400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Оқушылардың сөйлеу шеберлігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының сөйлеу шеберлігін дамытуда

қазақ әдебиеті пәнінің ерекшеліктері


Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркінсөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне, сөйлеу шеберлігіне, сөз өнерін орнымен қолдана білуіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. Тіл дамыту – жүйелі түрде үнемі жүргізіліп отыратын оқу жұмысы.

Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай жасау және осылайша оған түпкілікті өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім берудің түпкі мақсаты», - делінген. Бұл тұжырым тікелей тіл дамыту алдындағы қазіргі мақсатты айқындайды. Сонымен тіл дамыту арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру, олардың қабілеті, дарынын дамыту, өзін-өзі тануына тікелей ықпал теу, өмірге бейімдеу қазіргі тіл дамытудың негізгі мақсаты болып табылады.

Тіл дамыту жұмысы екі бағытта жүргізіледі:

  1. Ауызша тіл дамыту

  2. Жазбаша тіл дамыту

Ауызша тіл дамыту

Жазбаша тіл дамыту

1. Көркем әдебиет оқу (Сыныптан тыс оқу)

2. Пікірталас

3. Рөлдік ойындар

4. Сыныптан тыс шаралар

5. Топтық жұмыс барысы


1. Көркем шығармаға жоспар құрғызу.

2. Кейіпкерлерге мінездеме жазу

3. Сурет бойынша әңгіме құрау

4. Тақырып бойынша мәтін құрастыру, ой толғау жазу

5. Бір жағдаят бойынша әңгіме құрау

6. Мәтіннің алғашқы бөлігін оқып, жалғасын дамытып жазу.

7. Ұсынылған тақырыпқа сценарий жазу

8. Әдеби кейіпкерлермен сырласу, оларға ашық хат жазу

9. Тақырып барысында айтылған, оқулықта жазылған нақыл сөздерді жинақтау.

10. Тақырыптық және еркін тақырыптағы шығарма жазу

Ауызша тіл дамыту жұмыстары бойынша пайдаланғандарым:

Көркем әдебиет оқу – рухани қазына. Тіл құдіреті мен әдебиет күші адамды рухани байытып, жанын сұлуландырады, ізгілікке, адамгершілікке баулиды. Бұл орайда пәндік сабақтарға ғана арқа сүйеп қоймай, сыныптан тыс оқу бойынша дәрісті дамыта түсу керек. Сыныптан тыс оқуға тапсырма берілген кезде, әрбір оқушы өзі оқып шыққан шығармаларының авторын, негізгі кейіпкерлерін, қысқаша мазмұнын, өздеріне ұнаған, ерекше әсер қалдырған тұстарды айтып шығады. Қалған оқушылар оларды беріле тыңдап отырады. Шығарма соңы немен аяқталатынына қызығады. Бұл жұмысты 6-сынып оқушыларымен жүргіздім.

Мысалы:

  1. Махмутова Азиза

  • Д.Дефо «Робинзон Крузо»

  • Қозы Көрпеш – Баян сұлу

  • Б.Майлин «Шұғаның белгісі»

  • С.Мұқанов «Сұлушаш»

  • Р.Стивенсон «Қазына аралы»

  1. Мұхтарқызы Тоғжан

  • Алдар көсе

  • Қозы Көрпеш – Баян сұлу

  • Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы І, ІІ том.

  • Дж.Лондон «Тектік сарын»

  • Дж.Свифт «Гулливердің саяхаты»

  1. Қосберген Салтанат

  • Р.Стивенсон «Қазына аралы»

  • Ж.Верн «Он бес жасар капитан»

  • М.Твен «Том Сойердің басынан кешкендері»

  1. Қуандық Гүлнұр

  • Д.Гринвуд «Өгей бала»

  • Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

  • М.Дулатов «Оян, қазақ!»

  • А.Құнанбаев. шығармалар жинағы І, ІІ том.

  1. Өтемұратова Қымбат

  • Д.Дефо «Робинзон Крузо»

  • М.Твен «Том Сойердің басынан кешкендері»

  • Дж.Свифт «Гулливердің саяхаты»

  • А.Беляев «Адам – балық»

Оқушылар шығармаларды сыныптан тыс оқу кезінде мазмұндап айтып берді. Көркем шығармаларды мазмұндау – оқушылардың жетік сөйлеуі арқылы шебер сөйлеуге жеткізеді.

Рөлдік ойындар кезінде оқушылар өздеріне бөлініп берілген кейіпкердің образын сомдауға тырысады. Мысалы, 8б-сынып оқушыларына Д.Исабековтың «Әпке» драмасын өткен кезде, драмадан берілген үзіндіні оқушылар рөлдік ойындар бойынша сомдап шықты. Сонда байқағаным – оқушылардың рөлдік ойындарға қызығушылығы басым екендігі және өзі сомдап тұрған кейіпкердің образына толық енгісі келіп, бет-жүз қимылдарымен келтіріп тұрды. Олар: Шынберген Мирас, Пірназар Гүлзат, Қуаныш Мағжан, Ибатай Наурызбек, Шалабай Байжан, Шарапи Нұртуған, Владимир Зарина, Бағыбергенова Салтанат, Әбіл Әсел, т.б. әлсіз, көбінесе сабаққа енжар араласатын оқушылардың өзі сабақтың келесі екінші сағатында өздері сұранып, рөлдік ойынды тағы жүргізуге ұсыныс жасап, сабаққа қатысты. Бұл – оқушылардың белгілі бір тыңдармандар алдында қысылмай, жетік, тілі жатық шебер сөйлеуіне жол ашатын бірден-бір тіл дамыту жұмысы.

Жазбаша тіл дамыту жұмыстары бойынша жүргізгендерім:

Көркем шығармаға жоспар құруды екі сағатқа берілген ұзақ шығармаларды талдау кезінде пайдаландым. Бұл бір жағынан шығарма мазмұнын қысқаша еске салып тұрса, екінші жағынан талдау ретінде болады. Және де осы жоспар құруды мазмұндама жазу барысында да құрамыз.

Кейіпкерге мінездеме жазу, сурет бойынша әңгіме құрау, тақырып бойынша ой толғау жазу жұмыстарын жиі жүргіземін. Және де оқушыларға «Шығармашылық жұмыс» деген дәптер арнатып, сол дәптерге өздерінің жазған жұмыстарын жазғызып, жинатып отырдым. Осы оқушылар жазбаша тіл дамыту жұмысын жазып келеді және оны оқушылар ладында оқиды. Яғни жазба жұмысын қалай көркемдеп жазса, дәл солай оқып береді. Бұл да шебер сөйлеуге жаттықтыратын әдіс деп есептеймін. (бір оқушының ашық хатын немесе кейіпкерге хатын оқып беремін)

Тақырып барысында айтылған немесе оқулықта жазылған нақыл сөздерді бір дәптерге жинақтау мақсатында «Білімдіден шыққан сөз» деген айдармен 6-сыныптың әр оқушысына дәптер арнаттым. Бұл қазақ тілі пәні бойынша жүргізілді. 6-сыныптың қазақ тілі оқулығында әр тақырыптың соңында нақыл сөздер беріліп тұрады. Оны оқушыларға әдейілеп тапсырма бермесең, оқымайды. Сол себепті оқушыларға дәптер арнатып, сол дәптерлерді әр тоқсан соңында жинап алып, «Тексерілді» деген белгі соғып отырдым. Бұл дәптерді қалдырмай жазыған оқушылардың еңбегі ескерілетінін айтып отырдым. Бұл дәптерді жүргізудегі мақсатым – оқушылар тек оқу арқылы ғана шебер сөйлеуге жаттықтырмай, оқып отырған нәрсесін жазбаша түрде дәптерге түсіру арқылы да жаттықтыру.

Қорытындылай келгенде, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауызша сөйлеу, жазбаша жазу дағдыларын дамытады. Ең бастысы, өз ойын әсерлі де еркін жіткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына себеп болады.


Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Басықара ауылы

№182 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Баймагамбетова Жанар Алмасовна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
617
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі