Материалдар / Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
237
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу


«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер, яғни жан-жақты жетілген тұлға болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс-тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймын. Өз іс-тәжірибемде Қ.Бітібаеваның «Өнімді білім беру» технологиясын, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша 7 модульді кіріктіре отырып іске асырамын. Осы технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған мәселемен бетпе-бет келген кезде жүзеге асады. «Шығармашылық» сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі.

Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Мұғалім осы бағыттағы жұмысты немесе тапсырманы берген кезде баланың интеллект көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы мұғалімнің негізгі  айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, ол тез қабылдайды. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Мұғалімнің міндеті – оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету. Жалпы оқушылардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына,өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

  1. Жазушы әңгімелерін өз бетінше аяқтау.

  2. Қазақ тілі пәнінен өтіліп жатқан тақырыпқа байланысты ертегі құрату, түрлі шығармашылық деңгей тапсырмаларын беру (Мысалы, «Зат есім патшалығы», «Есімдіктер елінде», «Сын есім Мұқағали поэзиясында», «Абай және есімдік», оқушылардың өздеріне тест, тапсырмалар құратқызу т.б.).

  3. Өлең, мақалдар құрастыру.

  4. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  5. Кейіпкерге мінездеме беру.

  6. Шығарма бойынша сурет салғызу және оны қорғату, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.

  7. Рөлге бөліп оқыту.

  8. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу, өздеріне құраттыру (ребус, сөзжұмбақ).

  9. Оқушылар айтысын ұйымдастыру.

  10. Оқушыларды рөлге енгізіп, шығарма үзінділерін сахналау.

Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдер оқушының шығармашылық және танымдық белсенділіктерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Мысалы, қазақ тілі сабақтарында әр тақырыпты қорытындылау кезінде ертегі, айтыс ретінде құрастыру тапсырмасын беруге болады. 6-сыныпта «Зат есім патшалығы», «Сан есімдер елінде», «Есімдік патшалығы». 8-сыныпта «Сөйлем мүшелері» тақырыбын қорытындылау кезінде «Сөйлем мүшелерінің айтысын» жазып келуге тапсырма беремін. Оқушылар мұндай тапсырмаларды қызығушылықпен, жоғары шығармашылық деңгейде орындап келеді.

8-сыныпта Абай шығармашылығын оқыту барысында, тақырыпты қорытындылау кезеңінде шығармашылық бағыттағы деңгейлік тапсырмалар тақырыбын ұсындым. Осы орайда оқушылар «Болмасаң да ұқсап бақ» тақырыбында қарасөз жазса, кейбір оқушылар «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында шығармаларын жазған екен. Ұлы ақынға жыр жолдарын арнаған жас ақындарымыздың өлеңдері оқылды. 7-сыныпта Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» лирикалық өлеңі бойынша толқын көріністерін суреттеп жазуға, өлеңмен сипаттауға, суретпен бейнелеп жеткізуге болады. Бұл тапсырмалар оқушы қиялын дамытып, шығармашылық, танымдық белсенділіктерін арттыратыны сөзсіз.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақстандық педагогтардың біліктілігін ең мықты әлемдік тәжірибеге негізделген (Кембридж тәсілімен оқыту) жаңа форматта арттыруға ынтасын білдірді. Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің біліктілігін жаңа сапалы әдіспен арттыруға негізделген Бағдарлама мұғалімдердің сабақ беру мен оқытудағы жаңа әдістерді және үзіліссіз өзін-өзі жетілдіру мен кәсіби дамуды қамтамасыз ететін, өз тәжірибесімен ойлауындағы өзгертулерді түсінуін дамытуға бағытталған.

Бұл бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге білім саласында заманауи технологияларды, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жоғары жетістіктерге жету, тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.

Жоғарыда аталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып өткізген әрбір сабақтарымда оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға өте тиімді екендігіне көзім жетіп жүр. 2015-2016 оқу жылында атқарылған жұмыстарға тоқталсам, жыл көлемінде ашық сабақтар беріліп, әріптестермен іс-тәжірибе бөлістік. Атап айтсам, 6б-сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сын есімнен өткенді қайталау», қазақ әдебиеті пәнінен «Менің атым Қожа», 9 а –сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Ұлт азаттығын аңсаған жыр жебесі» сабақтары. Сонымен қатар күнделікті сабақтарда да аталған модульдерді кіріктіре өткізген сабақтар нәтижесін беруде. Енді сөзім дәлелді болу үшін 7 модульдің тиімділігі, бағалау жүйесі, кері байланыс сабақтарымда қалай іске асып жатқандығы туралы нақты тоқталып, ой бөліссем деймін.

Атап айтсам, 6-сыныпта өткен «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлер әлемі» сабағы. Бұл сабақты әдеттегідей топтарға бөлуден, оқушыларыма бүгінгі күндеріне сәттілік тілеуден бастадым. Алдымен сыныпты повестегі кейіпкерлердің суретін таңдату арқылы 4 топқа топтастыра отырғыздым. Мотивацияны тудырмай, қызығушылықты оятпай тақырыпты терең игеру мақсатына жетуіміз екіталай. «Сәлемдесу» ойсергегі, «Ой қозғау» осы мақсатта алынды. Барлық алынған тапсырмалардың оқушылардың жас ерекшелігіне сай келуін ескердім.

Сабақта бағдарламаның жеті модулін ықпалдастырып, қойылған мақсатқа жете білдім. Үй тапсырмасы «Ой қозғау» арқылы гиперсілтемемен көрсетілген әр ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұралды, өйткені оқушылар сабаққа тартылып, ойларын жинақтайды. Және осы сұрақтар арқылы олардың сабаққа деген дайындық деңгейлерін байқадым.

Сабақтың мағынаны тану кезеңінде 4 топқа шығармашылық бағыттағы тапсырмалар берілді. Оқушылар бұл тапсырманы да жекелей, жұппен, топпен ақылдаса отырып, әркім өз деңгейіндегі тапсырмаларды ойдағыдай орындап шықты. 1-топ. «Жантас»: Жантас бейнесіне ассоциация құру. 2-топ. «Жанар». «Бестармақ» тәсілі арқылы Жанар бейнесіне тоқталу.Ол бес жолдан тұрады (11 ғана сөзден тұру керек. 3-топ: «Сұлтан». Белгілі әуенге сүйене отырып әндетіп Сұлтан образын ашу. 4-топ: «Хикаяттағы ұстаздар». «Зерттеушілік әңгіме» жүргізу арқылы хикаяттағы ұстаздар образына тоқталу. Бұл тапсырмаларды өте жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындап шықты. Оқушылар жұмыстарын топ бойынша ынтымақтаса орындады. Жұмыстарын қорғау кезінде топ мүшелері ашылып сөйлей алды. Осылайша өнім жасату арқылы да сыни тұрғыдан ойлау мүмкіндігінің шыңдалуына жағдай жасалатынына көзім жетті. Жұмыстарын қорғау барысында ынталандырып отырдым. Топ жұмысын қорғағаннан кейін оқушы бойында мақтаныш сезімі туындайтынан байқадым. Және көкейлеріндегі «Мен тапсырманы қаншалықты дұрыс орындадым?» деген сұрақтарын оқушылар оларды бағалаған кезде байқауға болады екен.

Осы тапсырмадан соң «Біз Отанның ұланымыз» («Менің атым Қожа» фильміндегі айтылатын ән) сергіту сәтін ұйымдастырдым. Тақтада ән мәтіні көрсетіледі. Минусовка қосылады. Оқушылар әнді көңілдене орындап шықты. Бұл да сабақпен байланысты және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынды. Бұл ән оқушылардың сергіп алуына жағдай жасады. Әр тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың білім, икем, дағдысы топ жүргізушілері мен мұғалім тарапынан формативті түрде (5 балдық жүйе, «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек», мұғалім марапаттауы әдістерімен) бағаланып отырды. Сабақ соңында әр оқушының жиынтық бағасы шығарылды.

Сонымен сабақтарымда қолданылып жүрген озық технология әдіс-тәсілдерін жинақтай атап өтсем:

  • Кластер, постер жасату;

  • Ассоциация құру;

  • «Бестармақ»;

  • Зерттеушілік әңгіме;

  • «Ыстық орындық», «Ыстық микрофон»;

  • Қиялдату;

  • Жобалау;

  • АКТ;

  • Сын тұрғысынан ойлау;

  • Дөңгелек үстел;

  • «Сұрақ конверті» (кері байланыс);

  • «Сана сая жолы» стратегиясы;

  • Ойтолғау, эссе т.б.

Әдістердің нәтижелілігі:

Қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі жоғары болады. Шығармашылық және сыни тұрғыдан ойланту мақсатында берілген тапсырмалардың барлығы оқушылардың танымдық, шығармашылықпен жұмыс жасауына түрткі болады.

Оқушыларға алдымен ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы танымдық қабілеттерін дамытсақ, әртүрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар арқылы шығармашылық белсенділіктерін дамытуға болады. Осылайша, оқушылардың шығармашылық әрекетінің, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

Іс-тәжірбиемді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады:

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
*оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
*сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
*шығармашылық ой — өрісі артады;
*кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
*ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
*мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
*оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
* білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
*өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
*тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

*оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;

*дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;

*дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;

* бәсекелестік қабілеттері дамиды;

*мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мына жолдарды есте ұстанған жөн:

1. Сабақты халық педагогикасымен ұштастыра отырып оқыту

Оқыту мен тәрбиенің қайнар көзі — халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт — дәстүрді, әдет — ғұрыпты қастерлеп құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген абзал. Халық педагогикасының түрлерін сабақта пайдалану — оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді екені мәлім.

2. Өнермен байланыстыра оқыту. "Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі" деп М.Әуезов айтқандай, көркемөнердің бір саласы болып келетін әдебиет пәнінің басты құралы — сөз өнері. Ендеше "Әдебиет пен өнерді" байланыстыра оқытуды жүйелі түрде сабақ барысында қолдану нәтижесі жоғары жетістіктерге жетелейді.

3. Пікірталас түрлерін пайдалана отырып оқыту (пікір алмасу, ойталқы, ойкөкпар, пікірсайыс, т.б). Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы жағдаят бола алатын тақырып таңдалғаны жөн. Тақырып сәтті таңдалған уақытта оқушылардың этикалық — эстетикалық талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта аламыз.

4. Сыныптан тыс шығармашылық жұмыстарды өткізу (Мысалы: "Әдебиет көшбасшысы" зияткерлік сайысы, жыр мүшәйраларын өткізу, Абай, Шәкәрім, Сәкен, Ілияс, Мұқағали оқулары, ақындар айтысы, т.б.) Осы орайда оқыту үдерісін ұйымдастыру, дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін қолдану, сыныптан тыс жұмыстардың әсерлігін арттыру — оқушы қабілетін анықтауға негізделген маңызды әрекеттер екені сөзсіз.

5. Ғылыми — зерттеу жұмысына баулу, бағыттау. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың басы оларды өз беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмаларға төселдіруден басталады. Шеберлік — сөздің орнын таба білу. Әрбір сабақ басталар алдында оқушыны қызықтырып әкететіндей кіріспе ойлап табу керек. Бейнелі сөздер, қызықты мәлімет, тартымды үзінді оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Біздің мақсатымыз — мұғалімді тыңдап қана отыратын, сұрасаң ойын емес, бойын көрсететін оқушы емес, керісінше, өз пікірін ашық айтып, тыңдаушысын нандыра алатын, ана тілінің асыл маржандарын өз шығармашылығында қолдана алатын жеке тұлға, азамат даярлау.

Қорытындылай келе, бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуге Ш.Амонашвилидің мұғалімдерге берген кеңесін басшылыққа алуға болады. Ол: «Педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады» - дейді.

Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған М.Әуезовтің: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», - деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес.




Қолданылған әдебиеттер:

  1. Интернет сайттарынан алынған материалдар.

  2. Ұстаздық шығармашылық. Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.

  3. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.

  4. МАН (мұғалімдерге арналған нұсқаулық).

  5. «Мен адаммын» жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2000 ж.














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!