400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқушылардың бойында білімнің шырағын жағу үшін мұғалім білім нәрін бойына сіңіруі қажет»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқушылардың бойында білімнің шырағын жағу үшін мұғалім білім нәрін бойына сіңіруі қажет»тақырыбындағы мұғалімге көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Оқушылардың бойында білімнің шырағын жағу үшін мұғалім білім нәрін бойына сіңіруі қажет»

Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп отырған уақыт өткен буын заманына мүлдем ұқсамайды. Бұл ерекшелік бала болашағының, оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, бүкіл ғұмыр бойында өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты. Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Сондықтан оқушылардың бойына білімнің шырағын жағу үшін мұғалім бойына білім нәрін сіңіруі қажет.

Біріншіден, мұғалім оқушылардың бойына білімнің шырағын жағу үшін сабақты әдіс-тәсілдермен түрлендіріп, қызықты өткізуі қажет.Мұғалім ол оқытушы ғана емес , ол — бағбан. Оқушылар бойына білім шырағын жағуда алдымен өзінің мұғаліміне еліктейді. Мұғалім жауапкершілігі жоғары болып , оқушыға қуаныш сыйлай білсе, шәкірттерінің бойына өзіндегі бар жақсы қасиеттерді ұялата алады. Мен, оқушының сіз мейрімдісіз деген сөзінен қуаттанып, мен үшін шырақ оның жалыны-менің сүйіспеншілікпен берген рухани білімім деп түсінемін. Мұғалім тек оқушыларды үйретіп қоймай , өзі де көп нәрсені үйренеді. Балалар мұғалімге төзімді, қайырымды болуды, өзін де өзгелерді де түсіне  білуді үйретеді. Бұл мұғалім үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізу қиын. Балаларды оқыту және өз жемісін көру — мұғалімнің жұмыс бақытының жартысы ғана, ал балаларды оқыту және өзін оқыту, кез-келген сұрақтың жауабын табу, үнемі ізденісте болу, өз жұмысының жаңа қырларын ашу — бұл мұғалім жұмысының нағыз бақыты деп айтуға болады.

Екіншіден, менің ойымша мұғалімге қосымша ізденіс, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру керек.Әрбір баланың бойына сүйіспеншілікпен білім нәрі мен тәрбие беру арқылы біз саналы ұрпақ тәрбиелейміз. Себебі, баланың шырағын жағу үшін қосымша ізденіс, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда көп ізденемін. Балалардың әрқайсысының бойында өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы : бір бала дөрекі, біреуі ұялшақ біреуі тұйық, енді біреуі шектен тыс көп сөйлетін. Жақсы мұғалім — ол кез-келген баланың қабілетінің кілтін таба біледі. Бала- шырақ секілді. Мұғалім сол шырақты жағушы. Ұстаз болу ең қиын да жауапкершілігі көп жұмыс. Соған қарамастан балаларға жақсы білім мен тәрбие беруге тырысамын. Оның жанында кеудесінде жаны бар әппақ таза жүректі балаларға тек ізгілікпен сүйіспеншілікпен, жақсылықты, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеу өз қолымызда деп түсінемін. 

Сөзімді қорытындылай келе, мұғалім адамзат баласының өз ұрпағын, оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеп, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып, болашақтың білім нәрін себушісі болуы қажет. Ол үшін мұғалімнің ерен еңбегі мен төзімділігі, сауаттылығы, еңбексүйгіштігі, мықты ұстанымы керек. Сонда ғана болашақ ұстаз оқушының бойына білімнің шырағын жаға алатын, білім нәрін сіңіре алатын түлға бола алады. (358 сөз)


Целиноград ауданы Қараөткел ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аубакиров Сабыржан Тубекбаевич

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
205
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі