жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушылардың дарындылық қабілеттерін жетілдіру
Тақырыбы:Оқушылардың дарындылық қабілеттерін жетілдіру
Орындаган:Серикова Айгерим
Сериковна
Мазмұны
Кіріспе…….....................................................................................3
І. Негізгі бөлім.
Дарындылық психологиясының теориялық
қағидалары
1.1 Дарындылық проблемасының зерттеу тарихынан ……............5
1.2 Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы
.............................13
1.3Бастауыш сыныптағы
дарындылықтың ерекшеліктері
..............17
Қорытынды….........................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі…...................................................20
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Дарынды балаларға қалай қарау керек? Олар ерекше бағыт пен ерекше даму, көзқарасты қажетсіне ме?
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын анықтау.
Зерттеу мақсаты: бастауыш мектеп оқушылары дарындылығының психологиялық ерекшеліктерін бейімделген өңделген әдістемелер көмегімен анықтап, айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1.Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу..
2.Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.
3.Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.
Зерттеу әдістері:
1.Балалардың дарындылығын бақылау.
2.Балалардың дарындылық ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: «Бір нәрсенің суретін сал»әдістемесі, «Есте сақтау қабілетін анықтау» әдістемесі,Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
Зерттеу болжамы: Дарынды балаларды диагностикалау негізінде, олардың танымдық мүмкінідіктерін ажырату әрі дамыту арқылы мектепте олармен жекелей жұмыс жүргізіледі. Осы жүргізілген жұмыстар дарынды оқушылардың жан- жақты дамуына септігін тигізуі мүмкін.
Зерттеу жұмысының базасы: Семей қаласындағы «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ 3 «Ә» сынып оқушылары.
І. Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары.
1.1 Дарындылық проблемасының зерттеу тарихынан.
Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Дарындылық туа бітетін ерекше қасиет, ал қабілеттілік әр адамда болатын еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарындылық атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.).
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.Дарынды балалар — жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған (ақыл-ой дарындылығы тестері осыған негізделген).Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдық шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі арасында алшақтық болатын жағдайлар аз емес. Ақыл-ой қабілеті тым ерте дамыған, ерекше айқын жетістіктерге жеткен балаларды вундеркиндтер деп атайды. Алайда, баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің бір шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға байланысты. Балада ерекше қабілеттіліктер болуының нышандары оның жасынан ажырағысыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты.Дарындылықтың бағалануы тестілеуге ғана негізделмеуі керек -оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы іс-әрекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан мамандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының теңелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.Баланың дарындылығы деп — бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда оқуға қабілеттілік және шығармашылық құбылыстары жоғары болып табылуы түсіндіріледі.«Дарындылық» — бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. «Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша:
— табиғи дарын
— бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі
Дарындылық және қабілеттілік түсініктерінің мінездемесімен байлнысты шығармашылық, талант, данышпандық сияқты феномендерге тоқталмауға болмайды. Шығармашылық — бұл жеке тұлғадағы қабілеттілік, мотив, білім дағыдының бар болуы. Олар арқылы жаңалықпен, оригиналдылықпен ерекшеленетін продукт құрылады.
Талант — қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол шығармашылық есеп шешуді талап ететін суретші, ойлап тапқыш ғалым, кез-келген маман төрағасы, еңбегі продуктісінің оригиналдылығымен мінезделеді. Талант кез-келген аумақта қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.
Данышпандық — қоғамдық өмірде тарихи мағынасы бар шығармашылықта көрінетін дарындылықтың жоғары сатысы. Данышпан өз аумағында жаңалық туғызады.[2,63б]
Әдетте біз «қабілеттілік» сын есімінің бірінші сөздік мағынасында (мысалы, «қабілетті оқушы», «қабілетті жас ғалым») қолданамыз. Осындай жағдайда бұл терминдер, яғни «дарындылық» және «қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндөс, оларды айыра алмай да қаласың. Бірақ жоғарыда келтірілген «қабілеттілік» сөзінің басқа да мағынасы бар. Ол -жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады (Н.С.Лейтес).«Қабілеттілікке» философиялық энциклопедиялық сөздікте мынадай түсінік берілген: «Қабілеттілік — бұл субъективті жағдайда белгілі бір іс -әрекеттің табысты орындалуындағы жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері». Қабілеттілік индивидте бар білім, дағды, үйренуге бағытталмайды. Ол кейбір іс-әрекеттерді орындауда басқалардың әдістері мен тәсілдерінен тереңдегі мен беріктігінен көрініс береді және оған жетуге мүмкіндік беретін ішкі психологиялық регулятор болып табылады.Дарындылық бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық — бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық — бұл әлеуметтік құбылыс. Өйткені, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.Әлеуметтік ортаның дарындылыққа байланысты жүргізілген әр түрлі зерттеулерінің нәтижесі (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қаржылық қамсыздандыру, әлеуметтік — күнделікті шарттар т.б.) әр түрлі. Осыған байланысты келесідей тұжырым жасауға болады: әлеуметтік -экономикалық шарттар дарындылықтың дамуына әсер етеді, өйткені, олар адамның өмір деңгейін анықтайды. Қоғам экономикалық дамыған сайын, ол адам дамуы үшін қолайлы болып келеді.
Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:
• жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;
• бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;
• ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.
Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер, апалар және ағалар, жиендері тұрады. Зерттелген балалардың ешқайсысында кіші сіңілі — қарындастары немесе інілері болмады. Р.Зайонц зерттеулері көрсетуі бойынша интеллектуалды дарындылық, жанүядағы балалар санынан тәуелді. Р.Зайонц бойынша, жанұяда іні мен қарындас, сіңлілер көп болған сайын интеллектуалдылықтың коэффициенті орташа болып келеді.Жанұя құрылымы, көп жағдайда туыстар арасындағы қатынастар және жанұяның эмоционалды климаты жүйесімен байланысты. Өзара қарым-қатынастың мазмұнды жағы туралы айта келе, көптеген зерттеушілер балаға қарама-қарсы жынысты ата-ананың әсері мәнді деп көрсетеді. Көптеген зерттеушілер дарынды балаға жылылық, оны қабылдау, сүю және сыйлау қажет деп санайды.Бала мен ата-ананың қарым-қатынас стилі туралы мәселе аса ауқымды зерттелген. Ғалымдар баланы қатты бақылауға алу, күш көрсету, қысым көрсету сияқты стильдер дарынды тұлғаны дамытуға мүмкіндік бермейді деп санайды.[3.8б]
Р.Хесс және В.Шипман өзара әрекетті ата-аналық стильдері императивті және инструктивті деп бөлді. Императивті стиль үшін мынадай бұйрықтар сәйкес келеді: «Мен айтқан секілді жаса …», «Тыныш отыр…». Ата-аналар баласының айтқандарын бұлжытпай орындауын күтеді. Олардың қатынасы ересектің беделіне негізделеді. Мұндай стиль балада пассивтік және тәуелділік пен конформизмді дамытады.Инструктивті стильде ақпарат көбірек болады, ал талаптар мынадай болып негізделеді: «ойыншықтарыңды жина, ал мен еденді сыпырамын…». Ата-аналар баласымен өзінің теңі ретінде әңгімелеседі. Олардың талаптары, заңдылықтары саналы түрде жүреді. Бұл, балада инициативалықты дамыту (бастау) және қаттылықты тәрбиелейді.Ата-аналардың бала дарындылығына деген қатынасы маңызды болып табылады. Бұл фактор — бала мүмкіндіктерін іске асыруға әсер ететін негізділердің бірі. Бұл жағдайда қарым-қатынас типтері мынадай болып келеді:
• теріс
• ашуландырушы
• дұрыс-оң
• гиперсоциализация (ата-аналар дарындылықты, өз-өзін таныту мүмкіндігін, өз баласының қабілеті арқылы жасауы немесе өздерінің орындалмаған потенциалды мүмкіндіктерін іске асыру).
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және айналадағыларға үлкен талаптар қояды.Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары).Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшеліколарды толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті алыстағыға алмастыру қиынға соғады.Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті — рольдік ойындар. Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-қатынасқа деген қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.НГалигузова),Дарынды балалардың мінез-құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір ерекшеліктері, оларды құрдастырының түсінбеуіне, олардың өзара қарым-қатынасында дау-жанжал кездесуіне және тіпті басқа балалардың оларды шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп болады: серіктесін тыңдай алмау, доминанттылыққа ұмтылу, бірге ойнайтын ойындарда өзіне ұйымдастырушы ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу, ересектердің зейінін өзіне аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу балаларға қатысты шыдамсыздық таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау әдетінің болуы Л.Хоменгуерт дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін болатын себебін көрсетеді: «ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз құрбыларының ойындары қызықсыз болуы мүмкін».Өз құрбыларымен өзара әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе олардың себептерін түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен достасуға ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда қияндың тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық болады, сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға түседі. Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір нәрсені жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен өзіндік бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар өздерінің жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-қатынасында өзінің мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді. Сондықтан дарынды баланың өз әрекетін іске асыруда «Мен» концепциясы маңызды болып табылады.Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.Дарынды бала қысымды, шеттетуді, айқай-шуды көтермейді. Баланы мектепке дейінгі уақыттан бастап шығармашылық еңбекке қатыстырып, шығармашылыққа қолайлы жағдай туғызу қажет.Таланттарын дамыту үшін дарынды балалар өз уақытын еркін жүмсап, кеңейтілген оқу жоспарымен оқытылу керек. Бала өз мүғалімі жағынан назар аудару мен индивидуалды қолдау көрсетуді сезуі қажет. Бұл жерде нені емес, қалай оқыту маңызды болып табылады. Дарынды баланың айтылған ойлар мен болжамдарды талдай алу мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық және сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне сәйкес келеді.Қазіргі жағдайда дарынды балалармен жұмыс жасаудың түрі -балалар шығармашылық үйлерін құру болып табылады.[4,82б]
Бірқатар жас ғалымдар — Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор және тағы басқа психологияда шығармашылық дарындылықтың жаңа шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді. Бұл зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар психологиясы бойынша теориялық зерттулердің шоғырлауына себепші болды.70-ші жылдардың басында жеке-дара айырмашылықтар психологиясы практикалық ғылым болып қалыптасады. Зерттеулер білім саласына ығысады. 70-ші жылдардың соңы — 80-ші жылдардың басында енді мүлдем жаңа, психологияның қолданбалы саласы — таланттылар психологиясы саласы пайда бола бастайдыДж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті: мектептің соңында көптеген дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастан кешеді, өз құрбылары мен ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.Дарынды балалар мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан “дискриминацияны” сезінеді 70-ші жылдардың соңында тек жеке емес, әрі мемлекеттік мектептер даралап оқытуды таңдауға көшті.80-ші жылдардың басында дамыту жоғары дарынды балалар мүмкнідігін дамыту бойынша халықаралық ірі жоба жүзеге асты АҚШ-та дарынды балалардың жетекшілігі (лидерлігі) бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.Біздің елімізде 20-шы-30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.В. Штерн дарындылыққа мынандай анықтама берді: “Ақыл-ой дарындылығы жаңа талаптарға өз ойлауын саналы бағыттау, жаңа міндеттер мен өмір жағдайларына бейімделудің жалпы ақыл-ой икемділігі болып табылады”. Дарындылықтың мұндай сипаттамасы оның деңгейлерін саралап бөлуге мүмкіндік берді.Ерте уақыттан бастап, ХІУ ғасырға дейін данышпандық тек өнерде көрініс береді деген тұжырым қалыптасты. Мемлекеттік іс-әрекеттенушілерге, әскери басшыларға, ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді. Бірақ бұл көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды. Аристотель көркем шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген. “Созерцательная деятельность разума” терминін енгізе отырып, ол адам іс-әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды. “Сананың мазмұнды іс-әрекеті” (ғылыми және көркемдік), оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары рақымдылық іс-әрекеті (саяси және әскери) басқалардан әдемілігімен, кеңдігімен ерекшеленеді. Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады. Оның пікірі бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген. Ол өнер шығармашылығы қажет болып табылатын ережелер, нормалар қатарына негіздеуге талпынды. Аристотель көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды.[5,105б]
Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды дей келе, тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты. Бірақ олар талантты дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын “құдайылық” қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы, екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте мәнді түрде түсіндірді. Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды балалармен байланыстырды. Оның зертетуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады. Бұл зерттеу дифференциалды психологияның пайда болуына үлкен әсер етті.Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял, ес және интеллектті бөліп көрсетті. Оның ойынша, бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі “ми темпераменті” бойынша анықталады. Ол белгілі бір ғылым, өнер салсында талап етілетін қабілеттіліктерге талдау жасаған. Осы мақсатпен қолбасшы дәрігер, заңгер, геологтар тағы басқа “психологиялық портретін” құрастырды. Х. Уарте талант табиғаттан, генофонға тәуелді дей отырып, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек қажет екенін айтты. аДамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауда шатаспас үшін, кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы мен білімі жоғары адамдарды бөліп көрсету керек. Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары зерттеген.Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Ферғани, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни тағы да басқалар) философия, логика, химия, атсрономия, география, медицина, психология, сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты.Осылай, Әл-Фараби “Бақытқа жету туралы” трактатында этикалық сұрақтармен қатар, адам қабілеттілігіне, оқуды жақсарту мақсатындағы түрлі тәсілдерді қолдануға назар аудартады.[7,38б]
Ғылымды дифференциациялаумен байланысты (ХІХ ғ.) психология мен педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүре бастады. Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі — англиялық психолог Френсис Гальтон (ХІХ ғ.). Ол адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді. Ф. Гальтон өзінің “Таланттың тұқым қуалаушылығы: оның пайда болуы мен заңдылығы” атты еңбегінде қабілеттің пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды бөліп көрсетті.
— Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса, бір де бір адам қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
— Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе, қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді.
Диффренциалды психологияның зерттелу көзі — адамның жекелігі болып табылады, бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың бірінші жартысында) тұр. Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп, “ойлау қабілеттерін” зерттеу үшін пайдаланған.В. Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір жаңашылдыққа бағытталуы (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді) және сыртқы жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін (өмір талаптары, міндеттері) және өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің жалпылық белгілері, ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша, ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант ұғымын ерекшелейді.Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға оңай үйренісе алатын болса ғана, ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде “санадағы зерттеуді емес, ақыл-ой дарындылығын” зерттеуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой дарындылығының диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды (Бине-Симон әдістемесі).[1,3б]
1.2 Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы.
Дарындылық теориясының негіздері Кеңес психологтарымен өңделген. Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, В. Крутеций, Н.С. Лейтес, В.М. Теплов және тағы басқа психологиялық тұжырымдары интегралды жеке тұлғалық білім ретінде дарындылыққа жүйелік көзқарас қалыптастырды және адам қабілетінің құрылымдылық компоненттеранықтады. Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары К. Абрамс, Ф. Гальтон, М. Кранев, Э. Мейман, Дж. Рензулли, Э. Торндайк, К. Тэкээк, В. Штерн тағы басқа да өз зерттеулерін арнаған. Олар дарынды балаларды эксперименталды және қолданбалы зерттеу бөлігіне көп үлес қосқан және олар осыған байланысты тест әдістерін өңдеген.Қабілеттілік және дарындылық мәселесін Кеңес психологиясыда 40-50 жылдары Б.М. Теплов ерекше зерттеген. Ол қандай да бір күрделі іс-әрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның толық қатары қажет екенін дәлелдеген. Іс-әрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне тәуелді болатын қабілеттіліктің өзіндік сапалы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б.М. Теплов “дарындылық” түсінігінде белгілі іс-әрекеттегі табиғи нышан болмысына ерекше көңіл аударады.Сол жылдардағы оқулықтар мен оларға қосымшасының авторлары да осындай көзқараста болды. Л.А. Рудик “дарындылық” терминімен қабілеттіліктің дамуына алғышарт болып табылатын, туа біткен қабілеттілік деп, ал Н.Д. Левитов аналитикалық-физиологиялық нышан бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры да, ал Г.И. Иванов дарындылықты — адам дамыған кезде қабілеттілікте көрінетін туа біткен ерекшеліктер деп түсіндіреді.В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу жұмыстарында былай дейді: “Егер “қабілеттілік” сөзімен белгілі психикалық қасиеттерді атайтын болсақ, дарындылық деп — адамдағы қабілеттердің өзіндік байланысын, бірлігін атау керек”. Ол сонымен қатар бұл феноменді зерттеу кезінде іс-әрекеттегі қоғамдық-тарихи өзгерістерді және олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек.
Дарындылыққа А.Т. Асмолов жұмыстарында мәнді, аса терең түсінік берілген. Ол бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге көңіл бөлген. А.Т. Асмолов ғылыми зерттеулерде үш түрлі көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни генді, әлеуметтік, “тарихи-эволюциялық қатынасқа, герменевтикалық парадигма” біріншілік түсіндірушілер дарындылық мазмұнында генетикалық алғышарттар негізі дейді. Екіншілік түсінікті жақтаушылар адамнан психиканы тіптен бөліп шығып, өз зерттеулерінде дарындылықтың қалыптасуына бағытталған әлеуметтік манипуляция әдістерінің ізденісіне көңіл бөліп, қоршаған орта факторын басым етеді.А.Т. Асмолов “тарихи-эволюциялық қатынастың герменевтикалық парадигмасы” ретінде белгіленген позициясы дарындылық феноменін қарастыра отырып, генетикалық нышанды болжайды, бірақ детерминациялайтын күш ретінде емес. Бұл позиция дарындылықтың мәдени мінезін басым етіп, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына бағытталған. “Дарынды және басқа балалар арасындағы терең айырмашылық (натуралды) табиғи процестерге емес, оларды түрліше қолдануға белгілі мәдени тәсілдерді қолданылуға бағытталған.М.А. Холодная пікірі бойынша, ақыл-ой қабілетілігінің негізінде адамның қоршаған ортаны талқылап, көретін ерекше түрде ұйымдастырылған даралық тәжірибесі барРесей психологиясында интеллектуалды қабілеттілік пен креативтіліктің даралығы мен интеграциясы труалы мәселе, бүгінгі күнге дейін арнайы қарастырылмады. Бірақ қазір бұл сұраққа арналған көп зерттеу жұмыстары бар (В.Н. Дружинин, А.М. Матюшкин, М.А. Холодная тағы басқалар).В.Н. Дружинин бұл мәселе бойынша отандық және шетел авторларының түсініктеріне анализ жүргізе отырып, өз позициясын бөліп көрсетті. Оның пікірі бойынша, интеллектуалды қабілеттілік пен шығармашылық қызметтерін бөлудың қажеті жоқ, креативтілік үшін интеллект төменнен кем болмауы қажет, бірақ осымен қатар интеллект және креативтілік — тәуелсіз қабілеттіліктер деп айтады.Осылай, интеллектуалды қабелттілік пен креативтіліктің арақатынасы жөнінде бірдей пікір жоқ. Бірақ, бұл мәселе дарынды балалармен жұмыс жасаудың теориясы мен практикасында қызығушылық туғызып отырғаны күмәнсіз.Сонымен қатар, ғылыми әдебиеттерде дарынды балаларды “дене-физикалық интеллектісінің” әсер етуі туралы концепция айтылады. Бұл концепция, дарындылықты анықтауда сенсорлы процестердің ерекшелігіне мән беруді алғаш ұсынған Гальтоннан басталады.[9,91б]
Дарындылықтың ең көп тараған концепциясы, американдық ғалым Дж. Рензуллидің моделі болып табылады. Оның моделі бойынша, дарындылық үш сипаттаманың, яғни орта деңгейден асатын интеллектуалды қабілеттілік, есепке бағытталған және мотивацияда көрініс беретін креативті
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген