Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларға мамандығы бойынша мәліметтер беру арқылы қызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды мамандығы бойынша кәсіби маман болуға дайындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы


Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі










ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС



Тақырыбы: Оқушыларға мамандығы бойынша мәліметтер беру арқылы қызығушылығын арттыру









Арнайы пән оқытушысы: Мамбетов Абдырахман












Т.Рыскулов 2017 ж

Оқушыларға мамандығы бойынша мәліметтер беру арқылы қызығушылығын арттыру


I Кіріспе бөлім.

Тақырыптың өзектілігі: Оқушыларды мамандығы бойынша кәсіби маман болуға дайындау.

Жұмыстың мақсаты: Кәсіпке баулу барысында оқушыларға мамандығы бойынша оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар бойынша оқытудың тиімділігін арттыру және заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, шәкірт тәрбиелеу.

Жұмыстың міндеті:

1. Оқушыларды кәсіпке баулу профилі бойынша оқытуды теориялық тұрғыда негіздеу.

2. Оқушыларды “ Авто ісі” профиліне оқытудың мазмұнын анықтау.

3. Дидактикалық көрнекілік материалдарды, олардың ішінде плакаттар макеттер, модельдер мен техникалық оқыту құралдарын және стендтерді жасау технологиясын қолдану әдістерін анықтау.

Жұмыстың зерттеу нысанасы: Авто ісі профилі бойынша кәсіпке баулудың мазмұны, формасы және әдістемесі.

Жұмыстың зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, бақылау, анализ-синтез.

Жұмыстың зерттеу кезені: мерзімсіз.

Жұмыстың жаңалығы: Заман ағымына байланысты білікті де білімді маман иелерін дайындау кәсіптік лицей оқу орындарының, оқытушысының басты міндеті.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Авто ісін оқытуда қолданатын оқу әдістемелік плакаттар, стендтер мен дидактикалық көрнекіліктер мен оқу материалы және шеберханадағы сарамандық сабақтарда дидактикалық материалдарды жасау жолдары мен оларды қолдану тәсілдерін үйрету.

Негізгі бөлім.

1.Тақырыптың ғылыми – теориалық негізі.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында: “Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика ретінде танып отыр”. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан тарихи сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдануда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдаланылды. Елдің әлеуметтік даму перспективалары анықталған.

Қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіндегі өзгерістер өз кезінде білім беру ісіне ықпал етеді және оны жаңа тарихи кезеңнен шақыруына жұмыла үн қосуды, әрі соған сай жауап беруді талап етеді жәнеде тұтастай алғанда экономикалық даму қажеттілігіне сай болуы тиіс (“Егемен Қазақстан 26” желтоқсан 2003 жыл) деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының өсіп - өркендеуіне, әлемдік өркениеттен өзіндік орын алуы ең әуелі оның білім жүйесінің деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезден бастап білім жүйесінің құқықтық негізі қалыптасып, Білім туралы заңдар қабылданды. Екінші кезеңде білім жүйесі тұжырымдамалық бағдарламалық жаңарып, бағыт – бағдар белгіленді. Үшінші кезеңде білімді басқару жүйесі жетілдірілді. Қазір біз реформаның төртінші кезеңнің білім жүйесін дамытудың стартегиялық бағдарлану кезеңін бастан кешіп отырмыз.

Казақстан Республикасының білім туралы заңда : “Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”, - деп атап көрсетті.

Білім беру жүйесі дегеніміз – білім беру қызметі мен білім беру мекемелерінің жемісі, олар бірнеше топтарға жіктеледі. Соның бірі, оқушыларға кәсіптік білім беру болып саналады. Оны жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды еңбекке үйрету мен тәрбиелеуді жүзеге асыру барысында жастарды еңбек негізіне мектеп жасынан бастап қалыптастыру іскер маманның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Астана, 2005 ж. 18-ақпан) “XXІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау. XXІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістер үшін кадрлар қорын жақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларымызсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт. Біздің әрбір қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беруіміз керек. Өзіміз дәру болып жүрген әрі кадрларды сырттан шығаруға мәжбүр етіп отырған техникалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту керек”– деді. Бұның бәріде мектептен басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік денгейін, бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек.

Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз. Елбасымыздын жолдауына байланысты 2008 жылдан бастап 12 жылдық орта білім жүйесіде жас ұрпақты яғни мектептегі жоғары сынып оқушыларын кәсіпке даярлау, оның ішінде білімді де білікті, шебер жас авто ісі мамандарын дайындауымыз шарт.

Оқушыларды авто ісіне оқыту қоғамға пайдалы еңбек негізінде ғана емес, мектептің бүкіл оқу тәрбие ісінің ықпалымен жүзеге асады. Оқушыларды авто ісіне оқыту өзіндік мүмкінішлігіне, психологиялық өрісіне және әлеуметтік мәртебесіне сай көп салалы бағытта құрылып, балаларды шамасына сай еңбекке қосып, оларға жалпы адамгершілік талаптарға жауап береді.

Авто ісіне оқытудан халық шаруашылығының қажеттеріне және отын үнемдеу міндетіне неғұрлым толық сай келетін автомобильдердің шығарылуын қамтамасыз ету жайында мәліметтер ескерілді.

Автомобиль – жүк, адам тасуға немесе арнаулы тапсырмаларды орындауға арналған өздігінен жүретін транспорт құралы. Біз өз жұмысымызда мектептеріміздің оқу жоспарына сәйкес оқушылардың таным мен айналадағы тіршілікті өзара байланыстыра қабылдауына, тәрбиелі өсіп – жетілуіне мүмкіндік туғызатын авто ісін оқытудың практикалық ептілігі бағытына сәйкес мәселелер қарастырылады.

Практикалық сабақта оқушылар автомобильдің қолдануына қарай транспорттың арнайы бөлінуіне мәліметтер алады. Олардың двигателінің типі бойынша автомобильдер карбюраторлы, дизельді және электр двигательді болып бөлінеді.

Оқушыларды оқытуда педагогикалық ойлар бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға біршама тәжірбиелерін жариялау жолы Қ.Жарықбаевтың еңбектерінде көрініс тапқан. Сонымен қатар педагогтар С.Қоянбаев, Т.Л.Ильин еңбектерінен байқауға болады. Оқушыларды авто ісіне оқытуда олардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Міне, сондықтан да жастарды авто ісіне оқытуда оқушылардың тек қана жас ерекшеліктерін ғана ескеріп қоймастан, психологиялық ерекшеліктері де ескерілуі тиіс. Мұнда Т.Тәжібаев, П.Петровский еңбектерін пайдалану қажет.

Оқушылардың білім сапасын арттыруға деген әлеуметтік тапсырыс пен оқушылардың практикалық ептілігі, дайындығы сапасының арасында қайшылық кездесетіні даусыз болып отыр. Басқаша айтқанда, оқушылардың білім сапасын, яғни, авто ісі сабағында білім беру сапасын арттыру мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай тұрғаны мәлім жай.

Оқушылардың көпшілігі оқу материалын жүйелі түрде меңгермейді, сол себептен практикалық іс әрекетте білімдерін пайдалана алмайды.

Сондықтан да оқушыларға мектепте өтілетін авто ісі сабағында білімді жаттанды, үстірт меңгертпей сапалы және жүйелі түрде практикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлу керек. Бұл ептілікті керек етеді.

Оқушы авто сабағында автомобильдің негізгі механизмдерін толық меңгеруі керек. Ол үшін қозғалтқыштын құрылысымен, яғни, иінді білікті әздекті механизмінің қызметі мен құрылысын оқып білу керек.

Жас ұрпақты қоғамдық маңызды істерді саналықпен игеретін дамыған тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі мектеп жасында қалыптасатыны белгілі. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара карым – қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай – қайсысы әрекетсіз іске аспайды. өйткені әрекет педагогикада да оның ішінде дидактикада да негізгі әдіснамалық құрал болып есептеледі. әсіресе, соңғы жылдары елімізде оқу жүйесін қайта құру талаптарға сәйкес жастарға білім мен тәрбие беру ісін өмірмен, өнімді еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымен ұштастыра жүргізуде дидактикалық материалдардың ролін күн сайын артып келеді және алдағы уақыттада арта беретіні сөзсіз. Міне, мұның бәрі келешекте барлық мектептерде әрбір технология мен авто ісі пәнің әрбір сабақтарын мүмкіндігінше дидактикалық көрнекіліктермен жабдықтау қажет екендігін аңғартады. Мұндай жағдайда мектепте барлық сабақта да плакаттар мен планшеттерді өте бағалы, таптырмайтын көрнекі құралдардың бірі ретінде пайдалануды мұғалімдердің бірден түсінетіні даусыз.

Соңғы жылдары оқыту процесін жетілдіру бағытында педагогикалық ізденулерде біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, авто ісі пәндерінің бағдарламалары қайта қаралып, оқулықтардың мазмұны мемлекеттік білім стандарттары талаптарына сәйкестендіріліп жасалуда. Авто ісін оқыту сапасын арттыруға бірден бір септігін тигізетін оқу бағдарламасы мен оқулық десек, екінші бір шарты – оқыту процесіндегі дидақтикалық көрнекілік құралдардын жетілдірілуі әбден болады.

Оқыту процесінде дидактикалық оқыту құралдары мен көрнекіліктерді жетілдіру өте қиын да күрделі процесс. Бұл көлемді-де күрделі, көп аспектілі мәселелердің бірі болып саналады. Одақ кезінде шығарылған көрнекіліктер мен дидактикалық оқыту құралдары мазмұны жағынанда моральдық жағынанда ескірген. Жаңа талап мектептік білім беру стандартарына сүйенеді.


Оқушыларды Авто ісі пәніне оқытудың дидактикалық негіздері

Дидактика педагогиканың негізгі бөлімі болып есептеледі, бұл бөлімді оқыту теориясы деп те атайды. Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikalos – үйретуші, didaktikalos – мұғалім. Дидактика бұл білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім берумен оқытудың мазмұнын, оқыту принципін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактика негізінде жеке пәнді оқыту ерекшеліктерін де зерттейді. Дидактика оқыту теорясы ретінде педагогиканың басқа проблемалармен қатар тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады. Педагогика тарихында бірнеше дидактикалық жүйе болғандығы мәлім. Ұлы педагогтардың Я.Н.Коменский, Ж.Руссо, И.Т.Песта Лоцци, А.Дистерверг, А.Н.Радишев, В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, Л.Н.Толстойдың және т.б. педагог-дидактиктердің зерттеген, ұсынған прогресшіл идеялары қазіргі заманғы мектептерде де қолданылып келеді.Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Ол өзінің 1657 жылы жазылған “Ұлы дидактика” деген кітабында оқыту теориясының түйінді мәселелерін шешіп берді.Онда оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған. Мектептерде қазіргі қолданылып жүрген оқытудың көрнекілік, жүйелік, бірізділік принциптерін Ян Амос Коменский ұсынған. Ян Амос Коменский білім беру мен тәрбиелеу мақсатының тығыз байланысты болуын талап етті, оқу ісін ұйымдастыру түрін де өзгертті. Ян Амос Коменскийдің тамаша пікірлерін басқа елдердің педагогтарі де қолдады. Педагогика ғылымдарының еңбектері дидактикалық проблемаларды шешуінің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен: нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек? Оқушылар кеңінен білім шеңберімен қаруландыру керек, олардың бойында адамгершілік қасиет қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп іске асыру қажет? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі кездегі әдісін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдісін, формасын жетілдіру, дәлелдеу керек. Қоғамдық өмірдік барлық саласына оқушыларды белсене қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру. Оқыту процесінің логикалық және психологиалық заңдылықтарын, оның оның жалпы қағидаларын білу мұғалімге оқу жұмысының тиімділігін артыруға жағдай туғызады. Мұндай болашаққа алынатын қағидалар: ережелер, талаптар дидактика теориясында оқыту принциптері немесе дидактикалық принциптер деген атқа ие болады. Принцип латын сөзі – бастапқы негізгі – басшылыққа алынатын идея, негізгі ереже, іс-әрекетке қойылатын талаптар деген мағынаны білдіреді. Оқыту принципі дегеніміз барлық оқыту процесінде және түгелдей оқыту пәндерінде басшылыққа алынатын негізгі қағидалар, педагогикалық талаптар жүйесі.

Дидактикалық принциптер кездейсоқ құралмайды. Педагогика тарихында жалпы дидактика мәселелеріне, оның ішінде, оқыту принциптерінде арналған еңбектер, ғылыми зерттеулерде дидактикалық принциптердің ғылыми қалыптасуының белгілі даму тарихы баяндалады. Сонымен қатар қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлер, өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы болған ойшылдары педагогика ғылымының “Дидактика” саласынада белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқа даналарымыздың мұраларында тәрбие, білім берудің бай қазынасы жинақталған. Демек, оқыту дидактикалық принциптері дидактиканың тарихи мұрасына ғылыми талдау жасау және қазіргі мектептерінің озат тәжербелерін қорыту негізіне сүйенеді. Сондықтан қоғам дамуының әр кезеңінде дидактикалық принциптер өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді.

Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин (1841 – 1889) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайындағы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеу. Оның ғылыми әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері – бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігінен білім алуға ынталарын арттырытын, сезімін оятатын жол.

Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде орыс тілін Қазақстанға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының мектептер үшін оқу жоспарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын мектептерде ұтымды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.

Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбіне ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың қадала зерттеген педагог. Оның Педагогика кітабы ең алғаш рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Тәшкент қаласында (Түркістан басма сөз махкамасы) шығарылды. Мағжан осы кітабында Дидактика және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп қарастырды.

Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістері формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек. Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын түгел зерттеуге, педагогикалық озат тәжірбиені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Дидактика көптеген мәселелерді зерттейді. Соларды ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады

1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту;

2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру;

3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру;

4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.

Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты – жастарды жан – жақты дамытып. өмірне, еңбек іс - әрекетіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары бойынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін деп мектеп реформасында жазылған.

Оқыту процесінің табысы болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәніне теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білімдарлығына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне, үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік, өзара қатынас және бірлікке байланысты.

Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн. Бұл жөнінде И. П. Волковтың “ Творчествоға баулимыз, ” В. Ф. Шаталовтың “Баршаны да, әркімді де оқыта білейік” еңбектерінде сабақты өткізу принциптері мен әдістері көрсетілген. Жаңашыл экспериментшіл мұғалімдердің идеяларын сабақ үстінде шығалмашылықпен пайдалана оқыту процесін жақсартудың шешуші жолдарының бірі. Қазіргі кезеңде еңбек тәрбиесі және оқыту, кәсіптік бағдар, политехникалық білім беру мәселелеріне ерекше мән берілуде. Осы мақсатқа лайық мектептің, кәсіптік – техникалық училишелердің базасын толы пайдалануда қамтамасыз ету керек. Негізгі базалар мектеп лабораториялары, оқу кабинеттері, шеберханалар, оқу тәжірбие учаскелері, оқулар, оқушылардың өндірістік бригадалары, мектепаралық оқушылардың өндірістік комбинаттары, орта – кәсіптік техникалық училишелер т.с.с.

Еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беру ісін осылай ұйымдастыру және жүргізу оқушылардың еңбек етуге ынтасын, қабілетін дамытады, өзі сүйетін мамандықты саналылықпен таңдап алуға қолайлы жағдай жасайды, кәсіптік бағдар беру ісіне игі әсер етеді.

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Дидактика көптеген проблемаларды зерттеу. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымы үздіксіз халыққа білім беру жүйесі.

Дидактиканың қарастырылған негізгі мәселесі оқыту процесі, оның заңдылықтарын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жасап шығару. Дидактиканың негізгі категориялары. Әрбір ғылымның мәні жинақталған білімнің негізізінде бірнеше ұғымдар анықталады. Осыған орай дидактиканы сипаттайтын өзіне тән түсініктер мен ұғымдар бар. Оқыту процесі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделінген процесс. Бұл процесс барысында балаларға білім беру, тәрбие беру және оларды дамыту жүзеге асырылады. Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады. Дидактикалық принциптер оқытушылардың таным қызыметінің және оқыту мақсаттарымен тығыз байланыста болады. Оқыту принципі оқу пәндерін оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады. Мәселен, оқыту процесінде оқу пәндерінің барлығында да ең жиі қолданылатын көрнекілік принципінде, танымдық нақты деректер мен құбылыстарды оқушы сезімдік қабылдауынан бастайды. Дәлірек айтқанда, сезім органдарының қатысуымен оқыту процесі жүзеге асырылады. Білім беру мазмұны – Жеке адам жан-жақты даму және қалыптасу үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру білім беру мазмұны болып табылады. Оқыту әдісі оқушылардың таным қызметіне мұғалімнің башылық ету тәсілі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды білім іскерлік, дағдыларымен қаруландыру және оларды жан-жақты даму мақсатында мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты іс-әрекет жүзеге асырылады. Оқыту әдісі оқушының өзінің танымдық, практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды. Мысалы,мұғалімнің әңгімесі оқушының оқу материалын тындауын, ойлауына башылық жасайтын әдіс. Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған белгіленген тәртіп пен режимде жүргізілетін оқу-таным іс-әрекетінң процесі. Оқытуды ұйымдастыру формасында оқытудың мазмұны мен Әдістері жүзеге асырылады. Мектепте оқытудың мынандай түрлері қолданылады. Сабақ, семинар, экскурсия, лабораториялық-практикалық жұмыстар, консултациялар, зачеттар,экзамендер. Оқытудың формалары фронтальды (барлық сынып) топтық және жеке-дара түрлерінде ұйымдастырылады. Дидактика білім берумен оқытудың мазмұнын, оқыту принципін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады және оны Дидактика негізінде жеке пәнді оқыту ерекшеліктерін де зерттейді ол біздін авто ісі пәні және осы пәнді оқытуды дамыту болып табылады.

Адам баласының іс - әрекетінде процесс термині жиі кездеседі. Мысалы: еңбек процесі, технологиялық процесс т. б. Олай болса, жалпы процесс, сонымен бірге оқыту процесі дегеніміз не? Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтижесінің жетістігіне бағытталған бір іздік әрекетінің жиынтығы болып табылады.

Авто ісін” оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу, таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Авто ісі сабағында иінді-білікті әздекті механизм тарауын теориялық білімдерін практиалық іс-әрекетке бағыттау мұндағы механизімнің ақауларын анықтау оларды жөндеу жолдарын үйрету оқытушының міндеті яғни оқыту процесінде іске асырылады. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл – ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылым бөліктерімен сипатталады.

Олар:

1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру

мазмұны).

2. Мұғалім, оның өнерге, ғылымға көзқарастары және оқушыларымен

қарым – қатынасы (сабақ беру).

3. Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс - әрекеті).

4. Оқыту әдістері.

5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.

6. Оқыту нәтижелері.

Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірбиесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс - әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрену.

Іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай да болсын іскерлік мүмкін емес.Мысалы: практикалық-лабораторияляқ сабақтарда авто шеберханаларда қауіпсіздік ережелерді білу қажет. Қозғалтқышты бөлшектеуде әр бөлшектін атқаратын қызметін анықтайды. Ондағы ақауларды анықтау жолдарын үйренеді және оқушылардын ептілігі дағдысы қалыптасады ең басты авто ісі сабағына және мамандыққа қызығушылығы сүйсінуі керек.

Дағды – бұл қайта – қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру. Мысылы, оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.

Сонымен, оқу процесіндегі білімнің, іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.

Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс - әрекеттері жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс - әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу – бұл оқушылар іс - әрекеттерінің, яғни объективтік әлемді танудың ерекше формасы.

Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі және ақыл – ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет. Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың тәрбиелік оқытудың дамыту функциялары.

Оқытудың білім беру функциясы – бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:

-Білімнің толықтығы – негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің негізгі звеноларын, яғни танымдық іс - әрекетінің кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету.

-Білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисымды бір ізділігі.

-Білімнің ұғымдылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп, білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту.

-Білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.

Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, жоғарғы білімді адамды дайындауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.

Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқу оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.Л. Каменский – дің, И.Ф. Гербарттың. А.Ф. Дастервек – тің, Н.И. Пироговтың және К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.

И.Ф. Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз, мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.

К.Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенің құдіретті құралы деп атаған. Тәрбиелей отырып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қйялын дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс әрекетіне дайындау.

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез – құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді. Ақыл – ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесінде тығыз байланысты өткізіледі. Мысалы, әдебиет сабағында “Жас гвардия” романындағы кәсіпкерлердің бейнесін мұғалім мазмұндай келіп, балаларға фашизмге деген өшпенділікті адамгершілік принципі тұрғысынан түсіндіреді.

Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады, және тәрбиелейді.

Оқытудың дамыту функциясы. Белгілі психологтар Л.С. Выготский мен С.П. Рубакит ұсынған тұжырымдамасы бойынша және адамның дамуы тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту процесінде дамуды артына салып отырады.

Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның тыныс қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі – шәкірттерінің таным – қабілетін дамыту.

Дамытып оқыту – бұл оқушылардың таным іс - әрекеттерін бойынша дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп – табуға және оны еркін игеруге үйрену. Дамытып оқытудың міндеті – “ең таяу даму зонасы” жасау.

Таным қабілетін дамыту туралы тұжырымды ұсыныстар мен пікірлер бар. Олардың идеяларының мәні мына төмендегіге саяды:

1. Таным қабілетінің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттық іс - әрекет.

2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың ролі.

3. Оқушының оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.

4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы оқушылардың таным іс - әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.

Оқыту теориясының психологиялық негіздері Қазіргі кезде мектепте оқытудың сапасын арттырудың ең негізгі шарттарының бірі – оқыту теориясының психологиялық негіздерін анықтау. Революцияға дейін бұл мәселемен Россияда шұғылданған орыстың белгілі педагогы К.Д.Ушинский болды. Жеке сыныпқа арнап оқу жоспарын жасағанда, программа мен оқулық материалдарын іріктегенде оқушылардың жас мөлшері мен психологиялық ерекшеліктері еске алынды. Әрбір абақтың мазмұнына сай тиісті метоттарды қолдану кезінде де, оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Оқыту теориясының психологиялық ненгіздері мынандай мәселелерді қарастырады: Оқыту процесінде ойлау операциаларының алатын орыны, адам есінің дамуы, қиалмен еріктің және сөйлеу мәдениетінің ролі; оқушылардың темпераменті, мінез-құлқы, зейінділігі, ықыласы және жеке ғылыми пәндерді оқытудың психологиясы.

Мектеп тәжірибелерін зерттегенде оқушылардың материалды меңгеру процестерінің психологиялық негіздері мына тұрғыда топтастырылады: 1.Оқушылардың өздерінің күнделікті оқу жұмыстарына саналы зейінмен қарауы, шын берілген ынталы қөзқарастарының болуы; 2.Оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізу; 3.Оқушылардың логикалық ойлау операциясын дұрыс тәрбиелеу; 4.Оқушылардың зейінің, есін және қиалын тәрбиелеу; 5.Оқушылардың материалды меңгере алуы.

Психология арнаулы пән ретінде оқып – үйрену шәкірттердің алдына мынадай талаптарды орындауды жүктейді:

а) Шәкірттердің оқу үрдісінде танымдық әрекетін дамытып, ақыл – ойының, сана – сезімінің жетілуін қамтамасыз ету;

ә) Пәнді оқып – меңгеруде жан – дүниенің жеке үрдістері мен даралық ерекшеліктерін дамытудың өнімді жолдарын меңгеріп, оларды санасында тиянақтау;

б) Адамның өзін - өзі танып, алдына қойған мақсат – мүддесін дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қарастыру мен ерекшеліктердің сыр – сипатын түсіну;

в) жасөспірімдер мен оқушылардың, студенттердің өзін - өзі бақылауына, мінез – құлқының жағымды қасиеттері мен бойындағы қабілет ерекшеліктерін жетілдіре түсуіне аса мән беру;

г) оқу ісі мен тәрбие үрдісіне шәкірттердің белгілі бір іске деген бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіру және оны өрістетудің тетігін анықтау. Психология пәнінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуден басты мақсат – міндеті болып саналады.

Қорытынды бөлім.

-Оқушылардын оқу жұмысына өте жауапты әрі белсенді қатынасыуын қамтамасыз етеді;

-Материалды өздігінен түсінуге және өз сөздері мен айта білуге дағдыландыру;

-Оқушылардын ой өрісін саналы түрде дамытатын творчествалық жұмыстар ұйымдастыру және теориалық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыру.

Осы жоғарыда айтылған дидактикалық талаптар оқушылардын біліміндегі формальдылықты жойятын және материалды саналы түсінуді қамтамасыз ететін ең негізгі шарттар болып табылады.


Әдебиеттер тізімі

1. Калисский В. С. және басқалар. Автомабиль (үшінші кластың жүргізушінің оқулығы) Алматы “Қайнар”, 1976 ж. 464 –бет.

2. Момынбаев Б.,Өстеміров.К. Тракторлар мен автомобильдер пәнің оқыту методикасы Алматы “Рауан”, 1990 ж. 144 – бет.

3. Жұмабаев М. Педагогика – Алматы “ Ана – тілі ” 1992 ж .

5.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика уневерситеттер студенттеріне арналған оқу құралы – Астана 1998 ж 378 бет.

6.Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. – Алматы., “ Мектеп баспасы.” 1976 ж. 126–бет.

7.Жарықбаев Қ. Психологиия – Алматы, 2004ж. 415-бет.

8.Н.Д.Иванова, М.Қ.Қозғанбекова. Оқыту процесі оның мәні методологиялық және теориялық негіздері. (18-лекция); Алматы–1991ж. 22-бет.

9.Айтмамбетова Б.Р. Оқыту процесін ұйымдастыру (22-лекция); Алматы–1991ж. 23-бет.

10.Айтмамбетова Б.Р. Дидактикалық принциптер.(20-лекция); Алматы-1991ж. 28-бет

11. Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы

12. Баширов Ж.Р. Оқушылардың өнімді еңбегі және кәсіптік

бағдары. – Алматы “Мектеп” 1986ж.

13.Қазақстан мектебі-журналы 2004-№8-47бет.

14. Қазақстан мектебі-журналы 2004ж-9-14бет


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.12.2017
557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12