400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушылардың функционалды оқу сауаттылығын арттыру тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі тңда мектеп жасындағы оқушылардың граматтикалық сауаттылығымен қатар функционалды сауаттылығы алаңдатып отыр. Қазіргі білім жүйесінің де басты мақсаты – оқушыларды айналасындағы өмір құбылыстарын өз беттерінше танып, алған білімдерін қажеттеріне жарата алу. Осы бағытта оқушылардың функционалдық сауаттылықтығын арттыру мақсатында бірнеше әдістерді ұсындық.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Иманбай В.О.




Оқушылардың функционалды оқу сауаттылығын арттыру тәсілдері

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен  зерттеушілердің қолдануына енді.  Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Қазіргі таңда өз ойын нақты сараптай алып, мектеп қабырғасында білім алатын білім алушылардың нақты жеткізе алмауы тілші ғалымдар мен мұғалімдерді де алаңдатып отыр. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп баяндалды. Демек, алдымыздағы болашақты жарқын ету үшін бар күш-жігерімізді аянбауымыз керек. Дәстүрлі білім жүйесіннің артықшылықтарын айтып, жаңартылған білім мазмұнына сын айтушылар қатары өте көп. Бірақ мектепте дәстүрлі жүйеде білім алып шыққан баланың теориялық сауаты бекем болғанымен, өмірде кездесетін түрлі сұрақтар мен оқиғаларға психологиялық тұрғыдан толық дайын болып шықты дей алмаймын. Сондықтан таяқтың екі ұшы болатынын ескеріп, жаңартылған білім жүйесін «тоқпақтай беру де» дұрыс емес.

Сонымен функционалдық сауаттылық дегеніміз – алған білімін күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолдана алуға баулып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін оятып, танымдық құзыреттілігін кеңейту. Ал осы дағдыны қалыптастыруда тіл-әдебиет мұғалімдерінің де үлесі зор. Қазіргі таңда біз қолданып жүрген мектеп оқулықтары бұрынғыдай тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру емес, барынша оқушының ойына қозғау салып, сыныптан тыс ізденіп, өз бетімен сұрақтарға жауап табуына негізделеді. Әрине, бұл алған білімімізді өмірде кәдеге жаратуға жетелікті дей алмаймыз. Осы тұрғыдан мен де өзімнің функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған әдістерімді ұсынып көрдім. Тиімді қолданған әдіс-тәсілдер қашан да нәтижелі болмақ. Осылардың бәрі – тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді. Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Біріншіден, оқушыларды сыныптан мұражайларға, көзбен көріп, қолмен ұстап, сол жердегі атмосфераны сезіне алатын тарихи орындарға, мәдениет ошақтарына апару немесе вертуалды саяхат жасау;
Екіншіден, жазба жұмыстарында дайын тақырыпты бергеннен гөрі проблемалық жағдаятты ұсына отырып, шешімін ары қарай оқушыға қалдыру;
Үшіншіден, қатысушылардың ой өрісін кеңейтіп, нақты дәлелдермен жұмыс жасап, жүйелі сөйлеуге дағдыландыратын дебат жұмысын тұрақты ұйымдастыру;
Төртіншіден, тақырыпқа сәйкес афоризмдерді, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді өзі тауып, өзі жазба жұмысында қолдана алатындай мүмкіндік туғызу;

Бесіншіден, жазба жұмыстарын тек қана сынып бөлмесінде емес, табиғат аясында ұйымдастыру;

Сонымен қатар жазу барысында орфографиялық сауатты да ұмытпаған жөн. Аталған жұмыстарды қолдану арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Қорыта айтқанда, тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн.





Пайданылған әдебиеттер тізімі

1. . Акатова Т.И. Языковая функциональная грамотность и языковая культура студентов: Психолого-педагогический аспект Текст.: монография / Т.И.Акатова. М. ИТК «Дашков и К», 2006. -237 с.
2. Н..Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. Ақорда 2012.
3. Жұмағұлов Б.Т. Елбасы назары – оқушылардың фуекционалды сауаттылығында. // Президент және халық. 5 қазан. 2012 ж. №37




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
349
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі