ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан
облысы, Түлкібас ауданы
Ш.Мұртаза атындағы шағын
жинақты мектеп-гимназиясы
Оралбай Ғани
9 сынып оқушысы
Жобаның тақырыбы: «Табиғатта кездесетін тағамдық өсімдіктер және пайдалану жолдары»
Секция: Биология
Ғылыми жетекші: Қалыбеков А
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................1-8
1.Аналитакалық шолу
1.1 Өсімдіктер дүниесінің эволюциясы........................................................9-17
2.1Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір
экологиялық топтар................................................ 18-27
3.1 Зерттеу нәтижелерін тақылау ..............................................................28-33
Қорытынды .....................................................................................................33-34
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................34-35
Annotation
It is important to say that species change is one the most pressing issues of our time. Therefore , it requires a study of biologica diversity of plants, their adaptation to different ecological environment. The study focuses on the study of evolutionary changes in the development of plants and their adaptation to the envioronment. Generally speakind , plants are adapted to their natura l environment derending on the environment and are subject to changes in the tupes of plant groups to derermine the basic forms of plant life forms. At the same time it allows to learn methods of determining changes in the development and adaptation of plants. Purpose of the research – Analytical review - classification of plants to organs due to land leaks - Ecological groups and life forms of plands
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өсімдіктердің түр өзгерістері қазіргі кездегі үлкен өзекті мәселелердің бірі деп айту керек. Сондықтанда өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігін, олардың түрлі экологиялық ортаға бейімделуін зерттеуді қажет етеді.
Зертттеу жұмысының алда тұрған міндеттеріне өсімдіктердің жекелеген түрлерін және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастығын жан-жақты зерттеу жатады. Өсімдіктер және олардың қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің құрылыстары мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланыстарын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастығының таралуы мен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігі маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Сонымен қатар өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын, шаруашылықта қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің (малға азық болатын, дәрілік, жеміс-жидек, көкөністік, техникалық және т.б. өсімдіктерді) табиғи қорын, түрлік өзгерістерін анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру. Өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылымдарының алуан түрлілігін, олардың тіршілік әрекетін, ерекшеліктерін, адам баласының өсімдіктерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру. Сонымен қатар өсімдіктер дүниесін зерттеудің басты міндеттерінің бірі қоршаған ортаны және өсімдіктер қорын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысында өсімдіктердің даму барысындағы эволюциялық өзгерістерін және сол ортаға бейімделу қасиеттерін зерттеуге көңіл бөлініп отыр.
Жалпы айтқанда өсімдіктер өзінің табиғи жаратылысын қоршаған ортаның жағдайына қарай бейімделіп, өсімдіктер даму барысында қоршаған ортаның экологиялық жағдайына байланысты өзгерістерге ұшырайды. Өсімдіктердің тіршілік формаларының қалыптасу негізгі формаларын анықтау мақсатында өсімдіктер тобтарының түрлеріне зерттеу жүргізіп отырмыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өсімдіктердің тіршілік формаларының қалыптасуына экологиялық ортаның әсері.
Жұмыстың міндеті:
- Аналитикалық шолу;
- Құрлыққа шығуына байланысты өсімдіктердің мүшелерге жіктелуі;
- Өсімдіктердің экологиялық топтары мен тіршілік формалары;
Ғылыми жаңалығы: Жоғары сатыдағы өсімдіктердің эволюциялық даму барысында қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктерін зерттеу әдістері зерттеліп отыр. Ғылыми жұмыстың нәтижелері өсімдіктер дүниесі топтарының кез келген ортада өсуі мен дамуындағы эволюциялық өзгерістерді анықтау үшін және олардың дамуындағы түр өзгерістерге неліктен ұшырайтыны жайлы толық мәліметтерді алуға болады. Сонымен бірге өсімдіктердің дамуы мен бейімделу ерекшелігіндегі өзгерістерді анықтау әдістерін игеруге мүмкіндік береді.
Практикалық маңыздылығы: Алынған нәтижелерді өсімдіктерді өсіру мен егу және өндіру барысында ауылшаруашылық саласында және қалаларды көгалдандыру мен үй өсімдіктерін және дәрілік өсімдіктердің қасиетін толық игеру үшін қолдануға болады.
-
Аналитикалық шолу
1.1 Өсімдіктер дүниесінің эволюциясы
Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.
Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм, ені 0,2-1 мкм (1 мкм - 10-6м). Темекі өсімдігінде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм - 10-9м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында болып келеді.
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі, өте майдалары мен үлкен көлемді алыптары кездеседі. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі - секвойядендронның биіктігі 100 м-ден асса, дінінің диаметрі 10 м-ге жетеді.
Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ, әрі күрделі энолюциялық даму барысында үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуге байланысты болса керек.
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада - дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары жасушаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір жасушалылар және колониялылар болған. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп жасушалылар пайда болған.
Мұндай көп жасушалы тірі организмдердің жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. Сондықтан да осы уақытқа дейін сулы ортада құрылысы қарапайым бір жасушалы, колониялы өсімдіктер — көк-жасыл, және жасыл балдырлар тіршілік етуде. [1].
Катерхей эрасын есептемегенде жердің даму тарихын бес эраға бөлу қабылданған. Олар: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой эралары. Өз ретінде әрбір эра геологиялық кезеңдерге бөлінеді және олардың әрқайсысы біздің планетамызды мекен еткен өсімдіктердің, жануарлардың тасқа айналған, дақтар ретінде қалған қалдықтарымен, шөгінді тау жыныстарымен сипатталады. Осы мәліметтерге сүйене отырып жүргізілген зерттеулер нәтижесінде тірі табиғат әлемінің дамуы туралы көріністі анықтауға, соңдай-ақ кейбір жер бетінен жоқ болып кеткен жануарлар мен өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктерін білуге мүмкіңдік туды. Жер бетінде алғашқы өсімдіктердің қашан пайда болғаны әзірше беймәлім. Мұның өзі көне заман өсімдіктері құрылысының қарапайымдылығынан, олардың тасқа айналған қалдықтарының біздің дәуірімізге жете алмай құрып кетуінен деп түсіндіріледі.
Біздің планетамызда тіршілік бұдан 3,5 млрд. жылдай бұрын архей эрасында пайда болған деп есептелінеді. Оған архей тау жыныстарынан бактериялар мен балдырлардың тіршілік өнімдерінің табылуы осының дәлелі болып отыр. [2,3].
Бұған дейінгі қатархей эрасында (шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын) дүние жүзінде физиқалық-химиялық процестер жүріп, тіршіліктің пайда болуына қажетті орта жағдайлары қалыптасты.
Географиялық ортаның тірі табиғатын өсімдіктер және жануарлар дүниесі деп бөлу ертеден қалыптасқан. Бұлардың шығу тегі ортақ, яғни ұзақ және күрделі эволюциялық даму процесінің нәтижесінде қарапайым тіршілік формаларынан пайда болған. Шығу тегінің ортақтығына байланысты өсімдіктер мен жануарлардың арасында көптеген ұқсастықтар, сонымен қатар едәуір айырмашылықтар да бар. Оларға тән негізгі тіршілік ерекшеліктеріне: зат алмасу, қоректену, өсу мен даму, қимыл, тітіркену, көбею, өзгергіштік және оның тұқым қуалауы, қартаюы мен өлуі жатады.
Жануарлар дүниесінің қарапайым бір жасушалы өкілдері құрылысы жағынан бір жасушалы өсімдіктерге өте ұқсас. Мұндай ұқсастық жер бетінде ең алғаш тіршіліктің пайда болу кезеңіне жақындаған сайын арта түседі. Мысалы, құрылысы бір жасушалы организм эвгленаны ботаниктер өсімдіктерге, ал зоологтар жануарлар дүниесіне жатқызады.
Өсімдіктердің жануарлардан негізгі айырмашылығы – бұл жасуша құрамында хлорофиллдің болуы. Ол өсімдіктерге жасыл рең береді. Жасыл рең өсімдіктердің басым көпшілігіне (2/3-не) тән.
Қоректену тәсіліне қарай тірі организмдер үлкен екі топқа бөлінеді: Олар: автотрофтар және гетеротрофтар. Автотрофты организмдерге жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар және жасуша құрамында пигменттері (бояу заты) бар бактериялар жатады. Бұлардың барлығы органикалық заттарды күн сәулесі қуатының қатынасуымен синтездейді, сондықтан оларды фототрофты организмдер немесе фототрофтар деп атайды. Бактериялар бейорганикалық заттардан органикалық заттарды жасауға қабілетті. Бұл құбылыс осы бактериялардың бейорганикалық заттарды ашытуы барысында босап шығатын қуат есебінен жүреді. Сондықтан да оларды хемосинтетиктер немесе хемотрофтар дейді. Гетеротрофты организмдерге кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялардың басым көпшілігі және жануарлар жатады. Бұлардың жасуша құрамында хлорофилл болмайды. Сондықтан жасыл өсімдіктер жасайтын дайын органикалық заттармен ғана қоректенеді. Гетеротрофты өсімдіктер паразитті және сапрофитті деп бөлінеді. Паразитті өсімдіктер - басқа организмдердің денесінде тіршілік етіп, соның есебінен қоректенеді. Бұларға жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінен ауру туғызатын саңырауқұлақтар (ақ ұнтақ, тат, қара күйе және т.б.) мен кейбір жоғары сатыдағы хлорофилсіз өсімдіктер (сұңғыла, арам сояу) жатады. Сапрофиттер жануарлар өлекселерімен, өсімдіктер қалдығындағы органикалық заттармен қоректенетін өсімдіктер жатады. Өсімдіктерде миксотрофты (аралас) қоректену тәсілі кездеседі, мұндай өсімдіктер өздері органикалық заттар түзіп және жарым-жартылай гетеротрофты қоректенеді (жасыл эвглена және т.б.) Қоректену тәсіліне қарай өсімдіктердің келесі тобы симбиотрофтар деп аталады. Бұған эпифиттер, яғни тіршілік ортасында минералдық заттар мүлдем жоқ, коректік затқа өте кедей, сілтіленген топырақтар мен шымтезекті, мүкті жерде өсетін өсімдіктер жатады. [4]
Олар қосымша азотты қоректік тамырлары арқылы симбиозды (селбесу) тіршілік ететін саңырауқұлақтар немесе бактериялар арқылы қабылдайды. Сол сияқты органикалық және бейорганикалық заттармен қатарласа қоректенетін жасыл өсімдіктер де бар. Оларға шықшылдық, дүңгіршек, венера шыбын жұты, непентес және т.б. сол сияқты насеком қоректі өсімдіктер жатады.
1.2 Құрлыққа шығуына байланысты өсімдіктердің мүшелерге жіктелуі
Тірі организмдер табиғаттың аса маңызды бөлігі. Олар бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етеді. Өсімдіктер болмаса жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайтын еді. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы өте зор. Өйткені біздің планетамызда өсімдіктердің кездеспейтін жері жоқ, олар Арктика мен Антрактиданың суық шөлдерінде, сол сияқты температурасы 70°С-ге жететін ыстық бұлақтарында, жер қыртысының 100 м-ге (2-3 км тереңдікте кездеседі) дейінгі терең қабаттарында және атмосферада 10-12 км-ге дейінгі (спора түрінде) биіктікте, ал кейбір балдырлар (қоныр және қызыл балдырлар) теңіз суларының 200 - 250 м-ге дейінгі тереңдігінде кездеседі.Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және судың бет жағында жүзіп жүретін планктонды құраса, екіншілері су астындағы субстраттарға бекініп шалғын түзетін бентос болып табылады. Олай болса, өсімдіктер жануарлармен салыстырғанда өте кең таралған, сондықтан олар биосфераның шекарасын анықтайды. [5,6].
Өсімдіктердің жер бетіндегі тіршілігі үшін де маңызы өте үлкен. Өсімдіктер топырақты қарашірікпен байытып, құрылымын жақсартады. Ауаны шаң мен улы газдардан тазартады. Ауру тудыратын майда организмдерді жояды. Аптап ыстықты, қақаған азды бәсеңдетеді. Олардың бірі органикалық заттар түзсе (автотрофты өсімдіктер), екіншілері оларды ыдыратын (гетеротрофты өсімдіктер), жер қойнауына минералдық заттарды, ауаға СО2 газын қайтарады. Жасыл өсімдіктер жапырақтан тамырлары арқылы суда еріген минералдық заттарды, жер беті бөліміндегі (өркен) устьице арқылы СО2 газын фотосинтездің ішкі заты ретінде қайтадан қабылдайды. Осы ретпен табиғатта заттар айналымы жүзеге асады. Жасыл өсімдіктердің бейорганикалық заттардан күн сәулесінің тікелей әсері арқылы органикалық заттар түзу процесі фотосинтез деп аталады. Қарапайым реакция ретінде оны былай жазады:
6СО2 + 6Н2О = С6Н12О6 + 6О2 - 2830 қДж (1)
Пайда болған глюкоза (С6Н12О6) одан ары күрделі көмірсуларына айналады. Өсімдік топырақтан азотты қабылдағаннан кейін ақуыздар және басқа да күрделі заттар синтезделеді. Фотосинтез кезінде бөлініп шыққан оттегін барлық тірі организмдер тыныс алу үшін пайдаланады.
Тірі организмдердің тыныс алуы кезінде (бұл да жану процесі) органикалық қосылыстар қарапайым минералдық заттарға айналады, көмірқышқыл газы бөлінеді. Тыныс алу — фотосинтезге кері процесс:
С6Н12О6+ 6О2 = 6СО2 + 6Н20 + 2830 кДж. (2)
Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі нәтижесінде органикалық заттар түзіп содан өздері қоректенеді, сөйтіп жер бетінде органикалық қосылыстардың қорын жасайды. Шамамен есептегенде өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесінде жыл сайын 400 млрд. т. органикалық заттар түзеді және сол үшін 175 млрд. т. көміртегін пайдаланады. Сөйтіп ол планетамызда тіршіліктің қайнар көзіне айналады. Көрнекті орыс ғалымы К. А. Тимирязев фотосинтез өнімдерін «күн сәулелерінің консервісі» деп атаған.
Өсімдіктер әлемі өте алуан түрлі және олардан алынатын өнімдер де әр түрлі. Олардың атқарып отырған жұмыстарының көлемінің қаншалықты екендігін дәл анықтау қиын, тіпті мүмкін де емес. Сонымен, эволюция барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған, ал өсімдіктер хлорофиллінің болуына байланысты органикалық емес заттардан органикалық заттарды синтездеуге қабілетті жалғыз организм ретінде дараланған. [7]
Өсімдіктер ауылшаруашылық өнімдерінің ерекшеліктеріне және олардың пайдалануына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді: 1) дәнді дақылдар — бидай, күріш, қара бидай, жүгері, арпа, сұлы, қарақұмық, тары және т.б.; 2) ақуызға бай дәнді-бүршақты дақылдар – үрме бүршақ, асбүршақ, ноқат, қытайбүршақ, маш және т.б.; 3) көкөністер – қырыққабат, сәбіз, қызылша, картоп, шомыр, тарна (брюква) және т.б.; 4) жеміс-жидек дақылдары – алма, алмұрт, шырын жемістілер (цитрустар), тұшала, бұлдірген, қарақат және т.б.; 5) майлы дақылдар – күнбағыс, мақта, зығыр, кенепшөп, қыша және т.б.; 6) талшықты дакылдар – зығыр, кенепшөп, мақта және т.б.; 7) дәрілік өсімдіктер – дәм-тағамдық өсімдіктер, бақша дақылдары, витаминді өсімдіктер және т.б.
Тіршілік барысында адамдар қазірде, бұдан бірнеше жылдар, ғасырлар бойы шығу тегі өсімдіктер өнімі болып табылатын жердің қазба байлықтарын өз мүддесіне кең түрде пайдаланып кледі.. Оларға көмір, шымтезек, тақта тас (сланцы), шөгінділер (сапропель) және т.б. жатады.
2 Өсімдіктердің экологиялық топтары мен тіршілік формалары
Өсімдіктердің тіршілік формалары, олардың экологиялық факторлардың әсерінен және беймделу реакциялары негізінде өсімдіктердің сыртқы ортамен қарым-қатынасы және олардың сырт пішіндері мен тіршілік формалары қалыптасады.Тіршілік формалары туралы жазылған ғылыми еңбектердің ішінде әлі күнге дейін ең қолайлысы К.Раункиердің (1905) "биологиялық типтер" жүйесі. Бұл жүйенің негізінде бір ғана биологиялық белгі бар: ол-жаңару бүршіктерінің жер бетінде орналасуы және жылдың қолайсыз мерзімдерінде қорғану тәсілдері қоршаған ортаның жағдайы мен әсері қаншалықты қатаң жайсыз, сұрапыл болған сайын, өсімдіктердің жаңару бүршіктері немесе өсу бүршігі сенімді қорғалған жағдайда болуы тиіс. Көптеген зерттеушілердің Т.И. Серебрякова, А.Н. Краснов, М.С. Двораковский ойынша бұл белгі басқаларға қарағанда ең негізгілерінің әрі тұрақтысы болып табылады. Өсімдіктер экологиясы өсімдіктердің ортамен өзара қарым-қатынасы, сонымен бірге жеке факторлардың және олардың жиынтығының өсімдіктер формасының пайда болуы, өсімдік мүшелерінің сыртқы және ішкі құрылысның ерекшеліктері, олардың тіршілік жағдайларына байланысты екендігіне үнемі көңіл аударылды. Экологиялық топтары әдетте ортаның форма түзетін және физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторына байланысты бөледі. Дегенмен өсімдіктер үшін өте қажетті, олардың құрылымына әсер етуші экологиялык, факторлар топырақ және ауа ылғалдығы, жарық. Сондықтан да көптеген экологиялық топтардың ішінде, сыртқы бейнесі және анатомиялық құрылымы жағынан бір-бірінен айырмасы бар өсімдіктерді кездестіруге болады. Олардың тіршілік формалары әр түрлі. Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары (ксерофиттер, гигрофиттер және басқалар) ғана емес, тіршілік формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер жамылғысының негізгі құрылым бөліктерін белгілеу үшін «өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет өндірген ботаник ғалым А. Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың кейбіреулері: банан, сүректі папортник, астық, мүк. Осындай «формалар» жиынтығы және олардың әрқайсысының үлесі зерттелетін аймақ өсімдіктер жамылғысының бет пердесін (физиономиясын) анықтайды. [8]
Құрылымдық топтар және өсімдіктер жамылғысының географиясы туралы ғылымның басты кезеңі А. Гризебахтың жұмысымен байланысты. Ол өсімдік формасының санын 60-қа дейін жеткізіп оларды «өсімдіктер формасы» деп атады.
Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н. Краснов, А.Б. Келлер, И. Г. Серебряковтың есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник — эколог А. Б.Келлердің (1933) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек». В. Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген, оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уакыт бейімделудің нәтижесі» деп анықтайды.
А. Б. Келлердің анықтамасында екі негіз: генетикалық (белгілі бір системалық топқа жатуы) және экологиялық бейімделу қамтылған. И. Серебряковтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де тіршілік формасының морфологиялық мәні жете сипатталады.
Тіршілік формасы немесе биоморфа , өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өзіндік сыртқы бейнесі. Габитус алдымен өсімдіктердің жер үсті және жер асты вегетативтік мүшелерінің өсу ерекшеліктеріне байланысты.Өсімдіктердің белгілі бір түрінің особьтарына тән тіршілік формасы — ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау белгісі болып бекінген. Осыған қарамастан түрдің тіршілік формасы нақты жағдайларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. [9-12]
Сондықтан да көптеген экологиялық топтарды олардың тіршілік формаларының қалыптасуына әсерін зерттеп білу өзекті мәселелердің бірі.
Өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесін төмендегідей қарастыруға болады:
1. Ағаштар — жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық, өсімдіктер, қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.
2. Бұталар — жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер. Ағаштардың айырмашылығы, ерекше жеке-дара діңі болмайды, өзара шамалас бірнеше діңі бар, бұтақтануы жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.
3. Бұташықтар — бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден аспайды .
4. Жартылай бұталар — өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусаңдар, жебір).
5. Лиананалр — сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер.
6. Жастықша өсімдіктер — қоректік заттарға кедей тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген. Негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі: тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа, өркендері бір-біріне тығыздалып, жақындаған, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған тәрізді. Сондықтан жастық пішіндес болады. Жастықша өсімдіктер іш жағында ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шыңдарының, мұхиттағы тасты аралдардың, теңіз жағалауларының, арктикалық тундраның өсімдіктері.
7. Суккуленттер — су қорын сақтайтын шырынды өркенді көп жылдық өсімдіктер (түбіртек, кактустер, агавалар).
8. Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік тамырлылар, шашақ тамырлылар, ұзын және қысқа тамырсабақтылар, жуашықтылар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетіңде төселмелі және жер бетінде столондылар.
Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсерінен пайда болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері тіршілігінің ұзақтығы алынған.
Барлық жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік формаларын ескере отырып Дания ғалымы К. Раункиер (1905) өзінің жүйелеуін ұсынды. Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктердің сыртқы бейнесі — габитусы емес, негізгі морфолого-физиологиялық ерекшеліктері алынды. Бұл жүйенің физиологиялық принципі — өсімдіктің тыныштық кезеңге; морфологиялық принципі — бүршіктердің немесе өркендердің өсімдіктер өсуіне қолайсыз жыл мезгілдері кезінде орналасуының топырақтың жоғарғы беткейіне қатынасы. Бұл жүйе іс жүзінде қолданылады және жабықтұқымдылардың тіршілік формаларының эволюциясын, ағаштардан бастап шөптесін өсімдіктерге дейін, зоналар бойынша көрнекілейді.И. Джефридің, кейінірек Э Синнота мен И. Бейлидің микроскоптық салыстырмалы морфологиялық зерттеулері сүректілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші де бола алады. []
Айта кету керек сыртқы орта тірі организмдерге және олардың бірлестігіне әсер етушілердің жиынтығынан тұрады. Тірі организмдер мен оларды қоршап тұрған орта арасыңдағы өзара әсер және организмдердің үнемі меңгеріп отыратын тіршілік жағдайларына бейімделуі жалпы жер бетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді. Осындай өзара әсерді зерттеу экологияның негізгі міндетіне жатады. [13-16]
Өсімдіктер экологиясы өсімдіктердің ортамен өзара қарым-қатынасы, сонымен бірге жеке факторлардың және олардың жиынтығының өсімдіктер формасының пайда болуына әсері туралы ғылым. Мұның алдындағы тарауларда өсімдік мүшелерінің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері, олардың тіршілік жағдайларына байланысты екендігіне үнемі көңіл аударылды. Бұл тарауда солардан қорытынды жасай келіп, өсімдіктердің негізгі экологиялық топтары мен тіршілік формаларын қарастырамыз.
Экологиялық топтары әдетте ортаның форма түзетін және физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторына байланысты бөледі. Дегенмен өсімдіктер үшін өте қажетті, олардың құрылымына әсер етуші экологиялык, факторлар топырақ және ауа ылғалдығы, жарық. Сондықтан да көптеген экологиялық топтардың ішінде, сыртқы бейнесі және анатомиялық құрылымы жағынан бір-бірінен айырмасы бар өсімдіктерді кездестіруге болады. Олардың тіршілік формалары әр түрлі.
Тіршілік формасы немесе биоморфа (грекше «биос» - өмір; «морфе» - форма) деп, өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өзіндік сыртқы бейнесін (габитус) айтады. Габитус алдымен өсімдіктердің жер үсті және жер асты вегетативтік мүшелерінің өсу ерекшеліктеріне байланысты.
Өсімдіктердің белгілі бір түрінің особьтарына тән тіршілік формасы — ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау белгісі болып бекінген. Осыған қарамастан түрдің тіршілік формасы нақты жағдайларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Мысалы, жөке ағашы сүректі тіршілік формасына жатады.
Тіршілік жағдай қалай өзгерсе де, ол шөптесін өсімдік бола алмайды. Бірақ бұл түрдің кейбір особьтері сымбатты бір діңді ағаш (парктерде, көшелерде) қалпынан, бұтақтанған көп діңді ағашқа (сиретілген ормандарда, орман шеттерінде) және төселмелі бұтақтарға (жарық жетіспеуі және басқа факторлардың қолайсыз әсерінен) айналуы мүмкін.
2.1 Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
Әрине өсімдіктер дүниесін топырықтың ылғалдылығына байланысты экологиялық топтарға жіктеу қажет. Себебі, олардың өсуі мен дамуы немесе қаыптасуы осы ылғалдылық паыйзыныда байланысты болмақ.
Егер айтатын болсақ ылғалға байланысты өсімдікердің мынадай негізгі топтарын ажыратады: 1.Ксерофиттер (грекше «ксерос — құрғақ; «фитон» — өсімдік) — топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер. 2. Мезофиттер («мезос — орташа) — орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер. 3. Гигрофиттер (грекше «гигра» — ылғал) — көбінесе атмосфералық ылғал мол жерде тіршілік ететін өсімдіктер. 4. Гидрофиттер (грекше «гидро» — су) — суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су астында, жоғарғы бөлігі су бетінде калқып өседі. 5. Толығынан суға батып тіршілік ететін өсімдіктерді гидатофиттер (грекше «гидатос» — су) деп атайды. [17,18]
Гидатофиттер — су өсімдіктері. Бұларға балдырлар, сужапырақ (элодея), валлиснерия, көптеген шыландар, егеушөп, мүйіз-жапырақ, тұңғиық, сары тұңғиык, наяда, дүңгіршек т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп (тұңғиық), біразы су қабаттарыңда (балдыршөп, сукөрік) бос жүреді.
Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты кұрылымында өзіндік ерекшеліктер бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ жасушалардың екі қабатынан ғана тұрады. Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кеткен. Дене беткейлері көлемді. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетіспейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де, біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Соңдықтан оларға көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктері тән.
Эпидермасының үстіңгі беткейіңде кутикуласы болмайды, болғанымен өте жұқа, судың енуіне кедергі жасамайды. Соңдықтан судан шығарылған су өсімдіктері бірнеше минут ішінде солып қалады.
Су ауаға қарағанда едәуір тығыз, сол себепті өзіне батқан өсімдіктерді ұстап тұрады. Соның нәтижесінде су өсімдіктеріне механикалық ұлпаның аса қажеті болмайды. Сонымен қатар ауа тапшылығына бейімделу нәтижесінде су өсімдіктерінде ауаға толы көптеген жасушааралық қуыстар, аэренхималар пайда болады. Жасушааралық қуыстар өсімдіктердің суда жүзіп жүруін және ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Күңдіз фотосинтез нәтижесінде оларға оттегі толады. Оттегі қараңғы түскенде ұлпалармен дем алуына жұмсалады. Тыныстану (дем шығару) кезінде бөлінген көмірқышқыл газы жасуша аралықтарында жинальп, күндіз фотосинтезге жұмсалады. Сол сияқты бұларда түтікшелер нашар жетілген немесе болмайды, өйткені өсімдіктер суды бүкіл денесінің бетімен қабылдайды.
Гидрофиттер — әдетте су қоймаларының жағалауында өседі (жебежапырақ, алисма, қара өлеңшөп, қамыс, қорыс қырықбуыны, көптеген қияқөлеңдер). Су қоймаларының түбіне көптеген қосалқы тамырлы тамырсабақтарымен бекінеді де, су бетіне жапырақтары немесе жапырақты өркендері шығып тұрады.
Гидрофиттердің барлық мүшелерінде су қоймасы түбіндегі және суға батып тұрған бөліктерін оттегімен қамтамасыз ететін жасушааралық қуыстары жақсы жетілген. Көптеген гидрофиттерде пішіні және құрлымы дамып жетілген орта жағдайына байланысты әр түрлі жапырақтар пайда болған. Мысалы, жебежапырақты алатын болсақ, оның су бетінен жоғары көтеріліп тұрған жапырағының сағағы мықты, жапырақ тақтасы "тығыз, пішіні жебе тәрізді, мезофилінде бағаналы ұлпа жақсы жетілген; жапырақ сағағында, сол сияқты тақтасында да жасушааралық куыстары бар.
Суға батып тұрған жапырақтары ұзыншақ, нәзік таспа тәрізді, жапырақ тақтасы мен сағағына жіктелмеген. Ішкі құрылымы нағыз гидатофиттердің жапырақтарына ұқсас.
Гигрофиттер — ылғалды ормандар, мен өзен аңғарларының батпақты шалғыңдардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары болғандықтан, бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның нәтижесіңде жоғарғы ағыс жолымен минералдык, заттардың козғалуы баяулайды. Басым көпшілігінің жапырағы жұка, жалаңаш (түксіз), кутикуласы жұқа, устьицелері жабылмайды жапырақтың екі бетінде де орналасады. Орталық цилиндрі нашар жетілген, түтікшелері аз, тамыр жүйесі бетіне жақын орналасқан және аз бұтақтанған. Гигрофиттерге көптеген аройниктер, көкбұталар, (верескілер), кейбір бегониялар жатады. Қоңыржай аймақтың гигрофиттеріне баймана, шытырлақ (шыңқетер), батпақ қызылбояуы, кейбір қырықбуыңдар жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті атауға болады.
Мезофиттер — орташа ылғалды ортада тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған қоңыржай аймақтың жапырағын түсіретін ағаштары мен бұталары: шалғын және орман шөптесін өсімдіктерінің басым көпшілігі (қызылбас беде, шалғын атқонағы, меруертгүл, сныть), егістік дақылдардан — қатты және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі, жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қант қызылшасы, кенепшөп, бадам, жүзім, жемістік дақылдардың пыстадан басқасының бәрі; көкөніс дақылдарының көпшілігі; сәбіз, қызанақ, қырыққабат т.б. жатады.
Ксерофиттер — ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін өсімдіктер (141-сурет). Олар су теңдестігін (балансын) әр түрлі бейімделу арқылы реттейді. Морфологиялық құрылысы жағынан ксерофиттер алуан түрлі. Бұған әр түрлі тіршілік формалары жатады. Олардың бірсыпырасы алдыңғы тарауларда берілген. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су қорын сақтайтын сабақты-жапырақты суккуленттер (кактустер, агава) сол сияқты жапырақтардың әр түрлі дәрежеде редукциялануы (дрок, қылша). Бейімделу белгілеріне жапырақ тақтасының көлемін кішірейту (жусандар), жапырақтың тікенекке айналуы (жантақ), жапырақ тақтасының түтікше тәрізді ширатылуы (қау), қалың түктермен жабылуы (аюқұлақ) сияқты буландыруды азайтатын, өсімдікті қызып кетуден сақтайтын белгілер жатады. Ксерофиттердің кұрғақшылыққа бейімделу белгілері (ксероморфты) анатомиялық кұрылысынында да анық байқалады. Олардың эпидермасын сырт жағынан қалың кутикула қабаты жауып, ол қабат тереңдеп устьице саңылауына дейін жетеді. Эпидерманың сыртына балауыз бөлініп, қабыршақ және таяқша тәрізді пішінге көшеді. Кейбір пальмалардың өркенінің сыртына бөлінген балауыздың қалыңдығы 5 мм-ге жетеді.
Ксерофиттердің устьицесі крипта (латынша Сгурtа — төле) деп аталатын тереңдікте, шұңқырда орналасады және олардың қабырғаларының кескін үйлесімі күрделі болып келеді. Мысалы, алоэда жасуша қабықшасы жасушаларының өскіндері бір-біріне жақындайды, сөйтіп су буының ауаға шығуына кедергі жасайды. [19,20,21]
Олеандрада әрбір үлкен төледе бірнеше устьице орналасады да, ал төленің қуысы жұмсақ, тығын сияқты жиі орналасқан түктермен толып тұрады.
Ксерофиттердің екі тобын ажыратады: склерофиттер (грекше «склерос — қатты) және суккуленттер (латынша «суккулентус» — шырынды).
Склерофиттер құрғақ, қатты келеді, олар су мол болатын мерзімде де (көктемде) бойына су қорын жинамайды, денесіндегі ылғалды 25%-ке дейін жоғарылатудан зиян шекпейтін ксероморфты құрылымды өсімдіктер. Склерофиттердің жұлып алынған өркендері солмай ұзақ сақталады. Тамыр жүйесі қуатты жетілген. Склерофиттерге жоғарыда айтылған ксероморфтық ерекшеліктеріне қосымша, жасуша шырынының осмостық қысымының жоғары болуы (40—60—100 атм) және жапырақтарында, сабақтарыңда механикалық ұлпаның (склренхима) жақсы жетілуі тән. Склеренхима тек қана өткізгіш шоқтарының құрамына емес, эпидермаға жанаса жатқан қабаттар түзеді. Склерофиттерге жүзгін, сексеуіл және тағы сол сияқты шөл, шөлейтті, құрғақ дала өсімдіктері жатады. Суккуленттер керісінше денесінің белгілі бір бөлігінде су қорын жинайтын, шырынды, ет-жеңді өсімдіктер.
2.1.2 Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
Өсімдік пен топырақ тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені топырақ — өсімдіктердің бекіну ортасы, сол сияқты органикалық қосылыстарды синтездеу үшін қажетті су мен минералдық заттардың негізгі көзі. Өсімдіктердің тіршілігі үшін топырақтың химиялық құрамы, физикалық қасиеті, құрылымы, ылғалдылығы және тағы басқа ерекшеліктерінің маңызы зор.
Өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. Осыған байланысты өсімдіктерді шартты түрде эвтрофты, мезотрофты және олиготрофты деп үшке бөледі.
Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлығына талабы өте жоғары (дала, орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері).
Олиготрофты (грекше «олигос — аз, «троф» — қорек) өсімдіктер қоректік затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғын (аққылтан), құмайт топырақ (қарағай), шымтезекті батпақ (шықшөп, мүкжидек, ұлпабас, шымтезек мүктері) өсімдіктері жатады.
Тұздылығы жоғары топырақта өсетін өсімдіктер галофиттер деп аталады (грекше «галос — тұз). Тұздылық мөлшері және ерекшелігіне қарай: сор және сортаң деп бөлінеді.
Сордың бет жағын тұзды су басып жатады. Бұларда көктемде ылғал мол болады да, жазға қарай тұздылығы артып, бет жағы тұзды қабыршақпен жабылады. Тұздану негізінен сода және гипс есебінен жүреді. Сортаңда тұз топырақтың төменгі қабаттарында жиналады, жоғарғы қабаттары тұзсыз. Топырақтың бұл қабаты құрылымсыз болады. Топырақтың төменгі қабаты тығыз, кепкен кезде бағаналы бөліктерге және кесектерге жарылады. Негізгі галофиттерге сор өсімдіктері жатады. Олар алаботалар тұқымдасының өкілдері. Сыртқы көрінісі жағынан галофиттер суккуленттерге ұқсас, суға қаныққан (салмағының 92%-не дейін). Тамырлары біршама нашар, тереңге кетпейді. [22-26]
Б. А. Келлер галофиттердің мынадай типтерін ажыратады:
1. Бұзаубас сортаң типі. Жапырақтары қатты өзгерген,
шырынды, сабағы бунақталған
өсімдіктер.
2. Шведка (Snaedа maritima) типі. Жапырақтары өзгермеген, шырынды етжеңді өсімдіктер.
3. Көкпек типі. Жапырақтарының беткейінде көпіршік тәрізді түктерге ұқсас су сақтайтын ұлпалары болады.
4. Етжеңді емес сортаңдар типі. Өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында тұзды ерітінділер бөлініп тұратын бездері болады, осылар арқылы өсімдік өз денесіндегі артық тұздан арылады.
Өсімдіктердің басым көпшілігі үшін тұздың жоғарғы концентрациясы өте зиян, мысалы, ас тұзы топыраққа 2-3 процент болған жағдайда өсімдік өледі. Осыған қарамастан галофиттердің денесінде ас тұзының мөлшері өте жоғары (49-50% -ке жетеді). Галофиттерге өте жоғары осмостық қысым тән, сондықтан олар тұзды топырақтан ылғал қабылдай алады. Галофиттердің көпшілігіңде, ол 20-30 атм, кейде 100 атм-ға жетеді, ал кейбіреулерінде 150 атм болады.
2.1.3 Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
Жарықтың жасыл өсімдіктер үшін физиологиялық мәні зор, олар жарық жеткілікті болған жағдайда ғана қалыпты өсіп, дами алады. Жарық өсімдіктердің сыртқы көрінісіне, анатомиялық құрылысына әсер етеді. Жарық жеткіліксіз жерде өскен өсімдіктердің (этиолданған) реңі солғын жасыл, буынаралықтары ұзарған, жапырақтары майда. Табиғатта белгілі дәрежеде этиолданған өсімдіктер орманның төменгі белдеуінде, шалғында кездеседі.
Жарықтың өсімдіктердің сыртқы пішініне ғана емес, ішкі құрылымына да, әсіресе бәрі бірдей дәрежеде қажет етпейді. Соған байланысты өсімдіктерді үш топқа бөледі:
1) жарық сүйгіш өсімдіктер — гелиофиттер (грекше «гелиос» — күн). Бұлар жарық мол жерде ғана өседі. Бұған тундра, шөл дала және ормансыз тау шыңдарының өсімдіктерін жатқызуға болады. Қарағай, балқарағай, шаған, емен, тал жарық сүйгіш өсімдіктерге жатады.
2)көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) жарық мол жерде тіршілік ете алады және де көлеңкеге де төзімді болады. Бұған шалғынның көптеген өсімдіктері, шырша, самырсын, шамшат, жөке ағашы, үйеңкі, көптеген папоротниктер мен мүктер т.б. жатады.
3) Көлеңке сүйгіш өсімдіктер — сциофиттер (грекше «циа» - көлеңке). Бұлар көлеңкелі жерлерде ғана тіршілік ете алады. Бұған Еуропа құсықшөбі, саумалдық және көптеген орман өсімдіктері жатады. [27-31]
Жарықтың қарқындылығы, сол сияқты жарықтың ұзақтығы экватордан полюске қарай, ендіктерге сәйкес жыл бойы өзгеріп отырады. Экваторда күн мен түн тең. Ал қалған аймақтарда экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай күн мен түн жылына екі рет — көктемгі және күзгі күн мен түннің теңесуі күндері ғана тең болады. Күн мен түннің ұзақтығы (фотопериодизм) өсімдіктің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде солтүстік аймақтың өсімдіктері оңтүстікпен салыстырғанда даму циклін қысқа мерзім ішінде өтеді. Солтүстікте жылудың жетіспеуі жарықтың ұзақ түсуімен толықтырылады. Осыған байланысты өсімдіктердің екі тобын ажыратады: 1) ұзақ күн өсімдіктері (солтүстік ендіктері мен биік тау өсімдіктері). Мәдени өсімдіктерден арпа, сұлы, қара бидай, көкнәр, шалғам және тағы басқалар. 2) қысқа күн өсімдіктері. Бұған тропика және субтропика табиғат аймақтарының өсімдіктері мен қоңыржай климаттың ерте көктемгі, қоңыр күздегі өсімдіктері жатады. Мәдени өсімдіктерден: қытайбұршақ, күріш, темекі, мақта, және тағы басқалар.
2.2 Өсімдіктердің тіршілік формалары
Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары (ксерофиттер, гигрофиттер және басқалар) ғана емес, тіршілік формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер жамылғысының негізгі құрылым бөліктерін белгілеу үшін «өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет өндірген ботаник ғалым А. Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың кейбіреулері: банан, сүректі папортник, астық, мүк. Осындай «формалар» жиынтығы және олардың әрқайсысының үлесі зерттелетін аймақ өсімдіктер жамылғысының бет пердесін (физиономиясын) анықтайды.

Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н. Краснов, А.Б. Келлер, И. Г. Серебряковтың есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник — эколог А. Б.Келлердің (1933) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек». В. Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген, оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уакыт бейімделудің нәтижесі» деп анықтайды. [32-35]
А. Б. Келлердің анықтамасында екі негіз: генетикалық (белгілі бір системалық топқа жатуы) және өсімдіктердің экологиялық бейімделуі қамтылған. И. Серебряковтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де тіршілік формасының морфологиялық мәні жете сипатталады.
Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесін негізінен өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесімен төмендегідей қарастыруға болады:

3. Бұташықтар — бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қара жидек, вереск).

5. Лиандар — сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық).

Барлық жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік формаларын ескере отырып Дания ғалымы К. Раункиер (1905) өзінің соны жүйелеуін ұсынды. Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктердің сыртқы бейнесі — габитусы емес, негізгі морфолого-физиологиялық ерекшеліктері алынды. Бұл жүйенің физиологиялық принципі — өсімдіктің тыныштық кезеңге (жауабы); морфологиялық принципі — бүршіктердің немесе өркендердің өсімдіктер өсуіне қолайсыз жыл мезгілдері кезінде орналасуының топырақтың жоғарғы беткейіне қатынасы. Бұл жүйе іс жүзінде қолданылады және жабықтұқымдылардың тіршілік формаларының эволюциясын, ағаштардан бастап шөптесін өсімдіктерге дейін, зоналар бойынша көрнекілейді. [36-39]

Сурет 1. Өсімдіктердің Раункиер бойынша тіршілік формалары
Бұл 1-суретте өсімдіктердің Раункиер бойынша тіршілік формалары көрсетілген яғни құрлық өсімдігі 1— фанерофиттер; 2 - хамефиттер; 3 — гемикриптофиттер; 4 — геофиттер; 5—терофиттер. Су өсімдіктері: 6 — гелофиттер; 7, 8 — гидрофиттер (қою қара түспен қыстап шығатын, ал ақ түспен өліп қалатын бөлімдері белгіленген).
И. Джефридің, кейінірек Э Синнота мен И. Бейлидің микроскоптық салыстырмалы морфологиялық зерттеулері сүректілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші де бола алады.
К. Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі бес тобын ажыратады: Олар: фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.
1. Фанерофиттер
(грекше «фанерос» —
ашық, анық) —
бұған ағаштар, бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер
жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен
25 см-ден жоғары орналасады, олар қыстайды немесе
құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады.
Осыған байланысты
бүршіктері бүршік қабыршақтарымен жабылады.
Бұлай етпейтін фанерофиттерде бар. Олар — ылғалды
тропикалық орман өсімдіктері. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай
Раункиер бұл топты мегафанерофиттер, мезофанерофиттер,
микрофанерофигтер және нанофанерофиттер (грекше
«мега»— үлкен,
ірі; «мезос— орташа;
«микрос» — кішкентай;
«нанос — ергежейлі)
деп бөледі.
К. Раункиер фанерофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді жатқызады. Эпифиттер — ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері ашық, бүршік қабыршақтарымен қапталмайтын өсімдіктердің ерекше тіршілік формасы. Систематикалық құрамы және экологиялық топтары жағынан алуан түрлі. Басым көпшілігі папоротниктер мен орхидийлер. Эпифиттер тропикалық орманның ағаштарының діңдері мен бұтақтарының жоғарғы деңгейін мекен орнына пайдаланады, өсіп денесін жарыққа шығарады. Эпифит тек қана шөптесін өсімдіктер емес бұталар және ағаштар да бола алады. Экологиялық тұрғыдан орманның іш жағына қарайғы көлеңкелі жеріндегі ағаштарға орналасып өскен эпифиттер гигрофиттер, ал ағаштардың жоғарғы деңгейі, ұшындағы эпифиттер — ксерофиттер. Соңғыларының жапырақтары шырынды, олардың денесінде су қорын жинайтын арнаулы орындары, түйнектері болады. [40-47]
2. Хамефиттер — бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана (25 см-ден жоғары емес) жоғары орналасады. Бұларға бұташықтар, жартылай бұталар, жартылай бұташықтар, көптеген төселмелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шыға алады.
3. Гемикриптофиттер (грекше «геми» — жартылай; «крипто» — жабамын) — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың бүршіктері топырақ деңгейінде немесе онымен шамалы ғана жабылып орналасады. Қыстап шығатын бүршіктерді өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қорғайды. Раункиер гемикриптофиттерді протогемикриптофиттер және жертағанды гемикриптофиттер деп екіге бөлді. Протогемикриптофиттердің жандану бүршіктері орналасқан негізіне дейін жыл сайын шіріп кететін, жер бетінде ұзарған өркендері болады. Жертағанды гемикриптофиттердің топырақ деңгейіңде тұтас қыстап шыға алатын кысқарған өркендері болады. Қыста алдында жертағанның сабағы жер бетіңде қалатын бүршікті топыраққа қарай тартып орналасады.
4. Криптофиттер - жандану бүршіктерінің орналасуына қарай: геофиттер және гидрофиттер деп бөлінеді. Геофиттердің (грекше «гео — жер) бүршіктері топырақта бір сантиметрден бірнеше сантиметрге дейінгі тереңдікте орналасады. Бұған тамырсабақты, түйнекті, жуашықты өсімдіктер жатады. Гидрофиттердің вегетативтік өркені суға батып тұрады, сондықтан бүршіктері су астында қыстайды.
5. Терофиттер (грекше «терос» — жаз) — бір жылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегетациялық кезенде аяқталады. Жылдың қолайсыз мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.
3 Өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің қалыптасуына экологиялық ортаның әсері
Шер шарында жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өте кең тараған, және сол ортаның тіршілік жағдайларына қарай бейімделген. Олардың бір-бірінен құрылысы, атқаратын қызметі жағынан айырмашылығы бар жер асты және жер үсті мүшелері болатыны әрине белгілі.
Осы жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің атқаратын қызметі, морфологиялық құрылысы әр түрлі болып қалыптасқан мүшелерді вегативтік (латынша vegetatio - өсу, даму) және репродуктивтік ( немесе генеративтік латынша genereare – жасап шығару) деп екі топқа бөледі. Вегетативтік мүшелер өсімдіктің денесін түзеді және оның тіршілік әрекетінің негізгі қызметін атқарады. Тіптен вегетативтік жолмен көбеюуін де жүзеге асырады. Оларға тамыр, сабақ және жапырақ жатады. Жапырағы және бүршігі бар сабақты өркен деп атайды. Репродуктивтік (генеративтік) мүшелер тек жыныстық жолмен көбеюді қамтамасыз етеді. Жабық тұқымды өсімдіктерде оларға: гүлді және оның өнімдері болып табылатын дәні мен жемісті жатқызады. [48-51]
Өсімдіктерде олардың өсуі мен вегетативтік мүшелерінің қалыптасуында әр түрлі зандылықтар тән. Атап кетсек өсімдіктердің симметриялылығы және қарама-қарсылық (полярность) құбылыстары.
Симметрия яғни өсімдіктің мүшесі арқылы тек бір ғана көлденең симметрия жүргізуге болатын болса, онда мұндай мүшені моносимметриялы деп атайды. Ал егер өсімдіктің мүшесі арқылы бірнеше симметрия жүргізуге болатын болса, онда мұндай мүшені полисимметриялы деп атайды. Егерде тең екіге немесе тең бірнеше бөлікке бөлуге болмаса онда мұндай мүшелерді ассимметриялы деп атайды.
Қаpaмa-қарсылық, (полярность) деп – кез келген өсімдіктің денесінің физиологиялық қасиеттері жағынан айырмашылығын айтамыз. Вегетативтік органның немесе оның бөлігінің екі полюсі болады: терминальды (үстіңгі) және базалъды (төменгі). Терминальды бөлігінде тек сабақтар, ал базальды бөлігінде тамырлар пайда болады.
Геотропизм, бұл өсімдіктердің мүшелерының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі. Өсімдіктің дәні топырақта қандай жағдайда жатпасын, тамыр барлық уақытта төмен қарай өседі. Өстік мүшелер сабақ және тамыр жердің бетіне вертикаль бағытта, ал жапырақ — белгілі бір бұрыш жасап орналасады. Үлкен өсімдік қалыпты жағдайдағы өсу бағытынан қандайда бір сыртқы күштің әсерінен ауытқығанның өзінде де, ол өзінің жас бөліктерін кеңістікте бұрынғы қалпын сақтайтындай етіп иеді. Астық тұқымдастары сабақтары жатып қалғаннан кейінде, түгелімен қайта көтерілуге қабілетті болып келеді. Өйткені олардың меристемалары сабақтың буындарында орналасады.
Өсімдіктердің тіршілігіндегі тағы бір өте маңызды мүшелерінің бірі тамыр. Тамыр жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өстік, көп симметриялы жер асты мүшесі. Ол ұзақ уақыттар бойы тамыр меристемалары арқылы оң геотропизм бағытында ұзындыққа шексіз өсіп отырады. Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап тұрады. Тамырдың сабақтан негізгі айырмашылығы еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бұтақтануы, бүршіктенуі ішкі жағынан басталады яғни эндогенді. [52,53]
Өсімдік тамыры әртүрлі физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады: суды және онда еріген минералды тұздарды, кейде тіптен органикалық заттарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жеткізіп отырады. Өсімдікті жерге бекітіп тұрады, кейбір органикалық заттарды синтездейді, өсімдіктің топырақтағы микроорганизмдермен (саңырауқұлақтармен, бактериялармен) байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады және өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.
Өсімдік тамырларының морфологиялық кұрылысы жөнінде ерекше айта кетк керек. Олардың түрлері алуан түрлі болатыныны мән беру қажет. Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі, морфологиялық ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктеп бөледі
Шығу тегіне қарай тамырды үшке бөледі: кіндік, қосалқы және жанама тамырлар.
Кіндік тамыр, тек ұрықтың тамыршасынан пайда болады. Қосалқы тамырлар сабақтан, жапырақтан немесе олардың өзгерген түрлері – түйнек, жуашық және тамырсабақтарынан өседі. Кіндік тамыр мен қосалқы тамырлардан жанама тамырлар өседі. Соңғыларынан жанама тамырлардың екінші және одан кейінгі қатарлары ретінде тарамдалып жанама тамырлар өсіп шығады.
Формасы жағынан тамырлар алуан түрлі болады: жіп тәрізді, бау тәрізді, конус тәрізді, ұршық тәрізді, репа тәрізді және басқаша болып келеді.
Субстратқа қарай тамырларды: топырақтағы немесе жер асты, судағы, ауадағы және гаусторилер (паразит өсімдіктердің емшекшелері) деп бөледі. Жер асты тамырлар толығымен немесе жартылай топырақ арасына орналасады. Мұндай тамырлар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 70 пайызын құрайды. Су тамырлар су қабаттарында орналасады, су түбіне жетпейді (балдыршөп – Lemna т.б.). Ауа тамырлар атмосфералық ылғалды сіңіреретін тамырлар. Олар ылғалды тропикалық орманның эпифиттеріне тән Гаусториялы тамырлар негізінде өсімдіктердің денесіне еніп паразиттік тіршілік ететін тамырлар. [54-57]
Жоғарыда келтірілген классификация тамырдың түрлерінің барлығын бірдей қамтымайды. Мысалы, қысқарып отыратын тамырлар (контрактильные корни) болады. Олар өсімдіктің сабағының түп жағын, бүршіктермен қоса топыраққа тартып ендірді. Сонымен бірге шашақ тамырларды бөлуге болады. Олар қысқа уақыт өмір сүретін жіңішке жіп тәрізді тамырлар. Әдетте мұндай тамырлар жердің бетіне жақын жерде маусымға байланысты немесе суғаруға байланысты ылғалдың артуынан пайда болады.
Тамырлар жүйесі – деп Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын айтамыз. Тамыр жүйесінің негізгі үш түрі бар. Бірінші-кіңдік тамыр жүйесі, ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан (өстің алғашқы қатары) және сонымен бірге одан кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарларынан тұрады. Мұндай тамырлар жүйесі жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар бөлімінің қос жарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән. [25]
Екінші - қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі. Онда негізгі тамыр нашар жетілген, қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды және ол сабақ пен жапырақтың кез келген бөлігінен пайда болады.
Үшінші - аралас тамырлар жүйесі ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың жүйелері. Бұлар қос жарнақты шөптесін өсімдіктерде жиі кездеседі.

А-кіндіктамыр жүйесі; Б-қосалқы тамырлар жуйесі; В-аралас тамырлар жүйесі: 1- гипокотиль.
3.1 Зерттеу нәтижелерін талқылау
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің эволюциялық даму барысында қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктерін зерттеу әдістері ғылыми жұмысын жүзеге асыру мақсатында біз төмендегідей әдістерді қолдана алдық. Мұнда И. Серебряков пен К. Раункиердің әдістері бойынша жүргізілді.
И. Сереябряков әдісінде өсімдіктердің тіршілік формасының ирархиялық токсономикалық жүйесі келтірілген. Бөлім өсімдіктер систематикасындағы жоғары токсономға жатады. Сонан соң ұқсас токсономға типтер, кластар, класасты, топтар, топасты, секцияға және өзіндік тіршіліктік формаға жіктелінеді. Сонымен бірге биоморф дифференцияциясы 8-деңгейге дейін іріктелінеді.
Жалпы И. Серебряковтың бұл еңбегі өсімдіктердің тіршілік формасының мүмкіндігінше терең зерттелінетін әдісі болып табылады.
К. Раункиердің әдісін пайдалана отырып, өсімдіктердің жылдың маусымдық және қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуін және өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдерін зерттеуге болады.
Бұл әдісте өсімдіктердің қоршаған ортаның түрлі жағдайларына (оның ішінде температура, ылғалда, суда, субстратқа, құмдақ, тасты) байланысты өсімдіктің эволюциялық даму барысында бейімделу деңгейі мен ерекшелігіне қарай жіктелген.
1 фанерофиттер (Рһ)- өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері
жердің бетінен 20-25 см. Биіктіктен жоғары орналасады;
2 хамефиттер (Сһ)- өсімдік қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады (жердің бетінен 25 см биіктіктен төмен орналасады);
3 гемикриптофиттер (Н) -өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларды өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топрақтың жоғары қабаты жауып, қорғап тұрады;
4 криптофиттер (К)- өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астында орналасады;
5 терофиттер (Т) –біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді.
Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңқаларлықтай қарапайымдылығымен және жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті-өсімдік қайта көктеуге арналған бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуы мен олардың жылдың қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері. К. Раункиердің классификациясы жан-жақты, ол жер шарының барлық экологиялық-географиялық аудандарында таралған барлық тіршілік формаларын қамтиды.
Сонымен бірге бұл система нақтылы, жақсы жүйеге келтірілген систематикалық топтардың: туыстың, туыстардың топтарының, немесе тұқымдастардың деңгейіде негізге алынады. К. Раункиердің системасы жабық тұқымдылардың тіршілік формаларын классификациялап қана қоймайды, сонымен бірге олардың ағаштан бастап, шөптесін өсімдіктерге дейінгі экологиясын көрсетеді. И. Джеффридің, А.Н. Красновтың және Э. Сината мен Бейлидің салыстырмалы анатомиялық- зерттеулері ағаштардың шөптесін өсімдіктерге қарағанда ерте пайда болған деген көзқарастың дұрыстығын дәлелдейді.
К. Раункиердің өзі тіршілік формаларын адаптациялық эволюциясының барысында қалыптасқан феномен деп қараған. Тіршілік формаларының таралуы мен бөлінуін зерттеу барысында К. Раункиер, систематикалық талдау тәсілін ойластырып тауып, оны практика жүзінде қолданған.
Жалпы К. Раункиердің әдісі бойынша зерттелген жұмыс нәтижесін талқылай келе мынадай ұйғарымдар мен тұжырымдар жасалды.
1 Жантақ (Alhagі) — өсімдіктердің ішіндегі бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де кездеседі. Олардың бірнеше түрі бар, ең жиі кездесетіні—кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі). Сондықтанда біз зерттеуге осы жиі кездесетін кәдімгі жантақ өсімдігін алып отырмыз [81].
Кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) өсімдігі қоршаған ортаның құрғақшылық факторларына бейімделуде мүшелерінің құрылым ерекшеліктерін зерттеу нәтижесі бойынша: Жантақ шөбі өсімдіктердің ішінде құрғақшылық ортаға өте тез бейімделгіш және өз бойында біраз уақытқа дейін суды қор ретінде сақтап тұра алатын өсімдіктер қатарына жатқызылды. Олардың биіктігі 30—100 сантиметр. Тамыр сабақтары 20—30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді.
Сондықтанда бұл әдіс жалпыға ортақ танымал әрі қарапайым әдіс болғандықтан біз өз зерттеулерімізде осы тәсілді пайдалана отырып, өсімдіктердің биоморфологиялық бейімдеушілік өзгерістерін анықтадық. Анықалған мәліметтер төменгі 1-кестеде беріліп отыр.
Кесте 3.
Өсімдіктерге құрғақшылық факторларының әсерінен қалыптасу заңдылықтар
|
Зерттеу мерзімі өсімдік- тердің түрлері |
2013-2015 жылдар аралығы (қазан –наурыз аралығы) |
|||||
|
тамыр |
сабақ |
жапырақ |
өркен |
гүлі |
өсімдік қалпы |
|
|
кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) |
кіндік |
Түксіз жылтыр |
Тікенек және жиі жүйкеленген майда |
- |
өзгеріссіз |
ксерофит |
|
Жусан туысы (Artemisia)
|
кіндік |
Ерекше түкті Немесе безді |
Ланцет тәрізді және қауырсын тәрізді жиектелген. |
- |
Гүлшоғыры өзгермеген |
анабиозды және ксерофитті |
|
Итмұрын (Rosa sp.) |
кіндік |
түксіз |
майда тікенектелген және жиі жүйкеленген |
тікенекті |
актиноморфты |
мезофитті |
Яғни мұнда жантақ өсімдігінің құрғақшылыққа бейімделу кезінде мүшелерінің анатомиялық-морфологиялық құрылым ерекшеліктерінде тамыры- кіндік тамыр, сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті және жиі жүйкеленген. Гүлі — қызыл, пішіні өзгеріссіз қалған. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі— бұршақ тәрізді. Ал өсімдіктің қалпы ксерофитті өсімдіктерге жатады. Себебі бұл қос жарнақты өсімдіктің тіршілік ету ортасының топырағы құрғақ яғни ылғалдылығы төмен болып келеді.
Ал жусан өсімдігі (artimisa) құрғашылықта яғни шөл-шөлейтті жерлерде өседі, биіктігі 10-60 см. Сабағы тік немесе жайылған болып келеді, түкті немесе ерекше безді болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, шеті тілімделген қауырсын тәрізді, ал кейбір биіктігі ұзын туысында ланцет тәрізді болады. Гүлшоғыры өзгермеген, өсімдіктің қалпы анабиозды және ксерофитті өсімдікткрге жатқызылды.
Жусан (Artemіsіa) –өсімдіктердің ішіндегі күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жататынын білдік, ал Оңтүстік Қазақстанда, оның ішінде Арыс, төрт көл аймақтарында өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Соныен бірге Созақ өңірінде көптеп өседі. Өсімдіктердің бұл қос жарнақты түріде ксерофиттілер қатарына жатады. Себебі, тіршілік формалары сортаң және ылғалы тіптен аз жерде өседі.
Итмұрын (Rosa)– раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы әрі тікенекті. Бірақ бір ерекшелігі тікенекі туысына жатсады мезофиттілер қатарына жатады. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың, Орталық және Оңтүстікте тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.
Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Себебі, итмұрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады.
Кесте 4.
Өсімдіктердің эволюциялық дамуы кезінде вегетативтік мүшелерінің қалыптасуы

2011-2014 жылдар аралығы (қазан –наурыз аралығы) |
|||||
|
тамыр |
сабақ |
жапырақ |
өркен |
гүлі |
өсімдік қалпы |
|
|
өріктер |
кіндік |
Ерекше түкті немесе безді |
Жапырақтары жалпақ, орташа жүйкеленген жоғары жағы үшкірлеу, тісті болып келеді |
қарапайым |
Гүлшоғыры өзгермеген
|
мезофитті |
|
Бүлдірген (Fragarіa) |
кіндік
|
бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды |
Орташа жүкеленген сағақты жапырағы үш-үштен топтасады |
мүйізшелі |
мұртшалы Гүлі ақ немесе сары |
мезофитті |
|
алма |
кіндік |
Жылтыр немесе сирек бөртіктенген. |
Орташа жүйкеленген, майда түкті |
қарапайым |
Гүлшоғыры өзгермеген |
мезофитті |
Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп, гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), ұзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. Жалпы мұндай туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Өйткені раушан туысының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті.
Өрік (Armeniaca) — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы, жеміс дақылы. Ағаштары өте биік, 8– 15 м аралығында. Жапырақтары жалпақ, жоғары жағы үшкірлеу, тісті болып келеді. Жеміс бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, ал сүйегі жылтыр. Өрік – жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3 – 4 жылдан кейін өнім бере бастайды, 40 – 50 және одан да көп жыл өмір сүреді. Әр түбінен 15 – 20 (7 жылдық ағаш), 60 – 100 кг (15 – 20 жылдық ағаш) жеміс алынады. Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20–70 г. Жемісінің өзін, кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) пайдаланады. Негізгі отырғызу тәсілі тік бұрышты, қатар аралығы 6 – 8 м, қатар іші 5 – 6 м. Отырғызғаннан кейін жас ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру үшін шырпу (қысқарту, сирету) жұмыстарын жүргізіп, 3–4 жылда бір рет органик және минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет.
Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бір түрі –кәдімгі өрік (A.vulgarіs) өсіріледі. Мұның 4 түрі бар: Сибирь өрігі, монғол өрігі, қара өрік және кәдімгі өрік. Өріктердің кептірілген жемістері (өрік, құрағы, шапталы). Өріктің негізгі сорттары: «Қызылбет», «Амброзия», «Луиза», «Шалах».
Өрік жалпы ылғалдылықты сүйетін өсімдік сондықтанда бұл өсімдік қатарына жатады. Бір сөзбен айтқанда тіршілік формасын қоршаған ортаның климаттық-географиялық жағдайына бейімдей алмайды.
Бүлдірген (Fragarіa) – раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, жидекті дақыл. Бүлдіргеннің Қазақстанда 2 түрі: орман бүлдіргені (F. verca), жасыл бүлдірген (F. vіrіdіs) бар. Олар көбінесе таулы аудандарда, ормандардың ашық беткейлерінде және өзендердің бойында өседі. Бүлдіргеннің биіктігі 5 – 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры – көпгүлді қалқанша. Жемісі – жидек (қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді. Бүлдіргендер бал-шырынды және дәрілік өсімдіктер. Қазақстанның суғармалы жерлерінде өсетін бірнеше сорттары бар. Олар: «Мәншүк», «Комсомолка», «Фестивальдық», «Талисман», «Зинга-Занга», «Талғарлық», т.б.
Жалпы бүлдіргеніде құрғақшылығы басым жерлерде өсе алмайды. Яғни бүлдіргендер тіршілік формаларын өзгертуге немесе қрғақ жерлерге бейімделуге қабілетсіз екеніне көз жеткіздік.
Сонымен қатар алманыңда тіршілк формасын салыстырмалы түрде қарастыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткіздік. Мұнда алма-ағашты және жемісті өсімдіктерге жатады. Тамыры кіндік тамыр, сабағы жылтыр немес сирек бөртіктелген, өркені қарапайым келеді, гүлшоғыры өзгермеген. Бұл қос жарнақты өсімдіктерде өрік секілді құрғақ топырақты ортада тіршілік ете алмайды. Сонымен бірге эволюциялық даму барысында тіршілік ету формасын өзгертуге қабілетсіз келеді.
Қорытынды
Орындалған ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде төменгідей қорытынды жасалынды:
- ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша ғылыми басылымдар мен әдебиеттерге сараптау жұмысы жүргізілді;
- өсімдіктердің тіршілік формалары, олардың экологиялық факторлардың әсерінен және беймделу реакциялары негізінде өсімдіктердің сыртқы ортамен қарым-қатынасы және олардың сырт пішіндері мен тіршілік формаларының қалыптасуы табиғаттың физика-географиялық жағдайына байланыстылығын көрсеттеді;
- өсімдіктердің тіршілік формаларын және экологиялық топтарын жүйелеуде Раункиер мен Серебряковтың жүйесін пайдалану ыңғайлы және тиімді екендігін көрсетті.
- өсімдіктердің эволюциялық дамуы кезінде вегетативтік мүшелерінің қалыптасуы қоршаған ортаның экологиялық жағдайына байланыстылығы зерттеу жұмысының нәтижесінде анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Ағелеуов Е. және т.б. Ботаника, өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, «Санат» 1998.
2 Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2004.
3 Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленевский А.Г., Серебряков Т.И.
Ботаника: Анатомия и морфология растений. – М: Просвешение, 1988
4 Жуковский П.М. Ботаника, Изд. 5-е – М: Колос, 1982.
5 Киселева Н.С. Анатомия и морфология растений, Изд. 2-е –Минск, 1976.
6 Мұсақұлов Т. Ботаника. – Алматы, 1975.
7 Н. Мухитдинов, Ә Бегенов, С Айдарова. Өсімдіктер морфологиясы мен
анатомиясы. Алматы, РБК, 1993.
8 Тутаюк В.Х. Анатомия и морфология растений, Изд. 2-е – М: 1980.
9 Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. Москва, «Высшая школа» 1976,
том 1.
10 Хржановский В.Г., Паноморенко С.Ф. Ботаника, - М: 1979.
11 Байтенов М.С. Высокогорная флора Северного Тянь-Шаня. Алма-Ата,
Наука, 1985. С.- 207
12 Ревушкин А. С. Высокогорная флора Алтая. Томск, Изд-во Том. ун-та,
1988. С.-320
-
Камелин Р.В. Флорогенетический анализ естественной флоры горной
Средней Азии.-Л.: Наука. Ленингр. отд-ние, 1973. С.-356
-
Ханминчун В.М. Флора Восточного Танну-Ола. Южная Тува. –
Новосибирск: Наука Сиб. отд., 1980. С.-120
-
Состояние и перспективы охраны растений Казахстана. //Охрана видов
растений и растительности Казахстана. А.: Наука, 1987. С.-3-79
-
Пяк А. И. Петрофиты Руского Алтая. Изд-во Томского университета
2003 С.-59
-
Raunkiaer C.The life form plants and Statisticae plant geography. Oxford,
1934, 632 p.
-
Глухов М.М. Медоносные растения.-М.: Сельзохгиз, 1955. -512 с.
-
Павлов Н.В. Дикие полезные и технические растения СССР.-М. 1942.
С.-640
-
Павлов Н.В. Растительное сырье Казахстана. М.-Л.: 1947. С.-552
-
Верещагин А. И., Соболевская К.А., Якубова А. И. Полезные растения
Западной Сибири. М.-Л.: 1959. С.-347
22 Ареалы лекарственных и родственных им растений СССР. Атлас.-Л.:
Изд-во Ленинградского университета, 1983. С.-208
23 Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений ССС. -М.: 1976. С.-
340
24 Растительные ресурсы СССР.-Л.: Наука, 1985. т.-1-4
25 Вульф Е. В. Введение в историческую география. - М.: Л.: 1933. С.-145
26 Павлов Н.В. Эндемичные и реликтовые растения Казахстана. //Ботаника
в Казахстане.- Алма-Ата. Изд-во АН КазССР. 1959. С.-19-28
27 Голоскоков В.П. Astragalus neo-popovii Golosk. sp. nov. (in Addenda).-В
кн.: Флора Казахстана. Алма-Ата, 1961. С.-491-492
265 с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқушымен жұмыс "Табиғатта кездесетін тағамдық өсімдіктер және пайдалану жолдары" 9 сынып

шағым қалдыра аласыз