400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашыл тұлға қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы





БАЯНДАМА

«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін

арттыру жолдары».



Павлодар облысы Тереңкөл ауданы

«Тереңкөл ауданының Қызылтаң жалпы

білім беретін орта мектебі» мемлекеттік

мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі: Турсунова Бакытгуль Кайраковна










КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде «әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы – жеке адамның дарындылығын таныту», - деп көрсеткен [1].

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған [2].

Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат- өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділі-гін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып, оқу үрдісін жүргізуі керек.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмты-лу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілетте-рін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. «Шығармашы-лық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығар-машылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» – дей келе, «шығармашылық шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашы-лық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағын-да, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті». Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».

М.И.Махмутов шығармашылықтың мынадай анықтамасын ұсынған: «Шығармашылық-эвристикалық қызмет, оның мәнін тез түсінуден, негізгі идеяны, ұғымның мәнін аңғара қоюдан, күтпеген жерден әрекет тәсілін тауып алудан тұрады. Шығармашылықпен ойлаудың белгісі үйреншікті нәрседен аулақтап, одан дер кезінде қол үзе білу, басқаша емес, солай ғана ойлау-әдет күшін жеңе білу».

Л.С.Выготский: «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекетті» атаған.

Шығармашылық – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи үдерісі үздіксіз жүріп жатады. Бұл үдеріс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық үдерістерді табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқылу талаптарына сай болып келу қажет. Бұл аталған талаптармен бірге мұғалім күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. Осындай талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштар-лығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі.
НЕГІЗГІ

Сабақ беру үдерісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой- өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет-оқушыларды білімді шығармашылықпен меңгеруге дағдыландыру, шығармашылық әрекеттерін, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, жан-жақты дамуына көңіл бөлу. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушылардың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет. Шығармашылық-оқушы белсенділігі мен іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін-оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең-жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби-шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс түрлері жүргізіледі:

  1. Шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазу.

  2. Кейіпкерлер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру.

  3. Шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу.

  4. Шығарманың белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезең-қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең-оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушы шығармашылығын арттыра аламыз.

  1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).

  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру, мәтін бойынша шешендік сөз құрастыру).

  3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).

Үшінші кезең-тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, шағын ғылыми жобаларды қорғайды, әңгіме жазады. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың басы оларды өз беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмаларға төселдіруден басталады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Көркемсөз оқу, жыр мүшәйрасы байқауы, түрлі тақырыптағы танымдық шаралар, пәндік олимпиадалар, апталықтар, кештер, рефераттық және ғылыми жоба қорғау, конференция, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздігімен ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, әдістемелік журналдармен жұмысқа жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады. Оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады:

-өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді;

-зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға

беретін дәрежеге жетеді;

-түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады;

-теориялық білігі молаяды;

-ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады;

-көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді;

-барлық іс-әрекетке шығармашылық бағыт ұстанады;

-ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түседі. Таным-қабілеті, дарындылық қасиеті дамиды, сабаққа деген ынтасы, дағдысы қалыптасады, шығармашылық жұмысқа, пәнге деген қызығушылығы артады, теориялық білімін жүзеге асыра алады, шығармашылық ізденісі жетілген тұлға болып қалыптасады.




























Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.

2.     Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

3.     «Білім шапағаты» республикалық қоғамдық-педагогикалық газеті-

2011 ж.

4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми-әдістемелік басылымы-

2012 ж.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.06.2019
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі