Материалдар / Оқушыларға ұлттық құндылықтар негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушыларға ұлттық құндылықтар негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда педагогикалық ойлауға орай оқыту мен тәрбие үрдісіне де елеулі өзгерістер орнығуда. Мұндай өзгерістер бастауыш мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2024
130
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту




Бүгінгі таңда педагогикалық ойлауға орай оқыту мен тәрбие үрдісіне де елеулі өзгерістер орнығуда. Мұндай өзгерістер бастауыш мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Әсіресе, әсемдікті түсінетін, мәдениетті, үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде көркемдік талғамды қалыптастыру жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Мәдение мұра» бағдарламасында маңызды міндеттер ретінде рухани және мәдение мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің, әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің толыққанды жүйесін құру мәселелері ретінде: Білім беруді жаңарту үрдісі деп – ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдени мұрасын, рухани құндылықтарын, яғни, оқу-тәрбие үрдісін біртұтас алып жүретін халықтық педагогика негіздерінен құралатын ұлттық идеологиялық бағыттың тұрақты бір жүйесін түсінеміз» - деп айқын көрсетілген.

Осыған орай, қазіргі кезде жаһандану және қазақ халқының рухани өрлеуі жағдайында жас ұрпақты өз халқының рухани, мәдениетті қазынасымен, оның ұлттық мәдени-эстетикалық құндылықтары арқылы тәрбиелеу мәселесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, практикалық жағынан жетілдіре түсу қажеттілігі айқындалып отыр. Егеменді елдің болашақ азаматтары – бүгінгі оқушылардың қандай құндылықтарға бағытталғандығы, нені қадірлеп, қастерлейтіні, қоғамда қандай әлеуметтік қызметті атқаруға даяр екендігі мемлекеттің өсіп-өркендеуіне әсер етуші факторлардың бірі ретінде маңызды орын алады.

Әрбір ғылым саласы өзінің зерттеу бағытына сәйкес құндылықтарды түрліше деңгейде қарастырады. Қазіргі кезде құндылық термині философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылуда. Біз құндылық мәселесіне арналған еңбектерден өз зерттеуімізге қатысты «құндылық» ұғымының философиялық, мәденитанымдық, эстетикалық, педагогикалық мәніне баса назар аудара отырып, оларды өз зерттеуіміздің алғышарттары ретінде жүйелі түрде талдау жасаймыз.

Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар қарым-қатынастардан, қоғамдастықтан тыс жеке-дара қалыптаспайды. Ұлттық сезім – ерекше әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол сыртқы әсерлерге, тез бой алдырып отырады деп дәлелдейді зерттеуші ғалымдар

Болашақ ұрпақты сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мазмұнды ақпараттар өте мол. Олар ғұлама ойшылдардың, педагогтар мен психологтардың еңбектерінде түрлі көзқарастарда баяндалып, атадан балаға ұласатын құндылық сезім ниеттер, ұмтылыстар, тұлғаның тәрбиелігін анықтайтын ізгі қасиеттерді қамтиды. Бұл өз кезегінде ғылым әлеміндегі құндылықтар ұғымына байланысты алуан түрлі тұжырымдармен айқындалып, нақтыланып отырады.

Сондықтан ол үнемі тәрбиелеуді және ақыл-парасат тарапынан бақылауды қажет етеді. Жеке тұлғаның ұлттық сезімін тәрбиелеу айналасындағы ортада қалыптасқан, олар үшін өмірлік қағида болып табылатын белгілі-бір құндылықтармен толтыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ақыл-ойдың бақылауындағы және белгілі бір ортаның ықпалындағы ұлттық сезім ізгі, адамгершілікті болады. Табиғи, биологиялық, тектік нышандармен органикалық түрде астарласады. Бірақ ақыл-парасаттың өзі адамдардың қандай да бір бөлігінде, ал кейбір едәуір бөлігінде әртүрлі қоғамға қарсы идеялармен, психологиялық тойымсыздықпен, өзімшілдікпен, басқа ұлттық құндылықтарды қабылдамау арқылы да ластануы мүмкін.

Құндылықтар мәселесін арнайы зерттейтін ғылым саласы аксиология (грек тілінде axis – бағалы, құндылық, «logos» - ілім, ғылым). Аксиология құндылықтар жаратылысы туралы, оның обьективті орны мен құндылық әлемдегі құрылымы туралы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасныдағы әртүрлі құндылықтар байланысы туралы ілім.

Қазақ тіліндегі түсіндірме сөздігінде: «құндылық» – нарқы жоғарылық, қымбаттылық, бағалылық. Құндылық арқылы сол заттың маңызын, мәнділігін, пайдалылығын, қажеттілігін білуге болады» - деп сипаттаған.

Философиялық сөздікте: «құндылық» - бұл, танымның, белгілі бір обьектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылыққа ешқандай күмән келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон қызметін атқарады» - деген анықтама беріледі.

Психологиялық сөздікте: «құндылық» түсінігі қоғам үшін әлеуметтік-тарихи маңызы бар, жеке адам өмірінің болмысын және қоғамдағы моральдық қарым-қатынасты анықтайтын құбылыс ретінде түсіндіріледі.

Мәселен, психолог А.Н.Леонтьевтің пайымдауы бойынша құндылық» ұғымы мынадай үш құбылысқа қатысты қарастырылады:

  1. Қоғамдық идеалдар – қоғамдық сана арқылы пайда болған қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы мүлткісіздік, кемелдік туралы қоғамдық түсінік, норма.

  2. Осы қоғамдық иедалдардың нақты адамдар іс-әрекетінде заттануы, жүзеге асуы.

  3. Қоғамдық идеалдарды өз іс-әрекетінде нақты пайдалануға түрткі болатын тұлғаның мотивациялық құрылымы.

Ал, Қазақстандық философтар құндылықтар – қасиеттер дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Ол құндылық қатынас әрқашан да субьектінің бойында белгілі бір эмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну туғызатындығын айта келе, мынандай құндылықтарды анықтайды: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік, отбасы, қарым-қатынас, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, күнкөріс көзі және әрекет мәні ретіндегі жұмыс, игілік, беделділік, заңдылық, мейрімділік, тәуелсіздік.

Әлеуметтанушылар құндылықтарды: адам өмірі, бостандық, отбасы, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, дін, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдет-ғұрып, салт, ұлттық тәлім-тәрбиелік негізінде дамып қалыптасты.

Мәдениетті тұлға қалыптастыру сипатында қарастырған Л.Н.Коганның, пікірі бойынша: «Мәдениетті түсіндірудің негізінде адамның белсенді шығармашылық іс-әрекеті және соған сәйкес іс-әрекет субьектісі ретіндегі адамның өзінің даму жағдайы алынады. Мәдениеттің дамуы осы жағдайда қоғамдық тіршілік әрекеттерінің кез-келген өрісіндегі тұлғаның дамуымен сәйкес келеді».

Анықтама негізінде материалдық және рухани мәдениетті тұлғалық қасиетті қалыптастыру сипатында қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет. Олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер, мәдени қажеттіліктер. Егер мәдениетті іс-әрекет тұрғысынан қарастырсақ ол қоғамдағы адамның белсенділігін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын қоғамдық өмірді реттеуші, мәдени құндылықтарды сақтаушы оны қайта өңдеуші болып табылады.

Рухани құндылықтар арқылы адамдар өткен дәуірлердегі құндылықтар туралы тек біліп қана қоймай, оның маңызды және қажетті деген элементтерін өз бойына сіңіріп, өзінің рухани мұратына, мақсатына айналдырып отырады. Осындай жағдайда ғана нағыз рухани сабақтастық болуы мүмкін. Рухани дәстүр адамды түлетуі қажет.

Ұлттық тәрбие – сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Өйткені ол халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік негізінде дамып, қалыптасты.

Ақын-жыраулардың толғауларында бүкіл қазақ халқының ой -арманы мен эстетикалық түсініктері шынайы бейнеленген. Олардың шығармашылығындағы ұлттық көркем мәдениет алдымен тұрмыс-салт жырларында, қолөнерінде көркем формада баяндалған.

Эстетика көркемдік (әсемдік) әдептен, дәстүрден, салттан, санадан айқын көрініп жеке тұлғаның, топтың, ұжымның, ұлттың эстетикалық мәдениетін көрсетеді. Эстетикалық әсерленуден қабылдау, қабылданудан тану, талғам, эстетикалық сана қалыптасады. Ол туралы «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар: әнді сүйсең, менще сүй» - деп Абай эстетикалық талғам мен сананың өзектес өрнегін жеткізе бейнелейді, сөйтсе де, өлең өрнектерімен әсемдік жасайды.

Мәселен, «Отыз үшінші сөзінде» Абай қолөнердің қажеттілігіне тоқталады, қолөнер үйренбек керек, ол ешқашан жұтамайды, өнерді үзбей жетілдіріп отырса, іскерлік артады деген ұғымды жастарға қазақтардың жалқаулығын, салғырттығын, кербездігін, мақтаншақтығын бетке басып, әшкерелей отырып қазақ халқына тән психологиялық ерекшелік айнытпай берілген десе болады. Этнопедагогика мен психологияда мұндай сезімдер моралдық (адамгершілік) интеллектуалдық (танымдық) және эстетикалық болып бөлінеді.

Өз халқының ұлттық тәрбиесінен хабары жоқ жас ұрпақ, өз мәдениетін білмейтін азамат болуы мүмкін дегенге келеді. Халел Досмұхамедов: «Ұлттық мектептегі оқуға қойған талаптарында бұрынғы өткен халықтармен, олардың мәдениетімен, салтымен таныстыру, бұрынғыдан қалған тамтұқтарды қалай іздеу жайында, қалай пайдалану туралы баяндама беру қажет» - деген пікір айтқан.

Демек, сонау ғасырлардан бастап ұлы ойшылдарымыз бен саясаткерлердің, ақын-жыраулардың көкейін тескен ұлтымыздың дамуына қатысты мәдени-рухтық мүдделер жалғасын тауып, бүгінгі ғалымдарымыздың еңбектеріндегі зерттеу тақырыбына да арқау болып отырғандығына көз жеткіземіз.

Халықтың эстетикалық ой танымының, оның ішінде ұлттық реңктерді қабылдай білуде образды поэтикалық талғамның қалыптасуы дегеніміз – ата-бабамыздың мәдени болмысы біртектес, біртұтас болуы деген сөзді білдіреді. Бұл орайда кең далада еркін өскен ата-бабамыздың ой өрісі де кең, түйсігі ұшқыр, талғамы биік болғанын оның ұлттық қолөнерде пайдаланған түстерді образды сипаттауынан айқын аңғарамыз.

Аталған ғалымдардың онсыз да ұмыт болып бара жатқан дәстүрлері тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын эстетикалық талғаммен қабылдап, өмір қажетінен шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр. Егеменді ел болып, еркіндік алған тәуелсіз халқымыздың мәдени негіздері жасалып, жаңарып дами бастады.

Этнопедагогика халық педагогикасына лайықты үндестік құрылымын жасайды, отбасы мен мектептегі білім мен тәрбиеге бағыттайды, сөйтіп, халық педагогикасының табиғилығы мен өміршеңдігін, әлеуеттілігін нығайта түседі. Меткептегі оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасы дәстүрлерін ізгілендіру тек этнопедагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын әр алуан дәстүрлердің қайта жаңғыруы тек қана дәстүрлі тәрбие жолымен жүзеге асырылуы қажет, өйткені, ол ұлттық мәдени құндылықтардың өзегі.

Халық педагогикасының көздеген мақсаты – адами тұлғаны (ұлттық тұлға), қалыптастыру десек, оның іргетасын білім, наным, әседікке сену, эстетикалық тәрбие жасамақ. Сонымен қатар, халықтық педагогика қағидасы, мектепте оқушыларды ұлттық мәдени құндылықтарды игеру арқылы, рухани адамгершілікті, мәдени өмір салтын ұстануға негіздейді.




Әдебиеттер:


  1. «Мәдени мұра». Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004, 11-13 бет.

  2. Агаев А.Г. Национлогия: Проблемы конструирования

  3. Педагогикалық сөздік. – Алматы, 1997 ж. 66-бет

  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-том жалпы редакция басқарған А.Ы.Ысқақов.-Алматы: Ғылым.1985-591 бет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!