Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары ұсынылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру әдістемесі

«Коммуникация» - (латынның «communication», «communicare» сөзінен алынған, бірге жасау, хабарлау, әңгімелесу, сәйкестік ұғымында қолданылады) термині ғылыми әдебиеттерге ХХ ғасырдың басында еніп, зерттеушілердің еңбектерінде 2 бағытта қарастырылып келді. Олар:

1.Кез-келген адамды тәрбиелеуге мүмкіндік беретін сигналдар (Д.Уотсон, т.б);

2.Тұлғаға басқа адамның сезімін түсінуге мүмкіндік беретін ішкі метафизикалық қабілет

(Дж. Г.Мид т. б.). Адамның еңбек, танымдық, ой әрекеттері, өмір сүруге деген қабілеті қарым-қатынас процесіне, яғни коммуникациялық құзыреттілікке тікелей айланысты.Н.Н.Нұрахметовтың айтуынша, «коммуникативтік құзыреттілік нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануды білдіреді». Ә.М.Мұханбетжанова жеке тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін дамыту «бақылаудан - өзіндік бақылауға, әлеуметтік бақылаудан - дамуға, монологтан диалогқа, түсіндіруден-түсінуге ауысу негізін құрайтын білім беру парадигмасының өзгеруімен байланысты жүзеге асырылады» деп есептейді. Коммуникативтік қызмет оқушылардың өзара әрі педагогпен оқу үрдісі кезіндегі қарым-қатынасы, белсенділігі мен сипаттамасы екендігін көрсетеді. Оқытуды ұйымдастыру қызметі ондағы оқыту, тәрбие істеріне басқару қызметін дайындау құрамы болып табылады. Оқу үрдісін ұйымдастыру кезеңіндегі барлық қызметтердің жиынтығы басқару мазмұнын құрайды, ал сабақ өткізу оның басты көрінісі болып саналады. Мұғалімнің балаларға сенім артуы әрі оларды оқу барысында қолдап, әрі балалар жауабын құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, барлық вербалды және вербалсыз қатынас аппараттарын қарқынды қолдана алуы қарым-қатынас үрдісін әсерлі әрі тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынас жасауы олар үшін қажеттілік болып табылады. Сөйтіп оқушылар мұғалім абыройына деген сенімділік танытады.Бұл сенім мұғалімнің барлық тұлғасына қызығу танытып, мейірімділігін, адалдығын,жауапкершілігін т. б. адамгершілік қасиеттерін байқатса да ғана балалар бойында пайда болады. Сабақ барысында, танымдық іс-шараларда да баланың психологиясына әсер ететін жағдаяттар кездесіп жатады. Баланы үнемі сабақ үстінде тұрғызып, қайта-қайта сабақ сұрау немесе бірнеше іс-шараға саны белгілі баланы қайта-қайта тарту, баланың шаршауына әкеп соқтырады. Осы орайда Мағжан атамыздың мына бір сөзі еріксіз ойға оралады: «Баланың ойын өркендеткенде, һәм басқыштап, һәм санамалап өркендету қажет». Олай болатын болса, сабақта да, танымдық шараларда да баламен үнемі санасып отыру қажет. Сонымен, қорыта келе, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру адамға қоғамдағы ережелер мен нормаларды дұрыс орындауға мүмкіндік беретін коммуникативтік іскерліктерге үйрету маңызды болып табылады. Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлға дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұрғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушіліктдағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді. Ұлы дидакт: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысты кӛрсетіле отырып оқытылуы қажет», - деген болатын. Қазіргі таңда кіріктірілген бағдарламалар оқу-тәрбие процесін технологиялардың бірден-бір шарты болып табылады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі-баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздылығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және кретиралды бағалау жүйесін енгізді. Әйгілі зерттеуші Л.С. Выготский: «Дәстүрлі оқыту - бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту - «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», - деген болатын. Сондықтан, тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, ӛзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Жаңа бағдараламаның ӛзгешілігі: бағалау жүйесінде, үш тілдік саясат, сабақ жоспарының құрылымы, әр сабақта әртүрлі стратегияларды қолдана отырып, сабақтың сапасын арттыруға болатынын, оқушылардың мүмкіндіктерін шектемеуге, керісінше зерттеп-зерделеуге мүмкіндіктер беру. Аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымжа бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Демек, осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол. Сондай-ақ, межелеген мақсатымызға жету үшін, яғни жаңартылған білім беруді өз мәнінде жүзеге асыру үшін жаңа ізденістер мен тың идеялардың қажеттілігін естен шығармағандығымызда жөн. Жоғарыда келтірілген барлық талаптардың болашақ мамандардың қажеттілігін ескере отырып, тіл үйретудің заманауи әдістерін дамытуға мүмкіндік беруі заңдылық. Өзге тілде оқытатын мектептерде мемлекеттік тілді оқыту мақсатының бірі - оқушыларды қазақ тілінде оқу мен жазуға үйрету, бағдарламалық материал көлемінде қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тіліне қатыстыру. Ал жалпы тіл үйрету - 4 басты құрамдас бөліктерден тұратын, атап айтар болсақ, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым тілдік әрекеттерін қамтитын кешенді де, көп сатылы үдеріс. Қоғамның барлық салаларының қайта құрылуын тудырған жаһандану үдерісімен байланысты тілдерді қолданудың шекарасы кеңейе түсті. Әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның енуі тілдерді оқытуға деген мәселеге басқа қырынан қарауға мәжбүрледі. Бүгінгі таңда қазақ тілінде таза, сауатты сөйлейтін мамандардың жетіспеушілігі сезіледі. Тіл үйретудің жаңа әдістерін енгізу, қазақ тілін оқытуды балабақшадан бастау, қазақ тілі курстары санының артуына қарамастан, қазақ тілін меңгеру түйіні шешілмеген мәселе болып тұр. Тілдік білім мен дағдылар негізі мектеп сатысының орта буынында тұрақты қалыптаса бастайтындығын ескерсек, тыңдалым, айтылым, оқылым мен жазылым әрекеттерін тіл үйретудің мақсаты мен құралы ретінде тиімді пайдалануға болады. Қазіргі заманауи білім берудегі әдісіндегі жетістігі болып мектепте қазақ тіліне оқытудың негізгі мақсаттарын қайта қарастыру болып табылады. Қазақ тіліне оқытуда негізгі мақсаты оқушылардың тілдік әрекеттің барлық түрін қалыптастыру, яғни - тілдік қарым-қатынастың шартын (жазу және сөйлей білу) сақтай отырып айтылымды қабылдау (тыңдай білу) және жазылым (оқи білу); - сауатты, нақты, логикалық байланысқан, ауызша және жазбаша түрде өз ойын түсінікті етіп жеткізе білу қажет. Алайда, оқу қабілеті 6 жастан бастап қалыптасатынын ескергенде, тілдік әрекеттің дамуы орта сыныптарда (5-8 сынып) жақсы дамиды. Қазақ тілі сабақтарында тілдік әрекет лингвистикалық мазмұндағы оқу-ғылыми мәтіндер негізінде ұйымдастырылуы керек. Мәтін мазмұнын түсінумен байланысты мақсатты жұмыс тыңдау қабілетін де дамытады (айтылым). Сондай-ақ, оқушылар есту арқылы қабылданатын ақпараттың 75-80%-ға дейінгісін түсінбейді, тек 10-15%- ы (арнайы оқыған болса) тыңдалынған ақпараттың немесе дәрістің негізгі ойын түсініп, ӛз бетімен қорытындылап, әңгімелеп айтып бере алады. Оқушылардың тілдік қабілетін қалыптастыруда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін лингвистикалық мазмұндағы мәтінді тек оқу мен айтылуына ғана мән беріп қана қоймай, соған сай дағдысы мен әдетін қалыптастыру керек. Дағды дегеніміз не? Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық кӛптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда кӛрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жӛнінде айта келіп: «Білім - бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойыңда сақталатыны»,-дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет - міне, нағыз білім - осылар! «Дағды, - деп көрсетеді психолог С. Л. Рубинштейн, саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады». Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен карым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін кӛріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы процесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П. Я. Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәлелдейді. Мұнда дағды мен шеберліктің қалыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жи-нақтылығы т. б.) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені кӛрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік: 1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі; 2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада; 3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп-бӛліп орындалады; 4)әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; 5) дағды мен шеберліктің толық, қалыптасып бітуі. Негізгі мектептің орта сатысында тіл үйретудегі басты мақсат - оқушылардың сӛйлеу әрекетін бірізді және жүйелі түрде дамыту. Сөйлеу әрекеті - ақпаратты алу мен ұсынудың мақсатқа бағытталаған белсенді үдерісі. Ол қарым-қатынас жағдаятына байланысты тілдік жүйеден көрінеді. Тілдік әрекеттің дамуы келесідей міндеттердің шешімі бола алады: - Мәтінді түсіну және оқу техникасын қалыптастыру - сауаттылықты, сонымен бірге оқу қажеттілігіне қарай оқу үрдісіне деген қызығушылықты дамытады; - Әдебиет арқылы оқушыларды адамгершілік қарым-қатынас пен ӛнегелік құндылықтарға жетелеу, еркін және тәуелсіз ойлау қабілеті бар тұлға тәрбиелеу; - Әдебиет арқылы оқушыларды өнерге жақындаттыру, теориялық әдебиеттің жеке түсініктерімен таныстыру; - Жазбаша және ауызша сөйлеу қабілетін (сонымен қоса сөздік қорын байыту), оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Оқыту тәжірибеге бағытталаған жағдайда сөйлеу әрекеті жетекшілік қырынан қарастырылады. Сөйлеу түрлері ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіліне бөлінеді. Сондай-ақ сипатына қарай - өнімді/ өнімсіз болады. Бізге тілдік әрекеттің 4 басты түрі белгілі: - айтылым - ауызша вербалдық қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын тілдік әрекеттің өнімді түрі; - тыңдалым - ауызша ақпаратты түсіну және қабылдаумен байланысты тілдік әрекеттің өнімсіз түрі; - оқылым - жазбаша мәтінді түсіну және қабылдаумен байланысты тілдік әрекеттің өнімсіз түрі; - жазылым - графикалық үлгіде ойды жарыққа шығаруды қамтамасыз ететін тілдік әрекеттің өнімді түрі. Ауызша қарым-қатынасты айтылым мен тыңдалым құрайды, оны әдістемеде тыңдалым деп атайды. "Тыңдалым" мен "тыңдау" барабар түсініктер емес. Тыңдалым - сөзді қабылдау үдерісі, ол тыңдалған ақпаратты қабылдап, түсіну мен ойша талдау жүргізуді бағамдайды. Ал, тыңдау - дыбыстарды акустикалық қабылдауды ғана білдіреді. Тыңдалым әрекетіне дағдыландырудың басты мақсаты: - қарым-қатынастың түрлі жағдаятында тікелей қатысым барысында бірнеше таныс емес лексикасы бар бағдарламалық материалға құрылған өзге тілдегі сөздерді; - әр түрлі деңгейдегі оқу және түпнұсқалық аудиомәтіндердің терең мазмұнын; (бағдарлама аясында); - негізгі ақпаратты (жаһандық түсіну); - қажетті ақпаратты (ара-арасынан іріктелген ақпаратты түсіну); - толық ақпаратты (жете түсіну) оқушылардың ести отырып, түсіну қабілеттерін дамыту. Тыңдалымның түрлеріне егжей-тегжейлі тоқталайық. Жаһандық түсіну кезінде тыңдаушыны жалпы ақпарат пен оның тақырыбы ғана қызықтырады. Қандай да бір оқиға туралы айтылған мәтіндерден оқиғаның қатысушыларын, қайда және қашан болғанын ғана білгіміз келеді. Әрі ӛзімізге түсініктілеріне ғана кӛңіл аударамыз. Жаһандық түсіну - бұл аудиомәтіндерге жалпы алғашқы бағдар десек болады. Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі оқушыларды тиімді тыңдауға үйрету, яғни ақпаратты түсіну үшін онымен не істеу керек екенін үйрету болып табылады (Mendelsohn, 1994). Тыңдалым - аса маңызды тілдік дағды болып саналады. Алайда оны қадағалау анағұрлым қиынға түседі. Ал, айтылым, Левелттің айтуынша, мәтінді жоспарлау, мәтін құру, мәтінді айту және ӛзін-ӛзі бақылау сынды үдеріс арқылы тиімді болады деген еді. «Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыруда әртүрлі мәтіндерді талдау, мәтіннен негізгі ойды анықтау, ақпаратты тану т.б. сынды әрекеттердің жүзеге асуын ескере отырып, соған сай стратегияларды қолданған жӛн. Оқушылар сабақ барысында негізгі ақпараттарды танып, құрастырып, мәліметтер алады, ӛз идеяларымен бӛліседі, бірлесіп әрекет жасайды және салыстырып, бағалайды. Әрбір сабақта баланың бойында патриотизмді дамыту, ӛз елінің кешесі мен бүгініне үңіле қарауға, ӛз елінің әдебиеті мен мәдениетін, әдет-ғұрпына құрметпен қарауға тәрбиелеу арқылы бала бойына құндылықтарды дарытамыз. Қазақ әдебиеті пәнінде тақырыпты меңгерту барысында тұлғаға бағдарланған тәсіл оқушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді, тіл мен әдебиетке қатысты күрделі мәселелерді талқылау барысында ӛзінің ой-пікірін анықтау мен қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды, ӛз бетінше тұжырым, қорытынды шығару, қарастырылып отырған оқиғалар мен үдерістерге ӛзіндік кӛзқарасы мен пікірін білдіруді кӛздейді. Бұл оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасын, рухани қырларын үйлесімді түрде қалыптастыруды кӛздейді. Сондықтан тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесінде сабақтың алатын орны аса маңызды болып табылады. Жаһандық түсіну кӛп жағдайда сирек орын алады, себебі тыңдаушыны кейбір нақтылық пен деректер, мысалы, есімдер, сандық деректер және с.с. қызықтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда біздер жете толық тыңдалымды пайдаланамыз. Бірақ кейбір деректерді түсіну үшін, мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну керек. Осылайша жете және жаһандық тыңдалым бір уақытта жүзеге асып, ол жете түсінуді қиындатады. Оқыту мақсатында бұл үдерістерді өзара бөлген дұрыс: алғашқы тыңдау барысында жаһандық түсіну, ал екінші рет тыңдағанда жете түсіну болуы керек. Тыңдалымның бұл түрі диалог, талқылау, дәріс оқу кезінде қолайлы. Бірақ шынайы өмірде ол өте сирек қолданылады. Көптеген мұғалімдердің кемшілігі, олар әрбір мәтінді жете тыңдауды талап етеді. Ал кӛбінесе тыңдаушылардың кӛпшілігін аудиомәтіндегі қандай да бір нақты ақпарат қызықтырады. Жаһандық және іріктелген тыңдалым ана тілінде де үнемі пайдаланылады. Оқушылар базалық курс аясында (9-сыныптың соңында) тыңдалымның барлық түрін білуі керек. Аудиомәтінге қойылатын басты талап - оның қандай да бір мәселені көтеруі және ақпарат беруі. Мәтін өтілген материал негізінде құрылады және жаңа сӛздердің 5-7 %-ын құрайды. Айтылым - ауызша вербалдық қарым-қатынас (тыңдалыммен бірге) арқылы жүзеге асатын сӛйлеу әрекетінің ӛнімді түрі. Айтылым мазмұны - ауызша түрде ойды жеткізу. Айтылым негізінде дыбыстау, лексикалық және грамматикалық дағдылар жатыр. Айтылым монолог және диалог түрінде болады. Диалог - екі немесе одан да көп тұлғалар арасында пікірлермен өзара тікелей алмасудан тұратын қарым-қатынас үдерісі. Диалогтің даму шарты оның ерекшелігін көрсетеді: айтылған ой- пікірдің қысқалығы, қарым-қатынастың тілдік емес құралдарын пайдалану, дауыс ырғағының рӛлі, кітап тілінен еркін, құрамы толық емес сан алуан сөйлемдердің болуы, айтылған ойдың синтаксистік ресімделуі, сӛздің алдын ала дайындалып, іріктелмеуі, жай сөйлемдердің басым болуы. Диалогтік сӛйлеуге үйрету қарым-қатынас жағдаятымен байланысты диалогтік мәтін түрінде берілген үлгілерге құрылады. Диалогтік сӛйлеуге үйретудің негізгі кезеңдері: - сөзбен түсіндіру немесе оқытудың техникалық құралдарының кӛмегімен жағдаятты көрсету; - дыбыстық және графикалық түрде диалогті көрсету; - диалогтің тілдік материалын меңгеру; - диалогтағы сӛздерді байланыстыру тәсілдерін меңгеру; - диалогті қайта жаңғырту; - жағдаяттың құрадас бӛлшектері арқылы диалог үлгісінің мүмкіндіктерін кеңейту. Диалогқа үйрету барысында диалогтің түрлері мен онымен жұмыс түрін өзгерітіп отырған жӛн. Мысалы: әңгіме диалог, қойылым диалог, мұғаліммен және оқушылардың өзара әңгімелесуі, жұптық және топтық жұмыс түрлері. Диалогтік тілді дамытуға арналған жаттығулар жүйесі мыналарды қамтиды: - алдын ала даярлық жаттығулары (еліктеу, рӛлдерімен алмасу, өзгерту, құрастыруға қатысты лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жаттығулар); - қандай да бір коммуникативтік міндеттерді шешу бойынша шартты коммуникативтік жаттығулар, оның барысында оқушылар іс-әрекеттің бір-бірімен өзара ара-қатынасын белгілеу (мақұлдау - қайт сұрау, сұрақ - жауап), яғни қарым-қатынас барысындағы екі жақты белсенділікті сақтайды. Монолог - бір немес ӛзара әңгімелесуші- тыңдаушы тобына, кейді адамның ӛз-ӛзңне бағытталаған сӛйлеу түрі, ол қабылдауға негізделген тілдік әрекеттің белсенді түрі. Монолог ауқымдылығымен, ӛзара байланыстылығы, логикалығы, дәлелділігі, ойдың толық аяқталғандығы, грамматикалық ресімделуі және кең таралған құрылымының болуымен сипатталады. Монологтік сӛйлеуге үйретудің мақсаты - тілдік монологтік білікті қалыптастыру: - мәтінді әңгімелеу, суреттеу дайындау, берілген тақырыпқа шағын мәтін, әңгіме құрастыру; - берілген тақырыпты логикалық бірізділікпен ашу; - ӛз сӛзіне пікір білдіру, дәлелдемелер келтіруді қоса отырып, ӛз пайымдауының дұрыстығын дәлелдеу. Оқыту мақсатында монологтік сӛйлеудің түрін анықтау: - сӛйлеу мазмұнына (суреттеу, хабарлау, баяндау); - дербестік дәрежесіне (жаттағанды қайта жаңғырту, әңгімелеу, жеке пікір білдіру); - даярлық деңгейіне (дайындалған, жартылай дайындалған және дайындалмаған сӛз) байланысты. Оқылым - жазбаша сӛзді түсіну мен кӛру арқылы қабылдауға бағытталаған тілдік әрекет. Ӛзге тілдегі мәтінді толық түсіну үшін, лексикалық, грамматикалық, фонетикалық және ақпараттық белгілердің толық қатарын меңгеру қажеттілігі жоспарланады. Ол салыстыра оқу кезіндегі таным үдерісін жеделдетеді. Оқылымның шынайы әрекетінде қабылдау мен мәнін ұғыну бір мезетте жүзеге асып, олардың ӛзара тығыз байланыстылығына қарамастан, бұл үдерісті қамтамасыз ететін дағдылар мен икемдер шартты түрде 2 топқа бӛлінеді: - оқу техникасына байланысты - мәтіннің естілімдік ӛңделуін қамтамасыз етеді, яғни кӛзге кӛрінетін шартты белгілер таңбаларын мағыналық бірліктерге ӛзгерту немесе қабылданған графикалық белгілерді олардың мағыналарымен сәйкестендіру; - қабылданған ақпаратты мағыналық ӛңдеу - әр түрлі деңгейлердегі тілдік бірліктердің мағыналары бойынша және сәйкес мәтіннің мазмұны, авторлық кӛзқарас және с.с. арасында байланыс орнату (мұндай икемдер мәтінді аяқталған тілдік пікір ретінде түсінуге мүмкіндік береді). Оқылым мәтін мазмұнына тереңдей ену дәрежесіне қарай және кӛз жүгірте оқу, ізденістік (кӛз жүгірте ізденістік оқу) оқу, таныса оқу, зер салып оқу сияқты оқылым түрлеріне коммуникативтік қажеттіліктеріне байланысты бӛлінеді. Кӛз жүгірте ізденістік оқу мәтін мазмұны туралы жалпы түсінік алуға бағытталған. Оқушылар мәтіннен ӛзін қызықтыратын ақпаратты ғана іздейді. Таныса оқу мәтіннен басты ақпаратты: негізгі мазмұны туралы жалпы түсінік алуды, мәтіннің негізгі идеясын түсінуді жоспарлайды. Зер салып оқу мәтін мазмұнын толық және нақты түсінумен, оқылған материалды әңгімелеу мен баяндауда қайта жаңғыртумен және с.с. ерекшеленеді. Ауызша және жазбаша сӛйлеудің тілдік ерекшелігі психологиялық ситуациялық айырмашылықтармен де түсіндіріледі. Л.С.Выготский жазылымды монолог ретінде сипаттайды: "Жазылым бұл - монолог, ойдан қалыптастырылған кейіпкермен қағаздың ақ бетінде сӛйлесу, сол сәтте оқушы тарапынан айрықша күш салмай-ақ ӛз бетімен ауызша сӛйлеудің дамуы". Жазылым оқылыммен ӛте тығыз байланысты, себебі олардың негізінде бір графикалық тілдік жүйе жатыр. Графикалық таңбалардың кӛмегімен оқу кезінде ой тұйықталып немесе мәні ашылады, оқу кезінде графикалық таңбалар қайта тұйықталып немесе толық мәні түсіндіріледі. Оқушылардың тіл үйренуде жаза алу қабілетін дамыту практик оқытушыларды да ойландырған. Білім беру аясында тілдік әрекетті дамытуда Д.Б. Эльконина - В.В. Давыдова жазу - бұл ӛзгенің жазғанын кӛшіріп жазып беру емес, керісінше авторлық туынды боуы керек, яғни оқушы ӛз ойын, ішкі сезімін еркін түрде, тіпті кӛркем сӛз түрінде жаза алу қабілеті деп айтқан. Басқа икемдерді дамытудағы жазылымның рӛлін ескере отырып, жазылым мен жазба тіліне үйрету мақсатын дұрыс кӛрсеткенде, мақсатқа сай жаттығуды толық қолданғанда, оқытудың белгілі бір кезеңінде орындағанда ауызша сӛйлеу тілі біртіндеп байиды және қисынды бола түседі. Жазылым грамматикалық дағдыларды нығайтады. Жай ғана кӛшіру немесе шығармашылықты талап ететін жазбаша тапсырмалар берілгенде, ол есте сақтауға белгілі бір жағдай тудырады. Жазба жұмыстарынсыз лексика- грамматикалық материалды есте сақтау оқушыларға қиындық туғызады. Жазбаша түрде орындалған тілдік және шартты тілдік жаттығулардың барлық жүйесін оқытуда жазба тіліне жатқызады. Шығарма, шығармашылық диктант, мамзұндама, берілген тақырыпты хабарлау үшін жазбаша жоспар мен тезис жасау, жеке немесе іскер хат жазу, яғни ұсынылған жағдаят бойынша орындалған жазбаша тапсырмалардың барлығы коммуникативтік жазба тіліне жатады. Ол, басқа сӛзбен айтқанда, ӛтілген немесе ауызекі тіл тәжірибесі тақырыбына ӛте жақын жанасатын жазбаша тілдік жаттығулар. Сабақ кезінде оқылым дағдысын ұйымдастырудың маңызы зор. Оқылым дағдысында оқушылар жазбаша берілген ақпарат мазмұнын түсінуге, мәтіннің негізгі идеясын, құрылымын анықтауға, терең тұшыныпұғынуға, қайталап оқуға, сұрақтарды тұжырымдауға, қорытындылауға мүмкіндік алады. Оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойпікірін білдіру арқылы оқушының ойлау және сӛйлей білу дағдысы қалыптасады, дамиды. Олар тапсырма алған сәттен бастап тапсырмамен таныса салып, ӛз пікірлерін ортаға салуға тырысады, пікірге сын кӛзбен қарап, ойдың дұрыстығын дәлелдеуге, ӛзгелер идеясын мұқият тыңдауға, жеке жұмысты доғарып, жұп және топ болып жұмыс істеуге дағдыланып келе жатқандықтары байқалады. Қызықты ұйымдастырылған жақсы сабақтар арқылы сауатты оқырман қалыптастыруға негіз қаланады. Ол - оқылым мен ауызекі тілдік дағдылар мен икемдерді дамытуға, сонымен қатар қажетті тілдік материалды меңгеруге кӛмектесетін оқыту құралы. Біз осы орайда дағдылардың ең қиыны, оқылым дағдысын оқушы бойына қалыптастыру аясында кеңірек тоқталғымыз келеді. Бүгінде біз «Балалар қазір кітап оқымайды!» деп ренжиміз. «Ӛзіміз бала кезде кітап оқудан еш жалыққан жоқ едік!» деп ӛзімізді үлгі тартамыз. «Бұлар болса, күні бойы тек ұялы телефондарымен әлек болады!» деп налимыз. Бұлайша қынжылудың қисыны да бар. Шынымен балалар компьютер, смартфон, планшеттерге жүйрік бүгін. Қайда бармасаң да мӛлшермен 10 айлық балалардан бастап ересек адамдарға дейін ұялы телефондарына ұңіліп, шұқшындап отырғандарды кӛресің. Кӛшеде құлақтарына наушниктерді тағып, қасында жоқ бәз біреулермен дауыстап сӛйлесіп келе жатқан балаларды кӛресің. - Бұрынырақта, біздің заманымызда қалай еді? Жан-жағыңа кӛз жүгіртсең кітап ұстап отырғандарды кӛресің: автобуста, асханада, паркте орындықтарда отырғандар да, кӛшедегі жаяу жүргіншілер де - барлығы кітап оқушы еді. Кез келген үйге кірсең, кітап сӛрелерін кӛресің. Кітап оқу, кітап жинау, кітапты сӛз ету, оқығанмен бӛлісу керемет мода еді!Еске түсірейік! Медет (45жаста) былай деп әңгімелейді: «Кітап оқуға деген құмарлығым сондай - кітапты кез келген жерде оқушы едім: отырып та, жатып та, тамақ ішіп отырғанда да, тіпті кӛшеде жүріп бара жатып та. Мектеп пен ауылдың кітапханаларындағы кітаптарды бітіріп қала жаздадым. Сыныпқа егер біреу қызық кітап әкелсе, бәріміз де оны оқып шығу үшін кезекке тұратынбыз. Әке-шешем бұндай құмарлығымды кӛріп, «Кітап оқыма!» деп ұрсушы еді. Шешем марқұм «Миыңды бір сәтке болса да - тынықтырмайсың ба?!» деп кітап оқуға тыйым салушы еді. Сондықтан да ол кісілерді ренжітпеу үшін алдауға кӛшуге тура келеді: сабаққа дайындалып отырғандай кейіп кӛрсетесің, алайда қызық кітапқа оқулықтың мұқабасын кигізіп аласың, түнде ел жатты-ау дегенде дәлізде жанып тұрған шамның жарығымен кітап оқисың. Ересек бола бастап, кітап жинай бастадым. Тіпті макулатура жинап, оларды кітаптарға айырбастайтынбыз. Кітап дүкендеріне түннен бастап кезекке тұрушы едік, кітаптарымызды мақтан етуші едік… Міне, біздің кітапқа деген құмарлығымыз осындай еді!»… Әрине, кітап оқу керек! Бұл-аксиома. Қазір тіпті философтар кітап оқуды адамгершілікке үйретудің негізгі құралы ретінде таниды. Ӛткен жылы, ұмытпасаңыздар, наурыздың 17 күні «Қазақстан» телеарнасының таңғы бағдарламаларының бірінде мынандай хабар айтылды: «АҚШ-та 15 жылдан кейін түрмелерде қанша орын қажет екендігін былай айқындайды екен: қазіргі күні 10 жастағы балалардың қандай мӛлшері кітап оқуды жақтырмайтынын санайды. 15 жылдан кейін осы балалардың барлығы да түрмеде отырады деп есептелінеді екен». Дәп осылай!.. Бірақ бүгінде балаларымыз кітап оқымайды! Бұл ащы да болса шындық. Алайда олардың кітап оқуы үшін біз, ата-ана ретінде, не жасадық? Тәрбиенің ең тиімді құралы - үлгі болу емес пе? Онда біз ӛзіміз кітап оқимыз ба? Оқығанымызбен балаларымызбен бӛлісеміз бе, олармен талқылаймыз ба? Балаларымыздың арасында кітап культін орнату үшін не жасадық? Балаларымызды кітап оқуға қалай ынталандырдық? Үйімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастырдық па? Мүмкін бұл жұмысты баланың жаратылысынан бастау керек шығар? Мәселен, болашақ ана бойына бала біткен күннен бастап, әр күні кешкі сағат 21.50-ден бастап 10 минут бойы баласына бағыштап, дауыстап кітап оқуы керек болар. Бұл әрекетті еш үзбей, әдетке айналдыру қажет. Кейінірек, бала аман-есен дүниеге келгенде де дәл осы уақытта кітап оқуды тоқтатпау керек. Кейінірек бала есейіп, оның тілі шыққанда, баламен оқығанды талқылау керек, әңгіме жасау керек. Балада осылайша кітап оқуға деген құмарлықты оятуға болар. Ал бала ӛзі әріп танып, оқуды үйренгенде, енді балаға 21.50-де ата-анасына кітап оқуды міндеттеп, оқығанды бала-шаға болып талқылау керек, баланы ынталандырып, марапаттау қажет. Осылайша жанұяда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға болатын шығар. Бұл жерде тек балаларымыз үшін ӛзіміз үлгі болуымыз керек. Бұл мақсатта үйде кітапхана ашып (оған кӛрші үй мен пәтерлердің балаларын кіргізсе тіпті жақсы болар еді), отбасылық оқырмандар клубын құрып («Сын тұрғысынан ойлау» жобасының идеясы секілді), оқырмандардың конференцияялары мен семинарларын ӛткізіп тұруға болады. Жалпы алғанда, елімізде (немесе үйімізде, мектепте, ауылда, ауданда, қалада, облыста) «Кітап» немесе «Кітап оқу» күндерін жиі ӛткізу керек шығар. Ондай шараларға елге белгілі тұлғалар қатысып (саясаткерлер, ӛнер және ғылым қайраткерлері, спортшылар, т.б.), кітап оқуды насихаттап, балалармен әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдап, кітап оқуға ынталандыру жұмысына атсалысуы қажет. Ондай шараларды БАҚ арқылы жариялау керек. Мысалы, 2001 жылдың 11-қыркүйегінде Нью-Йоркте болған жарылыстар туралы хабар ел президентіне былай жеткен дейді: Джордж Буш дәл сол кезде «Кітап күні» аясында бір мектептің бастауыш сынып оқушыларымен бір кітапты талқылап отырған екен… Бізде аудан не қала әкімінің мектепке келіп, оқушылармен кітап оқып, оны талқылап отырғанын кӛз алдыңызға елестетіп кӛріңізші… Ол мүмкін бе?.. Ӛкінішке орай кӛптеген балалар кітапты амалсыздан құлықсыз оқиды және ӛте аз оқиды. Кітап оқуға деген қызығушылықтың тӛмендеуінің түрлі себептері бар. Олар: - ӛмірдегі ӛзгерістер қарқынының күшеюі; - интернеттің пайда болуы, дамуы; - ақпараттық құралдар ағымы әсерінің күшеюі; - ересектердің баласымен бірге отырып, кітап оқуға деген кӛзқарасының ӛзгеруі; - кітап оқудың орнына қазіргі балалардың бірнеше сағат бойы компьютер, теледидар алдында отыруы; - бала тәрбиесі қызықтырмайтын, жағдайы нашар, сәтсіз құрылған отбасы санының кӛбеюі; - әдебиеттік оқу сабақтарында балаларды кӛркем шығарманы оқуға қызықтыратын әдіс-тәсілдердің дұрыс, жүйелі қолданылмауы; Ең басты себеп - оқушының оқырмандық қабілетін қалыптастыратын мақсатты жүйенің болмауы. Кішкентай оқырманды қалыптастыру үшін ең бастысы кітап оқуға қызықтыра алуымыз керек. Балаларымызды кітап оқуға үйрету керек, ынталандыру қажет. Бұл жұмыстың сапасы мен деңгейі тек ӛзімізге байланысты… Бұрынырақта мектеп пен мұғалімдердің басты жұмыс қағидасы «Оқушылар үшін!» еді, яғни олар алдын-ала оқушылардың қалай оқып, үйрену керектігін айқындап, оқушылардың не жасайтынын белгілеп алатын. Бірақ бұл қағида мұғалім мен оқушының мүдделерін бӛлек қарастырады, олар мұнда екі қауым ӛкілдері секілді: біреуі дайындайды, екіншісі орындайды. Ал бүгінгі педагогиканың негізгі қағидасы «Оқушымен бірге!». Бұл дегеніңіз оқу әрекеттері алдын-ала белгіленсе де, оларды оқушылардың тіке қатысуымен жүзеге асыру қажет. Басқаша сӛзбен айтқанда, мұғалімдер, біріншіден, оқушыларды оқыту мен үйрету амалдарының қандай болу керектігі туралы талқылауға қатыстырып, олардың пікірін сабақ беруде міндетті түрде ескереді («оқушы үні»). Екіншіден, мұғалімдер оқушыларға берген тапсырмаларды солармен бірігіп орындауға ұмтылады: осы арқылы тапсырманың ӛздеріне де қызықты, құнды екендігін кӛрсетеді. Әлбетте, мұндай жағдайда оқушылардың тапсырманы орындау ынтасының күрт жоғарылайтыны белгілі. Дәл осылай ата-ана да балаларының кітап оқу туралы пікірлерін ескеріп, барлық әрекеттерді солармен бірге жасауы керек: кітап оқу, талқылау, жоспарлау, т.б. Ата-анасы жасағанды балалары да жасайды емес пе? Ата-анасы жақсы үлгі болса, балалары оларға еліктейді емес пе? Бәрі ӛз қолымызда… Кӛп жылдық педагогикалық тәжірибе кӛрсеткендей, кітап балалардың ӛмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде, яғни кітап оқудың қарапайым ісін біліп, кітап оқуды игергенде ғана үлкен роль атқарады. Сондықтан оқушылардың ӛз бетінше кітап оқуын ұйымдастырудың ролі зор. Себебі, неғұрлым бала кітапты кӛбірек оқыса, соғұрлым сауаттылығы артады. Бала кітапты оқып қана қоймай, сол оқыған кітабы туралы ӛзінің пікірін жазып отыруды дағдыға айналдырып отыруы тиіс. Әр оқушы оқыған кітабы туралы ӛзінің пікірін жазатын дәптер арнап, оған оқыған кітабының авторын, кейіпкерлерін, ӛзіне не ұнап, не ұнамағанын жазып отыруды дағдыға айналдыруы тиіс.Оқушыға қандай кітап оқу керектігін дұрыс таңдап ала білу- мұғалімнің ерекше маңызды міндеті. Сонымен қорытындылай келе, әдебиеттік білім берудегі кітап оқуға үйретудегі басты мақсат - кішкентай оқырманды қалыптастыру. Кішкентай оқырманды қалыптастыру үшін ең бастысы кітап оқуға қызықтыра алуымыз керек. Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған білім беру жүйесін қалыптастыру жүріп жатыр. Әлемдік ӛркениетке қадам басқан еліміздің бүгінгі білім беру саласындағы бағыты - тілдерді жетік меңгерген, терең білімді, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. кӛтеріп, Болашақ ұрпаққа рухани еркіндіктің есігін айқара ашып, еліміздің еңсесін тұғырына қонған Тәуелсіздігімізді ғасырларға жалғастыратын жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу үшін білім саласында түбегейлі ӛзгерістердің болып жатқандығы қуантарлық жайт. Осы тұрғыда, оқыту үрдісінде білім беру мазмұнын жаңарту ӛте маңызды ӛзгерістердің сатысында тұр. Оқу бағдарламасы бойынша айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Тілді меңгертудегі төрт дағдының тиімділігі Мектеп қабырғасында отырған ӛскелең жас ұрпақтың озық ойлы, функционалды сауаттылығы жоғары, рухани тәрбиесі биік, саналы жеке тұлға болу жолындағы ізденістер мен ғылыми еңбектер қатары кӛбеюде. Осы тұста педагог қызметкерлер шәкірттерінің алғыр да ӛмір сүруге қабілеттілігін, жалпы ӛзіндік кӛзқарасын, ұстанымы мен сенімін қалыптастыруда үнемі еңбектеніп келеді. Жаңартылған білім мазмұны негізінде біліктілігімді арттырып, кӛптеген әдіс-тәсілдерді ӛз тәжірибемізге енгізіп оң нәтижелерді байқап, мемлекеттік тілді оқушыларыма меңгертуде кӛп кӛмегін беріп келеді. Тілді меңгерту барысында соңғы уақыттарда жиі айтылатын тӛрт дағдыға ерекше тоқталғанды жӛн санадым. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Ең алдымен, бұл тӛрт дағды бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сабақ барысында осы аталмыш дағдылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізілсе, оқушылардың тілді меңгерулеріне, функционалды сауаттылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазіргі таңда оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруларына ықпал етудің арқасында, сабақ барысында белсенділік пен кӛшбасшылық қабілеттерін байқатып, еркін білім алуға қадам басып келеді. Қазақ халқының «Тыңдаусыз қалған сӛз жетім» деп айтылуында да үлкен мән жатқан секілді. Тыңдалым білім алу барысында үлкен рӛл атқарады. Сабақтың кіріспе, негізгі немесе қорытынды бӛлімдерінде оқушы тыңдаған мәліметтері мен үнемі байланыс жасап отырады. Бейне баянды үнтаспадан немесе ӛз аузымнан оқылған мәліметті оқушы тыңдап, мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты алып, детальдарына мұқият үңіліп, кӛңіл-күйін анықтап, сӛйлеушінің қарым-қатысына, сӛйлеу барысында сӛйлемдердің грамматикалық құрылымына назар аударып отырады. Оқушылар тыңдалымнан кейін алған мәліметтерін қайта еске түсіріп, жаңа сӛздерді, жалпы мазмұнын, нақты мәліметтерді айтып, талқылауға арналған сұрақтарға жауап беріп, ӛз ӛмірлерімен байланыстырып отырады. Міне осыдан бастап тілді қабылдап үйренеді. Ал сол тілді қолданып сӛйлеу барысында кӛрініс табатын дағдының бірі - айтылым. Оқушылар осы тұста сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарының сӛзін байқап, түзетулер енгізіп, сӛздерін жоспарлап, орнымен дұрыс қолдана білуді, кезек алып сӛйлеуді, жест, мимиканы қолдану тағы да басқа бірнеше әрекеттерді орындайды. Айтылым дағдысында жиі қолданыс табатын бұл әрекеттер оқушының тілді еркін меңгеруіне, ӛзін-ӛзі реттеуіне септігін тигізді. Орыс бӛліміндегі оқушылардың қазақ тілінде таза әрі сауатты сӛйлеуін дамытуда жаттығулар орындатып, берілген бір сӛзге бірнеше сӛз тіркесін жасап, сӛйлем құрастыруына түрткі болып, бірнеше рет қайталату арқылы есте сақтауын басты назарда ұстаймын. Үй тапсырмасынан тыс оқушылар кӛрген ертегілерін немесе тарихи деректерді баяндату арқылы айтатын сӛзін дайындап, ойын жинақтап, алдын ала дайындық жүргізуіне мүмкіндік беріп, қолдау кӛрсетемін. Себебі айтылым, сӛйлесім дағдысы тілді меңгерушілерге ең басты құралдың бірі. А.Байтұрсынұлы былай деген: «Жаза біліп, оқи білмейтін де адам бола ма? - Жоқ. Жаза білетін демек, оқи да біледі деген сӛз». Ӛз тәжірибемдегі жиі қолданатын әдістерімді оқылым дағдысына негіздеп мақсатқа сай әрекет етуге талыпынамын. Оқылым дағдысын қарапайым тілмен түсіндірсек, жазба тілдегі мәтінді түсіну. Оқылым да, жазылым да тілдің графикалық жүйелері арқылы берілетіндіктен, оқылым жазылыммен тығыз байланысты. Сондықтан тілді меңгертудің алғашқы бастауларында оқылым мен жазылымды ӛзара байланыстыра қолдану әлде қайда ұтымдырақ бола түседі. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап кӛрсеткен. ғаламдық Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты кӛруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы ӛмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.Тыңдап - түсіну, кӛріп - байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау - сӛйлеу - оқу - жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сӛйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. Тыңдап - түсіну, кӛріп - байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі - аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. Мәтінді оқу барысында белгілі бір нақты ақпаратты табу, детальды түрде оқу, мәтіннің түріне қарай ажырату, бейтаныс мәтінге болжам айту сияқты тағы да бірнеше ішкі дағдыларына сай білімдерін толықтырып жұмыс жүргізеді. Демек, оқушы бір мәтіннің аясында бірнеше жұмыс жүргізіп, мәтінге немесе суретке, үнсіз бейне таспаға қарап ӛз болжамын айтып, мәтіннен белгілі бір детальды тауып оқып, бейтаныс сӛздердің мағынасын біліп, стилін анықтайды, бір-біріне топтық жұмыста түсіндіріп, топтасып жұмыс жасайды. Ӛзіміз сабақ беретін сыныптарға қазақ тілі пәнінен белгілі бір мәтінді бірнеше бӛлікке бӛліп, тыңдалымнан кейін бӛлінген мәтінді дұрыс құрастыру немесе бӛлімге бӛліп мәтінді басынан соңына дейін дұрыс орналастыру, сұрақты оқушы шатастыратындай етіп қоя отырып, мәтінге мұқият үңіліп оқуына түрткі боламын. Оқушылардың мәтінді жан-жақты оқып, талқылауы арқылы тілді меңгерулеріне болатыны тәжірибеде айқын байқалуда. Тілді қолданып сӛйлеу немесе жазу продуктивті дағдылар қатарына жатады. Жоғарыда айтылғандай, оқылым мен жазылым қатар жүреді. Тіл үйренушіге әріптер мен сӛздерді пайдалана отырып сӛйлем құрай алуы маңызды қадам. Сӛздерді орынды пайдаланып, сӛйлемдер құрап ӛзінің ойын, түсінгенін қағаз бетіне түсіре алу жақсы нәтижеге қол жеткізудің баспалдағы. Жазылым барысында оқушы орфографиялық қатесіз жазуға, әріптерді дұрыс жаза білуге, пунктуацияны дұрыс қолдануға, абзацты дұрыс ұйымдастыра білуге, стилді дұрыс таңдай алуға, сауатты жазуға біртіндеп үйрене бастайды. Әрине, күнделікті сабақ барысында осы дағдыларды үнемі тиімді қолданар болса, ӛзінің тиімділігін уақыт ӛте келе кӛрсетеді.Оқушы бойында шапшаңдық, алғырлық, ӛзіне қажет мәліметтерді тыңдап, ойын жеткізе алу, қатесіз оқуға және сауатты жазуға деген бірнеше ӛзгерістерімен қоса дағдылары да дами түседі. Мәтінмен жұмыс барысында аталмыш тӛрт дағдыны қатар тиімді әрі оқушылардың деңгейіне сай жүргізуге болатынын байқадым. Бір мәтін аясында бірнеше тапсырманы орындап, оқушының тілді меңгеруіне айтарлықтай оң ықпалын тигізеді. Тұла бойы ұлттық тәрбиеге тұнып тұрған ұлт жанашырын тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің атқарар ерен еңбектері кӛп. Ӛз ана тіліңнің бүге-шігесіне дейін баланың бойына дарытып, кӛкейіне құйып, санасына сіңдіру - үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл жауапкершілікті қалт жібермей мүлтіксіз орындау маған сын. Осы сынға сыни қарап, алға ұмтылу мені үнемі мақсатқа жетелейді. Ғасырлардан жылжып, тарихтан сүрінбей келе жатқан ана тіліміздің кемеліне жетіп толысуына үлес қосқан алаш зиялылары, ақын-жазушылар, ғұламалар әрбір баланың санасына жетіп, есінде сақталуы қажет. Олардан қалған ғұмырлық қазынаны тіл арқылы аманаттаймыз. Бұл, әрине, тіл жанашырларының және қазақ әдебиеті мұғалімдерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде келер ұрпаққа жетіп отыр емес пе? Тӛл тіліміздің қыр-сырына үңіле қарап, дыбыстың ерекшелігіне дейін меңгерту нәтижесінде сауатты ұрпақ тәрбиелейтініміз жасырын емес. Бұл тағы да тіл мамандарына міндеттелген. Сондықтан қызын арға, ұлын нарға балаған қазақ арасында ӛз ойын сауатты жаза да, сӛйлей де білетін, сӛйлеу мәдениетін жетік меңгерген текті ұрпақ тәрбиелеуде, қымбатты біздің әріптестеріміз, сіздердің де қосып жатқан үлестеріңіз ұшан теңіз деген сенімді пікірдеміз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11