Материалдар / Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы- үйірме.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы- үйірме.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру туралы түсінік, пайдасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2024
78
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме.

Қазір қоғамда баланың назарын аударатын дүниелер көп. Әлеуметтік ортаға енді қосылып келе жатқан бала еліктегіш боп келеді. Осы уақытта баланы жан-жағына алаңдатпай, жаман әдеттен аулақ болуы үшін өзінің қызығатын нәрсесіне көңілін аударту керек.



Ата-аналар да балаларының мектептен тыс уақытта бос болмай, пайдалы іспен айналысқандарын дұрыс көреді. Сондықтан да балаларының икемдеріне, ыңғайларына қарай өздерінің қалталарына қарап олардың әрқайсысын мектептен тыс ұйымдарға, анығы, үйірмелерге жаздырып жатыр. Бүгінде үйірме атаулының сан түрі бар. Әрине сұраныс болғаннан кейін ұсыныс та көбейіп келеді. Жасөспірімнің бос уақытын ұтымды пайдалану, бойда ашылмай жатқан сан қырлы талантты ұштап, өрбітуге мүмкіндік беретін тәрбие жолы десек қателеспейміз. Уақытты тиімді өткізу әсіресе бала тәрбиесінде өте маңызды. Баланың уақытын қалай басқарған жөн? Оны қандай үйірмеге берген дұрыс? ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 1 қыркүйекте өткен жолдауында айтылған балаларды бұқаралық спортпен айналысуға белсенді тарту туралы тапсырмасы бүгінде оң шешімін тауып жатыр. Соның айқын дәлелі күннен күнге қатары көбейіп жатқан балаларға арналған тегін шығармашылық және спорт, тілдік бағыттағы, техникалық бағыттағы үйірмелері. Бүгінде Түркістан облысы бойынша тегін үйірмелер, яғни қосымша білім беру ұйымдары көптеп ашылуда. Атап айтсақ Кентау қаласында орналасқан «Кентау оқушылар үйі» мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорны кеңейтіліп, қосымша ғимарат пайдалануға беріліп, жаңадан техникалық және спорттық бағыттар қосылған болатын. Қазіргі таңда 1400 ге жуық оқушыны бейініне, қызығушылықтарына қарай 5 бағытта, 23 түрлі, 49 үйірме жұмыс жасап тұр. Білікті де білімді өз ісінің шебері, педагогтар өз үйірмелерінің бағдарламаларын түзіп, оқушыларына сапалы және нәтижелі білім беруде. Оның нәтижесін жетекшілер мен оқушылардың халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулардан үнемі жүлделі орындарға ие болуын айтсақ болады. Олардың ішінде Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында өткен Республикалық «Бояулар құпиясы» атты байқауда, «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты Республикалық жарыста, Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Turan Balafest» үздік телебайқауында эстрадалық вокал, би номинациясы, сахналық қойылым номинациясы бойынша, «Ғұмырдария» продюсерлік орталығының республикалық байқауларында, Қалалық спорт бөлімінің ұйымдастырумен өткен классикалық шахмат бойынша, ІІІ Республикалық «Арт-Колонок-2023» байқау-фестивалінде, ҚР оқу ағарту министрлігі республикалық «Мағжан оқулары» конкурсында бас жүлде, І орын дипломдарымен марапатталған оқушыларымыз бен жетекшілеріміз аз емес. Бұл облыс, қала бойынша жақсы бет бұрыс, нәтиже деп білемін. Ата-ана өз баласының бос уақытын тиімді пайдалану керектігін өзі де өз баласына да ұғындырып бастағанының белгісі деп ойлаймын, және осы ашылып жатқан үйірмелердің басым бөлігі тегін болып келеді. Қызығушылығы бойынша үйірмеге қатысқан балалардың логикалық және зияткерлік ойлау қабілеті дамыған, сондай ақ темірдей тәртіпке үйренеді. Баланың ой өрісінің қалыптасуы күрделі процесс. Білім беру жүйесіне құрамдас баланың шығармашылық қабілетімен дербестігін дамытатын ұтымды тағы бір жолы үйірме екені белгілі. Осындай балалардың ашылмаған сан қырлы талантын ашуға септігін тигізіп жүрген жандар аз емес. Баланың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме деп ойлаймын, оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады. Өз қызығушылығын дұрыс таңдап, сол үйірмеден алары көп және педагогпен бірлескен жауапкершілікпен берілген немесе алынған білімнің нәтижесі міндетті түрде керемет жетістіктермен көрініс алады. Жетістікке қол жеткізіп өз бағыттары бойынша байқауларда орын алып жүрген бала мен жетекші аз емес. Сондықтан әр ата-ана өз баласының болашағына үлкен жауапкершілікпен қараса, біздің еліміздің, біздің балаларымыздың болашағы өте керемет болады деп білемін.

Түркістан облысы, Кентау қаласы,

«Кентау оқушылар үйі» МКҚК

Директордың бейіндік оқу орынбасары Смадиярова Гаухар Сарсенқызы













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!