жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік тәрбиені және патриоттық сананы қалыптастыру
|
Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік тәрбиені және патриоттық сананы қалыптастыру |
|
ШҚО, Семей қаласы, №38 ЖОББМЛ "Өзін-өзі тану" пәнінің мұғалімі Шакиртова Маржан Сериккановна Сөзімнің басын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал тұлға, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жоғары мектеп ғылымдар академиясының академигі, өзім ерекше құрмет тұтатын Мырзатай Жолдасбековтің «Ғасыр ауысты, мыңжылдық алмасты, осылардың тоғысында тәуелсіздік, егемендік келді. Заман өзгеруде, қоғам өзгеруде, адам өзгеруде. Келешекке ой жіберіп, өткен күннің кеселін кесіп, шалдыққан дертінен айығып, құндылықтарымызды қайта қалыптастыратын, өскелең ұрпаққа ие болатын уақыт келді» деген ойымен бастағым келеді. Енді сол ұрпақтан саналы да тәрбиелі, білімді, интеллектісі жоғары, креативті ойлай алатын нағыз көшбасшы шығару – біздің міндетіміз деп ойлаймын. Ата жолынан тайып, ұлттың тілінен, дінінен безіп, өзге дінді дәріптеп жүрген жастар көбейіп барады. Еркіндіктің шексіздігі соншалық, жұрттың көбі осы күндері ұлына да, қызына да ие бола алмай қалды. Мұны бәріміз де білеміз. Көкейімізде мұның арты неге апарып соғар екен деген сұрақ тұрғаны белгілі. Бүгінгі жиналып отырғанымыздың өзі осындай өзекті мәселелердің алдын алу болып табылады. Бір-бірімізді көріп, тәжірибе алмасып, ой-пікірімізді тыңдап, тың ойларымызды қосып, соның ең қажеттісін мектептегі тәрбие процесіне енгізу. Себебі өзектен кетпейтін, ойдан шықпайтын, абай болатын мәселе - бала тәрбиесі. Біз одан айырылсақ, бәрінен де айырылып қаламыз. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі. Ұлы дала, байтақ жер өзінің иесін табады, бәрі де жүйесін табады, киесін де табады. Жұрттың бәрі кісіліктің жолына түссе, елдің де көсегесі көгереді. Сонда біз өнегелі ұлт боламыз. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізген қазақ еліне келешегінің тұтқасын ұстайтын қандай адам, қандай маман керек? Ең алдымен қандай адам қажет? Әрине, білімді және адамгершілігі мол жас ұрпақ керек екені анық. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. В.Г.Белинский: «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Осы бағытта- өз мектебімде жүргізіліп жатырған іс-тәжірибеммен бөліскім келеді. Мен - Теректі ауданы Шағатай ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің мұғалімімін. Бұл киелі топырақтан Кеңес Одағының және Ресей Батыры Николай Сайынұлы Майданов, Социалистік Еңбек Ері Абылғазиев Бақтығали Абылғазыұлы шыққан. Бүгінгі күні Қазақстан халқы ассамблеясының Төраға орынбасары Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Ғұбайдуллин Бауыржан Файзоллаұлы, БҚО әкім аппаратының басшысы Тоғжанов Марат Лұқпанұлы, облыстық орман және аңшылық шаруашылығының басшысы Қадешов Қайрат Темірғалиұлы, Бөкей Орда ауданы әкімі Рахымжанов Нұрлан Сағынтайұлы сынды қоғам үшін еңбек етіп жүрген азаматтар да – осы мектептің түлектері. Сонымен қатар мектеп түлектерінен құралған қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды. Өз мектептеріне үнемі демеушілік көрсетіп, жас ұрпаққа өнегелі істерімен үлгі болуда.Осы ағаларымыздың қарапайым өмірін, еңбек жолдарын, елінің өркендеуі үшін қосып жатқан үлестерін айта отырып, шәкірттерімізді рухани-адамгершілікке тәрбиелеп, патриоттық саналарын қалыптастыруда Ы. Алтынсарин атындағы қара шаңырақтың ұстаздары елеулі еңбек етуде. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Жас ұрпаққа ғылыми білім берумен қатар оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру – қазіргі ұстаздар алдындағы келелі мәселелердің бірі. Тәуелсіз қоғамдағы адамзаттық тәрбиенің алдында тұрған міндет – өзінің жеке пікірі мен ойының негізінде шешім қабылдай алатын, батыл келісе әрекет етуге бейім және басқалардың пікіріне тайсалмай, қиындықтарға қарсы тұра алатын, керек болса, фактілерді дұрыс бағалап, өз шешімін өзгерте алатын азаматтарды тәрбиелеу. Осы орайда мен қызмет ететін мектеп ұжымы жас ұрпақты тәрбиелеуде жоспарлы да кешенді жұмыстар атқарып келеді. Тәрбие жұмыстарын азаматтық-патриоттық, құқықтық-көпмәдениеттік, рухани, отбасылық, салауаттылық, экологиялық, кәсіптік бағыттарда нәтижелі еңбек ете отырып, мектеп ұжымы күн сайын бірнеше іс тындыруда. Біздің елімізде жастарды азаматтық, патриоттық бағытта тәрбиелеу қазіргі уақытта жастар саясаты бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Патриоттық рухта тәрбиелеу – болашақ ел тұтқасын ерлікке, Отансүйгіштікке, ар-намысшыл болуға, адамгершілікке уағыздайды. Осындай елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс-әрекетке баулиды. 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекендеген көпұлтты елімізде оқушыларды ұлтаралық татулық, толеранттыққа тәрбиелеу, әрбір қазақстандық ұланның ұлтына қарамай, «Қазақстан – менің Отаным» деп мақтанышпен айтатындай дәрежеге жеткізу – басты назарда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бөлімінде жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді басты мақсат екені көрсетілген. Қабылданған бағдарлама аясында Ы.Алтынсарин мектебінде рухани –адамгершілік, патриоттық тәрбие жүйелі жолға қойылды. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік оқуларының да бірден-бір мақсаты нағыз көшбасшы дайындау. Осы орайда мектебімізде қыркүйек айының соңғы күндерінде оқушылар арасында Мектеп Ұланбасы сайлауы өтті. Мектеп тәлімгері және класс жетекшілер сайлаудың өтетін күнін, оның өту ережелерімен толық таныстырды. Үміткерлер он күн бұрын сайлауалды өз бағдарламаларын жасап, дәлізге іліп қойды. Әр үміткердің қолдаушылары және сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 29 қыркүйекте мектебімізде «Өзіңді басқара алмасаң, өзгені де басқара алмайсың» деген ұранмен Сайлау өтті. Үш үміткерімізге өз дауыстарын беру үшін 7-11-класс оқушылары, мектеп мұғалімдері түгел қатынасты. Бұл шара оқушы бойына өзгеге деген сенімді, сыйластықты, бәсекеге қабілеттілікті, сайысқа түсуді, ең бастысы жан-жақтылықты және ұйымдастырушылық қабілеттің де қажет екенін сезіндірді. Қазақ халқы қай уақытта да, қандай заманда өмір сүрсе де, қарияларын құрметтеп, төрінен орын берген. Соның дәлелі ретінде республика көлемінде 1 қазан – қариялар күні болып тойлануда. Бұл мереке - кешегі мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің, ертең мен болашақтың арасындағы ұрпақ жалғасуындағы байланыс. Осы мерекеге орай Шағатай ауылында мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Қарттарым, аман- жүрші...» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, ауыл ақсақалдары мен абзал әжелерімізге құрмет көрсетілді. Мерекеде «Бөбек» балабақшасының бүлдіршіндері, мектеп оқушылары, ұстаздар, мәдениет үйінің қызметкерлері, «Ақ тілек» әжелер ансамблі өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп оқушылары қойған «Дана қария», «Итаяқ» атты көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. «Қариялар азайып бара жатыр», «Әже, сен бірге жүрсің меніменен», «Тоқта, ботам...», «Сәби болғым келеді», «Ақбұлақ», «Алтын анам», «Әке туралы», «Қазақ осы» сияқты әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Әсіресе, «Қыз ақжелең», «Ерке сылқым» күйлеріне қариялар тәнті болды. Риза болған ауылымыздың 88 жастағы абыз әжесі –Шамшырақ әже барлық әжелер атынан өнер көрсеткен бүлдіршіндер мен оқушыларға батасын берді. Осы орайда ойға баталы құл арымас, батаменен ел көгерер деген мақалар еске түседі. Шынымен де саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, ақсақалды атасы бар елдің балалары бақытты. Атасы мен әжесі бар немере бақытты. Бұл – тәрбиенің басты қайнар көзі деп ойлаймын. Қайырымдылық айлығы кезінде мектеп оқушылары соғыс және еңбек ардагерлердің жанұяларына, жалғызбасты көмек қажет ететін үйлерге көмек көрсетуге баратындары дәстүрге айналды. Оқушылардың ұлтжандылық сана-сезімін ояту мақсатында мектеп мұражайының да рөлі өте зор. Мектебіміздің мұражайы жоғарыда аталған қамқоршылар кеңесі мүшелерінің демеушілігінің арқасында жаңартылып, қазіргі заманға сай жабдықталды. Мұражайда әр түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттары, кездесулер, өнеге сабақтары өтеді. Өткен оқу жылында біздің мектеп мұражайы аудан көлемін «үздік» деп танылып, облыстық «Әр мектепте мұражай» байқауында І орынды жеңіп алды. Осы сайысқа қатысқан 3 оқушымыз Орал – Ақтөбе туристік саяхатына шығып, үлкен әсермен оралғандарын жаңа оқу жылында әңгімелеп берді. Республика көлемінде тойланатын ресми Ана тілі күні өз дәрежесінде өтсе, оқушы бойына нағыз рухани, патриоттық сезімді ұялататын бірден-бір мереке осы деп ойлаймын. Туған өлкеміздің ақын-жазушылары, ғалымдары, көрнекті қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары жайында мағлұматтар берілсе, деректер айтылса, өмірі мен еңбек жолдарын үлгі ете білсек, осы мереке болашақ ұрпақ үшін қажет. Кез келген іс-шараны, мерекені есеп үшін өткізбей, мазмұнды, тиянақты етіп жоспарлап, баланың санасына жылт еткен сәуле жеткізе білсек, мұғалімнің алдына қойған мақсатының орындалғаны емес пе?! Осы орайда «Поэзия падишасы», «Жыр семсері Қадыр», «Сөз зергері Ғабит» тақырыптарында тіл мамандары жұмыстанды. Жалпы қандай да өткізілетін шараның мазмұнына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бұл шаралардың оқушы бойына құйылып жатқан қажетті және болашақ өміріне пайдалы тәрбие екенін естен шығармауымыз керек. Өз отбасына, Отанына деген мақтаныш сезімін оятып, оны қорғауға әрқашан дайын болатындай рух қалыптастыру қажет. Отаншылдық сезімін өскелең жас ұрпақтың бойына ұялату, еліміздің бақытты болуының, көркеюінің кепілі.Осының айғағы ретінде мектебімізде «Атқыш мерген», «Жас ұлан» үйірмелері жұмыс жасайды. 2007 жылы Кеңес және Ресей Одағының Батыры Н.С.Майданов атындағы «Жас ұлан» әскери спорт клубы құрылды. 9-11-класс оқушыларынан құрылған 25 ұлан жаттығады. Осы уақыт ішінде бірнеше аудандық, 3 рет облыстық жарыстарға қатынасып, жүлделі нәтижелерге қол жеткізуде. 2013 жылғы «Отан қорғаушылар» күніне арналған теректі аудандық жарысында Нарынбай Бекболат І орынды жеңіп, көлік жүргізуші курсын тегін оқуға мүмкіндік алды. 2013 жылы әскери-патриоттық клубтар сайысында «Жас ұлан» клубы облыстық байқаудан ІІІ орынды иеленді. Ал, биылғы жылдың мамыр айында осы клубтың 5 оқушысы мектеп демеушілерінің арқасында Астана қаласында өткен республикалық «Денсаулық – біздің күшіміз» фестиваліне қатысып, «Ер жүрек» дипломымен және кубокпен марапатталды. Үстіміздегі жылы еліміз ғана емес көптеген ТМД және Батыс Еуропа елдері Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлайды. Айтулы шараға бағытталған іс-шаралар жоспары ел көлемінде жасалып басталып та кетті. Бұл шаралар оқушыға өз Отанының тарихын тереңірек білуге, батырлар ерлігін үлгі тұтып, өнеге алуға мүмкіндік беретін болады. Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортаға байланысты деп түсінген халық: «тәрбиесін тапса, адам болар, оқуын тапса, білім қонар» деп, тәлім-тәрбие, оқу-білім мәселелеріне үлкен мән берген. Бала бойына адамгершілік қасиеттер сабақ үстінде мұғаліммен және құрбы-құрдасымен үнемі қарым-қатынаста қалыптасады. Оның өмірлік тәжірибесі молаяды. Оқулықтардан, кітаптардан, өлең жаттап, хикаят оқу және оны талдау – баланың адамдарға адамгершілік түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады. Жалпы адамгершілік мәселесі - терең, ірі әлеуметтік мәселелердің бірі. Сондықтан рухани- адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім беруді басты назарда ұстаған жөн. Нәтижесінде міндетін сезіне алатын, мінез-құлқы жетілген, халқының салтын жақсы білетін, елі үшін еңбек ететін патриот тәрбиелеп шығаратынымыз кәміл. |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген