Материалдар / «Оқушылардың шығармашылығын дамытуда жаңа оқыту технологияларының маңызы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оқушылардың шығармашылығын дамытуда жаңа оқыту технологияларының маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың аспапта ойнау іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы мынадай кезеңдерді білу қажет деймін. Балаларға ыңғайлы шығармаларды жоспарлау, соған лайықты ноталарды дайындау, іске асыру, шығармалардың мақсатын, мазмұнын түсіне отырып өздіктерінен дұрыс орындалуын бақылау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
348
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

" БҚО әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" МКҚК

Есмагамбетова Динара Еребековна- директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары; домбыра класының бірінші санатты оқытушысы


«Оқушылардың шығармашылығын дамытуда
жаңа оқыту технологияларының маңызы»


Қазіргі таңда білім беру үрдісінде жаңа бағдарламалар кең етек алуда. Олай дейтініміз жас ұрпаққа сапалы білім беруде оқыту технологияларының өріс алуы, Елбасының жолдаулары, мемлекеттің жылдарға негізделген бағдарламалары бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуында Қазақстан мемлекетінің мәртебесін көтеретін бірде – бір мәселелер.
Мысалы: «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімде мақсатты қоя отырып, биік деңгейге, нәтижелерге жету үшін білім беру ұйымдары алдында күрделі міндеттерін қойса, Елбасының жолдауы осы міндеттерінің орындалуының алғы шарттарына жол ашу болып табылады. Ал жаңа оқыту технологияларының жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыруда білімнің жан – жақтылығын, өзектілігін шәкірт бойына сіңіре отырып елінің саналы да, сауатты, бәсекеге қабілетті мемлекетті құрай алатын, елінің ертеңіне үміт күттіретін білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Елбасының өзінің халыққа жолдауларында, оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарына тоқталуы біздің алдымызға үлкен міндеттерді жүктейді. Қосымша білім беру ұйымы балалардың бос уақытын тиімді пайдаланумен қатар оқушының еркіне қарай үйірмелерді таңдауына, бір немесе бірнеше үйірмелерге қатысуына, өз бетінше жұмыс түрлерін ұйымдастыруға жағдай жасайтын орта. Яғни тәрбиеленуші бұл ұйымда жеке топпен, ұйыммен жұмыс жасайды. Осыған орай өзім дәріс беретін музыка мектебінде оқушыға аспапты жетік меңгертуге арналған тәжірибеге тоқталсам деймін.
Аспаптың қыр – сырын үйретуде алдымызға мынадай өзекті мәселелерді қою қажет.
Әрбір оқушылар:
1. Алған білімдерін пайдалана білетін;
2. Кез –келген ортада ашық, өз орнын таба білетін;
3. Келешегін білетін, бәрін түсінетін, ертеңіне сенімді;
4. Музыкалық сауаты жоғары, қазақ халқының өнерін ту етіп ұстайтын, алдына мақсат қоя білетін оқушы болса….
Оның өзектілігі;
І. Қазақ халық аспабының ұрпақ тәрбиесінде алатын орнын ұрпаққа жеткізу;
ІІ. Ата – бабамыздың мирас болып келе жатқан ұлттық жәдігерімізді насихаттау.

Ал мәселені шешуде мынадай міндеттер қою керек:
1. Ұлттық аспаптардың тарихын жан – жақты жеткізу.
2. Аспапты ойнауды жоғары дейгейде меңгерту.
3. Жоғары деңгейдегі лауреатты шығару.
Бүкіл елімізде жүзеге асырып жатқан мектеп әр реформасында
тәрбиеге байланысты барлық мәселелер қаралған. Музыка мектебінде балалар тәрбиесінде олардың табиғи дарындылығын, қабілетін негізге алу талап етіледі. Музыка тәрбиесі – табиғи тәрбие. Оқушылардың эстетикалық көзқарасын жан – жақты дамыту, туған елінің музыкасын түсінуге дағдыландыру. Шығармалардың үлгілерімен таныстыру және үйрету басты орын алады. Бұл орайда оқытушының ролі зор. Сыныптағы балалардың өнер түрімен таныстырып, оларға қызығуын, ынтасын арттырып отыру, аспапта ойнау шеберлігін арттырып отыру әр педагогтың алдына қойған міндеті. Музыка мектебінде оқитын балалардың барлығы бірдей болмайтыны мәлім. Сондықтан әлсіздеу балаларға арнап жеңіл шығармалар қосу қажет. Аспапта ойнау бойынша әр баланың өзіндік қасиетін танып, творчестволық белсенділігін көріп, олардың дарын мүмкіндігін айқындау . Баланың музыкалық орындау тәсілін жетілдіре түсудің ең басты шарты оң қол мен сол қолдың еркін , әрі табиғи ұстауға үйрету.
Балалардың аспапта ойнау іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы мынадай кезеңдерді білу қажет деймін. Балаларға ыңғайлы шығармаларды жоспарлау, соған лайықты ноталарды дайындау, іске асыру, шығармалардың мақсатын, мазмұнын түсіне отырып өздіктерінен дұрыс орындалуын бақылау. Сабақ барысындағы оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы. Осы жағдайларды ескере отырып өз класының балаларына аспапта ойнаудың тәсілдерін қалай үйрету қажет:
1. Әрбір шығармаға байланысты
2. Балалар қабілетіне қарай
3. Оқушының өзінің таңдауы бойынша
Осы міндеттерді сабақта және сабақтан тыс уақытта жүзеге асыру. Сабақта оқушыға аспапты үйрету барысында жаңа оқыту технологиялармен жүзеге асыру.
Әрине қазіргі таңда оқу технологияларының 50-ге тарта түрі білім ошақтарында кеңінен қолданылып келеді. Ал, бұл технологияларды сабақ үрдісінде қолдану әр ұстаздың өзіндік шеберлігінде. Дегенмен, шәкіртке сабақ беру түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану, білім үрдісіндегі жаңа ақпараттармен, жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру ол педагогтың еңбегінің жемісі. Әр ұстаз өзінің мақсатына жетуде іздену арқылы талмай еңбек еткенде ғана жетеді дей келе оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс – әрекетін демеп, қабілетін дамытып шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуда және тежеуге үйрететін мұғалім. Олай болса баланың шығармашылық қабілетін дамытуда сабақты бір сарынды өткізбей, заман ағымына қарай жаңа оқыту технологияларымен жүзеге асырайық дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!