Оқушыларды
драмалық шығармалар арқылы тәрбиелеу
Драма
әдебиеттің үлкен бір жанры. Әдебиетті
оқытудың негізгі міндеттері – оқушылардың
әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық
мәдениетін дамыту, шығармалардың
көркемдік болмысын түсініп қабылдауға
жол салу. Мұндай мақсаттар әдебиетті
оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне
әсер ете алатын әдістерді қолдану
нәтижесінде ғана орындалады. Проза,
поэзия, драматургия, қайсысы болсын ең
бастысы, туындының көркемдік болмысын
оқушыға таныта алатын жақсы әдістер
жүйесі арқылы ғана оқушының дамуы
туралы айта аламыз. Осы мақсатта өзім
сабақ беретін сыныптарда әдеби
шығармаларды оқып қана қоймай, оны
сахналауды, яғни рөлді сезінуді, оның
ішкі табиғатына үңілуді өз тәжірибемде
қолданғаныма біраз жыл болды. Нәтижесінде
зор еңбектің арқасында оқушылар біршама
шығармашылық биіктікке көтерілді,
әдебиетке, жалпы өнерге деген махаббаттары
оянды. Олай дейтінім шығарманы таңдайды,
талдайды, рөлді сезінеді, ойнайды.
Баланың
өмірге келуі ғажап дүние. Десек те,
алдында не күтіп
тұрғанын болжау қиын. Кей бала тағдырдың
жазмышымен жетім атанса, кейбірі
ата-ананың тастап кетуінен тірі жетімге
айналады. Бұл – бүгінгі қоғамның ащы
шындығы. Өмірдің осы келеңсіз тұстары
көрініс тапқан «Жазығым не менің, Ана?!»
атты драма мюзиклін 6
«А» сынып
оқушыларымен
көрермен назарына ұсындым.
Дүниеге
келген кез-келген сәби алғашқы қадамдарын,
сөздерін, іс-әрекетін әкесі мен анасының
қолдауымен жасайды. Өкінішке қарай,
сәби үшін маңызды осы жетістіктерінің,
тіпті олардың өмірде бар-жоғының
ата-анасын қызықтырмайтын жағдайлармен
де ұшырасып жатамыз. Баласын тағдыр
тәлкегіне тастаған жауапсыз ана, санасыз
әке, қатігез қоғам, тастанды бала...
«Жазығым не менің, Ана?» драма-мюзиклінде
қозғалған тақырып ешкімді бейжай
қалдырмады. Мақсаты да сол – жауапкершілік
жүгінің қаншалықты ауыр екенін жеткізе
отырып, көрерменге ой салу. Осы тұста
қойылымды дайындаған бір бөлек, ұстаз
үмітін ақтаған оқушылардың ерен
еңбегі бар. Көрермен мен мектеп ұжымының
сұрауымен аталған қойылым мектеп
сахнасында бірнеше мәрте қайталанып
қойылды.
Қаңтар
айында бүгінгі таңда сахна мәдениеті
мен міндетін біршама меңгеріп, төселіп
қалған 6 «А» сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың
«Менің атым Қожа» шығармасының негізінде
«Көзіме бір көрінсең, бала ғашық»
драма-мюзиклін сахналады.
6
«А» сыныбы жыл сайын заманауи
қойылымдарымен қуантуда. Сахналанған
« Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» атты
драма-мюзикл солардың бірі. Қойылымда
заманауи көзқарас пен тың мінездер
байқалады.
Бас
кейіпкер сол баяғы өзімізге етене таныс
- Қожа. Қойылымның негізгі идеясы -
мектеп өмірінің, балалық шақтың мол
қызықтарын көрсету. Жалпы қойылым
Қожаның Жанарға деген алғашқы бала
махаббаты аясында өрбиді. Әсерлі
лирикалық әуен аясында көңіл түкпіріндегі
балалық шаққа, бала махаббатқа деген
аяулы сезім – сағыныш сазын жыр етер
«Көзіме бір көрінсең, бала ғашық»
қойылымының көреремен көңілінде
ұмытылмай, ұзақ уақыт сақталары сөзсіз!
Оған залға сыймаған, тіпті, тұрып көруге
асық болған көрерменнің қошеметі куә.