Мағжан Жұмабаев ауданы
Возвышенка орта мектебі
Оқушылардың сауатты жазуын және дұрыс сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып мұғалімі:
Серекеева Б.Т.
Оқушыларды сауатты жазуға үйрететін негізгі пән – қазақ тілі. Бала сауатты жазу үшін қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс. Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғарғы сыныптарда оны толықтыра алмайды. Сондықтан оқушының сауатты, таза жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп, олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн. Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі, яғни ана тілі пәнімен тікелей байланыста болады.Кітап оқи алмаған оқушының сауатты жаза алмайтыны белгілі. Сауатты әрі әдемі жазуға дағдылануы қаламды дұрыс ұстаудан басталады.Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты да жаза біледі. Қатесіз жазуды меңгеруде оқушылар әріп пен дыбысты айырып, әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар екенін ажырата біледі. Мысалы: «ана», «домбыра», «асық» сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бірінші әріпті өткен күннен бастап-ақ ажырата білуге, сонымен бірге тақтаға жазылған әрбір әріп, әрбір сөз, сөйлемді дауыстап оқытып, оны іштей қайталатып, естеріне сақтап жазуға үйрету керек. Бұл, біріншіден, баланың есту қабілетін жетілдіруге пайдалы болса, екіншіден, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс ажыратуға, үшіншіден мәтінді немесе сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазуға көмектеседі.Кейде жұмыстың түрін өзгертуге суреттер іліп, соның аттарын өздеріне жаздырып, жазған сөздерін, сөйлемдерін өздеріне, қатар отырған қасындағы балаға тексерту жөн. Қате жіберген оқушы қатесін жолдасының түзеткеніне намыстанып, сауатты жазуға талаптанады. Бұл тәсілдің тиімділігі олар бір-бірінен көшірмейтін болады.Әріп(1-сыныпта), буын,сөздік диктантын орынды жүргізіп, онда жіберген қателерін қайталап жаздырып, сол сөздерді қатыстырып отырып,сөйлемдер құратып астын сыздырамын.
Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі – сабақ үстінде ойын элементерін пайдалану. Ойын оқушыларды сабаққа қызықтырады, материалды тез қабылдап, есінде ұзақ сақтауға көмектеседі. Ойының түрлері өте көп, солардың ішінде сауатты жазуға үйретуде сөздік ойынның пайдасы ерекше.
Мысалы: «Есіме жаттап сақтайын» ойыны.
«Ый – и» әріптерінің емлесіне байланысты жазылатын сөздер –сый мен –тый – бұлар түбірлестер. Оған мысал: «Сыйға-сый». «Көзің ауырса, қолыңды тый», қалған сөздерде жалаң «и» жазылады. «Егін, шөпті уақытында жи».» Оюды қайшымен қи» – деген сияқты сөздерді жиі сұраймын. Қорыта келгенде дауыссыз дыбыстардан кейін жалаң «и» жазылуына ерекше тоқталған дұрыс.
«Я» әрпіне жүргізілген ойында и + а = я; қояң, аяқ, таяқ, аяз, таяқ т.с.с. құраған сөздердің қатесіз дәптерге жаздыртып, өздеріне тексерту, осындай сөздерге қатысты жұмбақ шешкізіп, тасымал тақырыбына байланысты бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді дұрыс жазуға, «Кім көп сөз тауып жазады?» ойынын жарыс түрінде жүргізген тиімді. Жазған сөздерінің сауаттылықтары тексеріледі. Бұндай ойын түрлері оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелейді.
Ұлттық ою - өрнектерімізді көрсетіп, олардың аттарың ататып, дәптерлеріне қатесіз жаздырамын. Сонымен бірге туыстықты білдіретін немере, шөбере, аға, әпке, сіңлі, нағашы т.с.с. сөздерін жаздырып, талдау жасатамын. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз. Мақсатымыз оқушыларды сауатты жазұға үйрету.
Қазақ тілінен ғана сауатты жазумен шектелмей, сонымен бірге ана тілінен бағдарламалық жаттаған мақал – мәтелдерді, тақпақтарды жатқа жаздыртып, сауаттылығын тексертіп отырамын. Көбінесе жұмбақтар ұлттық дәстүрге, әдет – ғұрыпқа байланысты алынады.
Мысалы: Аттан биік. Қойдан аласа.(Ертоқым)
Бұралып қос құлағы.
Күмбір қағып тұрады.(Домбыра)
Жұмбақтарды қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену оқұшының есінде ұзақ қалады, екіншіден, сауаттылыққа үйренеді, әрі ойы дамытылады, дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады. Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға қоюмен шектелмей, қате жібірген сөзді қатыстырып, сөйлем құратып, қатесін түзеткен – түзетпегендерін байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыру керек. Әрі таза, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір – біріне беру, көрсету, салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді.
Әріптерді анық дұрыс жазуда үш мәселеге ден қойған дұрыс.
-
Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.
-
Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.
-
Балаларды жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият қарауға жаттықтыру.
Тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жазғызу пайдалы. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астын сыздырып, талдау жүргіземін.
Күнделікті сабақта оқушының жазу сауаттылығына үнемі мән берілсе, онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидақтиқалық материалдарды пайдалануға көңіл бөлемін.
Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып еске сақтауын
қадағалаймын. Оқушылардың көбі мәтіндегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді. Бұл бас әріп, кіші әріп түрі мен тұлғаларын, әріптің баспа түрі мен жазба түрін білмеуінен болады. Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді.
Мысалы: кейде «ұ» әрпін «ү», «ы» немесе «і», «о» әрпін «ө», «т» әрпін «д», «с» - ны «ш», «ң» - ды «н» деп айтады.Кейбір оқушылар әріптің негізгі форасын сақтамай және оларды бір-біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді. Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды, Қатенің бір түрі сөз мағынасын дұрыс түсінбей жазудан болады. Мысалы: «тастама» сөзін «тыстама», «кішкентай» сөзін «киттей», «ештеңе» сөзін «іштеме» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап кету, бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кету жиі кездеседі.
Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отыру керек.
-
«Біріккен сөз» тақырыбын өткенде күнбағыс, итмұрын, асқабақ сияқты өсімдіктердің, аққу, бірқазан, көкқұтан сияқты құстардың суреттері бойынша ауызша сөйлем құратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып қойып, жатқа жазғызып, біріккен сөздердің жазылуын меңгерулеріне аса көңіл бөлемін.
-
Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана – данышпан, ақылды, білімді т.с.с.
-
Мәнерлеп оқу – сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады. Оқу – жазуға үйретудің алғашқы кездерінен бастап балаларды түсініп оқуға үйрету керек. Түсініп оқу кезінде баланың оқыған әрбір сөзді нақты затпен байланыстыра алуы, оқығанына мән бере білуі, оқыған сөздерінің бір-бірімен байланысын, түсіне білуін ескеруіміз қажет. Оқушыны шығарманы түсініп оқуға төселдірудің бір жолы - әңгімелесу арқылы өткізу. Алдын-ала әңгімелесу балалардың бұрын көрген – білгендерін еске түсіру мақсатымен жүргізіледі. Балалардың оқығанын көз алдына елестетіп, қатесіз түсініп оқу. Сөйтіп оқушылар саналы түрде сауатты оқуға үйренеді.
Оқу – жазудың алғашқы кезінде асықпай жай оқыту керек. Бірте-бірте балалардың оқу шапшаңдығын арттыру шарт. Оқушыны шапшаң оқуға дағдыландыра отырып, мұғалім белгілі шамадан асып кетпеуі қажет. Оқу шапшандығы мен түсіну шапшаңдығы қатар дамуы тиіс. Балалар оңай түсінетін тым жеңіл әңгімелерді, ертегілерді ешбір дайындықсыз оқуға болады. Шапшаң оқу дауыс ырғағын келтіріп оқумен тікелей байланысты. Тым асығып оқыған бала дауыс ырғағын келтіріп оқи алмайды. Оған үйретудің ең тиімді жолы – қайыра оқыту. Бірақ балалар мәтіннің мазмұнын ұғынып, оны қызығып оқитын болуы керек. Сонымен оқушы дұрыс түсініп,әрі мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыланған сайын оқытудың мәні арта түседі.
4. Оқушыларды қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып, оны орнына қойып, үйлестіріп жазу, берілген сөздерден сөйлем құрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу сауаттылыққа көмегін тигізіп отырады.
5. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама, шығарма, диктанттардың пайдасы зор.
Диктанттың түрлері көп.
Әріп диктанты.
А, т, п, н әріптерін жаздыру, жазғандарын оқыту, тексерту.
Буын диктанты.
Та, па, на, ға буындарын жаздыру, дыбыстық талдау жасату.
Сөздік диктанты.
Ана, апа, парта, нар, аға, сөздерін жаздыру, буынға бөлдіру, дыбыстық талдау жасату.
Өздік диктанты .
Өтілген әріптерді жатқа жаздырту.(а,т,п,н,г,р,л ).
Көру диктанты.
Сау, тау,ау, тас, тара, су, ту.
Сөздерді жатқа жаздырту.
Ескерту диктанты.
Айна, алма ал. Аға, ау ал.
Апа, нан тура.
Осы сөйлемдерді естілуі бойынша жатқа жаздырту.
Графикалық диктант.
![]()
Берілген сызбаға сәйкес сөз жаздырту.
Шығармашылық диктанты.
Өседі, көкөністер, бақшада.
Көп, дүкенде, көкөністер.
Жеу, керек, оларды, жуып.
Бақылау диктанты.
Әр диктантты өткізгеннен кейін қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып, астын сыздыру натижесін береді. Оқушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшін оларға кітапты көп оқу, қалай оқу, қалай пайдалану жөнінде айтып отыру керек. Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың ерекшілігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады.
Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып, жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем, қатесіз, сауатты жазу - өнер. Қатесіз жазуға, мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру – сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету - әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз