны бірден айтып үйрену қажет. Саған кедергі болып тұрған нәрсені мұқият ойланып, дәл қазір айтуға тырыс, әрине іштей, ешкімге естіртпей, төмендегіше айтып көр: «Менің бәтеңкемде кішкентай тас жатыр. Мен сөйлеп тұрғанда, Айсұлудың күлгені маған ұнамайды... ».

«Мазақтау» ойыны

Бір біріне ренжіген уақытта неше түрлі ауыр, реніш сөздерін айтасыңдар. Ал ренжітпейтін сөздер айтып ұрсыстыңдар ма? Қане, осылай айтысып көрейік. Бұл сөздер, мысалы, жеміс жидек, ыдыс аяқ атаулары болуы мүмкін - «Сен болсаң - сәбізсің» және т.б. Балалар бір біріне доп лақтыру арқылы ренжітпейтін сөздермен мазақтасады. 2-3 минуттан соң бір біріне жылы сөздер айтады - «Сен-менің күнімсің» және т.б.

«Сілкін!» сергіту ойыны

Үсті су болған иттің сілкінгенің көрген боларсыңдар?!. Әрқайсың қастарына кең орын болатындай тұрыңдар. Алақан, шынтақ, иық, кеудеден бастап сілкінуді бастаңыз. Басыңдыда сілкі. Иттің үстінен су шашырап ұшқандай, сендердің де жағымсыз эмоция, сезім, ой, барлық жағымсыз нәрселердің ұшып кететінін елестетіңдер.

Сабақтың рефлекциясы

Менің бұл сабақтан алған тәлімім...

Маған ұнағаны...

Маған ұнамағаны...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені...

Жаттығулардың аяқталуы Шеңбер бойынша қол алысуы

Сабақтың қорытындысы













Тақырып: «Менің құқықтарым»

Мақсаты:

балалардың құқық туралы түсінігін қалыптастыру;

топ жұмысын балалардың өздерінің қорытындылауы.

Қаралатын құқықтар:

Өмір сүру құқығы.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғану құқығы.

Оқу құқығы.

Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан,сдәрігерден, полицейден, ұстаздан көмек сұрау құқығы.

Төңірегіндегілердің сый-құрметіне бөлену құқығы.

«Жоқ» деген сөзді айту құқығы.

Басқа балалардың, басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары.

«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны

Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет салу.

Талдау:

Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?

өзіңді қандай күйде бейеледің?

қандай құқықтарыңды ең маңызды деп есептейсің?


«Мен саған ... тілеймін» жаттығуы

Қатысушылардың әрқайсысы параққа өздерініңі тілектерін жазып, бір-біріне естелікке сыйлайды.

Балалар тілектермен алмасады.

Талдау:

Қандай тілек алдың?

Не қуанышты: тілек жазу ма әлде алу ма?

Бір-бірімізге ең маңызды қандай тілектер тілей аламыз?

Сабақтың рефлексиясы:

Менің бұл сабақтан алған тәлімім...

Маған ұнағаны...

Маған ұна мағаны...

Менің естігім , білгім, жасағым келгені...

Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу»

Жаттығудың қорытындысы











Қиын жағдайлардан не үйренеміз?»

Мақсаты:

қатысушылардың қиын жағдайлардыың әсерін саралау мүмкіндіктері.

Ертегі тыңдау

«Алыстағы Күн жүйесінде, алыстағы Жер ғаламшарында алыстағы бір қалада Дархан Дарханов өмір сүріпті. Қалай өмір сүрді? Ол өзін онша бақытты есептемепті, себебі оның төңірегінде нашар құбылыстар өз-өзінен юолып жатады екен.

Біресе асханада тамақты үстіне төгіп алады, немесе мұғалім кенеттен «үштік» баға қояды, ал ең жақын досымен ұрсысып қалады. Бірде ол өз бөлмесінде отырған еді, кенеттен өз-өзінен орындықтан құлап қалды, қатты ауырғаны соншадық, көздерінен ұшқын шашырағандай болды. Енді көзін аша беріп еді, біреудің даусын естіген сияқты болды:

Дархан, осылай өмір сүруіңе мен себепшімін.

Сен кімсің? – деп Дархан шошып кетті.

Мен сенің ісігіңмін, - деп шиқылдады дауыссымақ.

Дархан ұшып тұрып, айнаға қарады: көзінің алды көкпеңбек, мойны жырылып кеткен және желкесінде үп-үлкен томпақ ісік! Ол Дарханға кәдімгідей көзін қысып қояды.

Дархан, сенің өзгеруің керек!

Мен сен ойлағаннан да сұмдық өзгердім, қараңғыда көрсең – қорқып кетесің, − деп күрсінді Дархан.

Жоқ, Дархан, бұлай емес. Саған өмір сабақтарын жиі орындап тұру қажет.

Менің онсызда мектеп оқуынан басқа жеке өмірім жоқ.

Сен мені тыңда, Дархан. Тыңда да алғысыңды жаудыр. Сен жағымсыз, қиын жағдайлардан сабақ алуың керек. Тек сонда ғана ақылың кіреді, әйтпесе әп-әдемі түрің бар бала бұдан былай үп-үлкен томпақ ісікке айналасың.

Дархан мұндай арсыздыққа таңғалғаны соншалықты, аузына сөз де түспей қалды. Біраздан соң сөйлей бастап еді ешқандай ісіктің орны да қалмағанын байқады.

Көз алдындағы көгергені де желкесіндегі томпақ ісік те ғайып болыпты.

Сол сәтте оның сотқар інісі Хасан-Шабдалы келе қалды. Ол тек келген жоқ, келе сала Дарханмен алысып, оның қолын ауыртып жіберді. Дархан оны итеріп жібергісі келіп еді, бірақ оны бір нәрсе жібермей қойды. « Мүмкін Хасан-Шабдалыны өмір абағы үйретер, не қыламын оған тиісіп», - деп ойлады Дархан. «Мүмкін байқап көру үшін Хасанды аясам ба екен? – деп ойлады ол тағы да». Осы кезде Дарханның анасы келді де, әдеттегідей наразылық көрсете: «Итті қыдыртпапсың. Хасанды ренжітпе!» дей бастады. Дархан әдеттегідей анасына ренжігісі келіп еді, алайда тағы да ойланып қалды: «Мүмкін өмірден сабақ алып, анамды түсінуге тырыссам ба екен?».





Дархан туралы көп айта бермесек те болады, − себебі сендер онсызда да түсіндіңдер. Өмір сабақтарын орындау Дарханға қатты ұнады, өзін өзгерту де ұнады. Әрине, оның өмірі де жақсы жағына қарай жақсара бастады. Өмірі қандай болды? Мұны да сендер менен жақсы білесіңдер, бақытты болғысы келетін мектеп оқушысының жағдайын енді одан да жақсы түсініп отырсыңдар. Ал Дархан өскенде, мектеп бітіргенде қандай болды – бұл көріністі енді маған баяндап бересіңдер.

Ертегіні балалар өздері аяқтайды.

Талдау:

Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?

Не қиынға соқты? Не қызықты? Не нәрсеге ұйрендіңдер?

Өзің және басқалар туралы қандай жаңалықтарды білдіңдер?

Сабақтың рефлексиясы

Менің бұл сабақтан алған тәлімім...

Маған ұнағаны...

Маған ұна мағаны...

Менің естігім, білгім, жасағым келгені...

Жаттығудың қорытындысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11