Оқушыларды өз Отанына, адалдыққа тәрбиелеу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларды өз Отанына, адалдыққа тәрбиелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған елін, жерін шексіз сүюге, Отанын, тарихын қастерлеуге және оның алдындағы борышын ақтауға тәрбиелеу. 2. Оқушының өз - өзіне деген сенімділігін арттыру, шыншылдыққа және антқа деген беріктігін нығайту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай облысының білім басқармасы» ММ

«Дарындылық пен қосымша білім беруді

дамытудың облыстық ғылыми–әдістемелік

«Дарын» орталығы» КМҚК әскери-патриоттық

бағытты дамыту бөлімінің басшысы

Курманов Болат Анарбекович


Тақырыбы: Оқушыларды өз Отанына, адалдыққа тәрбиелеу.

/тәрбие сағаты/

Мақсаты: 1. Туған елін, жерін шексіз сүюге, Отанын, тарихын қастерлеуге және оның алдындағы борышын ақтауға тәрбиелеу.

2. Оқушының өз - өзіне деген сенімділігін арттыру, шыншылдыққа және антқа деген беріктігін нығайту. Сыйластыққа тәрбиелеу.

Безендендірілуі: музыка, нақыл сөздер.

І. Жүргізуші:

Бүгінгі таңда қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер әрбір жасөспірім жеткіншектің өміріне өз әсерін тигізуде. Әрбір жеткіншек өзінің балалық шағынан есею кезеңіне өтуде. Алайда қоғамның түбірлі өзгерістері, әрбір жеткіншектің жеке дамуына да өзгерістер әкелуде. Оның ең бастысы жастардың көбісі патриоттық сезімнің не екенін түсінбеуде. Әрине кедейліктің өсуін, қоғамның ішінен байқау қиын емес. Сонымен қатар, ең ауыры – нашақорлыққа үйреніп, бұл жолға түсіп жатқан жастардың саны күннен – күнге көбеюде. Ал нашақорлық жастарымыздың денсаулығын бұзуда, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді ұмыттыруда.

Олай болса, қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселенің бірі деп айтуға болады. Бұлай айтуымның себебі халыққа жолдау 2050 бағдарламасында Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарақтандырылған, ұтқырлығы жоғары, Қарулы Күштер әскери даярлығын одан әрі арттыру жолын кезең - кезеңмен жүргізуді атап өтті.

- Әскери даярлықты нығайта түсу керек пе, жоқ әлде әскери даярлықты нығайтудың қажеті жоқ па? деген сұрақтарға жастардың ойынша әскерге тек жұмыс табу үшін бару қажет дейді.

Танымал ақын және саяси қайраткер М. Шахановтың пікірінше, қазақстандық патриотизмді бейнелейтін, қазақ халқының өз бостандығы үшін күрескен үш кезеңін атап көрсетеді.

1. Отырарды 6 ай бойы қорғап, Шыңғысханның баскесерлерінен қорғап қазақ халқының Отырардағы ерлігі бүкіл әлемге жоғары деңгейдегі рухын көрсетті.

2. Елді, жерді қорғаудағы қазақ халқының патриоттық сезімін жоңғар басқыншыларымен жарты ғасырға жуық күрес кезінен көруге болады.

3. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да бұл тұрғыдан көп жайтты аңғартқандай. Қазақ жастарының ұлттық намысының, туған елге деген сүйіспеншілігінің жоғары екендігін көрсетті. Қазақ жастары жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ.

Қазақстан көп ұлтты ел. Біздің Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлт өкілі тұрады. Ұлтаралық келісім дегеніміз – мәдени, саяси, әлеуметтік - экономикалық факторлардың құрамдас бөлігі деп атауға болады. Әр адам бала күнінен осы факторлардың барын сезінеді және патриоттық тәрбиені интернационалдық, ұлтаралық келісім, жат қылықтарға төзбеушілікпен байланыстыра отырып бойға сіңіреді деуге болады.

Бірақ қазіргі кезеңде Отан алдында борышын өтеу қасиетті сезімі ойыншыққа айналған сияқты. Бұны айтып отырған себебім келешекте жұмысқа түсу үшін міндетті түрде әскери билетті сұрайды. Сондықтан Отан алдындағы борыштан бұрын, өз қамымды ойлап жұмыс табу үшін ғана әскерге барамын деушілер жоқ емес.

Қыздардың әскери борышын өтемеген ұлдарға деген көзқарасы туралы ойын тыңдасақ:

Өз Отанының алдында борышын міндетті түрде өтеу қажет деп санайды.

Қазақстандық патриотизм мен ұлттық келісім Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің негізгі болып табылады.

Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау. Жалпы патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның адаммен барлық жағынан өткенімен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын білдірді.

Бүгінгі күнге дейін біздер кеңестік патриотизмді мақтан етіп келдік, ал егер де Отанға деген сүйіспеншілік болмаса, кеңес халқы фашизмді құртып, жеңіске жетер ме еді?

Олай болса, бүгінгі күні ең бастысы болашақтың адамды қандай болуы керек, өз бойына азаматтық және патриот деген сезімдерді сіңіре білуінде жатыр.

Сондықтан да қазіргі жастардың патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше назар аударыла бастағанын айтар едім. Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: 1 - ұлттық - этникалық, 2 - жалпы адамзаттық, 3 - әлеуметтік - топтық. Ұлттық – этникалық дегеніміз – ұлттық намыс сезімі.

Қазақ халқының патриоттық сезімінің қандай жоғары болғанын кейінгі жылдар ішіндегі болған оқиғалар да дәлелдейді.

Патриоттық сезімнің тек ұлдарға тән қасиет емес, ол сезім қыздарға да тән деп есептейді.

Жуықта ғана Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген мектебіміздің оқушысы___________________________ортаға шақырайық.

Сіздің әскер қатарына баруыңызға не себеп болды?

Ал кейбір азаматтар заман талабына сай келісім шарт бойынша әскери қызметте жүр. Келісім шарт бойынша Отанды қорғауға бола ма? – деген сұраққа ______________________________ пікірін тыңдасақ:

Қорытынды:

- Өз Отанын, туған жерін, еліне, халқына шын берілген адам ешуақытта ештеңемен санаспайды. Мысалы Ұлы Отан соғысында қасық қандары қалғанша соғысқан аталарымыз бен апаларымызды айтуға болады. Олар қазақ жері не басқа жер деп бөлмей Отан алдындағы борыштарын атқарды.

- Өз ойымды Қазақстан Республикасының Ата заңының 36 бабымен қортындылағым келеді:

«Қазақстан Республикасын қорғау - әр азаматтың қасиетті міндеті және борышы».


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2025
159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі