Материалдар / Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіби бағдар туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілік


Кәсіби бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Кәсіби бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады.

Осы мақсатта Төле би атындағы №8 гимназияның бейінді оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Маржан Мырзахметованың ұйымдастыруымен қараша айында «Мамандық таңдаудың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Ұрпақ – еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Сондықтанда оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осындай мақсатты істі жүзеге асыруда бар жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру ісінде мектеп ұжымы аянбай еңбек ете бермекші. Ендеше келешектің иесі бүгінгі ұрпаққа білім беріп қана қоймай, келешектің көкжиегіне қол жеткізетін мамандықтарға жол сілтеуіміз хақ.




Зағира Дүйсекова Төле би атындағы

8 гимназияның кәсіпкерлік және

бизнес негіздері пәні мұғалімі


Тараз қаласы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!