жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушылардың функцианалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Оқушылрдың функционалдық сауаттылығын қалыптасытрудың
теориялық негізі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті [2]. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді [3]. Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады [4]. «Функционалдық сауаттылық» түсінігі алғаш рет өткен ғасырдың 60- жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейінірек қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық, кең түсінікте, білім байланысы мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы кіріккен, тұлғаның әлеуметтік бағдарлану амалын көрсетеді. Заманауи әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық іс-әрекетіне, сол сияқты өмір бойы білім алуға белсенді түрде атсалысуына ықпал ететін базалық факторлардың бірі болып табылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор – ата-ананың белсенді рөлі 3 екендігін PISA (Programmer for International Student Assessment) – 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалау) зерттеулерінде үнемі көшбасшы елдер қатарынан табылатын Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б. нәтижелері көрсетіп отыр. «Отбасы» ұғымына – отбасы тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық, ата-аналардың саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы құрылымы, отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң тәжірибесі, құқық, заң, құқықтық тәрбие, тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады. Отбасы тәрбиесі мазмұнын анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы, отбасы әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, баланың отбасына құқығы, қарашаңырақ, шежіре, әке және ана, әкенің және ананың беделі, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, баланың отбасында қорғалғандығы, қарттарға, кішілерге, науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады. Отбасы бала бойында балалық кезеңнен адамгершілік құндылықтарды, парасатты және тиімді өмір дағдыларын құру бағытын қалыптастыруы тиіс. PISA-2009 зерттеуі баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-аналардың қатысуы функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер ететінін көрсетті. Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға бағытталған шаралардың тұтас жүйесін: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажет.
Білім сапасының мәнін ашу, педагогикалық квалиметрия, оқушылардың
білімдік және біліктік сапасы, оқушылардың деңгейлік тұрғыдан білімділігі,
білім беру сапасының мониторингі және диагностикасы, оқушылардың
жетістіктерін бағалау, құзыреттілік тұрғы сияқты мәселелерге соңғы жылдары
көп көңіл бөлінуде.
Өкінішке орай, білім сапасын бағалаудың педагогикалық және
дидактикалық-әдістемелік, мониторингтік және диагностикалық зерттеулері
жиі кездеспейді және сондықтан да көптеген мәселелер жеткілікті зерттелмей
отыр.
5
Мектептегі білім беру сапасын бағалау әдістемесінің негізгі проблемалары,
біріншіден, бағалау қажеттілігін (оқыту сапасы нәтижелері, білім беру
стандарты, оқушылардың білімділік деңгейі, мектеп түлектерін даярлау
сапасына қойылатын талаптар проблемалары), және екіншіден, бағалау қалай
жүзеге асырылғанын (бағалау кезеңдері, принциптері, түрлері, әдістері,
құралдары) айқындаудан тұрады. Соңғы жылдары оқытудың теориясы мен
әдісінде білім беру сапасын бағалау проблемасы өзекті сипат алып отыр.
Мәселені зерттеу бұл бағытта мектеп түлектерін даярлау сапасын бағалау
бойынша білім мазмұнының міндетті минимумы, мектеп түлектерін даярлауға
қойылатын талаптар көрсетілген жұмыстар жарияланғанын көрсетті. Білім беру
процесі нәтижесінің сапасын бағалау проблемасы жағдайын талдау
қорытындысы біздің қоғамның жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайлары, білім
берудегі бұрынғы құндылықтар мен басымдықтардың дағдарысы, білім беру
жүйесінің пәнді оқыту сапасын бағалаудың озық үлгілері мен
технологияларына көшуі оқушылардың функционалдық сауаттылығын
бағалаудың заманауи теориялары мен әдістерін құру қажеттілігін көрсетті.
Функционалдық сауаттылықтың ерекше сипаттары:
1) тұрмыстық проблемаларды шешуге бағыттылығы;
2) нақты әлеуметтік жағдаяттарда көрінетіндіктен, тұлғаның ахуалдық
сипаттамасы болып табылады;
3) стандартты, стереотиптік міндеттерді шешумен байланысты;
4) бұл үнемі дерлік оқу және жазу білігінің кейбір қарапайым (базалық)
деңгейі;
5) көп жағдайда халықтың ересек тобының сапасын бағалауда
қолданылады;
6) ең бастысы сауатсыздықты жоюдың жеделдетілген тәсілдерін іздеу
проблемасымен контексте мағыналы. С.А. Крупник, В.В. Мацкевичтің
пікірінше, жеке жағдайда, мемлекет өткеннің орнын толтыру, басқа елдерді
басып озу қажет болған кезде ғана сауаттылық проблемасы (функционалдық
сауаттылық) өзекті болады. Сол себепті, функционалдық сауаттылық түсінігі
қоғам өмірінің сапасын (өзінше мәдени стандарт) түрлі елдердің әлеуметтікэкономикалық тиімділігін салыстырудағы бағалаудың өлшем бірлігі ретінде
қолданылады [5]. Сонымен, функционалдық сауаттылық – оқу және жазу
білігін күнделікті өмірде қолдану («мәтінмен жұмыстың әлеуметтік
практикасы»). Басқаша айтқанда, бұл – адамның іс-әрекетін оның басылым
сөзін тұрмыста қолдануымен анықтайтын сауаттылық деңгейі [6].
А.А. Леонтьев өзінің бір еңбегінде функционалдық сауаттылыққа өте орынды
және терең түсінік берді: «Егер формалды сауаттылық – оқу техникасының
дағдылары мен біліктерін меңгеру болса, функционалдық сауаттылық –
адамның осы дағдыларды нақты мәтіннен түсіну, қысқарту, тасымалдауға
қажет ақпаратты алуда еркін қолдану қабілеті»
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі
11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартын жаңарту шеңберінде білім берудің басым мақсаттарының бірі
ретінде айқындалады.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім
алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және
әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі
құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік − бұл
мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу
бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын
талаптары.
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім
ала білуі);
Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша,
жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзінөзі анықтау, төзімді болу қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің
Отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
13
Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның
ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік
құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды
ерекшеленеді.
Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты,
өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.
Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге
бағытталады.
Жоғарыда көрсетілгендей, функционалдық сауаттылық терминіне деген
ықыластың артуы, математика және жаратылыстану бойынша білім нәтижелері
TIMSS (Third International Mathematic sand Science Study) және оқушыларды
бағалау бағдарламасы PISA шеңберінде жүргізілген халықаралық зерттеулердің жетістіктерімен үйлестірілген. 2009 жылғы, Қазақстан қатысқан PISA нәтижелерінің талдауы көрсеткендей, зерттеу оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтауға емес, оқушылардың алған білімі мен білігін күнделікті жағдайларда қолдану қабілетін бағалауға бағытталған. Қазақстандағы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білім беру жүйесіндегі жағдайдың талдауы төмендегіні көрсетті.
Қазіргі таңда білім тұлға, қоғам және мемлекет дамуының басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның мақсаты – шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесуінде: «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы» деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап көрсетті. Мектептің тәрбиелік әлеуетін күшейту, әрбір білім алушының дара психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету – заманауи мектептің жетекші басымдықтары ретінде көрсетілген. Патриоттық, мораль және адамгершілік нормалары, ұлтаралық келісім және толеранттылық, дене бітімі және рухани даму, заң сыйлаушылық сияқты құндылықтар, меншік түріне байланыссыз, барлық білім беру мекемелері қалыптастыруы тиіс. Авторлар осы әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығы мәселелерінің әдіснамасын анықтады. Анықталған әдіснама негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің мазмұны ашылды. Осы бағыттағы назар аударуға тұрарлық және қызығушылық тудырып отырған шетелдік тәжірибелер құралдың екінші бөлімінде талданған. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатындағы мектеп және отбасы әрекеттестігі бойынша Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында да нақты жұмыстар атқарылды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасы әрекеттестігінің талдауы мен республикадағы бар тәжірибелерді зерттеу қазіргі таңда педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлері мен әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермегенін көрсетті. Сондықтан бұл жұмыс білім алушылардың функционалдық сауаттылығының ғылыми-теориялық базасын пайымдауға, осы бағыттағы отбасы және мектептің әрекеттестігінің жаңа формалары мен әдістерін айқындауға және әдістемелік негіздеуге бағытталғандықтан, педагогтар мен ата-аналарға практикалық көмек болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б. 2. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде. 3. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар. 4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012. – 114 б. 5. Крупник, С.А. Функциональная грамотность / С.А. Крупник, В.В. Мацкевич. − М.: Педагогика, 2010. 6. Сметанникова, Н. Н. Грамотность. Единственное или множественное число? / Н.Н. Сметанникова. − М.: Баласс, 2002. 7. Леонтьев, А.А. От психологии чтения к психологии обучения/ А.А. Леонтьев. − М.: УМЦ «Школа 2100», 2011. 8. Байтажикова, К.А. Материалы августовской конференции/ К.А. Байтажикова. Научно-практический центр «Дарын» МОН РК – / 10-12 августа, 2012. //Электронный ресурс. – Режим доступа: http://daryn.kz. 9. Рауандина, А.К. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауатгылығын қалыптастыру әдістемесі (орыс тілді мектептердің 5-6-сыныптары): педагогика ғылымдарының канд. ... дис. авторефераты: 28.12.2010 қорғалды / А.К. Рауандина. – Алматы, 2009. – 32 б. 10. Бунеев, Р.Н. Понятие функциональной грамотности / Р.Н. Бунеев. – М.: УМЦ «Школа 2100», 2003. 11. Перминова, Л.М. Минимальное поле функциональной грамотности (из опыта С.-Петербургской школы)/ Л. М. Перминова. – С.-Пб.: Педагогика, 1999. – №2. 12. Нарикбаева, Л.М. Подготовка будущего учителя к работе с одаренными детьми: метод. пособие / Л.М. Нарикбаева, С.И. Калиева. – Алматы: Изд-во АГУ, 2001. – 45 с. 13. Джуринский, А. Сравнительная педагогика / А. Джуринский // Школьное воспитание: уч. пособие для студентов. – М: Просвещение, 2007. – Гл. 1. 14. Дерябин, Ю.С. Сравнительная педагогика. Педагогика / Ю.С. Дерябин // 2004. – № 4. 15 Результаты Международного исследования PISA 2009 в Эстонии //Электронный ресурс. – Режим доступа: ttp://www.hm.ee/index.php?2512166.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген