400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

«Оқушылардың жаһандық көзқарасын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаһандық құзіреттілік» курсы тақырыбы бойынша мұғалімдерге бағыт-бағдар беру, оларға қажетті әдіс-тәсілдерді ұсыну және оқу процесінде оқушылардың жаһандық құзіреттілігін дамытуға көмек көрсету. Құралдың мақсаты – мұғалімдерге жаһандық құзіреттіліктің теориялық негіздерін түсіндіре отырып, оны білім беру үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын көрсету. Бұл басылым мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық қызметкерлерге арналған, сондай-ақ «Жаһандық құзіреттілік» пәнін оқытатын барлық мамандар үшін пайдалы болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Габдуллина Гульназ Толеугазиновна

Абай облысы білім басқармасының

Ақсуат ауданы білім бөлімінің

«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

Жаhандық құзіреттілік курсы мұғалімі

«Оқушылардың жаһандық көзқарасын қалыптастыру»

Аңдатпа

Бұл әдістемелік құрал «Жаһандық құзіреттілік» пәнін оқытатын мұғалімдерге арналған. Оқушылардың жаһандық көзқарасын қалыптастыру арқылы олардың дүниетанымын кеңейтіп, әртүрлі мәдениеттер мен тілдерге деген қызығушылықтарын оятуға арналған. Құрал қарапайым тілде жазылып, мұғалімдерге тиімді әдіс-тәсілдер мен идеяларды ұсынады. Оның мақсаты – мұғалімдерге жаһандық құзіреттілік негіздері мен әдіс-тәсілдерін ұсына отырып, білім беру үдерісіне жаңа көзқарас енгізу. Құрал мектептерде жаһандық құзіреттілік бағдарламасын жүзеге асыруға көмек ретінде әзірленген.


Кілттік сөздер: жаhандану дәуірі, цифрлық технологиялар, коммуникативтік құзіреттілік, тапсырмалар жүйесі, қарым – қатынас дағдылары, әлеуметтік, этикалық жауапкершілік


Кіріспе

Жаһандық құзіреттілік бүгінгі таңда білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Әлемде болып жатқан өзгерістер, технологиялық дамудың жедел қарқыны, мәдениетаралық қатынастардың күшеюі оқушылардың жаһандық мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыруды талап етеді. Оқушылардың жаһандық көзқарасын дамыту – бұл оларды тек өз елінің ғана емес, бүкіл әлемнің азаматтары ретінде тәрбиелеу, басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын түсініп, құрметтеуге үйрету, сондай-ақ өзара байланыс орнату дағдыларын қалыптастыру. Осының барлығы жаһандық құзіреттілікті қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.


Әдістеме

Мақалада қарастырылған әдістер:

Жобалық оқыту – оқушылардың белгілі бір мәселені зерттеп, нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған оқу әдісі.

Пікірталас әдісі оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Оқушылар белгілі бір жаһандық мәселе бойынша өз көзқарасын білдіріп, дәлелдер келтіреді.

Кейстік әдіс- Оқушылар белгілі бір мәселені талдап, оның шешу жолдарын ұсынады. Бұл әдіс оқушылардың аналитикалық және шешім қабылдау қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Интерактивті әдістер оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Нәтиже мен талдау

Зерттеу барысында аталған әдістерді қолдану мынадай нәтижелер берді:

1.Тұлғалық белсенділік артты. Оқушылар өз ойын ашық білдіруге сенімділікпен қарай бастады.

2.Сыни ойлау қаблеті артты. Әр пікірге жауап іздеп, логикалық тұрғыдан негіздеу дағдылары қалыптасты.

3.Көшбасшылық қасиеттері жетілді.Топтық жұмыстарда бастамашылдық танытып, өзгелерге бағыт көрсетті.

Қорытынды

оқушылардың жаһандық көзқарасын қалыптастыру – қазіргі білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, оларды әлемдік қоғамдастықтың белсенді әрі жауапты мүшесі ретінде тәрбиелеуге болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995.

  2. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері. – Алматы, 2003.

  3. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Дарын, 2004.

  4. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. – Алматы: Рауан, 2004.

  5. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.03.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі