Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау, география пәні бойынша олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары мен қолданылған тәсілдер, әдебиеттер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау


Рысбаева М.Ж.

География пәні мұғалімі


Елімізді дүниежүзілік деңгейде көру үшін қазіргі білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы керек. Білім уақыт талабымен қаншама өзгерсе де, ұстаз білім мазмұнын оқушыға жеткізе алады. Білім алушыны білім алуда мұғаліммен бірдей танып, жеке тұлға ретінде қабылдап, жан-жақсы шығармашылық жұмысқа бағыттау, қабілеті жоғары, дарынды балаларды дамытуға жағдай жасау- ұстаз міндеті.

Қазіргі уақытта балалар дарындылығын арттыруға көптеген жұмыстар жасалуда. Яғни дарынды оқушылар арасындаға өткізілетін негізгі пәндердің олимпиадаларының орны бөлек.

Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің жарыс түрінде өткізілетін бір түрі.

Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырумен бірге, олардың білімін бағалаудың бір жолы. Мектеп оқушылары арасында өткізілетін география пәндік олимпиадасының басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеп, шәкірттерге болашаққа кәсіптік бағдар беру, география мамандығына шақыру, мамандар дайындауға өзіндік үлес қосу, білім мен тәрбие беруді ұштастыру.

Мектептегі жаратылыстану ғылыми пәндерінің ішіндегі география пәні оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда үлкен үлес қосады. Пән олимпиадасына оқушы таңдауда мұғалім бала бойынан пәнге деген ерекше қызығушылығын, бойында туа біткен қабілетін көруі керек. Оқушының шығармашылық қабілетін білімді-білікті мұғалім шебер ұйымдастырады.

Оқушы шығармашылық ізденіс арқылы ойлауы, қиялдануы, сана-

сезімі жан-жақсы өседі нақты білімді болады. Оқушы мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлік, дағдылары дамиды.

Өзімнің олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы іс-тәжірибемді айтып өтейін.

Олимпиадаға қатысуға резервтерін дайындауда оқушының пәнге қабілетін нақты анықтап алу, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстарын жүргізгенде жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне ескеріп біртіндеп күрделендіріліп отыруы қажет.

Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

  1. Алғашқыда география пәнінің мектеп бағдарламасынан сұрақтар мен тапсырмаларды меңгеру керек, сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуі қажет;

  2. География оқу курстарында алған теориялық білімдерін оқушы жеңіл көрсетуге, себеп-салдарын түсіндіруі керек. Карталар, статистикалық мәліметтермен жұмыс жасау, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдысын қалыптастыру керек.

  3. Оқушы алдына қойған кез-келген проблемаларға сараптауды, айқындауды, жіктеуді, дәлелдеуді, қажет еткенде болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруді үйренуі қажет.

Жұмыс жүргізуде мен оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындауда бірнеше үлгі, жоспарлармен жұмыс жасаймын.

- Қосымша білім көздерін пайдалану.

-Электронды оқулықтарды пайдалану, интернет жүйесі арқылы мағлұматтар алу.

-Географиялық және экономикалық, демографиялық есептерді есептеуге, диаграммалар мен графиктер тұрғызуға, профильдер сызуға, статистикалық мәліметтермен жұмыс жасауға, сызба, карта, кескін карталар, глобуспен жұмыстар жүргізуге үйрету.

-Оқушы алған білімдерін пайдалана отырып, заңдылықтар мен құбылыстарды, өзгерістер мен жаңалықтарды зерттеуге, оны талдай білуге немесе түсіндіруге , қажет болса болжам жасай білуге үйренуі тиіс.

-Оқушының дайындық кезеңдері бойынша алған білімдерін саралау, жүйелеу, қорытындылау.

Оқушының білім-білік дағдысын қалыптастырудың ең тиімді жолы- есептер, диктанттар берумен оқушының логикалық қабілетін дамыту. Физикалық география курсы бойынша атмосфера, Жердің қозғалысы, азимут, масштаб, сағаттық белдеулер, гидросфера тарауларында, экономикалық география курсында демографиялық және экономикалық есептерді көбірек орындату қажет. Интернеттен алынған есептерді тиімді пайдаланып келемін.

Білімді жетілдіруде статистикалық мәліметтермен яғни мемлекеттердің, аймақтардың, облыстардың, аудандардың жер көлемі мен халқының саны, ұлттық және жас-жыныстық, діни құрамы, миграциялық көрсеткіштер, өнеркәсіп өнімдерінің өндірілу көрсеткіштері, тауар айналымы, ЖІӨ және оның жан басына шаққандағы көрсеткіштерімен жұмыс жасату сандық мәліметтерді пайдалана отырып, оқушы нақты дұрыс шешім қабылдауға үйренеді. Статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, оқушы график немесе диаграммалар, мониторинг, кестелерді жасауға үйренуі керек.

Диаграмма, инфодиаграмма, графика оқу үрдісінде сандық көрсеткіштердің бейнеленуі. Оларда табиғи немесе экономикалық құбылыстар жүйелі бейнеленеді. Уақытына, саласына, шығарылатын өнім түріне, өндірілу мөлшеріне қарай салыстыра отырып, оқушы баған түріндегі, дөңгелек немесе баған түріндегі диаграммалар мен графиктер, түрлі-түсті мониторингтер жасай алады.

Оқушының ғылыми-зерттеу шығармашылық жұмыспен айналысуы өз өлкесінің географиясы туралы жан-жақсы ақпарат алуына мүмкіндік береді. Оқушы туған өлкесінің табиғаты мен байлықтары, халқы мен шаруашылық жағдайын бейнелейтін карталар түсіріп, органикалық дүниесі мен жер-су атауларының номенклатурасын жасақтап, тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұматтар жинақтайды.

Оқушыларды олимпадаға дайындауда қосымша әдебиеттерді тиімді таңдай білу керек. Мен өз тәжірибемде төмендегідей әдебиеттер түрлерін пайдаланамын:

- Географиядан 1000 сұрақ-жауап

- География.Суреттер және кестелер 6-10 сыныптар

-Я познаю мир

-Географический словарь

-Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі

-«География. Дүние жүзіне аймақтық шолу» 11 сынып

-“Экономикалық білім негіздері” 10-11-сынып

-«Емтихан тапсырмалары» жинағы

-Павлодар өлкетану

-География-кестеде

Оқушы жетістігі- мұғалімнің еңбегінің жемісі. Шәкірттерді пәндік олимпиадаға дайындауда жүргізген жұмыстарымның нәтижелері де бар.

Қорыта айтатаным, білімді ұрпақ- Қазақстанның ертеңі және болашағы. Жас ұрпақты жан-жақты терең білімді, жеке тұлға етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымының алдына қойылған жұмысы. Сондықтан, қиындығы және қызығы көп осы ұстаздық еңбек жолында ұстаздарға шығармашылық табыстар тілеймін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2021
1706
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12