ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕ БӨЛІНЕТІН ТАҢДАУ КУРСТАРЫН ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ
А.Нұрланқызы
Жалағаш ауданы, 202 орта мектеп
Қазіргі қазақ тілі ең алдымен өзінің мәртебесін алған, әдеби нормалары қалыптасқан, еліміздің барлық аймағында және алыс – жақын шет елдерде қолданылатын әрі бай, әрі орамды, кез – келген ортаның қарым – қатынас құралы.
Қоғам дамуының қай саласы болмасын қазақ тілі жыл өткен сайын мәртебелі орынға ие болуда. Мәселен: «Тіл туралы» Заң қабылданған 1989 жылдан бастап «Қазақ тілі» қоғамы мен тіл комитеті құрылды. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тіл туралы бағдарламалар жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде әр алуан жиын – жиналыстардың қазақ тілінде жүргізілуіне жол ашылып, саяси, ғылыми, мәдени, шаруашылық тақырыбындағы әңгімелердің барлығын қазақ тілінде өткізу күн тәртібіне қойылды. Мемлекеттік тіл дәрежесі қазақ тілінде оқытылатын балабақшалар мен мектептердің көбеюіне де ықпал етті.
Қазақ тілінің осындай мәртебесін одан әрі арттырып, кең өрісті қолданылатын қарым – қатынас құралы болуы үшін білім ошақтары оның ішінде орта мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптар өте зор болып отыр.
Оқушылардың коммуникативті құзіреттілігін дамытуда қазақ тілі сабақтарында түрлі жаңаша әдіс – тәсілдерді қолданып келеміз. Өзімізге жақсы таныс сындарлы оқыту теориясының жеті модулі аясында атқарылатын жұмыстар (диалготіқ оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау, ақпараттық – коммуникативті технологияларды қолдану, оқушы мен мұғалім көшбасшылығын дамыту) - оқушылардың білім алып қана қоймай, олардың кез – келген ортамен қарым – қатынастарын жақсартуға оң әсерін тигізуде.
Оқушыларға пәндік тақырыптарды игерту үшін жаңа технологияларды пайдалануда аз-көп жетіспеушіліктер болып жатқаны да белгілі. Мәселен, еркін сөйлеуге дағдыландыру, топтаса жұмыс жасауда ақпаратты жылдам тауып, жеткізе білу т.б. Сөйлеу, пікір айту кезінде оқушылардың бойынан көп байқалатыны сөздік қорының аз болуы, ойын жүйелі жеткізе алмау секілді факторлар. Қазіргі кезде оқушыларға «Тіл мәдениетіне» қатысты жұмыстар жүргізу қажет. Әрине, қазақ тілі пәні бұл дағдыларды дамытуға жұмыс түрлерін ұйымдастырады. Десе де, бір сабақтың бойында тақырыпты түсіндіру, теорияны меңгерту, талдау жұмыстарын жүргізу барысында «сөз мәдениетін» қалыптастыруға бағытталған жұмыстар кенжелеп қалады.
Сондықтан, менің ойымша қазақ тілі пәніне қосымша берілетін таңдау курстарының мақсаты мен тақырыбын дұрыс таңдай білу маңызды. (Таңдау курстары оқыту бағдары аясынан тыс, оқушы компоненті есебінен жүзеге асырылады. /жеке сабақтар, консультациялар/)
Өз тәжірибемнен мысал айтар болсам: өткен 2014-2015 оқу жылында жаңадан алған 5 – сыныптың бір сағат бөлінген қосымша сабағының тақырыбын «Лексикография» деп алдым. Ондағы негізгі мақсат: оқушылардың түрлі сөздіктермен («Абай жолы сөздігі», «Қазақша – орысша - ағылшынша» сөздік, «Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі», «Терминологиялық сөздік», «Орфографиялық», «Орфоэпиялық», «Диалектологиялық», «Синонимдік», «Фразеологиялық», «Тұрақты теңеулер», «Этимологиялық сөздік») жұмыс жасай отырып, сөйлеу мәдениеттерін дамыту, сөздік қорларын көбейту болды. Сөз мағынасын түсініп, оны орынды қолдануды білген, сөйлейтін сөзінің бірнеше нұсқасын келтіре алған оқушы ойды жеткізуде қиналмасы мәлім. Курс аптасына бір сағаттан жылына 34 сағатты қамтыды. Түрлі сөздік кітаптарымен танысуға бір сағаттан уақыт бөліп, жаттығу жұмыстарын орындауға арнайы бір сағат, бақылау жұмыстарына бір сағаттан уақыт бердім. Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өзге де қазақ тілінде оқытылатын пәндерден түсінбеген сөздерін тізбектеп жазып жүруді тапсырдым. Таңдау курсының аясында сол сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ашып, дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуына мән беріп отырдым. Сабақ барысында көркем әдеби кітаптар мен газет – журналдардан таныс емес сөздер мен жаңа ұғымдарды, халықаралық терминдерді жазып, талдап отырдық. Үйге орындауға тапсырма ретінде әлеуметтік желіде кездесетін қате сөздер турасында, теледидардағы дикторлар мен танымал тұлғалардың қате сөйлеген сөздерін назарға алып, талдауды дағдыға айналдырдым.
Оқушылар үшін жаңа болып саналған, қолданыстағы жаңа сөздер, оларға мүлде таныс емес, бірақ шығарма тілінде кездесіп қалатын сөздерді тауып, талдау барысында көптеген БАҚ мен көркем әдеби кітаптарды оқуға дағдыланды. Олар сауатты әрі мәдениетті түрде түрлі тақырыпта сөз созғауға машықтанды, пікір білдіруге қалыптаса бастады. Ауызекі сөйлеу барысында дұрыс айтылмайтын сөздер мен сөз тіркестерін байқау үшін өз отбасыларындағы ата – анасымен, аға – әпкелерінен сұхбат алғызып, талдау жасаттым. Курс аяқталғанда оқушыларымның бойынан біршама өзгерістерді байқай алдым. Олардың ойтолғау жазуында, көпшілік алдында піір білдіруінде оң өзгерістер біліне бастады.
Енді биылғы 2015 – 2016 оқу жылында сол сыныпқа (6-сынып) бөлінген таңдау курсына өткен жылғы қосымша жүргізілген сабақтың жалғасы ретінде «Коммуникативті мәдениет» тақырыбын таңдап алдым. Себебі: тілдегі сөздердің мағынасын түсініп, оны ретімен қолдануды үйренген бала қарым – қатынас жасауда барынша мәдениеттілік танытуы қажет.
Жыл өткен сайын оқушылардың даму кезеңдерінде түрлі өзгерістер орын алады. Қазіргі заманда дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білетін тұлға қажетті екенін олар түсіне бастайды. Сол уақытта осындай тақырыпта өткізілген сабақ ясында алған білімдері қажеттіліктерін өтері сөзсіз.
«Коммуникативті мәдениет» таңдау курсын аптасына бір сағаттан жылына 34 сағатқа белгіледім. Басты назарға Р.Сыздықованың «Тілдік норма және оның қалыптануы», «Сөз құдіреті» еңбектерін алдым. Сол кітаптардың тақырыптарында көтерілген мәселелер мен тілдік қарым – қатынас жасау аясында оқушылармен жұмыс жүргізіп келемін. Оқу жылы аяқталғанша жоспармен жұмыс жалғаса берсе оқушылардың қарым – қатынасында біршама түзетулер мен оң өзгерістер болатынына сенемін.
Менің алдымды келер оқу жылына осы бағыттың жалғасы болатындай тақырып ойластыру міндеті тұр.
Коммуникация - адамдардың бірі-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Әлемдегі барша адамдардың қарым-қатынасының басты құралы ол – тіл. Тілдік қатынас арқылы адамдар арасында қарым-қатынастың неше түрі орнатылады. Қазіргі таңда заманның өзі әр азаматтан оның өмірлік ісіне сәйкес келетін белсенді тілдік іс-әрекеттер жасауды талап етеді. Қоғам кәсіптік тілдік қатынасты әлеуметтік коммуникацияда қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес кәсіптік этиканың заңдары бойынша құра алатын, пікірталас, диспуттарды басқаруға қабілетті адамдарды қажет етуде.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет,тәрбиелілік – осылардың барлығы: біріншіден басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке- даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады.
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыру - білім ордаларының басты міндеті болып табылады. Жалпы білім беретін оқу орындарында, алдымен, осы бағыттың мақсаты мен міндеті айқындалуы шарт.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қордабаев. Т. – Қазақ тіл білімінің мәселелері- Алматы- «Рауан» 1991ж
-
Оразақынова. Н, Әміреев. Н., Әбдіреймова. К., Сапақова. Н. – Қазақ тілі: Сөз мәдениеті – Алматы – «Мектеп» 2010ж
-
Сайрамбаев. Т. - Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі – Алматы - «Рауан» 1991ж
-
Сыздықова Р. – Тілдік норма және оның қалпылануы – Алматы 2014. «Ел шежіре» 8- кітап
-
Сыздықова Р. – Сөз құдіреті – Алматы 2014. «Ел шежіре» 6- кітап
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз