Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемдік білім берудің нәтижелілігіне қарағанда Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек, біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өлшеусіз қажымас еңбегінің нәтижесі деп білеміз.Ел Президенті білім саласына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді. Әсіресе, соңғы екі жылда болып жатқан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша болғаны белгілі. Елбасы бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2021
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ  ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Елбасының тапсырмасы бойынша  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл  жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы  маңызды тетіктердің бірі.

Аталған тетіктер Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айрықша мән беріліп айтылған.Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингідегі соңғы нәтижелерден байқауға болады.

Әлемдік білім берудің нәтижелілігіне қарағанда Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек,  біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өлшеусіз қажымас еңбегінің  нәтижесі деп білеміз.Ел Президенті білім саласына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді.  Әсіресе, соңғы екі жылда болып жатқан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша болғаны белгілі. Елбасы бастамасымен  өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. «Функция»- сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша «орындау», «атқару» деген мағынаны білдіреді.

Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие дейді.

Бала   тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда  мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

Тәрбиеге ең алдымен оның маңыздылығын түсіне  алатындай сапалы көзқарас қажет десек, ол тал бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатын, сонымен қатар ,қоғамның барлық саласымен байланыста жүзеге асырылатын қиын да күрделі үрдіс.

 Функциналдық сауаттылықты дамытуда

-Ғылыми –зерттеушілік жағынан  қамтамасыз ету (мектепті басқару жүйесі,ғылыми-зерттеушілік,сараптамалық -талдамалар, оқушылар мен ата-аналардың рөлін диогностикалау);

Білім беру мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша вариативтілігін,коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;

Оқу әдістемелік қамтамасыз ету (қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдарды педагогтердің практикасына енгізіп, жүзеге асыру, мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейін арттыру )

-Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі(білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізу, сыни тұрғыдан бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізу.)

Мектептергі  қосымша білім беру жүйесі ,материалдық –техниалық база(мектепті заман талабына сай жабдықтармен жабдықталу,балаларға көркем-эстетикалық,ғылыми-техникалық, экология-биологиялық,туристік-өлкетанушылық,оқу-сауықтыру қосымша білім беру   санын арттыру  және  бағыттар бойынша  білім беру)  осы бағыттары бойынша  құрылып, жүзеге асыру;

Ұлттық жоспардағы  функционалдық сауаттылықты дамытудың  негізгі бағыттарын жүзеге асыруда:

Бірінші– оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек.(Елбасы Жолдауынан)

Әлемдік тәжірибе негізінде елімізде мемлекеттік білім стандартын жасауға кірісті.   Сондай-ақ, білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан ашылған педагогикалық шеберлік орталығында үш айлық курстан , «E-learning» жүйесі бойынша біліктілікті арттыру  курсынан өту жоспарланып,мұғалімдер біліктілігін арттыруда. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу,  оқу және жазу арқылы дамыта оқыту мен сыни тұрғыда ойлау технологияларының бағдарламаларын іске асыру мұғалімдерді  қайта даярлау маңызы зор . Барлық білім жүйесіне «Кембридж университетімен» бірлесіп әзірленген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізу. Елбасы Жолдауда  «Бізге оқыту әдістемелерін жаңарту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек» делінген

Барлық оқулықтарға талдау жасалынуда, бағдарламада белгіленген,  жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.

Екінші бағыт  оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Яғни, функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған.  Білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі– функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалау. Оларда ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.

Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі.  2012- 2015 жылдада PISA,  TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер өтеді.

Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші  бағыты  – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Осы әдістеменің негізінде мектепте ата-аналарға арналған «Отбасы –тәрбие бастауы» семинары және тренингтер,сауалнамалар алынады. Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, әкелер мен аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту жұмыстары бойынша  «Мектеп пен отбасы бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» атты апталық өткізілді.Білім беруді жаңғырту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын , заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды.Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. (Жолдаудан) «Жаңа Қазақстандық патриотизм» тақырыбында мектепте онкүндік  өткізілді.

Төртінші бағыт – қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер  жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Еліміз тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады. Мектепте ғылыми-техникалық, экология-биологиялық, көркем-эстетикалық, туристік-өлкетанушылық, оқу –сауықтандыру бойынша қосымша білім беру қарастырылған.Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулуда  биология пәнінің мұғалімі Г.Такибаева оқушысы А.Комунарова  «Экологиялық аймақтар», қазақ тілі пәнінен А. Башанова «Тастағы жазулардың ерекшеліктері» , ағылшын тілі пәнінен Д.Кертай ғылми жұмыстар жазып қорғады.Оқу-сауықтыру бойынша Көкшетау қаласындағы «Бурабай» оқу-сауықтыру орталығына  Тоқтасын Ақкербез барды. Текелідегі «Эдельвес» сауықтыру орталығында 6 оқушы демалды. Мектептің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда,спорттық құрал –жабдықтармен,компьютермен  қамтамасыз етілді.. Балаларға арналған танымдық журналдарына жазылу, мекпете «ziyatker»ғылыми-танымдық сайт құру,.оқушыларды телебағдарламаларға қатыстыру сияқты жұмыстар  жоспарланған.

Осылардың бәрі –  тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді.  Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген  қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Жалпы  айтқанда Ұлттық  жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған  білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады.  Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің жаңа моделінің  негіздерінің бірі қалыптасатын болады.          Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола  отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.

  Баланың психологиялық  қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.

«Әлемде  екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие» дейді.

Бала   тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда  мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.

  «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе-білім беру,ғылымды дамыту.Өркениет біткеннің өзегі,ғылым,тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.Осы орайда,мектеп,мұғалімдердің басты міндеті-өз ұлтының тарихын,географиясын,мәдениетін,тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейде рузани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ