Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі.

ЕлбасымызН.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.

Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден -бір дара жолы -білім жүйесі.Орта мектеп -білім жүйесінің ең басты буын.Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі экономикалық , экологиялық дағдарыс кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында .

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет білімді де білікті жас ұрпақты тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың логикалық ойлау қабілеті жоғары болуы қажет.

Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқаруы қажет.Оқушылардың білуге деген қызығушылығын арттыру үшін:

  • оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыру қажет;

  • өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырып отыру қажет;

  • оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек.

  • сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.

Жалпыға бірдей орта білім беру кезеңінде мұғалім оқушылардың бәрін бірдей жакқсы оқытуға міндетті. Сондықтан қазіргі кезде мектептерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды, пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет – оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру.

Оқушылардың білім деңгейлерін төмендегі -олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланудан , жүйені еңбектің жоқтығына.Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты- оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету.Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру тжәне интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.Оқытудың нәтижесі көбінесе оқушылардың сол пәнге деген қызығуынан туындайды.Биология пәніне қызығуды тек сабақ үстінде түрлі кестелерді , суреттерді, ылғалды препараттарды т.б көрсету арқылы ғана емес, сондай-ақ оқушылардың тірі табиғатпен , қоршаған ортамен қарым-қатынас арқылы да оятуға болады.Сондықтан өтілетін сабақтың тақырыпқа сай, биологияны, экология,география, физика, математика,тарих, сияқты пәндермен кіріктіре отырып өтсе, оның нәтижесі өте тиімді болады.

Биология сабақтарында және сыныптан тыс жұмыс жүргізуде биологиялық ойындардың маңызы зор. Олар тез ойлануға, білгенің еске түсіруге, көргенің есте сақтауға, сезім мүшелерінің жұмысын дамытуға мүмкіндік туғызады.мұндай ойындарды биология сабағында, кештерде биологиялық апталықтарда қолданудың маңызы зор.Осы ойындар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуы арта түседі. Сонымен қатар ойын түрінде жұмбақтарды, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдалану оқушылардың алғырлығын , тапқырлығын, дүниетаным шеңберінің өсуіне көмектеседі.

Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабақта үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кедер жиі кездеседі.Өйткені ойын кезінде олар тең құқыққа ғана қолы жетіп қоймай, басқаларды өзіне қарататын мүмкіндікке ие болады.Олардың әрекеттері еркін және батыл, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды.Басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп, оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек.Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет.Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды , белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет.

















Абай атындағы орта мектебі











Тақырыбы:



Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі.





























Биология пәнінің мұғалімі: Э.Қуандықова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
705
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12