Аннотация
Мәселе есептерді шығаруда ассоциация тәсілін пайдалану арқылы шығармашылық қабілеттерін барынша айқындап, бір жүйеге келтірілген.
The affected quadratic is used in practice of great scientists from the most ancient times.
Зерттеудің өзектілігі
Мәселе есептер дегеніміз-мәтін түрінде берілетін есептер. Мәселе есептер шығару үшін, алдымен оның мәтінін жеткілікті дәрежеде оқып, түсініп алу қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша мәселе есептерді шығарып жатқанда адамның миы толықтай, жақсы жұмыс жасап, логикасы артады екен.
Күнделікті тұрмыста мәселе есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу - әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мәселе есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпта оларды өз дәрежесін де меңгеру мүмкін бола бермейді. Мәселе есептер өте алуан түрлі болып келеді, кейде есептің мазмұнын түсіне бермейді, сондықтан қиындық тудыратын тақырыптардың бірі болып табылады.
Зерттеудің жаңашылдығы:
Оқушылардың мәселе есептерді шығаруда ассоциация тәсілін пайдалану арқылы шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау.
Мақсаты:
Мәселе есептерді шығаруда ассоциация тәсілін қолдана білу және оқушылардың білімін тереңдету, жүйелеу. Әртүрлі мәселе есептердің шарттарын дұрыс қоя отрып, оларды жеңіл әрі жылдам шығару. Оқушыларды тез ойлап, дәл жауап беруге, дұрыс шешім қабылдауға қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
-
Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
-
Білімді саралап, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар арқылыоқушылардың дара қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.
Мазмұнды есептерді немесе мәселе есептерді теңдеулер көмегімен шешу, теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу элементар математиканың ең негізгі бөлімі болып табылады.Негізгі бағдарлама бойынша бұл тақырыпқа бөлінген сағаттың аздығынан бұл бөлімге аса көңіл бөлінбейді. Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге көмекші құрал ретінде берілген оқулықтарда,жазбаша емтихан жұмыстарының нұсқаларында және ұлттық бірыңғай тест тапсырмаларында мәселе есептер немесе сөз есептер жиі беріледі.
Оқушылар үшін «Мәселе есептерді шешу» алынбас қамалға айналып барады. Олар есеп мәтінін, мазмұнын, түсініп, берілген ақпарат пен табу қажетті ұғымдарды ажыратып, байланыстырып, есеп моделін құрып, оны есептеу алгоритмін айқындау қажеттігін көз алдарына елестете алмайды. Көпшілігі ой қорытып, есепті шығаруға талпынбайды да, керісінше немқұрайлық, бейқамдық сыңай танытып үмітін мұғалімге артып отырады. Сондықтан оларды мәселе есеп шығара білуге үйретудің маңызы зор.
Мәселе есептер шығарудың бірнеше тәсілдері бар. Яғни, көбінесе теңдеулер құру арқылы шығарамыз. Ең алдымен мәселе есептерді шығару үшін қарапайым арифметикалық формулаларды білу қажет.
Арифметикалық формулаларды және теңдеу құру үшін оқушылар мәселе есептерді көз алдына елестете білу қажет. Мәселе есептерді көз алдына елестету үшін қиынға соқса, бай қиялыңды іске қосып, ассоциация тәсілін пайдалану тиімді.
«Ассоциация» тәсілі оқушыларға мәтіннен түйінді сөздің суретін көрсетіп, қолдана отырып естеріне түсірте отырып, мәтінді қызықтыру мақсатында пайдалануға болады.
1 – мысал: Ауладағы қояндар мен тауықтардың саны 17, аяқтарының саны 44 болса, неше тауық, неше қоян бар?

2 – мысал: Киноға 36 билет сатылып, одан 16900 теңге жиналды. Алдыңғы қатардағы орындардың бағасы 500 теңге, ал артқы қатардағы орындардың бағасы 450 теңге болса, алдыңғы қатардан қанша билет және артқы қатардан қанша билет сатылды?

Баяндаманы қорытындылай келе оқушылар үшін
«Мәселе есептерді шешу» алынбас қамалға айналдырмай, мәселе есепке
деген қызығушылығкын арттыруымыз керек. Сондықтан олар есеп
мәтінін, мазмұнын, түсініп, берілген ақпарат пен табу қажетті
ұғымдарды ажыратып, байланыстырып, есеп моделін құрып, оның есептеу
алгоритмін айқындау қажеттігін көз алдарына елестете алуына
септігін тигізу мақсатына өз үлесімді қостым деп есептеймін. Алдағы
уақытта оқушылар математикалық мәселе есептердің өмірдегі ролі
туралы көзқарастар қалыптастырады және пікірталасқа қатысып, өз
қызметінің нәтижесін көрсете отырып, есеп шығарудың тиімді әдісін
таңдайды деген үміттемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Алгебра 8сынып-Шыныбеков Ә.Н.
-
Алгебра 9 сынып-Шыныбеков Ә.Н.
-
Цыпкин А.Г., Пинский А.И. Справочное пособие по методам решение задач по математике для средней школы.М.,Наука 1983
-
Сборник задач по математике с решениями 8-11 классы. Под редакцией М.И.Сканави
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушыларға мәселе есептерді ассоциация тәсілі арқылы оңай түсіндіру

шағым қалдыра аласыз