Оқушылардың ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) материалдарымен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді. Яғни, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі.
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі. Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік — оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануға болады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән — мағынасын ұйымдастырудың тәсіл — амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.
Оқушылырмен ББЖМ
ға дайындық
барысында балалардың меңгеруінде қиындық тудырған мақсаттарға келер
болсақ,
Жаратылыстану –
ғылыми сауаттылығы бойынша:
1.2.1.1.
өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік
формаларын анықтау;
4.2.1.1
қоректік тізбектегі өсімдіктердің рөлін
анықтау
Оқу сауаттылығы
бойынша:
4.2.7.2
эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау
және салыстыру;
4.2.6.1
шығармадан әдеби көркемдегіш кұралдарды (теңеу,кейіптеу,эпитет)
табу және қолдану;
Математика
сауаттылығы бойынша
3.1.1.5
үлестерді құру жолын көрсетіп беру,оларды оқу жазу және
салыстыру
3.5.1.1 екі-үш
амалмен орындалатын есептің шартын кесте, сызықтық/бағандық
диаграмма қысқаша сызба, жазба түрінде
модельдеу;
Осы аталған
мақсаттардан балалар көптеген қателіктер жіберіп, қосымша дайындық
сабақтарында талданды.
Тест
нәтижелерін байқап тұрсақ оқушылар бірінші жарты жылдықта төмен
көрсеткішті көрсетсе, екінші жарты жылдықта қосымша сабақтар
айналысу барысында нәтижелерінің көтерілгенін көруге
болады.
Дайындық
барысында жыл бойы оқушылардың АКТ құралдарымен жұмыс істеу
деңгейін арттыру мақсатында түрлі платформалар, сайттар қолданылды.
Айта кетсек onlinemektep.kz және tester.kz сайттарының жаттығу
тесттерімен балалар күнделікті кіріп тапсырып жүрді. Және де тест
спецификасына сәйкес математикалық сауаттылық, жаратылыстану
сауаттылығы, оқу сауаттылығы бойынша оқушыларға тест құрастырылып,
тест нәтижелері лезде алынып
отырылды.
Сонымен қатар
балалармен мектеп психологы
Муканова
Р.Жжұмыс жасап,
түрлі дайындық трейнингтерін өткізді. Ата – аналарға
ББЖМ білім алушылардың білім
жетістіктерінің мониторингі
тесті жайлы
ақпарат беріліп, ата- аналар жиналысы хаттамасына кіргізілді. ББЖМ
тест нәтижесі мен даму мониторингісі уақытылы ата- аналармен
таныстырылып отырылды.
ББЖМ білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.
ББЖМ жүргізудің мақсаты:
-
Білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;
-
Білім алушылардың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының меңгеру деңгейін айқындау.
Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық кезінде пәндер бойынша тест тапсырмаларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынылған оқулықтарды басшылыққа ала отырып, тест тапсырмаларын құрастырылды. Себебі, ББЖМ жүргізілетін кешенді тестілеудегі тапсырмалар саны мен мазмұны, тестілеуге берілетін уақыт әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес анықталады. 4 сыныпта қағаз тасымалдағышты қолдана отырып, жыл сайын екі пән бойынша жүргізіледі. Тесттілеуге 1 сағат 10 минут уақыт беріледі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мендеңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатады. Жалпы ББЖМ жағдайына дайындық оқушылар арасындағы ғана емес, олардың отбасы, ата-анасы, мектепте психолог мамандар арасында, мектептен жанұялық өзара қарым-қатынаста жүреді.
-
ББЖМ талаптары менстандарттарына сай білім бағдарламаларын жетілдіру;
-
ББЖМ-ға дайындық жұмыстарын жүргізу, қосымша сабақтар өткізу;
-
Әр айда 2-3 рет тест жұмыстарын алу, нәтижесін талдау;
-
Ата-аналар мен оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізу;
-
Жауап парақтарын толтыруда икемдік дағдыларын жетілдіру жұмыстарын жүргізу, оқушыларды жаттықтыру.
Негізі тест жұмыстарына дайындықты 3 сыныптан бастап дайындық жұмыстарын жүргізе бастадым. 3 сыныптан бастап оқушыларға тест тапсырмаларымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру барысында, тарау соңында тоқсан аяталғанда үнемі тест тапсырмаларын алып отырдым. Алынған тест жұмыстарын күнделікті бағалап, қорытындысын сыныпта талдап, қатемен жұмыс жүргізіп отырдым. Және де әр тест сайын қай оқушының қай тақырыпты меңгермей отырғанын анықтап, қосымша сабақтарда түсіндіріп отырдым.
Жүйелі тест жұмыстарын жүргізудің нәтижесі қандай болмақ?
-
Ынтасы, қызығушылығы артады.
-
Өзін-өзі таниды, бірін-бірі таниды
-
Білімді өз беттерімен алудың жолдарын үйренеді.
-
Танымдық іс-әрекетті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.
ББЖМ-ға дайындық бойынша деңгейлік тақырыпты жоспар құрылады.
Тест түрлері:
-
Толықтыруды қажет ететін тест түрлері
-
Балама жауаптары бар тест
-
Таңдамалы тест. Бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс берілуі таңдалады.
-
Еске салушы тесттер. Тест сұрағына қандай да бір факті, заң мағынасы, ережелер болады. Мұндай нақты қойылған сұраққа бір жақты жауапты білу тексеріледі.
-
Сәйкестілік тесті. Екі бағандағы бір-бірімен мағынасы сәйкес элементтерді табуы керек.
Бірінші жарты жылдық бойынша аналитикалық анықтама:
Тесттілеуге барлығы:
Болжамды нәтиже
Шыққан нәтиже:
Тест тапсырмаларын қорытындылау.
Ұйымдастыруға, қолдануға, өз бетімен ізденуге жағдай жасауымыз керек. Біздің айтқанымызды, түсіндіргенімізді қайтадан өзімізге ғана айтып қоймай, түрлі қосымша тапсырмаларды алып, интернеттен, ақпарат көздерінен материал жинайды, сабақта реферат етіп жазған сол жаңалықтарын оқып, қысқаша ауызша айтып қорғайды. Ол үшін оның өткен жылдары алған білімдері, дағды, шеберліктері негіз бола алады. Сондықтан өздік жұмыс істеуге, өз бетімен жұмыс істеуге ерте кезден үйреткен жөн.Американдық психологтардың анықтамасы бойынша өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, жеке тұлғада өз бетімен жұмыс істеуге деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет.
Ол үшін мұғалім мынадай мақсатты алға қою керек:
1. Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
2. Оқушыларды өз пікірі бар, дара тұлға етіп тәрбиелеу.
3. Біліміне сай келетін бағдарды, мамандықты өзі таңдап алатындай дәрежеге жеткізу.
Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.
Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің
жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт
алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық
технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір
мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты
қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы
оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам,
қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта
жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет. Әрбір
оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің
міндеті - кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру,
өздігінен жұмыс істеуге баулу. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың
өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.
Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен
дағдыны меңгеру ғана емес,оларды өмірде практикада пайдалана білу,
үйрену. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну
үшін,оқушының зейін қойып тыңдауы,ал оған білімін кеңейтіп,
толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы,
жазып, сызу сияқты жұмыстар орындау қажет.
Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің
көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына
жағдайларды ескеруіміз керек:
- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың да
бастамасы.Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,
олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте
өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы
жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік
ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары
және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым
болады.Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген
мұғалімге оның берер маңызы зор.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың бір саласы
– оқу. 3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл
бөлінеді. Әдебиеттік оқу сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп
оқуға жаттығады. Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің
сапалы болуы оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын
дамыту.
Мысалы,қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.
Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлеріне тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өзбеттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыптаы өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.
Математикадан мынадай тапсырмалар
орындатуға болады:
1.Оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;
2.Оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды
талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;
3.Алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;
4.Оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау
арқылы жаңа қорытынды,анықтама шығаруға болатын
тапсырмалар;
5.Арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;
6.Есептеу тәсілдерін игеруге арналған: ұқсастық пен айырмашылықты
ажырату, талдауға арналған;
7.Белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен
байланысына арналған;
8.Байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;
9.Дидактикалық ойындар, қызықты
тапсырмалар.
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуіне баулу негізінде ғылыми жұмыстармен айналасуы негіз бола алады.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай
талаптарды орындау керек:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы
керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек.
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға,
өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға)
таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы
тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі
уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша
материалдар дайындап әкелу керек.
7) Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін
дамытуға тиіс;
8) Өзіндік жұмыс сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде
өткізу керек.
9) Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру −
сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі
бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен
оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір
қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа
әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда
баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін
пайдаланған дұрыс. Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін,
алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде
қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау
әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек
орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын
алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол
кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады.
Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда,
алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан
бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең
соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім
белгілі бір әдіс-тәсілді,жаттығу түрін қолданған кезде қандай
қабілеттерінің дамитынын немесе оқу барысында қандай дағдыға үйрену
керектігін,алдына мақсат қоюда неге сүйенуі қажеттігін және олардың
психологиялық ерекшеліктеріне негіздеу керек.Әр уақытта мұғалім
жұмыс түрін таңдау кезінде осыларды басшылыққа алу керек.Мысалы,
мәнерлеп оқу кезінде сөйлеу және есту қабілеттері
дамиды.Психологтардың зерттеулеріне сәйкес орта буындағы
оқушылардың жас ерекшеліктеріне бастауыш сыныппен салыстырғанда осы
сыныптарға бөлінген материалдарды кеңейте оқыту көзделеді.Бұл оқу
бағдарламаларында және осы буын оқушыларына арналған оқулықтарда
ескертілген.
Барлық оқыту пәндерінде оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау түрлері
беріледі. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы-оқушының өз беттерімен
орындай алуларына,сабаққа белсенділігінің артуына,шығармашылығын
қалыптастыруға ықпалы мол.
Өз бетімен жұмыстарды сабақтарда қолдану барысында оқушы тынымсыз
ізденеді.Баланың жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол
ашады Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның
бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс
табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге
баулиды.
Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс — шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетіндік әрекетінсіз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз